Күні:
Білім беру саласы: Вариатив Бөлімі: «Өнерлі қолдар» Тақырыбы: Техникалық еңбек
Мақсаты: Қауіпсіздік ережесі туралы түсінік беру. Мата түрлерімен таныстыру,олардың түр-түсін,сапасын ажырата білуге үйрету, шеберханадағы тігін құрал-жабдықтарымен, олардың пайдаланылуымен, құрылысымен танысу.
Әдіс-тәсілдер: мата түрлерімен танысу, тігін жұмысын бақылау,саяхатта көргендерін әңгімелету,сұрақ-жауап. Керекті құралдар мен материалдар: мата, тігін құралдары
Әрекет кезеңі
Тәрбиешінің әрекеті
Балалардың әрекеті
жағымды
жағымсыз
Мотивациялық кезең
Ізденіс-ұйымдастыру кезеңі
Рефлексия
Жылулық шеңбері:
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талантты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Жұмбақ жасыру.
Өзі жүріп отырады,
Ізі тігіп отырады. (Ине)
Құрал-жабдықтар:дайын үлгілер, киімдер,әртүрлі маталар./жібек,мақта матасы, қалың мата,дәке,сиса/
«Құрақ құрау» ойыны.
Жұмыс істеу ережелерін сақтау: -ине-жіпті сақтау;
- қайшымен ұқыпты жұмыс жасау; -жұмыс орындарын таза ұстау,еңбек әрекетінен кейін орындарын жинау.
Сабақты қорытындылау.
-Не жасадық?
-Ұнады ма? -Несімен ұнады?
Балалардың бір-біріне жылы тілектер айтады.
Жұмбақ шешеді.
Балалар құрал-жабдықтармен танысады.
Әртүрлі пішінді маталарды түстеріне қарай үйлестіріп,құрақ құрайды.
Күтілетін нәтиже:
Білу: мата түрлерінің түр-түсін,сапасын ажырата білу;
Игеру: тігін құралдарын қолдана білу
Меңгеру: қауіпсіздік ережесін сақтау