Суретпен жұмыс: Бүгінгі оқу іс - әрекетінде «Мен өскенде кім болам?» Мамандық түрлерімен танысамыз. Мамандықтарға дәрігер, мұғалім, шаштараз, аспазшы, тігінші жатады. - Дәрігер не істейді? - Дәрігер адамдарды емдейді. - Аспазшы не істейді? - Тамақ пісіреді - Тігінші не істейді? - Киім тігеді - Шаштараз не істейді? - Шаш қияды (Балаларға сұрақтар қойылып, жауаптары толықтырылады). Сондықтан бізге барлық мамандықтар қажет. Міне, біз қанша мамандық түрлерімен таныстық.
Сергіту сәті: Іш ауырса, тіс ауырса Мамам дәрі береді, Барлық бала, барлық ана Оны жақсы көреді.
3.Қорытынды:
Дидактикалық ойын: «Мамандық иелерінің құралдары» Шарты: Әр мамандық иесіне тән құралды тауып, орналастыру.
Қортынды: Балалар бүгін біз не туралы өттік? Қандай мамандық иелерімен таныстық? Балаларды мақтап - мадақтау.