kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект занятия на тему "Ертегі- даналықтың қайнар көзі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

                     Ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Ертегі – даналықтың қайнар көзі»
Мақсаты: Балаларды ертегі мазмұнымен таныстыру.Қоршаған орта жайлы білімдерін кеңейту. Ойлау,есте сақтау,еске түсіру қабілеттерін қалыптастыру.Ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Адам бойына жат қасиет тілазарлықтан аулақ болып, кешірімді болуға тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: сұраққа жауап беру, «Мақта қыз бен мысық» ертегісіндегі кейіпкерлердің рөлін сомдау.
Қажетті нәрселер: Ортада үстел үстінде ыдыстар, қатық, сыпырғыш, инеағаш, маскалар, ағаш, тауық маскасы, тышқан киімі, шелек, мысық киімі, дүкен, сиыр киімі, мейіз, тары,қайшы, теледидар, ертегілер қиындары.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғалушылық
Ұйымдастыру қезеңі:
Балалар, біздің тобымызға көптеген қонақтар келді. Қане, сол қонақтармен сәлемдесейік:
Балалар мен сендерді шаттық шеңберге шақырамын. Көңіл күйлерімізді қонақтарға сыйлайық.
Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Жүректен шыққан лебіздеріміз арқылы біз бүгін ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз. Балалар қараңдаршы, біздің топта да ертегілер бұрышы бар екен. Ертегілер бұрышында не көріп тұрыңдар?
Ғажайып сәт.
Компьютерден «Қазақ ертегілері» атты кітап ашылады. Одан Алдар шығады.
Балалар, бұл кім? Ол қандай кейіпкер?
(Экраннан Алдардың бейнесі жоқ болып кетеді, Бауырсақ ертегісінің бейнесі шығады)
Балалар Алдар қайда кетіп қалды екен?
Ән Алдар көсе
Алдар көсе:  Мен мұндамын. Сендер мені сондай мақтадыңдар, мен кітаптың ішінде шыдап отыра алмай сендерге келдім.
Тәрбиеші: Келгеніңіз жақсы  болды. Біздің балалар көп ертегілер біледі.
Алдар көсе: Балалар, мен сендерге тапсырмалар ала келдім.  Сиқырлы қоржынымнан  кім алуға көмектеседі.
Алдардың тапсырмалары:
1тапсырма. Жұмбақ жасыру.
1. Баласын ертіп соңына
Сүңгіп жүзіп үйретті
Су жұқпайтын тоңына
Кім біледі
2. мұрны пұшық
Көзі қысық
Өзі пысық
Бұл не?
3.Халық қу деп
Қылған күлкі
Айласы көп
Бұл не?
4.Дыбыстан қашып
Қаққан безек
Қорқақ безек
Бұл не?
2тапсырма:
Мнемокесте жолы
Алдар көсе біздің балалар ертегіні біліп қана қоймай, сахналап, көрсете біледі. Тамашаланыз.
Залда «Ерте, ерте, ертеде» өлеңі орындалады.
Мақта қыз бен мысық ертегісі.
Залда «Ерте, ерте, ертеде» өлеңі орындалады.
Балалар амандасады.
Шеңбер бойына тұрып, өлең жолдарын қайталап, қимылдар жасайды.
Ертегі кітаптар
Алдар көсе. Ол ақылды, мейірімді, көңілді, айлакер.
(үйректі)
(мысық)
(түлкі)
(көжек)
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Ішке ертекші әжей келеді. Балалармен амандасып алып, әжей ертегіні айта бастайды.
Ерте, ерте, ертеде,
Ешкі құйрығы келтеде,
Мақта қыз бен мысық өмір сүріпті.
Мақта қыз үстел үстін реттейді. Ыдыстарды жиыстырған кезде мейіз тауып алады.
Мақта қыз (Мысығын шақырады)
- Мияуым менің, қайдасың?
- Тарғылым менің, келе ғой, мен саған мейіз беремін
- Келмесең, келмей –ақ қой, өз обалың өзіңе,- деп
Осы кезде үй артынан «мяу»
деген дыбыс шығады.
Мақта қыз ыңылдап ән салады, мысық шығады.
Мысығым-ау, мысығым,
Тарғылы жақсы түсінің.
Таңертең де, кеште де,
Бетін жуған пысығым.
Піш - піш десем, келе ғой,
Айтқаныма көне ғой.
Шақырғанда піш-піш деп,
«Мяу! -деп дыбыс бере ғой.
Әжей: Сол кезде мысық шығып Мақта қызға өлең айтып береді.
Менің атым мысық,
Екі көзім қысық.
Тышқан аулап отырамын
Сүт-көжемді ішіп –дейді
Мысық: Мақта қыз, сен мені неге шақырдың?
Мақта қыз: Айтпаймын!
Мысық: Ендеше, мен сенің қатығыңды төгемін.
Мақта қыз: Ой,ой. Сен не істедің? Сол үшін мен сенің құйрығыңды кесіп аламын!
Мысық: Берші, құйрығымды!
Мақта қыз: Бермеймін! Қатығымды қайтарып бер!
Әжей: Сөйтіп, мысық сиырға келеді.
Сиыр -
Менің атым сиыр,
Өрісім алыс қиыр.
Етім үшін, сүтім үшін,
Адамдар маған үйір - дейді.
Мысық: Мяу, сиыр, сиыр, сен маған қатық берші!
Сиыр: Сен маған жапырақ әкел, менің қарным ашып тұр.
Әжей: Сөйтіп, мысық ағашқа барады.
Ағаш -
Мен жасыл ағашпын,
Күтсеңдер гүл ашам,
Жолыңа нұр шашам,
Жапырағым азық,
Бұтағым қазық.
Саяма сағаларсың,
Салқындап дем аларсың.
Мысық: Ағаш, ағаш, маған жапырақ берші!
Ағаш: Маған су әкеліп бер мен шөлдедім, мен саған жапырақ беремін.
Әжей: Сөйтіп, мысық су іздеп келе жатса, алдынан су тасып жүрген қыздар шығады.
Қыздар:
Су - тіршілік негізі,
Онсыз өмір сүрмейсің.
Тазалықтың негізі,
Су деп және білгейсің –деп әндетіп жүреді.
Мысық: Мяу, қыздар маған су беріңдерші.
Қыздар: Сен бізге дүкеннен сағыз әкеліп бер.
Әжей: Сөйтіп, мысық дүкеншіге келеді.
Мысық: Мяу, дүкенші, дүкенші маған сағыз берші.
Дүкенші -
Маған жұмыртқа әкеліп бер, мен саған сағыз берем.
Әжей: Мысық әбден шаршады жұмыртқа іздеп тауыққа барады.
Тауық -
Мен ақ тауықпын,
Өзім қақсауықпын.
Күніне бір жұмыртқа табам,
Осыған жетеді шамам - деп әндетеді.
Мысық: Мяу, тауық, тауық маған жұмыртқа берші.
Тауық: Сен менің балапандарыма дән әкеліп бер, біз ашпыз.
Әжей: Мысық ойға батып, басын ұстап не істерін білмей отырып қалады.
Осы кезде бір тышқан жүгіріп шығып, інді қаза бастайды.
Тышқан
Мен тышқанмын,
Өзім дән екпеймін.
Егістен ұзап кетпеймін,
Айналам толы ән,
Қоймам толы дән,
Дәнді тастап кетпеймін - деп ән салып жүрген тышқанды мысық бас салып ұстап алады.
- Айт, үйіңде не бар? Жаныңның барында айт, тез, әйтпесе, қазір жеп қоямын.
Тышқан: Сен маған бір мен туралы таппақ айтып бер.
Әжей: Тышқан мысыққа рахмет айтып, бір қап тары береді, мысық дәнді тауыққа береді, мысық жұмыртқаны дүкеншіге береді, дүкенші мысыққа сағыз береді, сағызды мысық қыздарға береді, қуанған қыздар мысыққа су береді, суды мысық ағашқа құяды, шөлі қанған ағаш мысыққа жапырақ береді. Жапырақты мысық сиырға береді,сиыр оған қатық береді, қатықты мысық Мақта қызға берді.
Мысық: Мақта қыз, қатығың міне мен енді бұзық болмаймын, айтқаныңды тыңдаймын,- деп қатықты қызға берді.
Әжей: Сөйтіп Мақта қыз қатығын,мысық құйрығын қайтарып алып, екеуі тату-тәтті өмір сүрген екен.
(мейізді қыз жеп қояды)
Мысық келеді.
(құйрығын кесіп алады)
Сиырға барады
Ағашқа барады.
Қыздарға кезігеді.
Дүкеншіге барады.
Тауыққа барады.
Тышқанды көріп, ұстап алады.
Тышқан туралы таппақ айтады.
Рефлекциялық-түзетушілік
Балалар, Алдар бізбен қоштасып,өзінің тапсырмаларымен басқа балабақшаға баруы керек. Ал қазақхалқы келген қонақты сый-сияпатсыз жібермеген. Сол себепті Алдарды сыйлықсыз жибере алмаймыз. Бізде Алдарға шапан сыйлайық.
Балалар мен сендерге тапсырма дайындадым.
Ертегі көрінісін құрастыр.
Балалар қиындылардан өздеріне таныс ертегілерді құрастырады.
Жақсы жарайсыңдар.
Ән ертегілер әлемінде.
Осымен біздің ұйымдастырылған оқу-іс әрекетіміз аяқталды. Сау болыңыздар.
Алдар көсемен қоштасады.
Тапсырманы орындайды.
Сау болыңыздар.
Күтілетін нәтиже:
1.Нені біледі:Ертегі мазмұнын толық жеткізуді біледі және оны сахналай алады.
2.Қандай түсініктерді игерді:Тілазарлық-жат қасиет екенін түсінеді.
3.Меңгерген дағдылары мен іскерлігі:Ертегі кейіпкерлерін сомдауды меңгереді.Ауызекі сөйлеу,ойын еркін жеткізу дағдысы қалыптасады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конспект занятия на тему "Ертегі- даналықтың қайнар көзі"»

Ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Ертегі – даналықтың қайнар көзі»

Мақсаты: Балаларды ертегі мазмұнымен таныстыру.Қоршаған орта жайлы білімдерін кеңейту. Ойлау,есте сақтау,еске түсіру қабілеттерін қалыптастыру.Ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Адам бойына жат қасиет тілазарлықтан аулақ болып, кешірімді болуға тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдер: сұраққа жауап беру, «Мақта қыз бен мысық» ертегісіндегі кейіпкерлердің рөлін сомдау.
Қажетті нәрселер: Ортада үстел үстінде ыдыстар, қатық, сыпырғыш, инеағаш, маскалар, ағаш, тауық маскасы, тышқан киімі, шелек, мысық киімі, дүкен, сиыр киімі, мейіз, тары,қайшы, теледидар, ертегілер қиындары.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғалушылық

Ұйымдастыру қезеңі:

Балалар, біздің тобымызға көптеген қонақтар келді. Қане, сол қонақтармен сәлемдесейік:
Балалар мен сендерді шаттық шеңберге шақырамын. Көңіл күйлерімізді қонақтарға сыйлайық.

Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн!

Жүректен шыққан лебіздеріміз арқылы біз бүгін ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз. Балалар қараңдаршы, біздің топта да ертегілер бұрышы бар екен. Ертегілер бұрышында не көріп тұрыңдар?
Ғажайып сәт.

Компьютерден «Қазақ ертегілері» атты кітап ашылады. Одан Алдар шығады.

Балалар, бұл кім? Ол қандай кейіпкер?

(Экраннан Алдардың бейнесі жоқ болып кетеді, Бауырсақ ертегісінің бейнесі шығады)

Балалар Алдар қайда кетіп қалды екен?

Ән Алдар көсе

Алдар көсе: Мен мұндамын. Сендер мені сондай мақтадыңдар, мен кітаптың ішінде шыдап отыра алмай сендерге келдім.

Тәрбиеші: Келгеніңіз жақсы болды. Біздің балалар көп ертегілер біледі.

Алдар көсе: Балалар, мен сендерге тапсырмалар ала келдім. Сиқырлы қоржынымнан кім алуға көмектеседі.

