Мақсаты: Балаларды ермексаздан домалақ пішін жасауға үйрету; балалардың шығармашылық, танымдық ой-қабілеттерін, тілдерін дамыту; саусақтың ұсақ бұлшықеттерінің қимылдарын жетілдіру; балаларды жабайы жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу
Қажеттіқұрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, доп, тақтайша, ермексаз, сулық.
Сөздік жұмыс: сопақша
Билингвальді компонент: жаңғақ – орешки.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері.
Тәрбиешінің іс-әрекеті.
Балалардың іс-әрекеті.
Есеп.
жағымды
жағымсыз
Мотивациялық-
қозғаушылық.
Армысың алтын Күн,
Армысың жер - Ана.
Армысыңдар апайлар,
Сәлем, сәлем достарым.
Жұмбақ жасыру.
Орманда өмір сүреді,
Көңілді боп жүреді.
Бұтақтан – бұтаққа секіреді,
Жаңғақты жақсы көреді.
Ол не?
Дұрыс айтасыңдар, бұл тиін.
Өлең мазмұнына сәйкес қимыл – қозғалыстарды орындайды.
Жұмбақтың жауабын шешуге тырысады.
Ұйымдастырушы-лық-ізденістік.
Балалар қазір біз тиіндердің қорегі – жаңғақтарды мүсіндейміз.
Жаңғақтардың түсі қоңыр болып келеді. Пішіні
сопақша ұқсайды. Сыртқым қабығы қатты, ішіндегі дәні жұмсақ, әрі дәмді болады. Балалар сендер тиінге жаңғақты мүсіндеп бергілерің келеді ме?
Билингвальді компонент: жаңғақ– орешки.
Жаңғақпен сурет арқылы сыртқы пішінмен, түсімен және жаңғақтың өзін қолдарына ұстап көру арқылы қасиетімен (жұмсақ, қатты) танысады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік.
Саусақ жаттығулары:
– Қолымыздың саусақтарының көмегімен үлкен және кішкентай шар жасап көрейік.
Ермексаздан доптың қалай жасалатынын көрсетіп, түсіндіру.
– ермексазды таңдап аламыз;
– ермексазды алақан арасына салып, айналмалы қимыл- қозғалыстар жасай отырып, домалақтаймыз.
– жаңғаққа ұқсатып мүсіндейміз
Сергіту сәті:
Алақай-ау, алақай,
Ән шырқайық, балақай.
Қызарғанша алақан,
Қол соғайық балақан!
А.Асылхан.
Балалардың өз бетінше жұмысы.
Көмек қажеткен балаларға көмектесу.
Екі қолдың саусақтарын бір-біріне тигізіп, сопақша пішінді үлкен жаңғаты көрсетеді.
Бір қолдың саусақтарын бір-біріне тигізіп, кішкентай жаңғақты бейнелейді.
Тәрбиешінің айтқанын балалар мұқият тыңдайды.
Балалар ермексаздан жаңғақты мүсіндейді.
Өлең жолдарын бірге қосылып айтып, қимыл-қозғалыстар жасайды.
Балалар тәрбиешінің көрсеткені бойынша жаңғақтарды мүсіндейді.
Рефлексиялық-түзетушілік.
Бірнеше сұрақтар қойып, пысықтау.
– Балалар, бүгін не мүсіндедік?
Үлестірмелі материалдағы мазмұнды суреттегі балалардың қуанғанын айтып,осы суретке жасаған жұмыстарын қойып ойнауды ұсыну.
Балаларды мадақтайды.
Жаңғақтарды мүсіндедік.
Балалар жасаған жұмыстарын үлестірмелі материалдағы суретке қойып, ойнайды.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: ермексаздан домалақтау тәсілімен жасалған жаңғақтымүсіндеу;
Түсінеді: жаңғақтың ерекшеліктерін (пішінін, түсін, салмағын)
Қолданады: ермексазды алақан арасына салып, домалақтай сопақша пішінге келтіруді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Тиіннің жаңғақтары»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Күні: 29. 04. 2016 ж.
Тәрбиеші: Шокина Ү.Қ.
Тобы: 1 –ші сәбилер «Балапан»
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Мүсіндеу.
Тақырыбы: «Тиіннің жаңғақтары»
Мақсаты: Балаларды ермексаздан домалақ пішін жасауға үйрету; балалардың шығармашылық, танымдық ой-қабілеттерін, тілдерін дамыту; саусақтың ұсақ бұлшықеттерінің қимылдарын жетілдіру; балаларды жабайы жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу
Қажеттіқұрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, доп, тақтайша, ермексаз, сулық.
Сөздік жұмыс: сопақша
Билингвальді компонент: жаңғақ – орешки.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері.
Тәрбиешінің іс-әрекеті.
Балалардың іс-әрекеті.
Есеп.
жағымды
жағымсыз
Мотивациялық-
қозғаушылық.
Армысың алтын Күн,
Армысың жер - Ана.
Армысыңдар апайлар,
Сәлем, сәлем достарым.
Жұмбақ жасыру.
Орманда өмір сүреді,
Көңілді боп жүреді.
Бұтақтан – бұтаққа секіреді,
Жаңғақты жақсы көреді.
Ол не?
Дұрыс айтасыңдар, бұл тиін.
Өлең мазмұнына сәйкес қимыл – қозғалыстарды орындайды.
Жұмбақтың жауабын шешуге тырысады.
Ұйымдастырушы-лық-ізденістік.
Балалар қазір біз тиіндердің қорегі – жаңғақтарды мүсіндейміз.
Жаңғақтардың түсі қоңыр болып келеді. Пішіні
сопақша ұқсайды. Сыртқым қабығы қатты, ішіндегі дәні жұмсақ, әрі дәмді болады. Балалар сендер тиінге жаңғақты мүсіндеп бергілерің келеді ме?
Билингвальді компонент: жаңғақ– орешки.
Жаңғақпен сурет арқылы сыртқы пішінмен, түсімен және жаңғақтың өзін қолдарына ұстап көру арқылы қасиетімен (жұмсақ, қатты) танысады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік.
Саусақ жаттығулары:
– Қолымыздың саусақтарының көмегімен үлкен және кішкентай шар жасап көрейік.
Ермексаздан доптың қалай жасалатынын көрсетіп, түсіндіру.
– ермексазды таңдап аламыз;
– ермексазды алақан арасына салып, айналмалы қимыл- қозғалыстар жасай отырып, домалақтаймыз.
– жаңғаққа ұқсатып мүсіндейміз
Сергіту сәті:
Алақай-ау, алақай,
Ән шырқайық, балақай.
Қызарғанша алақан,
Қол соғайық балақан!
А.Асылхан.
Балалардың өз бетінше жұмысы.
Көмек қажеткен балаларға көмектесу.
Екі қолдың саусақтарын бір-біріне тигізіп, сопақша пішінді үлкен жаңғаты көрсетеді.
Бір қолдың саусақтарын бір-біріне тигізіп, кішкентай жаңғақты бейнелейді.
Тәрбиешінің айтқанын балалар мұқият тыңдайды.
Балалар ермексаздан жаңғақты мүсіндейді.
