Тақпақ оқып беру. Табиғат ана құшағын аялаймыз Қорғау үшін күш жігер аямаймыз. Ол болмаса сен жоқсын осыны ұқ. Адамзат! Табиғатты аялайық! -Балалар, тақпақта не туралы айтылған? -Балалар, біздің елімізге, жерімізге жетер ешбір мекен жоқ. Өйткені Қазақстанның табиғаты сұлу, әдемі. -Біз немен дем аламыз? -Нені басып жүреміз? -Сусыз өмір бар ма? -Дұрыс, балалар, ауамен дем алып, суды ішеміз. Осынын бәрі қоршаған ортаны бір сөзбен не деп айтамыз? -Табиғат нешеге бөлінеді? -Тірі табиғатқа нелер жатады? -Ал енді сабақтың тақырыбын білу үшін жұмбақ шешіп көрейік. Жұмбақ. Қолы жоқ, ұя салады. Ол не? -Балалар, жұмбақтың шешуін дұрыс таптыңдар. Бүгінгі сабақта құстар туралы әңгімелесеміз. Енді өздерін білетін құстарды атаңдаршы. Суретпен жұмыс жүргізу. -Бұл суретте құстардың қайсысы сендерге таныс? -Құстар нешеге бөлінеді? Д/ ойын: «Қай құс қайда мекендейді? (үй құстары, дала құстары) Шарты: Құстардың суреттерін алып, өздерінің мекендейтін жеріне орналастырады. -Ал дала құстары нешеге бөлінеді? -Жылы жаққа ұшып кететін құстар қалай аталады? -Олар неліктен ұшып кетеді? -Ал бізде қалатын құстар қалай аталады? -Қыс мезгілінде құстар адамдарға неге жақын ұшып келеді? Біз қалай көмектесе аламыз? Қос тілдік: жыл құстары –перелетные птицы,отырғыш- оседлые. -Жақсы, балалар. Мен сендерге құстар, олардың тіршілігі туралы айтып беремін: Бүркіт –қыран құс. Ол біздің көк туымызда бейнеленген. Оны адамдар қолға үйретіп аң аулайды. Бүркіт таулы жерде мекендейді. Ол құс патшасы. Қарға –қара немесе сұр қаусырынды болады, жемтіктерді жейтін құс. Сауысқан –қарға тұқымдас, ала қанатты, ұзын құйрықты құс. Ол өте сақ, қасына ешкімді жолатпайды. Торғай –денесін мамық жүн басқан мүйіз тұмсықты болады, қоныр түсті құс. Көгершін – бейбітшілік құсы, басы кішкентай, тұмсығы түзу, сирағы қысқа құс. Өсімдік тұқымымен, дәндермен көріктенеді, суықтан қорықпайды. Тіл ұстарту жаттығулары. Пан-пан-пан Сап-сары балапан. Ұс-ұс-ұс Ұшты-ұшты құс. Дақ-дақ-дақ Ұшып келді тоқылдақ. Құстар туралы білімдерін бекіту мақсатында сұрақтар қою: Ойын: «Сұрақ-жауап». Құс патшасы-... Орман саққұлағы-... Орман дәрігері-.... Суда мекендейтін құс-... Бейбітшілік құсы-... Көктем хабаршысы-... Жемтік аңдыушы-... Сергіту сәті. Қане қанат жазайық, Қарға болып ұшайық. Ұшып-ұшып алайық Торғай болып қонайық. «Құс туралы не білесің?»- суреттер арқылы шағын әңгіме құрауды ұсыну. Ойын: «Жемсауыттығы құстар» Қыстап қалатын құстардың суреттерін жемсауыттқа орналастыру. Д/ ойын: «Сөйлемді аяқта». Құстар ұша алады өйткені-... Құстар көріктенеді -.... Көктемде келетін құстар-.... Қыстайтын құстар-... Құстар бір-біріне ұқсайды-..... Тиым сөздер жаттау. Құстың ұясын бұзба Құсқа тас лақтырма Құстың жұмыртқасын жарма. Үлетермелі материалмен жұмыс. Берілген тапсырманы орындайды. Тақпақ оқу. Ой, балалар, балалар, Құстарда да ана бар. Құстарда да бала бар Құс ұясын бұзбайық, Обалына қалмайық. |