Алдардың тапсырмалары:

1тапсырма. Жұмбақ жасыру.

1. Баласын ертіп соңына
Сүңгіп жүзіп үйретті

Су жұқпайтын тоңына

Кім біледі

2. мұрны пұшық

Көзі қысық

Өзі пысық

Бұл не?

3.Халық қу деп

Қылған күлкі

Айласы көп

Бұл не?

4.Дыбыстан қашып

Қаққан безек

Қорқақ безек

Бұл не?

2тапсырма:

Мнемокесте жолы

Алдар көсе біздің балалар ертегіні біліп қана қоймай, сахналап, көрсете біледі. Тамашаланыз.

Залда «Ерте, ерте, ертеде» өлеңі орындалады.
Мақта қыз бен мысық ертегісі.

Залда «Ерте, ерте, ертеде» өлеңі орындалады.


Балалар амандасады.






Шеңбер бойына тұрып, өлең жолдарын қайталап, қимылдар жасайды.



Ертегі кітаптар












Алдар көсе. Ол ақылды, мейірімді, көңілді, айлакер.












(үйректі)



(мысық)




(түлкі)




(көжек)


Ұйымдастырушылық-ізденістік

Ішке ертекші әжей келеді. Балалармен амандасып алып, әжей ертегіні айта бастайды.
Ерте, ерте, ертеде,
Ешкі құйрығы келтеде,
Мақта қыз бен мысық өмір сүріпті.
Мақта қыз үстел үстін реттейді. Ыдыстарды жиыстырған кезде мейіз тауып алады.
Мақта қыз (Мысығын шақырады)
- Мияуым менің, қайдасың?
- Тарғылым менің, келе ғой, мен саған мейіз беремін
- Келмесең, келмей –ақ қой, өз обалың өзіңе,- деп
Осы кезде үй артынан «мяу»

деген дыбыс шығады.


Мақта қыз ыңылдап ән салады, мысық шығады.

Мысығым-ау, мысығым,
Тарғылы жақсы түсінің.
Таңертең де, кеште де,
Бетін жуған пысығым.
Піш - піш десем, келе ғой,
Айтқаныма көне ғой.
Шақырғанда піш-піш деп,
«Мяу! -деп дыбыс бере ғой.

Әжей: Сол кезде мысық шығып Мақта қызға өлең айтып береді.

Менің атым мысық,
Екі көзім қысық.
Тышқан аулап отырамын
Сүт-көжемді ішіп –дейді

Мысық: Мақта қыз, сен мені неге шақырдың?
Мақта қыз: Айтпаймын!
Мысық: Ендеше, мен сенің қатығыңды төгемін.
Мақта қыз: Ой,ой. Сен не істедің? Сол үшін мен сенің құйрығыңды кесіп аламын!
Мысық: Берші, құйрығымды!
Мақта қыз: Бермеймін! Қатығымды қайтарып бер!
Әжей: Сөйтіп, мысық сиырға келеді.

Сиыр -
Менің атым сиыр,
Өрісім алыс қиыр.
Етім үшін, сүтім үшін,
Адамдар маған үйір - дейді.
Мысық: Мяу, сиыр, сиыр, сен маған қатық берші!
Сиыр: Сен маған жапырақ әкел, менің қарным ашып тұр.
Әжей: Сөйтіп, мысық ағашқа барады.



Ағаш -
Мен жасыл ағашпын,
Күтсеңдер гүл ашам,
Жолыңа нұр шашам,
Жапырағым азық,
Бұтағым қазық.
Саяма сағаларсың,
Салқындап дем аларсың.
Мысық: Ағаш, ағаш, маған жапырақ берші!
Ағаш: Маған су әкеліп бер мен шөлдедім, мен саған жапырақ беремін.
Әжей: Сөйтіп, мысық су іздеп келе жатса, алдынан су тасып жүрген қыздар шығады.
Қыздар:
Су - тіршілік негізі,
Онсыз өмір сүрмейсің.
Тазалықтың негізі,
Су деп және білгейсің –деп әндетіп жүреді.
Мысық: Мяу, қыздар маған су беріңдерші.
Қыздар: Сен бізге дүкеннен сағыз әкеліп бер.
Әжей: Сөйтіп, мысық дүкеншіге келеді.
Мысық: Мяу, дүкенші, дүкенші маған сағыз берші.
Дүкенші -

Маған жұмыртқа әкеліп бер, мен саған сағыз берем.
Әжей: Мысық әбден шаршады жұмыртқа іздеп тауыққа барады.

