Танымды Оятушылық I.Ұйымдастыру кезеңі II.Өткенді қайталау | Шаттық шеңберге тұрғызу. Табиғатым тамаша, Көз тоймайды қараса. Табиғатты аялап, Жүрейікші жараса, Сәлем саған Жер ана! Сәлем саған Күн ана! Аман – есен болайық. Бейбітшілік қалайық!
-Сәлеметсіздерме құрметті, қонақтар, «Білгірлер» сайысына қош келдіңіздер! Сайыскерлер топтарымен таныстырып өтсін. 1-тапсырма: Д/О: «Дауысынан ажырат» Балаларға үнтаспадан үй жануарларының дауысын тыңдатып,ажыратқызу. | Балалар қимылмен көрсетеді Төлдерді дауысынан танып,ажыратады. |
Ұйымдастыру- Іздестіру III.Жаңа сабақ 1.Кіріспе 2.Негізгі бөлім Ұйымдастыру- Іздестіру I V .Сөздік жұмыс: V .Сергіту сәті: VI.Дидактикалық ойын: VІІ.Бекіту | 2-тапсырма: «Жұмбақ шеше білейік!» 1.Өзі бір қу Жүрген жері айқай мен шу. 2.Қорбаң,қорбаң етеді Орман оның мекені Тәтті балға тойып ап Қыста ұйқыға кетеді. 3.Сұр түсті Ақсиған көп тісті. 4.Секең,секең етеді Орман оның мекені. Әр жұмбақтың жауабын айтып,қимылын көрсетіп,тақтаға іледі. 3-тапсырма: «Көпірді құрастыр» Балалар,бұл жай көпір емес ерекше көпір,берілген сандарға сәйкес штангілерді қойып шығу керек. Екі топтан екі бала шығып, Сандық штангілер арқылы көпір құрастырады. 4-тапсырма: «Көріп,бақылап айтып бер» Тақтада тиін тіршілігі туралы видео қосылады. -Бұл қай аң? -Түсі қандай? -Құлағы қандай? -Құлағында несі бар? -Құйрығы қандай? -Немен қоректенеді? -Тырнақтары қандай қызмет атқарады? Тиін-белка Тиін,үлпілдек сөздерін бірнеше рет қайталату. 5-тапсырма: «Тиін туралы тақпақ» Мен тиінмін,тиінмін Қысқа жылы киіндім Қоймам толы жаңғаққа Іші жылы үйімнің. Балалардың біліміне толықтырулар енгізу.
-Ал мықты тістері мен әдемі құйрығы қандай қызмет атқарады? -Олар қатты суықтан қалай қорғанады? -Ұясын қайда салады? -Тиіндер қысқа қандай дайындық жасайды? -Оларды қай жерге жинайды? 6-тапсырма: «Миға шабуыл»: -Балалар,тиіндердің табиғаттың көркеюіне,өсіп-өнуіне көмегі тиеді екен.Олар да адамдар сияқты өсімдіктерді отырғызады.Қане,ойлайықшы,олар өсімдікті қалай отырғызуы мүмкін?
7-тапсырма: Д/О: «Мекеніне орналастыр» Балалар аңдарды өз мекеніне орналастырады. 8-тапсырма: «Тиінге сыйлық» А)Дәндерді бөліп салу Ә)Ермексаздан саңырауқұлақ жапсырмалау Б)Моншақтан браслет жасап беру В)Резинкамен саңырауқұлақ бейнелеу. | Түлкі Аю Қасқыр Қоян Тапсырмаларды орындайды Балалар видеоны мұқият көреді. Тиін Ақшыл сұр,жирен Ұзын Шашағы Ұзын Саңырауқұлақ, жаңғақ,ағаштың бүрімен Ағаштың діңдерін ойып,қуыс етіп жасайды. Сөздерді қайталап айтады Өлең жолдарын қимылмен көрсетеді. Мұқият тыңдайды Олар ағаштан-ағашқа секіру үшін,қатты жаңғақты кеміріп жей алады. Құйрықтарын жамылғы ретінде пайдаланады. Ұясын ағаш басына,жартас жарығына салады Қыста жеу үшін жаңғақтар мен саңырауқұлақтар жинайды. Ағаштың түбін қазып көміп тастайды. Тиіндер көмген жаңғақтардың,дәндердің орынын ұмытып қалады,көктемде өсімдіктер өсіп шығады. Ойынға қызыға қатысады Берілген тапсырманы орындап,тиінға сыйлық жасап береді. |
Рефлексифті түзету VII.Қорытынды: VIII.Мақтап, мадақтау: IX.Үйге тапсырма: | Рефлексивті – түзетушілік - Бұл қай аң екен? - Түсі қандай екен? -Тиінға сипаттама жасайықшы? - Немен қоректенеді? -Тиінді орысша қалай айтамыз? - Ұясын қайда салады екен? Балаларды әр қойылған сұрақтарға жауаптары үшін смайликтер беру.Мақтап-мадақтау.Балаларға үйден төрт түлік мал туралы тақпақ жаттап келулерін тапсыру. Үйден тиіннің суретін салып келулеріңді сұраймын. | Сұрақтарға жауап береді. Смайликтер алады. Үйге тапсырма алады |