Өлең жолдарын бірге қосылып айтып, қимыл-қозғалыстар жасайды.
Балалар тәрбиешінің көрсеткені бойынша жаңғақтарды мүсіндейді.
Рефлексиялық-түзетушілік.
Бірнеше сұрақтар қойып, пысықтау.
– Балалар, бүгін не мүсіндедік?
Үлестірмелі материалдағы мазмұнды суреттегі балалардың қуанғанын айтып,осы суретке жасаған жұмыстарын қойып ойнауды ұсыну.
Балаларды мадақтайды.
Жаңғақтарды мүсіндедік.
Балалар жасаған жұмыстарын үлестірмелі материалдағы суретке қойып, ойнайды.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: ермексаздан домалақтау тәсілімен жасалған жаңғақтымүсіндеу;
Түсінеді: жаңғақтың ерекшеліктерін (пішінін, түсін, салмағын)
Қолданады: ермексазды алақан арасына салып, домалақтай сопақша пішінге келтіруді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Күні: 15. 04. 2016 ж.
Тәрбиеші: Омиртай М.
Тобы: 1 –ші сәбилер «Балапан»
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Мүсіндеу.
Тақырыбы: «Шарлар».
Мақсаты: Ермексазды шымшып үзіп алу әдісін бекіту және сопақша пішінге келтіре мүсіндеуге үйрету; сазбалшықты алақан арасына салып домалақтау тәсілдерін үйрету; тілдері дамыту; саусақтың ұсақ бұлшықеттері қимылдарын жетілдіру;
Қажеттіқұрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, доп, тақтайша, ермексаз, сулық.
Тәрбиеші ортада тұрып, балаларға допты кезек-кезек лақтырады. Балаларға үлестірмелі материалдағы сурет бойынша қысқаша әңгіме айтып береді.
Билингвальді компонент: доп – мяч.
Балалар допты қолдарымен қағып алып, қайтадан педагогке лақтырады. Әңгімені мұқият тыңдайды. Тәрбиешінің соңынан «доп – мяч» сөзін қайталайды.
опенен
Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды.
Сөздік жқмыс: домалақ.
Доптың пішіні қандай?
Доптың түсі қандай?
Доп жұмсақ па, қатты ма?
Доп жеңіл ме, ауыр ма?
Доп бізге не үшін керек?
Топта доптың көп болғанын қалайсыңдар ма? Ендеше, өзіміз доп жасап алайық.
Саусақ жаттығулары:
– Қолымыздың саусақтарының көмегімен үлкен және кішкентай доп жасап көрейік.
Ермексаздан доптың қалай жасалатынын көрсетіп, түсіндіру.
– ермексазды таңдап аламыз;
– ермексазды алақан арасына салып, айналмалы қимыл- қозғалыстар жасай отырып, домалақтаймыз.
– басқа түсті ермексазбен әшекейлейміз.
Балалардың өз бетінше жұмысы.
Педагог қажет жағдайда қиналып отырған балаға допты әшекейлеуге көметеседі.
Сергіту сәті:
Добым менің, добым менің,
Өзің неткен көңілді едің.
Зымырайсың, қутыңдайсың,
Меннен қашып құтылмайсың. Ш.Смаханұлы.
Жұмбақ.
Ұрсаң қатты зырлайды,
Жерге қарғып тұрмайды.
Тиіп кетсе басыңа,
Ешбір зиян болмайды.
(Доп)
Домалақ.
Қызыл, сары.
Жұмсақ.
Жеңіл.
Ойнау үшін.
Иә.
Екі қолдың саусақтарын бір-біріне тигізіп, домалақ пішінді үлкен допты көрсетеді.
Бір қолдың саусақтарын бір-біріне тигізіп, кішкентай допты бейнелейді.
Тәрбиешінің айтқанын балалар мұқият тыңдайды.
Балалар ермексаздан допты мүсіндейді.
Өлең жолдарын бірге қосылып айтып, қимыл-қозғалыстар жасайды.
Жұмбақты шешуге тырысады.
Жауабы: доп.
Рефлексиялық-түзетушілік.
Бірнеше сұрақтар қойып, пысықтау.
Балалар, бүгін не мүсіндедік?
Үлестірмелі материалдағы мазмұнды суреттегі балалар-дың қуанғанын айтып,осы суретке жасаған жұмыстарын қойып ойнауды ұсыну.
Балаларды мадақтайды.
Доп мүсіндедік?.
Балалар жасаған жұмыстарын үлестірмелі материалдағы суретке қойып, ойнайды.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: ермексаздан домалақтау тәсілімен жасалған допты басқа түсті ермексазбен безендіру;
Түсінеді: доптың ерекшеліктерін (пішінін, түсін, салмағын)
Қолданады: ермексазды алақан арасына салып, домалақтай білуді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Күні:
Тәрбиеші:
№ 4 оқу іс-әрекеті.
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Мүсіндеу.
Тақырыбы: «Мандариндер мен апельсиндер».
Мақсаты: апельсин мен мандариннін айырмашылығын ажырата білуге үйрету, үлкен және кішкентай домалақ заттарды мүсіндеуді дамыту; эстетикалық талғамды сақтап, жұмысты ұқыпты жасауға тәрбиелеу.
Қажеттіқұрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, ермексаздан жасалған үлгі, апельсиннің, мандариннің суреттері, тақтайша, ермексаз, сулық.
Сөздік жұмыс: цитрус, апельсин, мандарин.
Билингвальді компонент: үлкен – большой, кішкентай – маленький.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері.
Педагогтің іс-әрекеті.
Балалардың іс-әрекеті.
Есеп.
+
-
Мотивациялық-қозғаушылық.
Педагог апельсиннің, мандариннің суреттерін көрсетеді. Сондай-ақ муляждарымен немесе жемісімен таныстырады. Олардың цитрустық жемістер екенін, оларда «С» дәрумені көп екендігі айтады.
Балалар көрнекіліктерді қарайды. Апельсин, мандарин жемістерімен таныстырады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік.
Балаларға апельсин, мандарин тура-лы бірнеше сұрақ қойылады.
– Апельсиннің көлемі қандай?
Мандариннің көлемі қандай?
Билингвальді компонент: үлкен – большой, кішкентай – маленький.
Түстері қандай?
Апельсин мен мандариннің
қабығы алманікі сияқты жылтыр
ма?
Сұрақтарға жауап береді.
– Үлкен.
– Кішкентай.
үлкен – большой, кішкентай – маленький сөздерін қайталайды.
– Қызғылт сары.
Мандарин жұмсақтау, ал апельсин қатты.
Ұйымдастырушылық-ізденістік.
– Ұстағанда қайсысы жұмсақ, қайсысы қатты?
– Иісі қандай? Йіскеп көрейікші.
– Кәне, балалар, өз қуыршағымызға
апельсин, мандарин жасап берсек қайтеді?
Сергіту сәті:
Алақай-ау, алақай,
Ән шырқайық, балақай.
Қызарғанша алақан,
Қол соғайық балақан!
А.Асылхан.
Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп, түсіндіру.
