kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы Тақырыбы: «Неліктен тіс тазалап қол жуамыз»

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                      Ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы

Қараша айы 20 күні 2016 жыл

Білім беру саласы: Таным.Денсаулық.Коммуникация.

Бөлім: Жаратылыстану

Тақырыбы:«Неліктен тіс тазалап,қол жуу керек?»

Мақсаты: баланың жеке басының тазалығын сақтаудың жолдары:қол жуу мен тіс тазалау туралы түсініктерін кеңейту.Тістің құрылысымен таныстыру.Тісті күту ережелерін үйренеді.Ұқыпты және жүйелі түрде тісті тазалау және қолды жуу,күн ережелерін сақтау.Алдын ала орындалатын жұмыс: «Кір қожалақ бала»мультфилімін көру.

Қөрнекіліктер: слайдттар,тіс щеткасы мен пастасы,тіс протезы,айна,                                        Билингвал компонент:сабын-мыло,тіс-зубы,дәрумендер-витамины.сүт-өнімдері-молочные продукты.

Тәрбиеші:К.Б.Сейтова.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы Тақырыбы: «Неліктен тіс тазалап қол жуамыз»»

Солтүстік Қазақстан облысы

Ақжар ауданы

Ленинград ауылы

«Еркетай» балалар- бөбек бақшасы













Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Тақырыбы: «Неліктен тіс тазалап қол жуамыз»



























Тәрбиеші: Сейтова К.Б.


Ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы

Қараша айы 20 күні 2016 жыл

Білім беру саласы: Таным.Денсаулық.Коммуникация.

Бөлім: Жаратылыстану

Тақырыбы:«Неліктен тіс тазалап,қол жуу керек?»

Мақсаты: баланың жеке басының тазалығын сақтаудың жолдары:қол жуу мен тіс тазалау туралы түсініктерін кеңейту.Тістің құрылысымен таныстыру.Тісті күту ережелерін үйренеді.Ұқыпты және жүйелі түрде тісті тазалау және қолды жуу,күн ережелерін сақтау.Алдын ала орындалатын жұмыс: «Кір қожалақ бала»мультфилімін көру.

Қөрнекіліктер: слайдттар,тіс щеткасы мен пастасы,тіс протезы,айна, Билингвальды компонент:сабын-мыло,тіс-зубы,дәрумендер-витамины.сүт-өнімдері-молочные продукты.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы
















Ұйымдастырушы-Іздену




Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу: Күннің көзі ашылып. Көкке шуақ шашылып. Құтты қонақ келіпті. Төрімізге еніпті. Амандасу үлкенге Тәрбиенің басы ғой.Ал кәнеки бәріміз Сәлем берейік үлкенге. Осы жақсы көңілімізбен орнымызға отырайық. Балалар сендер қалай ойлайсыңдар денсаулық дегеніміз нені білдіреді?

Балалар бізде кәзір Жаратылыстану оқу қызметі болады.Бүгінгі біздің тақырыбымыз: «Неліктен тіс тазалап қол жуу керек?




Жұмбақ жасыру

1.Өзі аппақ маржандай, Тамақ өтпес шайналмай.

2.Өзі кірді ашады,

Суға салса қашады.Казір біз ертегіні сахналаймыз сендер айтып беріңдерші ертегінің аты қалай аталады? Сахналау:(Расул беті қолы кір,тісін байлапалған)Ертеде бір кірқожалақ бала өмір сүріпті.Оның дүниедегі ең жек көретін нәрсесі жуыну,және тісін тазалау.Бір күні одан барлық киімдер, ойыншықтар қашып кетіпті.Сол себептен қолында аяғында пайда болған микробтар денесіне тарайды, ауыз арқылы ішке кірген микробтар баланы ауруға шалдықтырады тісі ауырып дәрігерге барады. Алижан: (дәрігер)тыңдатып оған бір ғажайып зат ұсыныпты ол қандай зат білесіңдер ме,балалар?

Жарқын:Сонда үлкен қолжуғыш шығып былай депті:Сен қандай қап-қара баласың? Бетіңді қолыңды неге жумайсың?Сеннен бәрі қашып кетті, киімдер де,ойыншықтар да ыдыстар да.Неге сен

жуынбайсың? Кір қожалақ бала жүгіріп, қашып қолжуғышқа келеді.Бетін жуады,тісін тазалайды,бетін орамалға сүртеді. Сонымен ертегі қалай аталады? Ендеше сол мультфильмнің ұзіндісін көріңдер.

Слайд№1«Кір қожалақ бала» К.Чуковскийдің.мультфильмінен ұзінді (1мин)

Слайд№2Су,жуыну,таза бала т.б.Күн тәртібі: Қолды күнделікті және күніне бірнеше рет жуу керек.Сабын мен су нағыз достар. Су,тазалық туралы балалар тақпақ айтып береді.


