-Балалар, бізді? жеке ?йіміз бар. ??старды? да, ?рбір ж?ндіктерді? де ?йлері бар. ??старды? ?йі ?алай аталады?
-?я.
-?яда не болады? Балапан.
-Д?рыс айтасы?дар ??стар ?з е?бектерімен ?з балапандарына теректі? басына ?я жасайды. Балалар біз к?ктем мезгілінде жылы жа??а ?шып кеткен ??старды? оралуына ?арсы ?я жасап оларды ?арсы аламыз.
-Мынау адамдарды? ??стар?а жаса?ан ?ясы. ?р ??сты? ?ясы ?рт?рлі болады.
(?яны? т?рлерін к?рсету.)
Балалар енді ойын ойнайы?.
«Дауысынан танып біл» ойыны.
Мен сендерге ?рт?рлі ??сты? дауысын жіберем. Сендер ?андай ??сты? дауысы екенін ажыратасы?дар.
(?ар?а, тор?ай, ?арлы?аш, ?теш, тауы?).
Балалар біз ?р?ашан есімізде са?тап ж?ретін н?рселер болады. Мысалы:
??сты таспен атпау керек.
?яны б?зу?а болмайды. Себебі оларды? балапандары ?ліп ?алады.
??старды ?ор?ап, аялап ж?руіміз керек.
Балалар біз енді А??штап Ба?тыгереева апамызды? «??стар – бізді? досымыз» ?ле?ін хормен айтайы?.
Просмотр содержимого документа
«воспитательница Кулагинская средняя школа Дала ??стары»
Кулагино орта мектебі.
Тақырыбы: «Дала құстары»
Мектепке дейінгі шағын топ
Өткізген: Л.Қадырқұлова
2013-2014 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Дала құстары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Дала құстары туралы білімдерін жетілдіру. Құстардың ұясы туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Ойын ойнату арқылы біз сабаққа деген қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелігі: Құстарға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Жылулық шеңбері: «Торғайлар мен автомобиль» ойыны.
Балаларды шеңберге тұрғызып, ойынның шарты түсіндіріледі.
Ойын шарты: Балалар торғайлар болады. Автомобильдің дауысын естісімен торғайлар өз ұяларына ұша жөнеледі.
-Балалар біз қандай сабақ өтіп жатырмыз?
-Құстар.
-Қандай құстар?
-Дала құстары. Неліктен дала құстары деп атаймыз? Дала құстары өз азықтарын өздері тауып жейді.
-Біз сабағымызды қандай құстардың келбетін келтірдік?
-Торғай.
-Балалар дала құстарына қандай құстар жатады?(Торғай, қарлығаш, қарға, көгершін, тырна, сауысқан).
-Суретте қандай құстарды көріп отырмыз?
-Балалар, біздің жеке үйіміз бар. Құстардың да, әрбір жәндіктердің де үйлері бар. Құстардың үйі қалай аталады?
-Ұя.
-Ұяда не болады? Балапан.
-Дұрыс айтасыңдар құстар өз еңбектерімен өз балапандарына теректің басына ұя жасайды. Балалар біз көктем мезгілінде жылы жаққа ұшып кеткен құстардың оралуына қарсы ұя жасап оларды қарсы аламыз.
-Мынау адамдардың құстарға жасаған ұясы. Әр құстың ұясы әртүрлі болады.
(Ұяның түрлерін көрсету.)
Балалар енді ойын ойнайық.
«Дауысынан танып біл» ойыны.
Мен сендерге әртүрлі құстың дауысын жіберем. Сендер қандай құстың дауысы екенін ажыратасыңдар.
(Қарға, торғай, қарлығаш, әтеш, тауық).
Балалар біз әрқашан есімізде сақтап жүретін нәрселер болады. Мысалы:
Құсты таспен атпау керек.
Ұяны бұзуға болмайды. Себебі олардың балапандары өліп қалады.
Құстарды қорғап, аялап жүруіміз керек.
Балалар біз енді Ақұштап Бақтыгереева апамыздың «Құстар – біздің досымыз» өлеңін хормен айтайық.
Ақұштап Бақтыгереева «Құстар – біздің досымыз» өлеңі.
Біз қамқоршы баламыз,
Құстарға ұя саламыз.
Жем-су беріп қыс бойы,
Балапанын бағамыз.
Сергіту сәті: «Тырналар » биі
Енді сабағымызды қорытындылай келе «Ұшты - ұшты» ойынын ойнайық. Ойынға бәріміз ұйымшылдықпен қатысуымыз керек.