kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тема: "Ертегілер әлемі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балалардың сөздік қорларын, ауыз екі байланыстырып сөйлеуге,ертегілер туралы алған білімдерін тиянақтап,қызығушылықтарын ояту.Ертегіні сахналауға талпындырып,шығармашылық сөйлеуге дағдыландыру.

Дамытушылығы: Ойлау қабілеттерін, қиялдарын, есте сақтау қабілеттерін нығайту.

Тәрбиелігі: Еңбекқорлыққа достыққа, кішіпейілділікке, мейірімділікке және ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тема: "Ертегілер әлемі"»



Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Ертегілер әлемі.

Сабақтың мақсаты: Балалардың сөздік қорларын, ауыз екі байланыстырып сөйлеуге,ертегілер туралы алған білімдерін тиянақтап ,қызығушылықтарын ояту.Ертегіні сахналауға талпындырып,шығармашылық сөйлеуге дағдыландыру.

Дамытушылығы: Ойлау қабілеттерін, қиялдарын, есте сақтау қабілеттерін нығайту.

Тәрбиелігі: Еңбекқорлыққа достыққа, кішіпейілділікке, мейірімділікке және ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Билингвальді компонент: мысық- кошка, қоян-заяц, қасқыр-волк, аю- медведь, түлкі- лиса.

Сабақ барысы:

Т: - Балалар, бүгін біз ертегілер әлеміне қонаққа келдік. Алдымен осында отырған апайлармен амандасып алайықшы.

Б: - Саламатсыздар ма! Здравствуйте!

Т: Қараңдаршы, ертегілер әлемінде сондай әдемі,табиғаты тамаша екен. Ендеше бүгінгі біздің ұйымдастырылған оқу іс – әрекетіміздің тақырыбы «Ертегілер әлемі» деп аталады.

Шаттық шеңбер:

Мына сұлу әлемде

Адам өмір сүреді.

Үлкенменен кішіге

Күн сәулесін төгеді.

Т:- Балалар біздің бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс- әрекетіміз өзгеше болады. Сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ме?

Б:- Иә.

Т:- Қандай ертегілерді білесіңдер.

Б: - «Бауырсақ», «Шалқан», «Жеті лақ», «Шұбар тауық», «Үйшік» т.б.

Т:- Өте жақсы. Балалар, біздің келетінімізді біліп, бізге біреу хат тастап кетіпті .

Таңғажайып сәт: Ертегілер әлемінен мысықтан хат келеді. Хаттың ішінен құйрығы шолақ мысықтың суреті шығады.

Т: - Балалар, бұл мысықтың құйрығы шолақ сияқты, бұл қай ертегіні естеріне түсіріп тұр? Мысық қай ертегіде құйрығынан айырылып қалып еді?

Б: - «Мақта қыз бен мысық»

Т: - Дұрыс айтасыңдар. Енді хатта не жазылған екен тыңдайықшы.

«Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен Мақта қыздың қатығын төгіп тастап едім, ол менің құйрығымды кесіп алды. Енді құйрығыңды алғың келсе, менің қатығымды қайтар дейді, Ал, қатығың қайтару үшін, мен берілген тапсырмаларды орындауым керек. Сендер, маған көмектесесіңдер ме? Мяу».

Т: - Балалар, Мысыққа көмектесеміз бе?

Б: - Көмектесеміз.

Т: - Жарайды, Ендеше балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз «Мақта қыз бен мысық» ертегісі желісі бойынша өтеді. Олай болса бар күшімізді салып, тапсырмаларды орындап көрейік. Тапсырмаларды орындамас бұрын ертегіні есімізге түсіріп көрейік. (Ертегіге қысқаша тоқталу)

Бірақ бұл жолғы мысыққа берілген тапсырмалар ертегіге қарағанда өзгешелеу.



Т: Олай болса бәріміз көгілдір экранға назар аударайық. ( слайд арқылы көрсету)

1.Сиырдың тапсырмасы: «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлерін екі тілде ата.

2.Ағаштың тапсырмасы: «Шалқан» ертегісінің кейіпкерлерін рет-ретімен орналастыр.