– қызғылт сары түсті ермексазды бірін үлкен, бірін кіші етіп екі бөлікке бөлу;
– алақанға салып, домалақтар жасау;
– апельсин үлкен домалақ, мандарин кіші домалақ;
– салыстыру , қайсысы апельсин, қайсысы мандарин?
Неге олай ойлайтындарын сұрау.
Балалардың өз бетінше жұмысы.
Балаларға ермексаздан апельсин, мандарин мүсіндеуге уақыт бөлу.
– Жоқ, кедір-бұдыр.
– Мандарин жұмсақтау, ал апельсин қатты.
– Хош иісті, керемет.
Балалар келіседі.
Балалар өлең жолдарын айта отырып, жаттығулар жасайды.
Жұмыстың орындалу тәсілін мұқият тыңдайды. Үлестірмелі материалдағы суретті қарастырады.
Балалар қызғылт сары түсті ермексазды таңдап алып, мандаринді және апельсинді мүсіндейді.
Рефлексиялық-түзетушілік.
Балалардан жасаған жемістерін қай ойыншыққа беретінін және не үшін беретінін сұрау.
Балалардың жұмысын бағалау, рахмет айту.
Балалардан жасаған жемістерін қай ойыншыққа беретінін және не үшін беретінін айтады.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: ермексаздан домалақ пішінді апельсин мен мандариннің пішініне келтіреді.
Түсінеді: апельсин мен мандариннің пайдасын және цитрустық жеміс екендігін.
Қолданады: үлкен, кішкентай домалақтар жасай білуді;
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Күні:
Тәрбиеші:
№ 2 оқу іс-әрекеті.
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Мүсіндеу.
Тақырыбы: «Қояндарға арналған сәбіз».
Мақсаты: қоршаған ортамен таныстыруды жалғастыру, қоянның тіршілігі туралы балаларға түсінік беру. Сопақша пішінді және бір ұшын үшкірлеп мүсіндеуді үйрету, сондай-ақ ермексазды дұрыс қолдану жолдарын дамыту. Жануарларға деген қамқорлық сезімге тәрбиелеу.
Қажеттіқұрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, ермексаздан жасалған сәбіздің үлгісі, қояндардың суреттері, тақтайша, ермексаз, сулық.
– Балалар, қояндар бізге қонаққа келіпті. Олар үшеуі дауласып отыр.
– Не үшін дауласып отыр екен? Кәне кім біледі?
Педагог олардың сәбізге дауласып отырғанын айтады.
Суретке қарап, педагогтің сұрақтарына жауап береді.
– Жүйрік, құлағы ұзын, қорқақ аң.
– Сәбіз жейді.
Балалар әртүрлі жауап береді.
Ұйымдастырушылық-ізденістік.
Педагог қоян туралы өзі білетін шағын немесе әңгімені қысқаша баяндап береді.
Қонақтардың қысқы азықтарын жинап үлгермегенін айтады.
Балалар қояндарға қыстық азықтарын жинауға, сәбіз жасауға көмектесеміз бе?
Сәбіздің пішіні қандай?
Сәбіздің түсі қандай?
Сәбіз көкеніске жатады.
Сөздік жұмыс: көкеніс.
Көкеністердің муляжын балаларға ұстап көру үшін таратады.
Педагогтің әңгімесін (ертегісін) мұқият тыңдайды.
– Иә.
– Сопақша.
– Қызғылт сары.
«Көкеніс» сөзін қайталайды.
Балалар көкеністерді ұстап көреді.
Рефлексиялық-түзетушілік.
– Балалар, бүгін не мүсіндедік?
– Сәбізді нелерге береміз?
Балаларға суреттегі үш қоянның көңіл-күйерін байқатып, ұнатқан қоянына сәбізді сыйлауын ұсыну, мадақтау.
– Сәбіз.
– Қояндарға.
Бала жасаған сәбізін қалаған қоянға беріп, ойнайды.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: сопақша пішінді ермексазды сәбіз бейнесіне келтіреді;
Түсінеді: қоянның азығы көкеністер екендігін.
Қолданады: ермексаздан сопақша пішін жасай алу дағдысын;
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Күні: 29.09.16 ж.
Тәрбиеші: Шокина У.К.
Тобы: 2-сәбилер «Ақбота» тобы.
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Мүсіндеу.
Тақырыбы: «Алаңқайдағы саңырауқұлақтар».
Мақсаты: Саңырауқұлақтармен таныстыру, олардың орманда өсетіндігі жайлы түсініктерін кеңейтіп, сөздік қорларын молайту, екі бөліктен тұратын қалпағы мен аяғын біріктіру тәсілін қолдана отырып дамыту; табиғатқа деген қызығушылықты қалыптастыру, табиғатта жүргенде өздерін ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Қажеттіқұрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, үлгі сурет, саңырауқұлақтың суреті, тақтайша, ермексаз, сулық.
Сөздік жұмыс: саңырауқұлақ алаңқайы.
Билингвальді компонент: саңырауқұлақтар – грибы.
Оқу іс-әрекетінің кезеңі .
Педагогтің іс-әрекеті.
Балалардың іс-әрекеті.
Есеп.
+
Мотивациялық-қозғаушылық.
Балаларды орманға серуенге шығару.
Саңырауқұлақтар алаңқайын көрсету.
Балаларға саңырауқұлақтарды себетке жинату. Сөздік жұмыс: саңырауқұлақ алаңқайы.
Саңырауқұлақ туралы әңгімелеп, сұрақтар қою.
Балалар, біз не жинадық?
Саңырауқұлақ қанша бөлі-
тен тұрады.
Балалардың көңілін суреттегі са-
ңырауқұлақтарға бөлу.
Орманға баруға қызығушылықтарын танытады.
Саңырауқұлақ алаңқайын қайталайды. Әңгімені тыңдап, сұрақтарға жауап береді.
– Саңырауқұлақ жинадық.
– Саңырауқұлақтар екі бөліктен тұрады: қалпағы, аяғы.
Ұйымдастырушылық-ізденістік.
Билингвальді компонент:
Саңырауқұлақтар – грибы.
Балаларға В.Сутеевтің «Саңырауқұ-
лақ саясында» ертегісін айтып беру.
– Орманда кенеттен не басталды?
–Саңырауқұлақтың астына нелер
жиналды?
– Жаңбырдан кейін не болды?
– Ендеше біз де саңырауқұлақты
мүсіндеп берейік.
Педагог өзі жасаған үлгіні көрсетеді.
Жұмыстың орындалу тәсілін
көрсетіп түсіндіру.
– қызыл түсті ермексазды екі алақанымыздың ортасына салып, жұмсартып, қалпақ жасаймыз.
– ортасына ойық жасау үшін сұқ саусағымызбен басамыз.
– ақ түсті ермексаздан сабағын жасаймыз. Ол үшін ермексазды «шұжықша» пішінге келтіреміз.
– қалпағы мен сабағын біріктіреміз, біріктірген жерін саусағымызбен тегістеп қоямыз.
Саңырауқұлақтар – грибы сөзін қайталайды.
Ертегі тыңдайды.
Ертегі бойынша сұрақтарға жауап береді.
Үлгілерді қарайды.
Саңырауқұлақты жасаудың әдіс-тәсілімен танысады.
