Просмотр содержимого документа
«Тіл дамыту. Ашық сабақ»
Өткізген: «Қоқиқаз» тобының тәрбиешісі Халым Пания.
Тақырыбы: «Күзгі жемістер».
Оқу іс -әрекеті: Тіл дамыту. Мақсаты: 1. Балалардың жеміс - жидектер туралы білімдерін арттыру. 2. Олардың алуан түрлілігі туралы ұғымдарын дамыту. 3. Мейрімділікке, кішіпейілдікке тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Жемістер суреттері,үлестірмелі материалдар,теледидар,муляж т.б Әдіс - тәсілдер: сұрақ – жауап,түсіндіру, деңгейлік тапсырмалар. Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: а) Балалардың оқу іс - әрекетіне даярлығын қадағалау. Жаңа оқу іс - әрекеті: Қонақтармен амандасу.
Шаттық шеңбері: Шеңбер күн сияқты жылы, дөңгелек.Шаттық шеңберінде бір- бірімізге жақсылық тілеп,жүрегіміздің жылуымен бөлісе аламыз.Өз жүрегіміздің жылуын бір -бірімізге ұсынайық. Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар олай болса көтеріңкі көңіл -күймен сабағымызды бастайық.
Балалар, бүгінгі оқу іс- әрекетімізде күзгі жемістерді танып, біліп үйренеміз. Теледидардан жемістерді көрсетіп,дәмін,түсін пайдасын айтып түсіндіремін.
Тақтамен жұмыс: « Тақтадағы жемістерді ата».
Сонымен жемістерге:Алма,алмұрт,жүзім,ананас,өрік,шабдалы,қауын,апельсин,
банан,шие, лимон, т.б жатады екен.Олар күзде піседі. Сондықтан оларды күзгі жемістер деп атаймыз. Тәрбиеші: Балалар, жеміс - жидектерде дәрумендер өте көп болады . Олар адам дамуына, денсаулығына пайдалы. Сондықтан жеміс - жидектерді адамдар көп пайдаланады және жақсы көреді. Олардың дәмдері де әртүрлі. Тәтті,ащы,қышқыл болып келеді.Бірақ осы жеміс - жидектерді орынсыз көп жесең немесе жумай жесең, ауырып қалуың да мүмкін.
1 - тапсырма: Жемістерді өз ағашына орналастыр.
2 - тапсырма: «Қайда өседі?» ойыны.
Жеміс - жидектердің қайда өсетінін айтып отырамын. Егер дұрыс жауап болмаса, балалар аяқтарымен жерді соғып, бастарын шайқайды, егер жауап дұрыс болса, қолдарын шапалақтап, бастарын изейді. Алма қайда өседі? Алма тауда өседі (жерді аяқтарымен соғады). Алмұрт қайда өседі? Алмұрт бақта өседі (қол шапалақтайды). Жүзім қайда өседі? Жүзім үйде өседі (аяқтарымен соғады). Банан қайда өседі? Банан ағашта өседі. (қол шапалақтайды). Шие қайда өседі? Шие ағашта өседі (қол шапалақтайды). Қауын қайда өседі?
Қауын жерде өседі. (қол шапалақтайды)
Сергіту сәті: Әуенге қосылып жасау. Алма ағашы өседі (балалар ақырындап орнынан тұрады), Тіпті биік деседі ( балалар қолдарын көкке созып, аяғының ұшымен тұрады). Содан кейін гүлдейді (балалар саусақтарының арасын ашып, оңды - солды шайқала бастайды), Мұны: «Балалар, біл!» - дейді (балалар орындарына отырады).
-Балалар,жемістерден біз не дайындаймыз? Иә,дұрыс айтасыңдар!Біз жемістерден тосап және компот (қайнатпа) дайындаймыз.Олай болса алма және алмұрттан компот (қайнатпа) дайындап үйренейік.
3- тапсырма:. «Қайнатпа» дайындау.
Игерген білімді тексеру: «Топтастыру». Үстелдің үстінде тұрған жемістердің біреуін алып атын,дәмін айтады. Мынау - алма.Алма -тәтті. Мынау - алмұрт.Алмұрт- тәтті. Мынау - шие. Шие –қышқыл. Мынау - жүзім. Бұл - жемістер. Қорытындылау:
Ән: «Жемістер». Әнді бәріміз бірге орындайық. Балалар ән айта жүріп алма мен алмұртты жинап алады
.
Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Смайликты алып өз көңіл -күйлеріңді білдіріңдер.Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтаймын.Балалар,сендерге көп -көп рақмет!