Педагог балаларға сұрақтарға жауап беруді ұсынады.
Бұрынғы замандарда адамдар сандықта не сақтағанын білесің бе?
(Балалардың болжамдары.) Шағын зерттеу: тәрбиеленушілер әженің сандығының қандай геометриялық пішінге ұқсайтынын айқындайды. Қуаныш балаларды дизайн шеберханасына шақырады.
Әженің сандығын ұлттық ою-өрнектердің элементтерімен сәндеуді ұсынады. (Ұ) Саусақтарға арналған жаттығу. «Кім келді?» Кім келді? (Бас бармақтар жанасады.) Біз, біз, біз. (Қалған төрт саусақ жанасады.) Апа, апа, бұл сен бе? (Бас бармақтар жанасады.) Иә, иә, иә.(Сұқ саусақтар жанасады.) Әке, әке, бұл сен бе? (Бас бармақтар жанасады.) Иә, иә, иә. (Аты жоқ саусақтар жанасады.) Қарындасым, бұл сен бе? (Шынашақтар жанасады.) Барлығымыз біргеміз, иә, иә, иә. (Барлық саусақтар жанасады). (Ұ, Ж) Аппликацияны орындау технологиясы. Педагог суретті құрастыру процесін, жапсырма жасау кезектілігін көрсету үшін тікелей үйрету әдісін қолданады. Жұмыстың кезектілігі тақтада барлық кезеңдері көрсетілген сызба түрінде бейнеленеді. Өрнектерді жасауға кірісуді ұсынады.
Оюдың элементі – қайнар мен қошқармүйізге көңіл аудартады.
Қайнар. Әзірлемені тігінен екіге бүктейді, оюдың үлгіқалыпты (педагог дайындаған) әзірлеме парақтың бүгілген жеріне қойып үлгіқалыпты жай қарындашпен сызады. Ою контур бойынша қиып алынып, жазылады. Қошқармүйіз. Бүктеу сызығын жақсылап тегістей отырып, әзірлемені қатпарлап бүктейді. Оюды қойып, суреттің жартысын бүктеу сызығынан бастап жай қарындашпен бастырады. Шеткі сызық бойынша қиып алынады. Оюдың екі жағы да бірдей болуын қадағалайды.
Педагог балалардың бөлшектерді бүлдірмей, дәл қиюын қадағалайды.
Қию сызығы бұдырсыз, анық болуы және қиған кезде қағазды ойып алмауға тырысуы қажет. Педагог оюдың шет сызықтарына абай болуларын ескертеді.
Шет сызықты қиғанда оңнан солға қарай қиған оңай болатынын айтады.
Жақсырақ орналастыру жолдарын таңдай отырып, жапсырманың барлық бөлшектерін негіз-параққа орналастырады. Барлық бөлшектер кезектілікпен негізге жапсырылады.
Педагог оюды әзірлеу тәсілін көрсету үшін балалардың бірін шақыра алады. Тәрбиеленушілердің түсініктерін бекітуі және кезектілікті тағы да бір рет қайталауы үшін оның іс-қимылын нақтылап түсіндіреді. Қиюдың кейбір тәсілдерін көрсетеді. Өткен ҰОҚ-дегі қию тәсілдерін айтқан тәрбиеленушілерді мадақтайды.
Қауіпсіз жұмыс жүргізу ережелері.
Педагог сабақ шеңберінде жұмыс орнын, құралдарды ретке келтіру керектігін еске салады. Желіммен жұмыс істеу ережесі: Желімді шағын мөлшерде шығар. Майлық пен жаққышты пайдалан. Көзге немесе киімге түскен кезде көп мөлшерде сумен жу.
Қорытынды: Шағын көрме ұйымдастырылады. Балалар талқылап, ең үздік жұмыстарды таңдайды. Сабақтың соңында тәрбиеленушілер педагог ұсынған сұрақтарға жауап береді: бір-бірінің құлағына сыбырлайды немесе ойын кейіпкерлеріне не бүкіл топқа дауыстап айтады: Сен нені барлығынан да жақсырақ істедің? Бүгін саған кім көмектесті? Сен нені жасай алмадың және не себепті? Келесіде оны жасау үшін не істейсің? Ең қиыны не болды? Ең қызықтысы не болды? Тағы да нені жасай алмадың? Сабақтағы жұмыс үшін кімге алғыс айтар едің?