Саңырауқұлақты мүсіндейді.
Ойын ойнайды.
Жұмбақты шешуге тырысады.
Саңырауқұлақ.
Балалардың өз бетінше жұмысы:
Балаларға саңырауқұлақтың сабағы мен қалпағын біріктіруді, тегістеуді жеке-жеке көрсетеді. Қиналған балаларға көмектеседі.
Ұйымдастырушылық-ізденістік.
Сергіту сәті: «Күн мен жаңбыр» ойыны.
Балалар шеңбер жасап тұрады. Әуен қосылып, саңырауқұлақ алаңқайында ойын ойналады. «Жаңбыр жауды» дегенде қолшатырдың астына жиналады.
Жұмбақ:
Орманнан алып келген қазанбасты,
«Жейміз», – деп анам күліп қазанға асты. (саңырауқұлақ)
Саңырауқұлақтың бәрін жеуге болмайтынын, олардың ішінде жеуге жарамайтынулы түрі болатынын айтып ескертеді. Ол – мухомор деп аталады.
Ойын ойнайды.
Жұмбақты шешуге тырысады.
Саңырауқұлақ.
Рефлексиялық-түзетушілік.
– Балалар, бүгін не мүсіндедік?
– Саңырауқұлақ қайда өседі?
Балалардың жұмысын талдау, мадақтау. Үлестірмелі материалдағы суретке жасаған саңырауқұлақтарын қойып, суреттегімен салыстырып ойнауға мүмкіндік береді. Балаларды мадақтайды.
–Саңырауқұлақты мүсіндедік.
– Орманда өседі.
Жасаған жұмыстарын алаңқайға қояды, суреттегі саңырауқұлақтармен салыстырады.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: дөңгелек пішінді ермексазды саусақпен жалпақтау арқылы саңырауқұлақтың қалпағын жасап, сопақша пішінді сабағымен біріктіреді;
Түсінеді: улы және жеуге жарайтын саңырауқұлақтар болатынын;
Қолданады: ермексазды сопақша, дөңгелек пішінге келтіру дағдысын.
Мерзімі
Баланың аты-жөні
Әрекеттер түрлері
Мақсаты
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Күні:
Тәрбиеші:
№ 8 оқу іс-әрекеті.
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Мүсіндеу.
Тақырыбы: «Аққала».
Мақсаты: Балаларға қар және оның қасиеті туралы түсінік беру; домалақтарды біріктіру арқылы бейне құрастыра білуді дамыту; қысқы табиғат әсемдігі арқылы табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу.
Қажеттіқұрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, ермексаздан жасалған үлгі, тақтайша, ермексаз, сулық.
Сөздік жұмыс: бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек.
Билингвальді компонент: аққала – снеговик.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері.
Педагогтің іс-әрекеті.
Балалардың іс-әрекеті.
Есеп.
+
-
Мотивациялық-қозғаушылық.
Балаларға қыс туралы өлең оқу.
Жұмбақ.
Қыс келді, қыс келді,
Ақтарып ақ қарды.
Жол аппақ түске енді,
Аралап қайтайық,
Ақ күміс бақтарды.
(Ә.Ысқақабаев).
– Неге жердің бәрі аппақ?
(жерде жасанды қарлар жатады)
– Қар ұлпалары неге ұқсайды?
Педагог:
– Қар ұлпалары қандай керемет, өрнектері де бар екен. Ал мына қарлар еріп, жабысып,
Балалар өлеңді тыңдайды. Топ ішін аралап жүріп таңданады.
– Өйткені жердің бетін қар жапқан.
– Жұлдызшаға ұқсайды.
Қар ұлпаларын тамашалайды, екі ыдысқа бөліп жинайды.
домалақтанып қалыпты. Кәне осы қарларды тездетіп, екіге бөлініп, жинап тастайық.
– Қазір жылдың қай мезгілі? Енді осы қыс мезгіліндегі көріністерді бақылайық.
– Қыс мезгілі.
Ұйымдастырушылық-ізденістік.
– Даланың бәрі қандай?
– Иә, қыстың сәні қар демекші айналаның бәрі қар.
– Ауа райы қандай?
– Балалар қыста қандай ойындар ойнайды?
Билингвальді компонент: аққала -
снеговик.
– Аққала неше бөліктен тұрады?
– Мұрнын, көзін неден жасайды?
– Түстері қандай?
Аққаланы неден жасайды?
Енді осы аққаланы жасайтын қарды зерттеп
көрейік. Ыдысқа салынған қарды балаларға
көрсету.
Бұл қарды қайдан алдым?
Қар қайдан пайда болды?
Аспан әлемінен мұз талшықтарынан пайда
Болып, жерге жауып түседі екен. Олар әр
түрлі болып жауады.
Ұшқындап жауады.
Жапалақтап жауады;
Борандатып жауады; т.б. түрі бар.
Жауған қардың суретін көрсету.
Сұрақтарға жауап береді.
Қарлы аппақ.
Суық.
Шанамен,конькимен сырғанақ тебеді, аққала жасайды.
«Аққала – снеговик» сөзін қайталайды.
– Үш бөліктен
тұрады.
– Сәбізден, көмірден жасайды.
– Қызғылт сары, қара.
– Қардан жасайды.
– Даладан.
– Аспаннан жауып жерге түсті.
Балалар қардың әр түрлі болып жауғанын тамашалайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік.
Сергіту сәті:
– Балалар, қардың қалай жауатынын қимылмен көрсетіңдерші.
– Қар қандай, суық па, жылы ма?
– Қардың түсі қандай?
– Күнге шағылысқанда қандай болады?
– Қар ауыр ма, жеңіл ме?
– Қар таза ма, жеуге бола ма?
– Қар таза ма, жеуге бола ма?
– Балалар, қардан Аққаланы қалай жасағанымызды еске түсірейікші: бірінші – үлкен домалақ жасадық, екінші – орташа домалақ жасадық, оны үлкен домалақтың үстіне қойдық. Басына шелек кигіздік.
– Балалар, бұл Аққала менің досым. Сендер өздеріңе Аққаладан дос жасап алғыларың келе ме?
Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп, түсіндіру.
– ермексазды әр түрлі үш бөлікке бөлу;
– бөліктерді алақан арасына салып, домалақтау;
– үлкен бөлікті астына қою, орташа бөлікті ортасына, кіші бөлікті үстіне қою.
– бөліктерді бір-бірімен біріктіру;
– қолын таяқшалардан жасау;
Балалар қардың жауғанын қимыл-қозғалыспен көрсетеді.
Суық.
– Қардың түсі аппақ.
– Күмістей жарқырайды.
– Аспаннан жауғанда жеңіл. Жерде жа-тып көбейгенде ауыр.
– Қарды жеуге болмайды. Таза емес. Тамақты ауыртады.
– Иә.
Аққаланы мүсіндеудің әдіс-тәсілімен танысады.
Ұйым.-ізденіс-тік.
Балалардың өз бетінше жұмысы:
Қажет болған жағдайда жеке балаға көмек көрсетіледі.
Аққалаға – досына ат қойдыру.
Балалар Аққаланы мүсіндейді. Аққалаға – досына ат қояды.
