Дәлелдеп талаптану | Балаларды шеңбер етіп тұрғызып жинап, бір-бірімен сәлімдестіру(жеңіл әуен қою арқылы жүргізу) Қайырлы таң көк аспан! Қайырлы таң жер ана! Қайырлы таң қонақтар! Қайырлы таң достарым! - Азат, сенің досым кім? Оның мінез-құлқы қандай? - Менің досым Әділет. Ол жақсы,тәртіпті,үлкен кісіні тындайды. Ол мейрімді, ұқыпты, және тазалыққа дағдырылған бала. «Тазалық» аялдамасына шақырады. | Жеңіл әуен арқылы жүріп, бір- біріне күлімдеп қайырлы күн тілейді. Дос туралы өз ойын айтады. |
Үйымдастырушылык ізденіс. | Дәрігер Салауаттың ашық хатын оқып таныстырады. Балаларға «Кір қожалақ қыз» ертегісін оқып береді; әңгімелейді.Ертеде бір Кірқожалақ қыз өмір сүріпті. Оның дүниедегі ең жек көретін нәрсесі- қолын жуу және жуыну екен. Сол себептен қолында, аяғында болған микроптар денесіне тарайды. Ауыз арқылы ішке кірген микроп қызды ауруға шалдықтырады. Дәрігер қыз баланы тексеріп, оның ауруының себебін біліп, ауруды жеңетін ғажайып затты ұсынады. Балалармен бірге осы ғажайып зат жөнінде әңгіме жүргізіледі. Қолды күнделікті және күніне бірнеше рет жуу қажет. Сабын мен су- нағыз достар. Балалардын қолдарынан ұстап, бір-бірлеріне, содан кейін өзіне қарап күлімдеулерін сұрайды. «Тіс- күлкіге сән берер» деген нақыл сөзінің мағынасына тоқталады. Жұмбақ жасырады: 1.Өзі аппақ маржандай, Тамақ өтпес шайналмай.(Тіс) 2.Аузы бүрме қызыл қалта, Ішінде бар отыз екі малта.(Тіс) Отыз екі тісті сақтау үшін не істеу керек?-деп сұрайды. Сергіту сәті. Тіс эмалі туралы кеңес береді. Ойын ұйымдастырады. Салауат дәрігердің тапсырмалары бойынша балаларға жаттығуларды орындауға ұсынады. «Тіс тазалау» Тістің сыртқы жоғарғы жағын тазалау. Тіс шеткасы қызыл ет бойымен (жоғары-төмен) қозғалады. Қозғалыс жоғардан төмен, кейін төменнен жоғары қайтаналады. Әр тістің шайнау бетін тазалау. Щетканы алға және артқа қозғалту. Щетканың үшімен тістердін ішкі жағын дөңгелете қозғалту арқылы тазалау. | Ертегіні тыңдап, сұрақ- жауап бойынша мазмұндайды. Байланысты әңгіме құрып, өз пікірлерін айтады. Нақыл сөзді жаттайды. Қолдарын ұстап күлімдеген жүзіне назар аударады. Нақыл сөзді маңыздайды. Жұмбақ тындап шешеді. Отыз екі тісті сақтау үшін күніне екі рет тісті тазалау керек.Тамақта үнемі орамжапырақты қолдану керек, оның құрамында тісті және қызыл етін сақтауға көмегін тигізетін «С» дәрумен бар екенін айтып береді. Кенесті тындап тіс эмалі туралы білімін кенейтеді. Салауат дәрігердің жаттығуларын орындауға талпынады. |
Рефлестік тузету | Балаларға тістерінің сау, күлкілерінің әдемі болуі үшін тісті күтіп, жоғарыда айтылған ережелерді есте сақтап, орындаулары керектігін айтады. Әліппе дәптермен жұмыс | Сабаққа жақсы қатынасқан балаларды мадақтайды. |