Балалар ше?бер бойына д??гелене т?рып,с?ттілік тілейді
Т?рбиеші:-Балалар,?азір жылды? ?ай мезгілі?
Балалар:-К?ктем мезгілі
-К?ктемні? ерекшелігі ?андай?
-?ар ериді,к?н жылынады
-Ал,балалар енді мына дыбыс?а назар аударып,ты?дап к?рейік.Нені? дыбысын естіді?дер? (??старды? дыбысын аудиодан ты?дату)
-??старды? сайра?анын естідік
-??старды? сайра?анынан нені сезінді?дер?
-?н айтып т?р?ан адам сия?ты,музыканы? дыбысына ??сайды.Орманда ж?ргендей болды?.
-К?ктемні? с?ні не екен?
-??стар.Міне,балалар,к?птен к?ткен к?ктем де келді,к?н жылынып,сай-саладан су а?а бастады.Жыл сайын біз ?анатты достарымызды ?арсы аламыз.Жыл ??стары ту?ан жерге са?ынышпен оралады.?андай ??старды білесі??
-Тор?ай,а??у,б?ркіт,тор?ай.
Т?рбиеші:-Енді балалар,мен сендерге осы ??старды? сайрауы туралы ??гіме айтып берейін.??старды? анасы мен ?кесі бар.?ке ??стар ана ??стара?а ?н салып береді екен.?ауіп т?нген кезде аналары шырылдап ?здеріні? балапандарына ескертеді.Ал балапандар тама? жегісі келгендігін ши?ылдап аналарына білдіреді.??стар ??рт-??мырс?а?а талас?анда ащы ай?айлап,шу шы?арады.??стар топталып жиналып,жат ??старды ?уып жібереді екен.
Т?рбиеші:-Балалар,??стар ?ш топ?а б?лінеді Олар: ?й ??стары олар?а: Тауы?,?теш,?аз,?йрек жатады Дала ??старына: А??у,тор?ай,к?гершін т.б жатады
Жырт?ыш ??стар?а: Б?ркіт,жапала?,?ыран жатады.
?й ??стары дегеніміз-адам ?олына ?йренген ??стар.Олар?а адамдар жем,су береді.?ора салып береді.Олар?а тауы?,?теш,?аз,?йрек жатады.
Ал б?гін біздер дала ??стармен танысамыз Дала ??стары дегеніміз-далада ?з беттерінше ?мір с?ретін,тама?тарын даладан тауып жейтін,адам?а бейімделмеген ??старды айтамыз.??стар бізді? досымыз.Елімізде 500-ге жуы? ??сты? т?рі бар.Олар бау-ба?шамызды? с?ні,емшілері.Олар зиянкестерден ?ор?айды.??стар сазды ?уенімен таби?атты ??лпыртып,адамны? к??іл-к?йін к?тереді.Бізді? халы? ежелден ??старды ?ор?ап,оларды ерекше ??рметтеген.жа?сы к?рген адамын ??с?а те?есе,?лдарын-с???ар?а,?ыздарын-а??у?а,жез та?дай ?ншіні-б?лб?л?а те?еген.Сонымен ?атар,??старды? ??рметіне адам есімдері де бар мысал?а,Б?ркіт,?арлы?аш,Тор?ай т.б есімдер кездеседі. Ата-аналарымыз бізді ??стар?а те?еп те еркелетіп жатады.Мысал?а,балапаным,?арлы?ашым,а? с???арым,ш?желерім деп еркелетеді.Енді бізге б?гін дала ??стары келген екен.Дала ??стары туралы м?лімет ты?дайы?.
А??у-Айназ:-А??у 30-40 жыл ?мір с?реді.Ол киелі,с?лу ??с.Ол су ??сы.Халы? с?лу ?ыздарды а??у?а те?еген.
Просмотр содержимого документа
«ашы? саба? "Дала ??стары" »
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Дала құстары»
Мақсаты: Балаларға дала құстары туралы мәлімет беру.
Міндеттері: А) Дала құстарымен таныстыра отырып,олардың тіршілігі туралы баяндау.Үй құстары мен дала құстарын ажырата білуге үйрету.
Ә) Балалардың сөздік қорын,тілін,есте сақтау қабілеттерін дамыту
Б) Құстарға деген сүйіспеншілікке,қамқор болуға,мейірімділікке тәрбиелеу
Көрнекіліктері: Құстар суреттері,табиғат суреттері,атрибуттар
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің барысы:
Психологиялық дайындық
Балалар шеңбер бойына дөңгелене тұрып,сәттілік тілейді
Тәрбиеші:-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар:-Көктем мезгілі
-Көктемнің ерекшелігі қандай?
-Қар ериді,күн жылынады
-Ал,балалар енді мына дыбысқа назар аударып,тыңдап көрейік.Ненің дыбысын естідіңдер? (Құстардың дыбысын аудиодан тыңдату)
-Құстардың сайрағанын естідік
-Құстардың сайрағанынан нені сезіндіңдер?
-Ән айтып тұрған адам сияқты,музыканың дыбысына ұқсайды.Орманда жүргендей болдық.
-Көктемнің сәні не екен?
-Құстар.Міне,балалар,көптен күткен көктем де келді,күн жылынып,сай-саладан су аға бастады.Жыл сайын біз қанатты достарымызды қарсы аламыз.Жыл құстары туған жерге сағынышпен оралады.Қандай құстарды білесің?
-Торғай,аққу,бүркіт,торғай.