Рефлексиялық-түзетушілік.
– Балалар, бұл жасаған достарыңды ата-аналарыңа көрсетемін.
Балалардың жұмыстарын талдау, мадақтау.
Балалар жасаған аққалаларымен ойнайды. Өз текшелеріне ат қояды.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: әр түрлі көлемдегідомалақтарды біріктіреді, ұсақ элементтерін толықтырады;
Түсінеді: аққаланың қыста ғана болатынын;
Қолданады: әртүрлі көлемдегі дөңгелектердіалақан арасына салып домалақтау тәсілі;
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Күні: 13.11.2015 ж.
Тәрбиеші: Омиртай М.
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Мүсіндеу.
Тақырыбы: «Мысықтың ыдысы».
Мақсаты: мысық туралы түсініктерін кеңейту, ол туралы балалардың өздеріне әңгімелету; ермексазды домалақтап, ортасын қуыстау машығын дамыту, сондай-ақ шыдамдылыққа, төзімділікке, үй жануарларына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Қажеттіқұрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, ермексаздан жасалған үлгі, мысықтың суреті, тақтайша, ермексаз, сулық.
Өте жақсы, балалар, сондықтан мысықты үй жануары деп атаймыз.
Балалардың назарын үлестірмелі материалдағы мысықтың суретіне аударту.
Мысық қалай дыбыстайды?
–Мысық не жейді, не ішеді?
–Мысыққа немен тамақ береміз?
– Ал, балалар, мысыққа қарайықшы, құлағы, аяғы, құйрығы, көзі нешеу?
–Ал, мысықтың түсі қандай?
– Кім мысық туралы тақпақ біледі?
–Ал, мысықтың түсі қандай?
– Кім мысық туралы тақпақ біледі?
–Балалар, сендер мысықты жақсы көресіңдер ме?
–Олай болса, мысыққа сүт ішетін ыдыс жасап берейікші. Мысықтың
сүт ішетін ыдысы жоқ екен. Алды-
Мен бойымызыды сергітіп алайық.
мысық –кошка, ыдыс – посуда сөздерін қосылып бірге қайталайды.
– Мысық үйді мекендейді.
Суретке қарап, сұрақтарға жауап береді.
–«Мяу-мяу» деп дыбыстайды.
–Мысық тышқан аулайды, сүт ішеді.
–Ыдыспен.
–Аяғы төртеу, көзі екеу, құйрығы біреу, құлағы екеу.
–Ала мысық.
Пеш үстінде мысық отыр,
Екі көзін қысып отыр.
–Ала мысық.
Балалар мысыққа ыдыс жасап беруге келіседі.
Ұйымдастырушылық-ізденістік.
Сергіту сәті:
Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп
Беті-қолын жуады.
Қасымнан бір қалмайды,
Көзін қысып алдайды.
Ойнатсам да күнімен,
Ойыны бір қанбайды.
Педагог балаларға өзі жасаған ыдыстың үлгісін көрсетіп, таныстырады.
Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп, түсіндіру.
– ермексазды жұмсартамыз;
– алақанға салып домалақтаймыз;
– ортасына сұқ саусағымызды батырып, ойық жасаймыз;
–кесе пішініне келтіріп, жан-жағын тегістейміз.
Балалардың өз бетінше жұмысы:
Көмек керек болған балаларға педагог көмектеседі.
«Шатасқан жіп» ойынын ұйымдастыру.
–Балалар, мысық жіппен ойнағанды жақсы көреді. Әженің ұршығындағы жіпті шатастырып тастапты. Сол жіптің шатасқанын жазып беруге көмектесейік. Ойын барысы:
Шатасқан жіпті жазуға тырысу.
Өлең шумағына сай қимыл жасайды.
Қайталайды:
Ойыны бір қанбайды.
Жұмыстың орындалу тәсілімен танысады.
Мысыққа арналған ыдысты мүсіндейді.
Балалар ойынға қызыға кіріседі.
Шатасқан жіпті жазады.
Рефлексия-лық-түзетушілік.
– Балалар, біз бүгін не жасадық?
Міне, тамаша, енді жасаған ыдыста-рымызыды мысыққа сыйлайық. Балаларды мадақтау.
Жұмыстарды талдайды, жасаған ыдыстарын мысыққа сыйлайды.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: домалақ ермексаздың ортасын бас бармақпен баса отырып, іші қуыс ыдыс пішініне келтіреді;
Түсінеді: мысықтың үй жануары екендігін, сүтті жақсы көретіндігін;
Қолданады: ермексазды алақан арасына салып домалақтау тәсілін
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Күні:
Тәрбиеші:
№ 9 оқу іс-әрекеті.
Білім беру саласы: Шығармашылық, қатынас.
Бөлімі: Мүсіндеу.
Тақырыбы: «Құламайтын қуыршақ».
Мақсаты: шар пішіндерінен, әр түрлі домалақтар жасауды үйрету, ойыншықтар туралы жалпы түсінік беріп, құламайтын қуыршақпен таныстыру; тазалыққа, эстетикалық талғаммен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Қажеттіқұрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, ермексаздан жасалған үлгі, қуыршақтың суреті, тақтайша, ермексаз, сулық.
–Ең үлкен дөңгелек – денесі, орташа дөңгелек – басы, кішкене дөңгелектер – қолдары.
Педагог балаларға өзі дайындаған үлгіні көрсетеді.
Жұмыстың орындалу тәсілін көрсе-
тіп түсіндіру.
– ермексазды жұмсартамыз;
– алақанға салып, домалақтаймыз:
–үлкен бөлік – денесі, кіші бөлік – басы;
–бөліктерді біріктіріп, қосылған же-лерін тегістейміз.
Балалардың өз бетінше жұмысы:
Көзін, мұрнын, аузын жасауға педагог көмектеседі
–Құламайтын ойын-шықтарды, қоянды, аюды.
құламайтын қуыр-шақ – неваляшка сөзін қайталайды.
Әртүрлі.
–Қуыршақ биік, аю орташа, қоян аласа.
–Домалақ, шарлардан. Екі қолы бірдей домалақ.
Балалар дайын үлгіні тамашалайды.
Жұмыстың орындалу тәсілін бақылайды.
Қуыршақты мүсіндейд
Ұйымдастырушылық-ізденістік.
Сергіту сәті:
Алақай-ау, алақай,
Ән шырқайық балақай.
Қызарғанша алақан,
Қол соғайық балақан.
(А.Асылхан)
Балаларға өздерінің жасаған қуыршақ
тарына ат қойдыру.
Қуыршақпен ойын.
Балалар сергіту сәтін орындайды.
Рефлексиялық-түзетуші-лік.
Балалардың жұмысын талдау, мадақтау.
Мазмұнды суреттегі қуыршақтармен бірге ойнауды ұсыну.
Балалар жасаған қуыршақтарына ат қояды.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: әртүрлі көлемдегі домалақ ермексазды біріктіреді, ұсақ элементтермен толықтыру арқылы қуыршақ бейнесіне келтіреді;
Түсінеді: неге құламайтын қуыршақтар деп аталатынын;
Қолданады: әртүрлі көлемдегі ермексазды алақанға салып, домалақтау тәсілін.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Күні: 5.02.2016ж.
Тәрбиеші: Арықбанова Б.Н.
Тобы: 1 – ші сәбилер «Балапан»
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Мүсіндеу.
Тақырыбы: «Ұшақ».
Мақсаты: бөлшектерді құрастыру арқылы ұшақты мүсіндеуді үйрету; қиялдау сезімдерін дамыту; ұқыптылыққа, дербес іс-әрекет жасауға тәрбиелеу.
Қажеттіқұрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, ермексаздан жасалған үлгі, ұшақтың суреті, тақтайша, ермексаз, сулық.
Сөздік жұмыс: ұшқыш.
Билингвальді компонент: ұшақ - самолет.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері.
Педагогтің іс-әрекеті.
Балалардың іс-әрекеті.
Есеп.
жағымды
жағымсыз
Мотивациялық-
қозғаушылық.
Тәрбиеші іс –әрекетін дидактикалық ойыннан бастайды. Ойынның атауы: «Не жетіспейді?»
Тікұшақ, кеме мен машина, ең соңында ұшақтар алынып тасталынады.
Балаларға жұмбақ жасырады.
Жұмбақ:
Ұшса аяғы жоқ,
Қонса аяғы бар.
(Ұшақ)
Қысқаша ұшақ туралы әңгімелеп береді.
Балалар көздерін жұмады, ал тәрбиеші үш көріністің ішінен біреуін алып қояды. Балалар жоғалған көріністерді атайды.
Жұмбақты шешуге тырысады.
Балалар мұқият тыңдайды.
«Ұшақ – самолет» сөзін қайталайды.
Ұйымдастырушылық - ізденушілік.
Ғажайып сәт:
Топта ойыншық ұшақтар ұшады. Тәрбиеші балалармен бірге оның түсі мен бөліктерін қарайды.
Қараңдаршы, балалар, бізге ұшақ ұшып келіпті.
Билингвальді компонент: ұшақ – самолет.
Қарастырады, балалардың болжамды жауаптары.
«Ұшақ – самолет» сөзін қайталайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік.
Сөздік жұмыс: ұшқыш.
Оның түсі қандай екен?
Дұрыс айтасыңдар, ақ түсті. Ал ұшақтың
қанаттары үлкен және жұқа. Қанаттар ұшу үшін керек. Оның түсі қандай болады?
Ұшақта оның бөлімдері және құйрығы болады.
Сөздік жұмыс: қанат, аспан.
Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп, түсіндіреді:
Ұшақ жасау үшін ең алдымен екі бөлік ермексаз
кесегі керек. Алақанмен тағы да дөңгелектер жасаймыз, одан кейін ермексаздың екінші бөлігін төртбұрыштап, үшбұрыштап бөлеміз. Екінші бөлігі бұл ұшақтың қанаты болады.
–үлкен бөлікті алақан арасына салып сопақша пішінге келтіріп, сәбіз пішіндес жасау.
–екі кішкене бөлікті «шұжықша» тәріздес есіп, жалпақтау.
–үлкен сопақшаны ұшақтың бас жағына, кіші сопақшаны ұшақтың артқы жағына біріктіру;
–үлкен сопақшаның артқы жағын жоғары қарай қайыру арқылы ұшақ-тың құйрығын жасау.
Сергіту сәті:
Ұшақтар зымырайды,
Ұшақтар ұшады.
Біз тыныш отырып,
Ұшақтарды бақылаймыз.
Балалардың өз бетінше жұмысы:
Қажет болған жағдайда жеке балаға көмек көрсетіледі.
Ұшқыш сөзін қайталайды.
Ақ.
Көк.
Балалар шеңберге тұрып, екі қолдарын жайып, әуеннің ырғағымен дыбыс шығарып, ұшақ болып ұшады.
Балалар жұмыстың орындалу тәсілімен танысады.
Балалар ұшақты мүсіндейді.
Балалар қолдарын алға бүгіп, алға қарай айналдырады. Қолдарын алға сермеп, алға қарай жылжиды. Тізелерін бүгіп, қолдарын тізеге қарай түсіреді.
Барлығы жұмысқа кіріседі: ұшақ мүсіндейді. Дайын ұшақты үлестірмелі материалдағы суретке орналастырады.
Рефлексиялық-түзетуші-лік.
– Жарайсыңдар,балалар, жасаған ұшақтар өте әдемі болып шықты. Тәрбиеші балалар жасаған ұшақтарды ата-аналарға арналған көрмеге қояды.
Бүгін не мүсіндедік?
Үлестірмелі суретке балалар өздерінің жасаған ұшақтарын қойып, ойнауды ұсыну.
Жасаған жұмыстарын мазмұнды суретке қойып ойнайды.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: сопақша пішіндерді жалпақтау арқылы ұшақ пішініне келтіреді.
Қолданады: ермексаздан әртүрлі пішіндер жасау дағдыларын.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Күні:
Тәрбиеші:
№ 15 оқу іс-әрекеті.
Білім беру саласы: Шығармашылық, қатынас.
Бөлімі: Мүсіндеу.
Тақырыбы: «Көлшіктегі үйректің балапандары».
Мақсаты: үй құстары туралы түсініктерін кеңейту, үйректің балапанымен таныстыру; екі бөлшекті біріктіру, тегістеу, шымшып созу әдістерін пайдалануды дамыту; үй құстарына деген қамқорлық сезімдерін ояту.
Қажеттіқұрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, ермексаздан жасалған үлгі, балапан суреті, тақтайша, ермексаз, сулық.
Тақтаға үй құстарының суретін ілу. Үй құстары туралы қысқаша әңгіме өткізу.
–Қандай үй құстарын білесіңдер?
Педагог балапан туралы Б.Жақыптың өлеңін оқиды.
Жем бергенде жем жейді,
«Кел!» дегенде келмейді.
Балапаным сары үрпек,
Әрі қорқақ, әрі үркек.
Сөздік жұмыс: үрпек.
– Балалар, мен не туралы тақпақ оқыдым?
Балалар тақтадағы суретті тамашалай-ды. Үй құстары ту-ралы әңгімені мұ-қият тыңдайды. Білетін құстарын атайды.
Балапан туралы өлеңді тыңдайды. Үрпек сөзін қайталайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік.
Үйрек туралы әңгімелеу.
Үйрек суда әдемі жүзеді. Ол балапан-дарын жүзуге үйретеді. Ақ үйрек, қа-
ра үйрек, қоңыр үйрек, ала үйрек – су бетіне көрік береді. Үйректің мойны қысқа, аяқтары жарғақ, тұмсығы жал-пақ болып келеді. Үлестірмелі мате-риалдағы көлшікке үйректің балапан-
Ол үшін балапанның дене құрылысын талдап алайық: денесі – сопақша, мойны – қысқа, басы – дөңгелек, тұмсығы – жалпақ, көзі – мөлдір қара, қанаты, құйрығы, екі аяғы бар.
Сергіту сәті:
Қазым, қазым, қаңқылда,
Суда жүзіп салқында.
Жем шашайын жейсің бе?
«Кәмпит берші» дейсің бе?