Мақал-мәтел Тазалық саулықнегізі. Саулық байлық негізі. (түсіндіру)


Сергіту сәтін жасау:Денсаулықты сүйеміз. Шынығамыз күнде біз. 1,2,3,-1,2,3,білекке жинап күш. Ал балалар тұрайық. Қолымызды ұрайық

Бір отырып,бір тұрып. Белімізді жазайық. Бойымызды созайық. Орнымызды табайық. Балалар енді қолдарыңды ұстап,бір-бірлеріңе, қарап күлімдеулеріңді сұраймын. Күлкілерің тамаша екендігіне,халықтың «Тіс күлкіге сән берер»деген нақыл сөзі бар. ( түсіндіру)Сол мағынаға тоқтайық. Слайд№3Тіс туралы және дәрумендер. Дүниеге келген сәби тіссіз туылады,тіс алты ай болғанда шығады,оны сүт тісі деп атайды. Алты жасқа толғанда тістер түсе бастайды. Түскен тістің орнына негізгі тістер шығады. Олардың көлемі үлкендеу,барлық тістер сиып тұруы үшін жақтары да өседі.Тістің негізгі қызметі тамақты шайнау.Барлық адамдарда отыз екі тіс бар және осы тістердің көмегімен тамақ шайналады.Тамақ ауызымызда сілекей мен шыланып,тіс арқылы ұсақталады. Тамақта үнемі орамжапырақты қолдану керек оның құрамында тісті және және қызыл етін сақтауға көмегін тигізетін «С» дәрумені бар. Ал сендер сүт ішесіңдер ме?Сүт көп ішссең-дер,тіс мықты болады.Сәбізді міндеттітүрде жеу керек,себебі оның құрамында адам ағзасына пайдалы темір, «В» «С» « Д»дәру- мендері өте көп (қызанақ,балық,айран,ірім- шік)жеу керек.Тіспен қатты затты шағып жеуге болмайды,тіс эмаліне зиян келтіреді. Тіс эмалі дегеніміз тістердің сыртқы қабаты. Естеріңде болсын тамақты ішіп болғаннан кейін ауызды шаюды ұмытпау керек.Тісті сақтау үшін күніне екі рет тісті тазалау керек. Кәзір біз мына протез арқылы ойын жаттығу жасаймыз «Тіс тазалау» (протезбен жұмыс) Әр адамның өз жеке тіс тазалайтын щеткасы болу керек,және балаларға арналған тіс пастасын қолданамыз,оның дәмі ашщы емес, балаларға ұнайды. (көрсету).Осы айтқан ережелерді орындамасаңдар,сендердің тістеріңде тесік (кариес)пайда болады.Ондай жағдайда тезірек дірігерге көріну керек.Тіс емдейтін дәрігерді стамотолог дейміз. Жылына екі рет тіс дәрігеріне қаралу керек. Билинвальды компонент: сабын-мыло,тіс-зубы,дәрумендер-витамины.сүт-өнімдері-молочные продукты.

Дәрігер Салауат (Алижан)тазалық сақтау ережелерімен таныстырады. 1.Ас ішер алдында,соңында қолды жуу керек.

2.Тісті күніне екі реттазала. 3.Тамақтан кейін ауызыңды шай. 4.Ыстық тамақтан соң суық нәрсе ішпе. 5.Жаңғақты тісіңмен шақпа. 6.Тәттіні көп жеме. 7.Дер кезінде тіс дәрігеріне көрін. 8.Әркімнің өзінің тіс щеткасы болу керек.


Балалар тазалық сақтау туралы тақпақтарын айтады:


Балалар шеңбер бойында тұрып іс қимылмен қайталайды.



Келген қонақпен амандасады.

Балалар денсаулық дегеніміз деніміздің сау болғаны дейді. Балалар жұмбақты тыңдап шешуге тырысады.



Жауабы:Тіс және сабын















Дәрігер айтқан ғажайып зат ол сабын.Сабын рқылы біз жуынып таза боламыз.

Балалар тыңдап отырады. Балаларжауабы: Кір қожалақ бала

Қуаныш:Сылдырлайды мөлдір су. Мөлдір суға қолыңды жу. Жуынсаң сен әрдайым. Таза бетің маңдайың. Тазалықтың досы су дегеніміз осы. Айдос:Дос бол сабын сумен сен. Жиі-жиі жуын сен: Таңертең де,кеште де, Жуын күндіз түсте де. Жарқын: Жуын тамақ алдында Жуын тамақ соңында. Жуын ұйқтар кезінде. Жуын тұрған мезгілде. Сумен сабын біір жолдас. Жоймас олар кір болмас. Балалар мұқият тыңдайды.



Мақал-мәтелді қайталап, жаттап алады.

Сергіту жаттығуды орындайды.





Балалар тыңдап отырады.















Балалар шығып тыс щеткасын алып көрсетеді.

















Балалар бірге қайталайды:сабын-мыло,тіс-зубы дәрумендер-витамины сүт-өнімдері-молочные продукты.

Алижан: Ақ тісті жарқыратып күлуді үйренейік. Жағымсыз әдеттерден жиренейік.Ешкімнен, ешнәрседен қорықпай. Мейіріммен әрқашан да күлейік. Расул:Отбасы мен елімізді сүйеміз.Үлкендердің сөзін ойға түйеміз.Денсаулықты әрқашан да сақтаймыз шынығамыз,жаттығамыз өсеміз.

Рефлексті-түзету








Балалар бүгінгі оқу қызметінде не туралы айттық? Бізге қонаққа кім келді? Тазалық не үшін керек?Кір қожалақ бала неге ауырып қалды?тістерің сау болу үшін не істеу керек?Дұрыс айтылған ережелерді сақтау керек.Ережелерді атап беріңдерші. Балалар сендер бүгін оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар сендер көп рахмет.

Бізге қонаққа дәрігер Салауат келді.Кір қожалақ бала мен Қолжуғыш. Балалар ережені қайталайды.



Күтілетін нәтиже

Біледі:Жеке басынының тазалығын үнемі сақтау керектігін білу керек;

Игереді:Тазалық бар жерде,денсаулық болатынын игереді;

Меңгереді: Жуыну,тіс тазалау ережелерін меңгерді.



Тәрбиеші:К.Б.Сейтова.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ОРК

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Сейтова Копей Байхабыловна

Дата: 27.01.2017

Номер свидетельства: 384354


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства