Білім беру саласы: Таным
Варитивтік бөлім:Зерттеу әрекеті
Тақырыбы:Тастың қасиеті
Мақсаты: балаларды тастың қасиетімен таныстыру.
Міндеттер: Тастың құпиясы туралы білімдерін қалыптасуына мүмкіндік беру. Танымдық қабілеттерін дамыту ізденімпаздық қызметі арқылы ақыл ой, көз өлшемі, логикалық ойлауға көңіл бөлу;Сөйлеу белсенділігінің деңгейін жоғарлату және сөздік қорын байыту қол түйсігімен сезгендерін сөзбен жеткізе алуға бейімделу;
Таным белсенділігі, проблемалық –зерттеу әрекеттерінің алғашқы дағдыларын бейімделу;
Табиғат байлығына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекілік пен қажетті заттар:Тау-тас бейнеленген суреттер, әр балаға жеткілікті тастар,ұлғайтқыш лупа, суы бар стакан,карточкалар,фломастер,ноутбук.
Әдіс-тәсілі:Түсіндіру, тәжірбие эксперимент, сұрақ-жауап,тірек сызба.
Кіріспе
Балалар біз қызықты, ғажайып әлемде өмір сүріп жатырмыз.Айналаға қарасаң,бізді көптеген заттардың қоршап жатқанын білеміз.
-Балалар қандай заттар қоршап жатыр.
Бірақ айналамыздағы заттардың көпшілігі адамның көмегінсіз өздері пайда болған.Олар қандай заттар екен?
-балалар қараңдаршы біздің топқа мыс тауының иесі сандық беріп жіберіпті.Оның ішінде не бар екенін жұмбақ арқылы шешіп көрейік.
Анамның сырғасында жалт-жұлт болып жанат,
Жолда шан болып жатат.
Пішінің мен түсін өзгертеді,
Ал құрылыста мың жылға жетеді.
Кішкентай болып, алақанда жатат,
Ауыр,үлкен-бір өзін көтере алмайсын
Кім балалар,менің жұмбағымды шешеді.
Жұмбақты дұрыс шештік пе, кәне тексеріп көрейік.
-Балалар қарандаршы олар бірдей ме?
-Тас-тірі табиғат па, өлі табиғат па?
-Тастарды қайда кездестіре аламыз?
-Балалар қарандар мына сандықтын ішінде хат пен қобдишалар бар екен.Хатты оқу.
Құрметті Балалар мен мыс тауының иесімін.Сендерге тастарды жіберген себебім,бұрын тастарым әртүрлі қобдишаларда сақталған, бірақ жер сілкісінен кейін теңіз тастарымен тау тастары шатасып кетті. Енді сол тастарды өз орындарына салып беруге көмектесе аласындарма.
-Балалар көмектесеміз бе?
-Кәне,балалар ең бірінші тас туралы малімет алайық.ноутбуктан қарау.
-Енді осы тастарды зерттеп көрейік.
-Зерттеу үшін біз қайда барамыз?
-Балалар зертханада бірнеше ережелері бар.Сол ережелерді есімізге сақтау керек.
1).Заттарды ұқыпты ұстау.
2).Зертханада шулауға, қатты дауыс көтеруге болмайды.
Ендеше балалар орындарына жақсылап жайғасыңдар,енді үстел үстіндегі бүгін бізге зерттеу жасауға көмектесетін заттарды қараңдар.
-Кәне балалар үстелдің-үстінде тұрған тастарға назар аударайық.
Тірек сызба арқылы зерттеу.
Тәжірбие№1.Тастың түсін, пішінің, көлемін анықтау.
Балалар тасты қарап, бақылап тастың түстері әр түрлі қара, сұр,сұр қоңыр, көк болатынын айтады. Пішіні сопақша,дөңгелек, үшбұрыш,тіктөртбұрыш болады.Балалар тастың көлемі бірдей ме?
Тастар пішіні жағынан, түсі жағынан, көлемі жағынан әртүрлі болады.
Енді тасты иіскеп көрейік.Тастың иісі бар ма?
-Енді тасты иіскеп көрейік иісі.
-Тасты құлағымызға апарып тыңдап көрейік?
Дыбыс шыға ма?
-Тасты ауызға салуға болама?
Енді тасты қолымызбен ұстап көрейік, ол қандай?
-Балалар тастың қасиетімен таныстық.
-енді теңіз тасын зерттеп көрейік.бағана ноутбуктан көрдік теңіз тасы қандай болатыны.
-Енді теңіз тасын алып ұлғайтқышпен қарайық, теңіз тасы қандай?
Қалай ойлайсыңдар неліктен олар сондай.
Теңіз тасын зерттеп қобдишаға салу.
Сергіту сәті.
-Енді таудың тастарын алыңдар.Ұлғайтқышпен қарап көрейік.таудың тастары қандай?
Таудың тасын зерттеп қобдишаға салу.
1)Балалар бірінші қобдишаға қандай тастар салдық
2) Екінші қобдишаға қандай тасты салдық.
Осы екі тастын қандай айырмашылығы бар.
-Балалар қарандаршы мыс тауының иесі тағыда бір тапсырма беріпті, бұл не екен.қазір қарап көрейік қандай құпия бар екенін сандықтын ішінде тағыда бирдене бар ма? (флешка мен бес тасты алу).
Ноутбуктан Али мен Аяның "бес тас" деген мультфильм кореміз.
-Енді барлығымыз бес тас ойынды ойнаймыз.Ойынның шартын түсіндіңдер ме?
Вендиограмма.тастардың айырмашылығын, ортақ тән қасиетін табу.
Біз бүгін қайда бардық?
Нені зерттедік?
Таудың тасымен теңіз тасының айырмашылығы қандай?
Көңілді,көңілсіз смайликтарды алып балалар өздерін бағалайды.