- Оқыту: Балалардың көктем құстары туралы білімдерін кеңейту.Көктем хабаршылары-ұзақ,қараторғай,бозторғай жайлы,олардың немен қоректенетіні және дене бітіті туралы түсінік беру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
-Жарайсыңдар балалар,балықтар негізінен судағы тіршілікке бейімделген жануарлар.
Жүзу жағынан олар өзге жануарлардан асып түседі. Балықтар өкпе арқылы емес,желбезек арқылы тыныс алады. Желбезек арқылы балықтар суда араласқан оттегі түседі. Жануарлар мен жәндіктер жерде және суда тіршілік етіп көбейсе, ал балықтар тек қана суда ғана тіршілік етіп көбейеді. Балықтар-ең көп тараған омыртқалы жануарлар. Балықтардың 22000 – нан астам түрі бар деп есептеледі. Балықтар үш топқа бөлінеді: жақсыз, шеміршекті (оларға акулалар және тұтасқанаттар жатады) және ең үлкен топты құрайтын сүйекті балықтар. Теңізде сүтқоректі балықтар да бар.Оларға итбалықтар,дельфиндер және киттер жатады. Итбалықтар құрлықта да жүре береді.Теңіз тасбақалары құмды жағалауға жұмыртқалайды.Ұрғашы тасбақа өте терең емес шұңқыр қазып,ішіне жұмыртқа салады да,бетін құммен жабады.
Дидактикалық ойын:
«Суреттерді ретіне қарай топтастыр»
Ойынның шарты: Суда тіршілік ететін жануарлар мен жерде тіршілік ететін жануарлар суреттері берілген.Осы суреттерді ретіне қарай топтастыру қажет.Ол үшін теңіздің суреті бейнеленген суретке суда тіршілік ететін жануарлар суретін,ал жердің суреті бейнеленген суретке жерде тіршілік ететін жануарлар суретін топтастыру.
Сергіту жаттығуы:
Балық болып жүземіз,
Шынығамыз суда біз!
Шынықсақ біз бәріміз,
Шымыр болып өсеміз!
-Балалар, қазір біз «Су асты әлемінің» бейнесін құрастырып үйренеміз.