Педагогикалық технологиялар: Түсіндіру, Көрсету, сұрақ – жауап, Сахыналау.
Ресурстармен қамтамасыз ету: «Шалқан» ертегісінің кейіпкерлері.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шаттық шеңбері:
Достар, достар, жүрсің қайда,
Бірге еді ғой жанымыз.
Көмек сұрап бір-бірінен
Жеңіп шықтық бөріміз.
Балалар жылдың қай мезгілі? Көктем мезгілінде неше ай бар? Көктем мезгілінде қандай ерешеліктерді байқадыңдар? Ағаштар не жарады? Сендер қандай ертегілерді білесіңдер?
2. Негізгі бөлімі:
- Балалар, бүгін біз оқу іс-әрекетінде «Шалқан» ертегісін алдымен оқып, одан кейін мазмұнын талдап, әрбір бала осы ертегіні, өз ойларын, қаншалықты түсінгенін жеткізеді. Ертегіні оқып беру.
Сұрақ-жауап арқылы әңгімелеу.
- Балалар қандай кейіпкерлерді естеріңде сақтай алдыңдар?
- Шалқан қайда өседі?
- Атай көмекке кімді шақырды?
- Әжей кімді шақырды?
- Немере қыз кімді шақырды?
- Күшік кімді шақырды?
- Мысық кімді шақырды?
- Сонымен, бәрі бірігіп не істеді?
- Ендеше, балалар, осы ертегідегі кейіпкерлердің атрибуттарын алып, ойынды сахналаймыз.
Сергіту сәті:
Ормандағы аюдын
Құлпынай көп екен
Теріп-теріп алайық
Қалтамызға салайық.
3.Қорытынды
Балалар мен ертегіні сахыналау. Балалар сендерге ертегі ұнады ма?Қандай ертегілерді білесіңдер?