Білім беру саласы:Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі:Жаратылыстану
Тақырыбы: Бөлме гүлдерін күтіп баптаймыз
Мақсаты:Балаларға бөлме өсімдіктері туралы түсінік беру. Гүлдердің атауларын, сырт келбетін,жеке бөлшек атауларын дұрыс айтуға үйрету.Оларды баптап,күту ережелерімен таныстыру.Өсінді отырғызу жолын,көрсетіп табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері:Түсіндіру,көрсету,таныстыру,сұрақ-жауап,әңгімелеу,слайд.
Керекті құралдар:Суреттер,гүлдер,су құйғыш,орамал,су,гүл отырғызатын құты,күрек,құм,тас.
Билингвальды компонент:Көктем-весна,гүлдер-цветы
Шаттық шеңбер
Жарқырап күнде ашылды.
Айналаға нұр шашылды,
Біз бақытты баламыз.
Қайырлы күн!
Қайырлы таң!
Сәлеметсіздер ме апайлар!Қош келдіңіздер!
Ұйымдастырушылық,ізденістік:
-Балалар көңіл күйлерің жақсы ма?
-Жақсы иә
-Балалар қәзір көктем мезгілі.Көктемде күн жылынады,құстар ұшып келеді,ағаштар бүршік жарады,гүл егеміз,тал отырғызамыз,ауланы тазартамыз,құстарға ұя жасаймыз.
Тосын сәт сырттан:Терезені сығалап бір бала жүреді осы кезде есік қағылады.
-Сәлеметсіңдер ме балалар.Менің есімім Арман.Үйіме қайтып бара жатып сендердің терезелеріңнен өте әдемі бөлме өсімдіктерін байқап қалып оны жақынырақ көруге келдім.Менде үйіме гүл өсіргім келеді бірақ мен гүл отырғызатын ыдысымды сындырып алдым енді не істерімді білмей тұрмын,гүлді күтіп,баптау ережелерін білмеймін.
-Арман, сен мұңайма блалармен бірге отырып көріп,үйренуіңе болады.Бүгінг ашықі оқу қызыметіміздің тақырыбы «Бөлме гүлдерін күтп баптаймыз».Өсімдік гүлі өмір сәні,табиғат көркі олар біздің бөлмемізге әдемі көрік береді және ауасын тазартады.Бізге қуаныш сыйлайды көңіліміз көтеріңкі болады.Гүлдердің көптеген түрлері бар,гүлдердің түсі қызыл,ақ,хош иісті болып келеді.Бұл әдемі гүлдер,гүлдер өте нәзік болады.Гүлдің сырт келбетімен танысайық.
Тамыры-сабағы-жапырағы-гүлі.Гүл отырғызу үшін ең әуелі бізге ыдыс керек.Ыдысты алып гүл жақсы өсу үшін ішіне тас және құнарлы топырақты саламыз.Сонан соң, топырақ ортасына құдықша жасап,гүл өсіндісін отырғызамыз.Осы гүлімізге су құйғышпен суарамыз жапырақтарын сулы орамалмен шаңын сүртеміз.Гүлдерді әдемі болып өсу үшін баптап күтіп қарап тұру керек.
Балалармен жұмыс:Балалар гүлге су құйяды жапырағын сүртеді.
-Жарайсыңдар балалар, осы гүлдерді табиғат бұрышына қояйық,оған жарық күн сәулесі керек.Гүліміз жайқалып құлпырып әдемі болып өседі.
Дидактикалық ойын: «Гүл күлтелерін жинайық»
Шарты:Балалар түрлі-түсті гүл күлтелерін баклашкаға салып қақпағын жабады
Сергіту сәті:
Шаршағанда ырғалып.
Гүлге ұқсап демалам.
Қанатты бір қағып,
Гулдей болып жайқалам.
Арманның сөзі:Рахмет,балалар сендер әдепті, білімді екенсіңдер.Бөлме өсімдіктері туралы көп мағлұмат алдым,енді менде гүлдерімді күтіп,баптап тұрамын.Сау болыңыздар балалар-деп шығып кетеді.
Рефлекциялық түзетушілік:
-Балалар бүгін біз ұйымдастырылған ашық оқу-қызметінде нені білдік,нені үйрендік?
Сұрақ-жауап арқылы әңгімелеу,балаларды мақтау,мадақтау,қорытындылау.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:Бөлме гүлдерін біледі.
Нені игерді:Гүлдер жайлы мағлұмат алды.
Нені меңгерді:Гүлдерді күтіп,баптай алуды меңгерді.