Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в средный группе
Өткізу күні/Дата проведения:
Тәрбиеші/ Воспитатель:
Білім беру саласы/Образовательная область: Шығармашылық
Пән/Предмет: Сурет салу
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Жомарт күз»
Тақырыбы/Тема: «Қоянға арналған сәбіз»
Мақсаттары/Цели:
Тәрбиелік – воспитательная: Суретті ұқыпты тиянақты салуға үйрету. Аңдарға қамқорлық жасауға тәрбилеу.
Дамытушылық – развивающая: сурет салу арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту
Оқытушылық - обучающая : Саусақпен салу әдісімен қоянға сәбіздің суретін салып беру.
Педегогикалық технологиялар/пед.технолии: Денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі.
Ресурстармен қамтамасыз ету /Ресурсное обеспечение: Балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, қоянның суреті
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: қоян-заяц,көжек-зайчик,сәбіз-марковь .
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезең/организационный момент:
Тосын Сәт: Тосын сәт.
Балалар, бізге қонақ келген сияқты,
есікті біреу соғып тұрған секілді.
Секіріп қоян кіріп келеді:
- Сәлеметсіздер ме, балалар,апайлар
Қоян:
- Сіздер маған көмектесесіздерме,менің
көжектеріме қысқа деп жинаған азығым
таусылды.Енді маған көптеген сәбіздер
керек?
Тәрбиеші:
- Сәлеметсіз бе қоян сіз
мұңаймаңыз біздің балалар сізге
көмектеседі.
-Көмектесемізбе балалар?
Қош келдіңіз,біз сіз туралы айтып
жатырған едік.
Қоян:
- Солай ма? Онда мен жақсы келген
екенмін.
Тәрбиеші:
- Сіз жайғасып, тынығып алыңыз.
Біздің балалар сіз туралы көп
мәліметтер біледі.
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
Қоян қандай көкіністі ұнатады деп ойлайсыңдар?
-Сәбіздің түсі қандай?
-Сабағының түсі қандай?
Ендеше, біз қоянның көжектеріне арнап
сәбіз жасап беруге көмектесейік.
Педагог өзі жасаған үлгіні көрсетеді.
Қоянға арналған сәбіздің суретін саламыз. Ақ қағазға гуашьтың көмегімен сәбіз суретін саламыз.
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: қоян-заяц,көжек-зайчик,сәбіз-марковь .
Қане балалар, олай болса орнымыздан
тұрып бойымызды сергітіп алайықшы.
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ, сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
Қоян: Ой, бәрекелді! Мен жайлы барлығын біледі екенсіңдер. Сендердің салған суреттерінді көріп мен өзіме көптеген сәбіз жинап бердім.Рахмет сіздерге!
Жеке жұмыс: бейбарыс біз кімге көмектестік?
Айлана біз қандй сурет салдық?
Абзалдың суретті дұрыс бояуын қадағалаймын.
3.Қорытынды бөлім/итоговая часть:
Балалар бүгінгі сабағымызда қонаққа кім келді?
Ненің суретін салып бердік?
Бүгінгі сабағымыз ұнадыма!
Жарайсыңдар балалар!