Көрнекілігі: Қыс көрініс суреттері, аққала әр-балаға қағаздан құрастыру бөлшектері.
Тәрбиеші: Балалар, күн суық болса да, біздің жүрегіміз жылы. Жылуымызды жан-жағымызға беріп,жылулық шеңберін құрайық.
Достарды біз қорғаймыз.
Әрқашанда қолдаймыз
Топта біздің ұл-қыздар
Тату тәтті ойнаймыз.
Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Жұмбақ шешемізба?
Балалар: Ия
Тәрбиеші: Менің жұмбағым
Шанамен зырғып жететін,
Коньки, шаңғы тебетін
Аққала жасап ойнайтын,
Бұл қай кезде болады деп ойлайсыңдар?
Балалар: Қыс мезгілі
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Балалар қыс мезгілінің ерекшеліктерін білеміз бе? Қане айтайықшы
Балалар: Қыс мезгілінде қар жауады, аяз болады, күн суытады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.Ағаштардың жапырақтары түседі.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Енді қыс атайықшы нешеу?
Балалар: Үш ай
Тәрбиеші: Олар қалай аталады?
Балалар: Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан.
Тәрбиеші: Балалар, біз тоңбас үшін қыс мезгілінде қыс мезгілінде қандай киімдер киеміз?
Балалар: Бас киім, үстімізге жылы күртеше,аяғымызға етік, қолымызға қолғапғ мойнымызға орамал байлаймыз.
Тәрбиеші: Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнаймыз?
Балалар: Қар лақтырып, аққала жасап, шанамен сырғанақ тебеміз.
Тәрбиеші: Балалар, қыста ауа таза болады. Сондықтан да сендер ауырмас үшін, денсаулықтарың мықты болу үшін таза ойнауларың керек. Ойын арқылы денелерің шынығады. Жарайсыңдар балалар өте жақсы.
Тәрбиеші: Балалар, біздер қыс мезгілінде қандай мерекелерді тойладық.
Балалар:Жаңа жыл, шырша мерекелерін тойладық.
Тәрбиеші: Балалар мынау ненің суреті?
Балалар: Аққала
Тәрбиеші: Аққала неден жасалады?
Балалар: «Қардан»
Тәрбиеші: Қардың түсі қандай?
Балалар: Ақ
Тәрбиеші: Қар қолымызға ұстағада жылы ма, салқын ба
Балалар: Салқын
Тәрбиеші: Аққала неше бөліктен тұрады?
Балалар: Үш бөліктен тұрады
Тәрбиеші: Оның бөліктерінің пішіндері қандай?
Балалар: Дөңгелек
Ғажайып сәт: Осы кезде аққала келеді!
Аққала: Сәлеметсіңдерме балалар! Мен сендермен ойнауға келдім. Мына сандықтың ішінде сендерге арналған ойншықтарым бар
Тәрбиеші: Кел төрлет сен туралы айтып отыр едік.Балалар, біздге қонаққа келген кім?
Балалар: Аққала. Саламатсызба Аққала!
Аққала: Сендер менімен ойын ойнағыларың келеме?
Балалар: Ия
Аққала: Ойынымыздың аты «Қар жинау» ойыны
Ойынның шарты: Қар ерімей тұрып, шелекке тез жинау
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Балалар Аққаламыз құркелмей тапсырма ала келіпті.
Тәрбиеші: Қайсысы көп, қайсысы аз.
Тәрбиеші: Балалар аққаламызға сурет құрап берейікші.
Тәрбиеші: Аққала енді сен біздің балаларымызға қара. Мен сені тақтаға қалай құрастыру жолдарын балаларға көрсетемін, балалар соны жасайды.Балалар аққаламыз неше бөліктен тұрады?
Балалар: Үш бөліктен тұрады.
Тәрбиеші: Қандай бөліктерден тұрады?
Балалар: Үлкен, кіші, және одан да кіші бөліктерден тұрады.
Тәрбиеші: Үлкен бөлігін ең төменгі жағына қоямыз. Екінші бөлігі одан да кішілеу, оны үлкенінің үстіне қоямыз. Ең кішкентай бөлігі бас бөлігі болады, оны ең үстіне қоямыз. Балалар аққаланың екі көзі болады, аузы болады, екі қолы болады, қолында сыпырғысы болады. Басында шелегі болады. Екі аяғы болады. Міне балалар аққаламызды құрастыра білдік. Жарайсыңдар, өте жақсы.
Аққала: Жарайсыңдар балалар, менің тапсырмаларымда орындадыңдар. Рахмет балалар сендер өте ақылды өнерлі тапқыр екенсіңдер! Топтарың ыстық екен, мен жылы жерде тұра алмаймын,еріп бара жатырған сияқтымын. Еріп кетпей тұрғанда қайтайын.
Тәрбиеші: Балалар шаршадыңдарма. Қане бір серігіп алайық.
Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық
Алақанды ұрайық
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып
Бір отырып, бір тұрып.
Бір серігіп алайық.
Қортынды: Балалар, бүгін біз жылдың қай мезгілімен әңгімелестік
Балалар: Қыс мезгілі
Тәрбиеші: Қыста неше ай бар?
Балалар: Үш ай
Тәрбиеші: Қандай айлар бар?
Балалар: Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыздар. Бүгін бізге қонаққа кім келді?
Балалар: Аққала
Тәрбиеші: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін атап өтейікші
Балалар: Қыста қар жауады, салқын болады, күн аяз болады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Бүгін ұйымдастырылған оқу қызметі ұнадыма?
Балалар: Ия
Тәрбиеші: Бүгін барлықтарыңыз ұйымдастырылған оқу қызметіне жақсы қатыстыңыздар. Жарайсыңдар балалар өте жақсы.Соның ішінде жақсы қатысқан балалар: Жұлдыз, Мадина, Алисия, Тарлан осы жақсы қатысқан балаларға мен жұлдызша таратып беремін. Қалған балалар сендер де осылай келесі жылы ұйымдастырылған оқу қызметіне жақсы қатыссаңыздар мен сіздерге жұлдызша беріп мадақтаймын. Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміз аяқталды. Қош сау болыңыздар!