Оқыту: Техника туралы түсініктерін бекіте отырып сөйлеу мәдениетін ойларын дұрыс жеткізу.
Педагогикалық технологиялар: Ойын технологиясы ,сұрақ-жауап әдісі.
Ресурстармен қамтамасыз ету: Тақырыпқа байланысты көрнекіліктер.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шаттық шеңбер:
Біз ұқыпты баламыз ,
Айтқан тілді аламыз.
Ойыншықтарды жинаймыз,
Үлкендерді сыйлаймыз.
Балалар тыныш отырамыз .
- Балалар қараңдаршы біздің тобымызда ойыншықтар өте көп, олар қандай әсем, әдемі ойыншықтар.
2.Негізгі бөлімі:
-Балалар мынау қандай ойыншық?
- Доптың пішіні қандай?
- Түсі қандай?
- Доптың қимылы қандай?
- Қане бәріміз допша секірейікші? Кім доп туралы тақпақ біледі?
Сендердің үйлеріңде қандай ойыншықтарың бар? Доп Дөнгелек Сары, қызыл, жасыл, көк Допша секіріп көрсетеді.
Добым менің домалақ,
Тоқтамайсың домалап.
Үстел үстін бүлдірдің.
Тарелканы сындырдың.
Тентек болып кеттің деп,
Тұрмыз сені тепкілеп.
- Қыз балалар көбіне қандай ойыншықпен ойнайды?
- Дұрыс айтасыңдар. Қуыршақпен ойнатындарын айтады. Сәлеметсіңбе қуыршақ деп амандасады.
Қуыршақпен Ал мына қуыршақ бізбен амандасқысы келіп тұр. Балалар қуыршақтың әдемі шашы, әдемі көйлегі бар екен. Қуыршақтың көйлегінің түсі қандай? Қуыршақ қалай жүреді?
- Кім қуыршақты қалай ұйықтататынын көрсетеді?
- Ал, ұлдар көбінесе қандай ойыншықпен ойнайды?
- Ал машинаның түсі қандай? Кім машина туралы тақпақ біледі?
Балалар көрсетеді. Машинамен ойнайды. қызыл, жасыл, көк Машина.
Үлкенмін ғой міне мен,
Ойыншықтарды жинаймын.
Машинаға мінер ем,
Кабинаға сыймаймын. (Балалардың жауабы).
- Ойыншықтар жасалуына байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Жұмсақ, қатты, резиналы. Көрмеге темірден, ағаштан, пластмассадан және матадан жасалған ойыншықтар қойылады. Бір ойыншықты біз ойыншық дейміз. Ал, көп ойыншықты қалай атаймыз? Балалар біз бұл ойыншықтарды қолымызбен ұстап, сипау арқылы оларды қандай екенін білеміз. Балалар қане есімізге түсірейікші, ойыншықтар қандай заттардан жасалады. Ойыншық туралы тақпақ Ойыншықтарым көп менің,
Бәрін жақсы көремін.
Кешке дейін жалықпай,
Бірге ойнап жүремін.
3.Қорытынды:
- Бүгін немен таныстық?
Тәрбиеші сұрақ-жауап арқылы білімдерін қорытындылап, балаларды мадақтайды.