Жоқ.
Жоқ.
Жоқ.
Кәмпит тәтті болмайды ас,
Арпа менен бидай шаш!
С.Бегалин.
Педагог балаларға өзі дайындаған үлгіні көрсетеді.
Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп, түсіндіру:
сары түсті ермексазды екі бөлікке бөлеміз;
үлкен бөліктен сопақша етіп денесін жасаймыз;
кіші бөліктен сопақша етіп денесін жасаймыз;
Басын,мойнын созып шығарамыз;
Басы мен денесін біріктіреміз, сұқ саусағымызбен тегістейміз
Педагог әңгімесін тыңдайды.
«үйректің балапаны – утенок» сөзін қайталайды.
Денесі – сопақша, мойны – қысқа, басы – дөңгелек, тұмсығы – жалпақ, көзі – мөлдір қара, қанаты, құйрығы, екі аяғы бар.
Қара ермексазды дөңгелектеп, көздерін жасап жапсырамыз.
Балалрдың өз бетінше жұмысы.
Қажет болған жағдайда жеке балаға көмек көрсетіледі.
Рефлексиялық-түзетуші-лік.
Балалар,бүгін не мүсіндедік?
Біздің көлшігіміз әдемі болу үшін, жасаған балапандарымызды көлшікке жіберейік.
Балалардың жұмыстарын талдап, баға беру.
Үйректің балапанын.
Мүсіндеген балапандарын суреттегі көлшікке қойып, «жүздіртіп» ойнайды.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: домалақ пішінді үйрек денесіне саусақ ұшымен созу арқылы келтіреді,жеке бөліктерді, үйректің басынан шымшу тәсілімен тұмсығын шығарады, ұсақ бөлшектермен толықтырады.
Түсінеді: үйректің үй құстарына жататынын, олардың суда жүзетінін, түстерінің әр түрлі болатынын;
Қолданады: ермексазды алақан арасына салып, үлкен, кіші домалақтар жасау тәсілін.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Күні:
Тәрбиеші:
№ 15 оқу іс-әрекеті.
Білім беру саласы: Шығармашылық, қатынас.
Бөлімі: Мүсіндеу.
Тақырыбы: «Ақ қоян».
Мақсаты: қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейтіп, қоянның ерекшеліктеріне тоқталу; ермексазбен жұмыр денені мүсіндеу машығын дамыту, ертегіні мазмұндап айтқызу, ойын ойнау барысында тілдік қорларын дамыту, жануарларға деген қамқорлыққа, шеберлікпен жұмыс жассауға тәрбиелеу.
Қажеттіқұрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, ермексаздан жасалған үлгі, қоянның суреті, тақтайша, ермексаз, сулық.
Сөздік жұмыс: көжек.
Билингвальді компонент: қоян – заяц.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері.
Педагогтің іс-әрекеті.
Балалардың іс-әрекеті.
Есеп.
+
-
Мотивациялық-
қозғаушылық.
Балаларға «Ұзын құлақ сұр қоян» ертегісін қуыршақ театырын пайдалана отырыпайтып беру.
Билингвальді компонент: қоян –заяц.
Балалар ертегіні тыңдайды. «Қоян – заяц» сөзін қайталап айтады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік.
Қоянның түсі қандай?
Қоян немен қоректенеді?
Қандай жерлерде тіршілік етеді?
Сөздік жұмыс: көжек.
Ақ сұр, қара түсті болады.
Сәбіз, орамжа-пырақ жейді.
Орманда тіршілік етеді.
Ұйымдастырушылық-ізденістік.
«Көжектер мен түлкі» ойынын ұйымдастыру.
Ойынның шарты: бір бала түлкі бо-лып сайланады, қалған балалар көжек
тің бетперделерін киіп, дөңгелене отырады.
Ойынды жүргізуші (қоян бетпердесін киеді):
Көжектерім, тұршы,
Беттеріңді жушы.
Ну орманға барайық,
Тамақтанып алайық.
Жалмаңдаған қу түлкі,
Келіп қапты орманнан,
«Көжектерің қайда?» - деп
Қуып келді соңымнан.
– Балалар, біз тобымызға көптеген қояндар мүсіндесек қайтеді?
Педагог балаларға өзі дайындаған үлгіні көрсетеді.
Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп, түсіндіру:
Бүгін ермексазды жұмсартып, сопақша пішін беріп, доға жасап иеміз.
Кескішпен екі шетінен, ортасынан кішкене кесіп, аяқ жасау.
Ермексазды жұмсартып, бірнеше ұсақ бөліктерге бөлу;
Алақанға салып домалақтау, ол – басы, кіші домалақ – құйрығы
Басын орналастырып, біріккен жерін тегістейміз.
Балалардың өз бетінше жұмысы.
Қажет болған жағдайда жеке балаға көмек көрсетіледі. Көзін, аузын жасауға көмектесу.
Ойынды қызыға ойнайды.
Көжектер ән ырғағымен секіріп, қаша жөнеледі, түлкі қуады.
–Иә, жасап алайық. Қоян мүсіндеуге келіседі.
Үлгімен танысады.
Жұмыстың орындалу әдіс-тәсілін мұқият тыңдайды.
Қоянды өз беттерін-ше мүсіндейді. Көзін, аузын жасайды.
Рефлексиялық-түзетуші-лік.
Балалардың жұмыстарын талдау, мадақтау. Мазмұнды суретке қойдырып ойнату.
Жасаған жұмыстарын суретке қойып ойнайды.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: жеке бөлшектерді біріктіріп қоянның мүсінін құрастырады, сыртын тегістеп, ұсақ бөлшектермен толықтырады.
Қажеттіқұрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, ермексаздан жасалған үлгі, ойыншық қалақ, тақтайша, ермексаз, сулық.
Сөздік жұмыс:
Билингвальді компонент:
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері.
Педагогтің іс-әрекеті.
Балалардың іс-әрекеті.
Есеп.
жағымды
жағымсыз
Мотива-циялық-
қозғаушы-лық.
Үлестірмелі материалдағы сурет бойынша әңгіме құрастырады.
Қыздар қайда ойнап отыр?
–Құммен ойнау үшін қандай құралдар керек
Сөздік жұмыс: қалақ.
Балалар ертегіні тыңдайды
Қыздар құмда ойнап отыр?
Құммен ойнайтын ойыншықтарды атайды. Қалақ сөзін қайталайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік.
Құмға арналған жиынтықты балаларға көрсету.
Мына шелектің ішінде не бар?
Дұрыс айтасыңдар, қалақ, елеуіш, тырма әртүрлі ойық жасайтын ойыншықтар.
Бұл ойыншықтармен қайда ойнайсыңдар?
Сендер қыздарға құммен ойнайтын қалақ жасап бергілерің келе ме?
Билингвальді компонент: күрек – лопатка.
Сергіту сәті:
Алақай-ау, алақай,
Ән шырқайық, балақай.
Құмға арналған жиынтықты тамашалайды. Сұрақтарға жауап береді.
Қалақ, елеуіш, тырна.
Құмда ойнаймыз.
Иә.
Күрек – лопатка, қар – снег сөздерін қайталайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік.
