Ұйымдастырушылық – қозғаушылық | Шаттық шеңбері Балабақшам менің Жаңа қадам жасадым, Қош болып тұр, бесігім. Мен қуанып ашамын Балабақша есігін. Қайырмасы: Әлдилеген елім, Сәбиіңмін сенің, Сәбиіңмін сенің, Балабақшам менің. Айтып берер тәтелер Әсем өлең, жақсы аңыз. Ойыншықтар әперер Қандай жақсы балабақшамыз. | Шеңбер бойына тұрып, өлеңге сәйкес қимылдар жасайды. |
Ұйымдастырушылық – ізденістік | Кіріспе әңгіме -Балалар, бүгін біз сүйікті бақшамыз туралы ой-пікірімізді ортаға салайық . -Осы балабақшада сендер не үйренгендеріңді айта аласыңдар ма? -Дұрыс айтасыңдар! Сендер көп нәрсеніосы балабақшада үйреніпжатырсыңдар. Себебі сендер күні бойы осы балабақшадасыңдар. Сондықтан «Балабақша-өз үйіміз» деп айта аламыз ба? -Ал сендер қалай ойлайсыңдер , балабақша атау не үшін берілген? «Балабақша»- бұл әдемі атау. Мысалы, бақшада жас жеміс ағаштары өссе, ал балабақшада Отанымыздың жас ұлдары – сендер өсіп жатырсыңдар, бұл жерде сендер жақсылыққа, достыққа, әдептілікке, мейірімділікке, бір-біріңді және үлкендерді сыйлауға үйреніп жатырсыңдар. Сұрақ-жауап -Сендерге балабақша несімен ұнайды? Балалардың жауабын тыңдап, қорытындылау. -Дұрыс айтасыңдар. Біз күні бойы балабақшада боламыз, бұл- біздің екінші үйіміз, біз осы балабақшаның гүліміз, сәніміз. Сергіту сәті. Кел, балақан, балақан, Шапалақта алақан. Жай, жай, жай. Қозғап барлық денені , Қолды қатты соқ енді. Сарт, сарт,сарт! | Би билеуге ,ән айтуға, қамқр болуға, әдептілікке үйрендік. Балалардың жауабы. Балалар қимылдарды жасай отырып, сергиді. |
Рефлексиялық – түзетушілік | Оқу іс-әрекетін қорытындылау. Бір шаңырық астында Тату-тәтті тұрамыз. Бірге ішеміз асты да, Бірге сайран құрамыз. | Шеңберге тұрып, өлең жолдарын қайталайды. |