3.Қыздардың тапсырмасы: Біздермен ойнап, бой сергіт, - дейді.

Сергіту сәті. «Аяқпенен топ-топ-топ...»

4.Дүкеншінің тапсырмасы: Д/ойын: «Не артық?»

(«Шұбар тауық», «Жеті лақ», «Қызыл телпек» ертегісінің кейіпкерелері бойынша)

5.Тауықтың тапсырмасы: «Үйшік» ертегісінің кейіпкерлерін ата және сол кейіпкерлер туралы тақпақтар айту.

Оля: Ақ қоян - ау, аққоян,
Ұзын құлақ, сақ қоян,
Қаша берсең, орманға
«Қорқағым» деп ат қоям.
Ислам: Түлкі, түлкі қутыңдайсың,
Айналаңнан тың тыңдайсың,
Қанша қулығыңды асырсаң да,
Қасқырдан сен құтылмайсың.
Расул: Қасқыр орманда жортады,
Аяздан ол қорқады,
Аспанға қарап ұлиды,
Малды ауылды ториды.

Кәусар:Қорбаң - қорбаң аюдың

орман оның мекені,
Тәтті балға тойып ап,

қыста ұйқыға кетеді.

Аслан: «Ква-ква-ква!» - поют лягушки.
«Приходите к нам подружки!
Здесь и кочки и  болото –
Красота!.. И петь охота!»

Еркебұлан: Мышь нашла кусочек сыра
Мышка съесть его решила
В нем прогрызла столько дыр,
Что сама кругла, как сыр

6.Тышқанның тапсырмасы: «Мақта қыз бен мысық» ертегісін сахналау.

(Балалар рөлдерге бөлініп ертегіні сахналайды)

Т: Жарайсыңдар балалар.

Әуенмен мысық келеді.

Мысық: - Сәлеметсіздер ме, балалар! Ой балалар мен сендерге риза болып тұрмын. Маған көп көмектерің тиді. Маған тапсырмаларды орындауға көмектескендерін үшін, рахмет сендерге. Енді мен көп нәрсені түсіндім. Жаман қылықтардан аулақ жүретін боламын. Ешкімді реңжітпеймін. Ақылды мысық боламын. Мен сіздерге тапсырмаларды орындауға көмектескендеріңіз үшін мына тәттілерді сыйлағым келіп тұр. (балаларға таратып береді) . Келесі кездескенше сау болыңыздар.

Б: - Сау бол!

Т: - Балалар, біз қай ертегі желісі бойынша тапсырмаларды орындадық?

Б: - «Мақта қыз бен мысық» ертегісі бойынша.



Бұл ертегіде мысықтың қылығы дұрыс па? Ал, Мақта қыздың ше? Неге дұрыс емес деп ойлайсыңдар?

Балалар өз ойларын ортаға салады.

Тәрбиеші балаларды мақтайды.











































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Тема: "Ертегілер әлемі"

Автор: Айжанова Ботагоз Жиенбаевна

Дата: 14.02.2017

Номер свидетельства: 391896

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Ертегілер ?лемінде "
    ["seo_title"] => string(23) "iertieghilier-liemindie"
    ["file_id"] => string(6) "173670"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424015726"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(104) "Конспект занятия на тему "Ертегі- даналықтың қайнар көзі""
    ["seo_title"] => string(63) "konspiekt_zaniatiia_na_tiemu_iertieghi_danalyk_tyn_k_ainar_kozi"
    ["file_id"] => string(6) "393815"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487582767"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) ""Ертегілер" ашы? саба? "
    ["seo_title"] => string(25) "iertieghilier-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "223817"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1438165654"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) ""Шұбар тауық" ертегісі"
    ["seo_title"] => string(25) "shu_bar_tauyk_iertieghisi"
    ["file_id"] => string(6) "415483"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1494839032"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Открытый урок на тему "В мире сказок""
    ["seo_title"] => string(37) "otkrytyi_urok_na_tiemu_v_mirie_skazok"
    ["file_id"] => string(6) "456319"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1518281337"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства