Просмотр содержимого документа
«Тіл дамыту, ?ыс?ы киімдер »
Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: Қысқы киімдер.
(Сурет бойынша әңгіме)
Мақсаты:
І.Балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету.
2.Әр мезгілде киетін киімдерді атай білуге, жұмбақтар шешкізу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Сөз тіркестерін, сөйлем құрату арқылы сөздік қорларын молайту, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге баулу.
3.Киімді ұқыпты, таза киюге тәрбиелеу.
Жаңа сөздер: ұлттық киім, кебіс.
Көрнекілігі: жылдың әр мезгілінің киімін киген қуыршақ ұлттық киімдер үлгісі.
Оқу іс - әрекетінің барысы:
1. Кіріспе әңгіме өткізу.
- Қайырлы таң! Бүгін қандай күн? Aya райы қандай?
- Жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінде қалай киінеміз?
Педагог оңу іс - әрекетіне қуыршақ Айнұрдың келгенін, оның бір сандық киім алып келгенін хабарлайды.
- Айнырдың үстіндегі киімді ата.
- Киімді қай мезгілге сай киген?
- Қыс мезгіліне сай киінген.
- Олай болса, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы - қысқы киімдер.
2. Негізгі бөлім
а) Педагог әр балаға киімдер бейнеленген суреттер тара - тып береді, балалар киімдерге сипаттама береді. Мысалы: Малақай - құлағы бар жылы бас киім, құлақшын.
- Қыс мезгілінде қандай киімдер киеміз? ә) Сөздік жұмысын жүргізу.
Пима — жүннен басылған қысқы аяқкиім.
Тон - иленген қой терісінен жүнін ішіне қаратып тіккен жылы сырт киім.
Ішік — іш жағы аңның терісінен тігіліп, сыртын матамен тыстаған жылы сырт киім.
Байпақ — етіктің ішінен киетін, жұқалау етіп басылған қонышты киіз шұлық. Байпақтың сыртынан кебіс те киеді.
б) Сөйлем, сөз тіркестерін құрастыру.
- Ішік, қолғап сөздеріне сөйлем құрастырыңдар.
- Мына сұрақтарға жауап беріңдер. Қандай тон? Қандай етік?
- Қалың тон, қалың етік, жылы ішік, т.б.
- Қыста қалың тон киеміз. Әкемнің жылы ішігі бар.
- Тон, етік сөздері жуан естіле ме әлде жіңішке естіле ме?
- Тон сөзі жуан естіледі. Өйткені тон сөзіндегі о — жуан дауысты дыбыс. Ал етік сөзі жіңішке естіледі, етік сөзіндегі е және і - жіңішке дауысты дыбыстар.
в) «Балаларға арналған киім дүкені» деген мазмұнды сурет бойынша әңгіме құрастыру.
г) «Қай мезгілде киеміз?» дидактикалық ойыны. Шарты: Aya райының қандай мезгілінде мына киімдерді киер едің? Аттарын атау.
- Киімдерді қалай киюіміз керек?
- Киімді қайдан аламыз?
«Мынау кімдікі?» дидактикалық ойыны. Шарты: киім - дердің қайсысын ер балаға, қайсысын қыз балаға кигізуге болатындығы айтылады.
ғ) Ө. Ақылбекұлының «Менің киімдерім» атты санамағын жаттату.
3. Оқу іс - әрекетін қорытындылау.
а) «Қайсысы артың?» дидактикалық ойыны.
- Бір қатарда тұрған киімдердің ішіндегі қайсысы артық?
- Туфли. Өйткені туфлиді күз, көктем мезгілдерінде ғана киеміз.