Қызарғанша алақан,
Қол, соғайық, балақан.
А.Асылхан.
Педагог өзі жасаған үлгіні балаларға көрсетеді.
Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп, түсіндіру:
Ермексазды жұмсартып, екі бөлікке бөлеміз.
Үлкен бөлікті домалақтап, содан кейін оны жалпақтап, қалақ пішініне келтіреміз.
Екінші бөлікті «шұжықша» етіп мүсіндейміз.
Екі бөлікті біріктіріп, тегістейміз.
Балалардың өз бетінше жұмысы.
Қажет болған жағдайда жеке балаға көмек көрсетіледі.
Сергіту жаттығуын орындайды.
Үлгіні тамашалайды.
Жұмыстың орындалу әдіс-тәсілін мұқият тыңдайды.
Балалардың барлығы бір-бір қалақтан мүсіндейді.
Рефлексиялық-түзетуші-лік.
Балалардың жұмыстарын үлестірмелі мазмұнды суретке қойып, ойын ұсыну.
Балалар өлең жолдарын айтады,тілектерін білдіреді.
Жұмбақ шешу дұрыс тапқан балаға фишка ұсынылады.
Ұйымдасты-
рушылық - ізденушілік
Сұрақ-жауап
-Балалардан жиі кездесетін құстар суретін көрсетіп,әңгімелеу
Қазір қай жыл мезгілі?
Дұрыс айтасыңдар күз мезгілі далада суық ,осы құстар тоңып қалмас үшін құстарға ұя мүсіндеп берейік ,
Балаларды жұмыс барысымен таныстырып өту.
Жұмыстың орындалу тәртібі:
Ермексаздың керек түсін таңдау.
Ермексазды қағаз бетіндегі бейнеге (суретке)
үйкелеп жағу.
Сергіту сәті
Ал , балалар тұрайық
Алақанды ұрайық
Қарлығаштай самғайық
Орнымызға қонайық.
Д/о «Құсқа ұя құрастыр»
Күз жыл мезгілі.
Иа, торғайға ұя мүсіндеп бергіміз келеді.
Балалар жұмысқа кіріседі.
Қимыл-қозғалыспен жасайды.
Ойынды шарты бойынша ойнау керек.
Рефлексия-
лық – түзетушілік.
Сабақты қорытындылау.
Біз бүгін не туралы жұмбақ шештік?
Бүгін сабақта не мүсіндедік?
Сабақта не білдіңдер?
Сабақ ұнады ма?
Балалардың жұмысын бағалау.
Құстар туралы
Құсқа ұя мүсіндедік.
Ұнады.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: жыл мезгілі туралы
Игеру керек: құстар туралы
Меңгеру керек: мүсіндеу әдістерін
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
№3 оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Қайық
Мақсаты: Ермексаздан әртүрлі пішіндер жасауға үйрету. Балаларға мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру. Ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Ой-қиялдарын дамыту
Әдіс –тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ -жауап
Көрнекілік: ермексаз, тақтайша, сүлгі.
Жоспар кестесі:
Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Бала әрекеті
жағымды
жағымсыз
Мотивациалы- ынталандыру кезеңі
Кіріспе
Негізгі бөлім
Сергіту
Рефлексия
1.Жылулық шеңбері.
-Кел, балалар күлейік
Күлкіменен түлейік
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік!
2.Жұмбақ жасыру:
-Аяғы жоқ,қолы жоқ
Не жүретін досы жоқ
Мініп алсаң зулайды
Бірақ ізі қалмайды(қайық)
3.Балалар қайық суретін қарап,қайық қандай көлік екенін айтады
-балалар қайық неден жасалады?
-ермексаздан қайық жасауға бола ма?
3.Тәрбиеші үлгі суреттерді көрсетіп талдау жүргізеді.
Әр бала өз ертегісін қысқаша айтады,кейіпкерін атап береді.
Балалар жасаған жұмыстарын көрмеге қойып ,бір-бірін бағалайды.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: қайық туралы
Игеру керек: көз алдарына елестету арқылы мүсіндеуді игерді.
Меңгеру керек: есу, жалпақтау әдістерін меңгереді
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Тәрбиеші:
№10 оқу іс-әрекет
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы : Қысқы бас -киім
Мақсаты: Балаларға қысқы бас киім туралы мәлімет беру , оны жасай білуге үйрету. Ұжымдық жұмыс нәтижесіне жетуге үйрету. Бейнелі ойлай білуге, қиялын дамыту.
Әдіс –тәсілдері: көрсету, сұрақ -жауап
Көрнекілік: ермексаз, тақтайша, сүлгі, таяқша, үлгі суреттер
Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Бала әрекеті
+
-
Мотивациалы- ынталандыру кезеңі
Кіріспе
Негізгі бөлім
Сергіту
Рефлексия
1.Жылулық шеңбер
-балалар бір-біріне тілектер айту
Армысың ,Аспан –Ата
Армысың Жер –Ана
Армысың достарым
Сендерді көрсем қуанам
2.»Қыс қызығы» -суреті арқылы әңгімелесу
Балалар қараңдаршы осы суреттегі балалар қалай киінген ?
Қандай қысқы ойындар білесіңдер?
Дұрыс айтасыңдар суықта тоңбау үшін жылы киінеміз.
3.жұмбақ жасыру
-бір нәрсе менен биік
Кейде менен аласа
Мұндай қызық дүниеде
Көріп пе едің тамаша(бас киім)
4.Мүсіндеу әдіс-тәсілдерін түсіндіріледі.
Балалар жұмысқа кіріседі.Балаларға алақанмен дұрыс жұмыс жасауларын көрсетіп отыру.
Балалар өлең жолдарын айтады,тілектерін білдіреді.
Жұмбақтың жауабы
кесе
Балалар жұмысқа кіріседі
Қимыл-қозғалыспен жасайды.
Ойынды шарты бойынша ойнау керек.
Кесе
Ұнады .
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: ыдыс-аяқтар туралы
Игеру керек: кесе мүсіндеуді
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Тәрбиеші:
№11 оқу іс-әрекет:
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Зымыран
Мақсаты: Бірнеше бөліктен тұратын зымыран бейнесін мүсіндей білуге үйрету. Ермексазды алақан арасына салып, есу, жалпақтау, әдіс –тәсілдеріне жаттықтыру. Ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Ой-қиялдарын дамыту
Әдіс –тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ -жауап
Көрнекілік: ермексаз, тақтайша, сүлгі.
Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Бала әрекеті
Есеп.
+
-
Мотивациалы- ынталандыру кезеңі
Кіріспе
Негізгі бөлім
Сергіту
Рефлексия
1.Жылулық шеңбер
Армысың Аспан-Ата
Армысың Жер-Ана
Армысың ,достарым
Сендерді көрсем қуанам
2.теледидардан слайд тамашалату.
Балалар слайдтан сендер не көрдіңдер ?
Осы ғарыш аймағына барғыларың келе ме?
Онда немен барамыз?
Олай болса ғарышқа сапар шегуге өзімізге зымыран мүсіндеп алайық.
3.Тәрбиеші үлгі суреттерді көрсетіп талдау жүргізеді.