Тауық -
Мен ақ тауықпын,
Өзім қақсауықпын.
Күніне бір жұмыртқа табам,
Осыған жетеді шамам - деп әндетеді.
Мысық: Мяу, тауық, тауық маған жұмыртқа берші.
Тауық: Сен менің балапандарыма дән әкеліп бер, біз ашпыз.

Әжей: Мысық ойға батып, басын ұстап не істерін білмей отырып қалады.
Осы кезде бір тышқан жүгіріп шығып, інді қаза бастайды.
Тышқан
Мен тышқанмын,
Өзім дән екпеймін.
Егістен ұзап кетпеймін,
Айналам толы ән,
Қоймам толы дән,
Дәнді тастап кетпеймін - деп ән салып жүрген тышқанды мысық бас салып ұстап алады.
- Айт, үйіңде не бар? Жаныңның барында айт, тез, әйтпесе, қазір жеп қоямын.
Тышқан: Сен маған бір мен туралы таппақ айтып бер.
Әжей: Тышқан мысыққа рахмет айтып, бір қап тары береді, мысық дәнді тауыққа береді, мысық жұмыртқаны дүкеншіге береді, дүкенші мысыққа сағыз береді, сағызды мысық қыздарға береді, қуанған қыздар мысыққа су береді, суды мысық ағашқа құяды, шөлі қанған ағаш мысыққа жапырақ береді. Жапырақты мысық сиырға береді,сиыр оған қатық береді, қатықты мысық Мақта қызға берді.
Мысық: Мақта қыз, қатығың міне мен енді бұзық болмаймын, айтқаныңды тыңдаймын,- деп қатықты қызға берді.
Әжей: Сөйтіп Мақта қыз қатығын ,мысық құйрығын қайтарып алып, екеуі тату-тәтті өмір сүрген екен.















(мейізді қыз жеп қояды)




Мысық келеді.























(құйрығын кесіп алады)






Сиырға барады











Ағашқа барады.











Қыздарға кезігеді.













Дүкеншіге барады.







Тауыққа барады.














Тышқанды көріп, ұстап алады.










Тышқан туралы таппақ айтады.

Рефлекциялық-түзетушілік

Балалар, Алдар бізбен қоштасып,өзінің тапсырмаларымен басқа балабақшаға баруы керек. Ал қазақхалқы келген қонақты сый-сияпатсыз жібермеген. Сол себепті Алдарды сыйлықсыз жибере алмаймыз. Бізде Алдарға шапан сыйлайық.

Балалар мен сендерге тапсырма дайындадым.

Тапсырма.

Ертегі көрінісін құрастыр.

Балалар қиындылардан өздеріне таныс ертегілерді құрастырады.

Жақсы жарайсыңдар.

Ән ертегілер әлемінде.

Осымен біздің ұйымдастырылған оқу-іс әрекетіміз аяқталды. Сау болыңыздар

Алдар көсемен қоштасады.







Тапсырманы орындайды.






Сау болыңыздар.


Күтілетін нәтиже:

1.Нені біледі:Ертегі мазмұнын толық жеткізуді біледі және оны сахналай алады.

2.Қандай түсініктерді игерді:Тілазарлық-жат қасиет екенін түсінеді.

3.Меңгерген дағдылары мен іскерлігі:Ертегі кейіпкерлерін сомдауды меңгереді.Ауызекі сөйлеу,ойын еркін жеткізу дағдысы қалыптасады.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Конспект занятия на тему "Ертегі- даналықтың қайнар көзі"

Автор: Омарова Жангуль Азаматовна

Дата: 20.02.2017

Номер свидетельства: 393815


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства