Қоян: Ия, балалар бүгін менің туған күнім, менің достарым бәрі ұйқыларынан тұрып, туған күніммен құттықтап жатыр.
Ал, қасқыр сыйлық берді.
Тәрбиеші: Сыйлығыңды бізге көрсетесің бе? Қасқыр саған не сыйлады екен?
Қоян: Білмедім? Сыйлықты сендерге ашып көрсетейін бе? ( сыйлықты ашады) Қоян: Ой балалар мына қораптың ішінде дым жоқ қой! Сонда мені қасқыр алдағаны ма? ( - деп жылайды ) Тәрбиеші: Қоян тоқта ренжіме қораптың ішінде хат жатыр. Хатты ашып көрейік. Тірбиеші: Қоян қасқыр саған тапсырмалар беріпті сол тапсырманы орындасаң сыйлығыңды табасың депті. Қоян: Қандай тапсырма?
Тәрбиеші: Тапсырма математика сабағына байланысты екен. Қоян: Ооооой, балалар тапсырманы орындауға маған көмектесесіңдер ме? Тәрбиеші: Балалар қоянға көмектесеміз бе? - Ия Ал, қоянжан сен жайғасып отыр, біздің балалар саған көмектесуге дайын
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
1 - тапсырма: -Балалар енді тақтаға назар аударайық. -Мына суретте не отыр? ( Мысық ) -Ал мына жерде нелер тұр? ( Күшіктер ) -Мысық мында нешеу екен? Қане санайық. ( 1 ) яғни біреу -Ал күшіктер ше?
Санайық қәне мен сендерге көмектесейін. (1,2,3 ) яғни үшеу
-Ал сонда қайсысы көп мысық па әлде күшік па? ( Күшік )
Дұрыс айтасыңдар күшіктер көп екен. Менің оң қолымда қалам, ал сол қолымда қарындаштар. -Қайсысы көп? ( Қарындаштар )
2 - тапсырма: «Қай пішінге ұқсас?» Тәрбиеші: Балалар, мынау қандай бұрыш? – деп жеке- жеке фигураларды көрсетеді, балалар жауап береді.
Дидактикалық ойын: Жеке карточкаларда заттардың суреттері беріледі. Балалар тақтадағы үлгідегі бос төркөзге қай пішінге ұқсас екенін салып көрсетеді. Сергіту сәті: Ұзын құлақ, сүр қоян, Естіп қалып сыбдырды. Ойлы қырлы жерлермен, Ытқып ытқып секірді
3 тапсырма: « Сан қатары » ( суреттер бойынша сандарды орындарына қой ) Балаларға жеке карточкалар таратылып беріледі. 1....2....3 2.....1.....3 3....2....1.... 1.....3.....2
Тәрбиеші: Ой, жарайсыңдар балалар, деп жеке жұмыстарын көрсетіп мадақтайды.
Дауыс естіледі: о-оу- оу деп қасқыр кіреді.
Қасқыр: Сәламатсыңдар ма, балалар! Менің жіберген тапсырмамды орындадыңдар. Көп нәрсе білетіндеріңді мен мына « сиқырлы таяқшам » арқылы біліп отырмын. - Жарайсыңдар балалар, бәрің де тапсырманы орындап, тамаша жауап бердіңдер. - Ал, енді қоянның сыйлығын берейін. ( сыйлығы беріледі )
Қоян: Сыйлығын ашып қарайды да, қуанып балаларға алғысын айтады, да екеуі орманға барамыз деп кетіп қалады. Тәрбиеші: Міне, балалар, сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Қоянға көп көмек көрсеттіңдер. Қасқырдың тапсырмаларын орындап, қоянның сыйлығын тауып бердіңдер.
Жеке жұмыс: Бейбарыстан бүгін не жасағанымызды сұрау?
Дариядан бізге қонаққа кім келгенің сұрау?
3.Қорытынды бөлім/итоговая часть:
Балалар бүгін біз не үйрендік? Заттардың аз көп болатынын - Балалар бүгін біз неше сан өттік? 1,2,3 - Қандай пішіндер білеміз? Үшбұрыш, шаршы, төртбұрыш, дөңгелек. Өздеріңнің ойларыңды, тапқырлықтарыңды, қиындықтан қорықпайтындарыңды көрсеттіңдер. Жарайсыңдар балалар. Балаларды жеке жеке мадақтау. Ал, енді балалар осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды, бәріңізге уақыттарыңызды бөліп тамашалағандарыңызға рахмет.