Тәрбиеші:-Енді балалар,мен сендерге осы құстардың сайрауы туралы әңгіме айтып берейін.Құстардың анасы мен әкесі бар.Әке құстар ана құстараға ән салып береді екен.Қауіп төнген кезде аналары шырылдап өздерінің балапандарына ескертеді.Ал балапандар тамақ жегісі келгендігін шиқылдап аналарына білдіреді.Құстар құрт-құмырсқаға таласқанда ащы айғайлап,шу шығарады.Құстар топталып жиналып,жат құстарды қуып жібереді екен.
Тәрбиеші:-Балалар,құстар үш топқа бөлінеді Олар: Үй құстары оларға: Тауық,әтеш,қаз,үйрек жатады Дала құстарына: Аққу,торғай,көгершін т.б жатады
Жыртқыш құстарға: Бүркіт,жапалақ,қыран жатады.
Үй құстары дегеніміз-адам қолына үйренген құстар.Оларға адамдар жем,су береді.Қора салып береді.Оларға тауық,әтеш,қаз,үйрек жатады.
Ал бүгін біздер дала құстармен танысамыз Дала құстары дегеніміз-далада өз беттерінше өмір сүретін,тамақтарын даладан тауып жейтін,адамға бейімделмеген құстарды айтамыз.Құстар біздің досымыз.Елімізде 500-ге жуық құстың түрі бар.Олар бау-бақшамыздың сәні,емшілері.Олар зиянкестерден қорғайды.Құстар сазды әуенімен табиғатты құлпыртып,адамның көңіл-күйін көтереді.Біздің халық ежелден құстарды қорғап,оларды ерекше құрметтеген.жақсы көрген адамын құсқа теңесе,ұлдарын-сұңқарға,қыздарын-аққуға,жез таңдай әншіні-бұлбұлға теңеген.Сонымен қатар,құстардың құрметіне адам есімдері де бар мысалға,Бүркіт,Қарлығаш,Торғай т.б есімдер кездеседі. Ата-аналарымыз бізді құстарға теңеп те еркелетіп жатады.Мысалға,балапаным,қарлығашым,ақ сұңқарым,шөжелерім деп еркелетеді.Енді бізге бүгін дала құстары келген екен.Дала құстары туралы мәлімет тыңдайық.
Аққу-Айназ:-Аққу 30-40 жыл өмір сүреді.Ол киелі,сұлу құс.Ол су құсы.Халық сұлу қыздарды аққуға теңеген.
Көкек-Нұрдәулет: -Көктем келсе,халық көкек келді деген.Көктемде көкек: «Көкек,көкек»деп ән салған.Сондықтан сәуір айы көкек аталған.
Көгершін-Данияр: -Адам үшін пайдалы,өте момын құспын.Барлық елдерде тіршіліктің,бейбітшіліктің белгісіне айналдым.
-Балалар,менің қорама өзге құстар кіріп кетіп,шатасып қалды.Сендерден көмек сұрай келдім.Маған үй құстары мен дала құстарын ажыратуға көмектесіңдерші!
Дидактикалық ойын:«Мекенін тап!» Магнитті тақтадан үй құстары мен дала құстарын өз мекендеріне орналыстыру.
Әтеш: -Рахмет,балалар!Сендерге риза болдым.Дала құстары мен үй құстарын ажырата алады екенсіңдер! Сау болыңдар!
Тәрбиеші:-Балалар,біз биыл екі тілде меңгеріп жатырмыз ғой.Ендеше,құстардың атауын атайық: Қарға-ворона,қарлығаш-ласточка,петух-әтеш.
Дидактикалық ойын:«Дауысын тап»»ойыны Аудиодан құстардың дауысын тыңдату.
Балалар қай құстың дауысы екендігін ажыратып айтады.
Тәрбиеші:-Балалар,құстардың бізге пайдасы зор.Олардың бізге жұмыртқасы,еті,мамығы пайдалы.Жұмырқасы мен етін тағам ретінде пайдалансақ,олардың мамық жүндерінен жастық жасайды екен.Олар жұмыртқадан балапан басады.Өз балапандарын жауларынан қорғайды.
Балалар,құстарға байланысты жұмбақтар білеміз бе?
Кенжеғали: Қызыл бұжыр айдары бар,
Қоқиланған айбары бар
Таңертеңнен азан салып
Өңешін керген айқайы бар
(Әтеш)
Інжу: Түсі қара мақпалдай
Төсі ақ сыр жаққандай
Ұшса оқтай зулайды
Көктен жұлдыз аққандай
(Қарлығаш)
Ақерке: Қонып алып жарға
Қарқылдайды ... (қарға)
Тәрбиеші: -Жарайсыңдар,балалар! Құстар-адамның досы,оларды үнемі қорғауымыз керек.Оларды таспен атуға болмайды,оларға зиян келтіруге болмады.
Бүгін біздер құстарға ұя жасап берейік.Ол үшін мына тапсырмаларды орындауымыз керек.Ертеде халқымыз құстарға байланысты болжамдар жасаған.
Нұрдәулет: -Әтеш кешке шақырса,ауа райы бұзылады.
Асылжан: -Шымшық ұя салса,қыс қатты болады.
Аяулым: -Қарлығаш төмен ұшса,жаңбыр жауады
Жоғары ұшса,күн жылы болады.
Қорытындылау
Тәрбиеші:-Жарайсыңдар балалар! «Құс жеткен жеріне қонады»
«Гүл ашылмай,бұлбұл сайрамас» деген халық мақалы бар екен.
Балалар,елімізде әрдайым бейбітшілік болсын деп барлығымыз «Ақкөгершін»әнін шырқайық.
Бағалау
-Балалар,сендерді бүгін бейбітшіліктің символы болған ақ көгершіндермен мадақтай отырып,қуанышты хабарлама таратамын.