Педагогикалық технологиялар:Дамыту технологиясы, түсіндіру, көрсету.
Ресурстармен қамтамасыз ету:Суреттер, тақырыпқа байланысты көрнекіліктер
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Тақпақ жаттау:
Табиғатым тамаша, Көз тоймайды қараса Табиғатты аялап, Жүрейікші жараса.
Балалар тақпақ не туралы айтылған ?
2. Негізгі бөлімі
Жылдың қай мезгілі? Күз мезгілінде неше ай бар? Күзде жеміс –жидектер ,көкөністер піседі. Күзде ауа райы салқын болады, адамдар жылы киімдерін киіп күз мезгіліне дайындалады.
Күз туралы қандай тақпақ білеміз?
Күзім, күзім, күзім,
Пісті алма, жүзім.
Сурет көрсету. Өсімдіктер туралы суреттерін көрсету. Топқа бөлме өсімдігін әкеліп балаларға таныстырып, көрсету. Бөлме өсімдігінің үйде, бөлмеде өсетінін айту. Бөлме өсімдігінің пайдасы туралы айтып түсіндіру. Өсімдіктердің жапырақтары мен, тамырлары мен, бөлшектерімен таныстыру.
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үлкен болып өседі.
3.Қорытынды
Бөлме өсімдігінің қандай пайдасы бар? Дидактикалық ойын: «жапырақ жинау»