Айналадағы табиғатпен мұқият танысады. Ондағы өзгерістерге тоқталады. Ауа райының қандай екенін анықтайды.
Жауып тұрған қарды қызықтайды. Қар түйіршіктерін сипаттап береді. Қарды қолдарымен ұстап көреді. Ол салқын.
Қар түйіршіктерімен тəжірибе жасауға кіріседі: қолғапқа түскен қар бірден ерімейді, ал алақанға түскендері жылудың əсерінен еріп кетеді. Қар жылы демнен, қатты үрлегенде де ериді.
Балалар «мұндай қармен жүру қиын» деген тұжырым жасайды (мұз қатқан болуы мүмкін).
Балалар зерттеу жұмысына құлшына кіріседі. Егер қажет болса ересектердің көмегіне жүгінуге болады.
Сергіту сəті:
Шаршасаңдар, балалар,
Қолдарыңды созыңдар.
Саусақтармен ойнаңдар,
Қолдарыңды сермеңдер.
Денелерiң шынықсын,
Саналарың тынықсын.
Балалардың назарын қар түйіршіктерінің пішіні өзгеріп отыратынына аударады. Бұл аязға байланысты. Күн қатты аяз болған кезде қар қатты, ірі жұлдызша сияқты болып жауса, аяз əлсіздеу болғанда жауған қар ақ, қатты домалақ пішінде болады.
Үлестірмелі материалдармен жұмыс істеу
Тағы бір нұсқа (күн суық болса ойнауға болады) «Қар қайда?» ойынын ұйымдастырады
Танымдық мақсаттағы ақпаратты қабылдайды.
Шана, шаңғы тебуге, қардан аққала жасауға т.б. болады. Балалар белгілі бір нысандардың суреті бейнеленген карточкаларды алады.
Д/о "Менің достарым"
Олар: қыста адамдарға дененің жылуын сақтап қалуға көмектесетін заттар.
Балалар:Тон, малақай, қолғап, етік, жылы шұлық, жемпір…
3.Қорытынды:
Бұлшық еттер мен жүйкені тынықтыру. «Жымию» ойыны.
Тәрбиеші: Балалар, бұл ойынды ойнау үшін қар түйіршіктеріне қарап жымиюмыз керек. Енді жақсы көңіл күйдің қолдарың мен алақандарыңа ауысқанын байқап көріңдер. Тағы бір рет жымиып күліңдер. Еріндерің созылып, беттегі бұлшық еттер жұмыс істеді. Терең тыныстаңдар. Тағы да жымиып күліңдер.
Балалар жаттығуларды орындайды. Алған əсерлерімен, көңіл күйлерімен бөліседі.