Тәрбиелік: Сурет салу барысында дұрыс, ұқыпты, таза жұмыс жасауға тәрбиелеу Су асты тіршілік иелерінің ұқсастығын табуға және салыстыра білуге, қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балалардың әнгімелесу арқылы, байланыстырып сөйлеу дағдыларын одан әрі дамыту, белсенділік сөздіктерін арттыру.Суретті бояу арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Оқыту: Балаларды балықтың сыртқы келбетін, мекендеу ортасын және қоректенуі туралы білімдерін қалыптастыру.Балықтардың әртүрлі қасеттері бойынша ажырата білуге үйрету.Балаларға дәстүрден тыс сурет салу жолдарын жалғастыра отырып, мақталы таяқшамен дұрыс пайдалану жолдарын оқыту.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: «Алтын балық»»
Ересек «Қарлығаш» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні: 21.11.2019ж
Тәрбиеші: Сулейменова К.
Өтпелі тақырып: «Ғажайыптар әлемінде»
Білім беру саласы: Шығармашылық ,Таным.
Пән: Сурет салу,Жаратылыстану.
Тақырыбы: «Алтын балық»
Мақсаты:
Тәрбиелік: Сурет салу барысында дұрыс , ұқыпты , таза жұмыс жасауға тәрбиелеу Су асты тіршілік иелерінің ұқсастығын табуға және салыстыра білуге , қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балалардың әнгімелесу арқылы , байланыстырып сөйлеу дағдыларын одан әрі дамыту, белсенділік сөздіктерін арттыру .Суретті бояу арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Оқыту: Балаларды балықтың сыртқы келбетін , мекендеу ортасын және қоректенуі туралы білімдерін қалыптастыру .Балықтардың әртүрлі қасеттері бойынша ажырата білуге үйрету .Балаларға дәстүрден тыс сурет салу жолдарын жалғастыра отырып , мақталы таяқшамен дұрыс пайдалану жолдарын оқыту.
Педагогикалық технологиялар: Ойын технологиясы , дамыту технологиясы, жеке тұлғаға бағытталған технология , денсаулық сақтау технологиясы , ақпараттық коммуникативтік технология.
Ресурстармен қамтамасыз ету: , балықтың суреттері, торғайдың суреті. теңіз үні әуені,
Қолданылатын керекті құралдар: Мақталы таяқшалар, акварель бояуы, қылқаламдар, суға арналған стакандар, сулы сүрткіш,әуен,арнайы дайындалған А4 қағаз.
Билингвалдық компонент:балық-рыба, теңіз –море.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Балалар мен балабақшаға келе жатқанда мына қорапшаны тауып алдым , ішінде не бар екен ашып көрейік , бірақ ең алдымен мына жұмбақты шешу керек жауабы мына қораптың ішінде.
Жұмбақ жасыру:
Күміспенен апталған,
Теңгеменен қапталған.
Суда өседі, жүзеді,
Судан шықса, өледі,(Балық).
Қорапшаның ішінен балық ты алып шығу.
-Балық: Сәлеметсіздерме балалар.
-Балалар :Сәлеметсізбе балық.
-Балық : Балалар мен достарымды іздеп келдім , адасып қалдым, маған көмектесесіңдерме тауып беруге.Өзім іздеп таба алмадым.
Балалар : Көмектесеміз «Алтын балық!
Олай болса балалар біз балықтарды іздеп көрейік.
Негізгі бөлім:
Дидактикалық ойын «Не артық»
Тақтада балықтардың суреті ілініп тұрады , ортасында торғайдың суреті болады.
Балалар мына суреттің ішінде артық сурет бар кәне қайсы сурет артық?
Балалар қандай сурет артық екенін табады. ( торғай).
-Балалар сендер неліктен олай ойлайсыңдар?
-Балалардың жауабы ( өйткені торғай суда өмір сүрмейді)
-Ал балықтар суда өмір сүреді.
Балықтарға сипаттау жүргізу:
Балалар қараңдар мына балықтар бір-біріне ұқсамайды , бірі үлкен , ал екіншісі кіші .
(Суреттегі барлық балықтарға тоқталып , толық сипаттама беру)
-Балалар балықтың денесі сопақша пішінге ұқсайды
-Басында желбезегі болады , осы желбезегі арқылы олар демалады.
-Ал денесінде қабыршықтары болады.
-Денесінің арқасында жүзбе қанаттары болады.
-Осы жүзбе қанаттары арқылы балықтар суда еркін жүзе алады.Балалар ал аквариумда өмір сүретін балықтар арнайы құрғақ жеммен қоректенеді.
Енді балықтар туралы балалар сипаттайды:
Торғайдың суретін алып тастап орнына алтын балықтың суретін ілу.
-Балалар айтыңдаршы ең әдемі балық қайсы балық?
-Ең жуан балық қайсы?
-Қай балық қысқа?
-Қайсы балықтың мұрты ұзын?
-Ең ұзын балық қайсы балық.?Ал мынау ше? (Балалардың жауаптары)
Балалар бұл балықтар әр түрлі екен байқадыңдарма ,жуан, жіңішке , қысқа, ұзын.бір-біріне ұқсамайды , бірақ балықтардың ортақ қасеттері бар ол қандай?
Балалардың жауаптары:
Олар суда мекендейді, бәрінің құйрығы бар, дене мүшелері бар, қабыршықтары бар.
-Дұрыс айтасыңдар балалар.
Балалар бүгін бізге қонаққа келген алтын балығымыз жалғыз , ал біз көппіз , біз алтын балығымызға достар салып береміз бе балалар .Келіңдер ортаға шығып сергіту жасап алайық.
Сергіту сәті:
Суда жүзді балық,
Кетпейді ол батып,
Алға , онға, солға,
Жүзер ізін салып,
Қайталайды қимылын
Біздің алтын балық.
Кәне балалар орындарымызға отырып , балықтың суретін саламыз.
Балалардың назарын тақтадағы балықтың суретіне аудару.
-Балалар қараңдар біздің қылқаламымызды алып кетіпті жоқ ,бірақ балалар бізде сыйқырлы таяқшалар бар сонымен бүгін сурет саламыз.
Сурет салу жолдарын түсіндіру.
Балалар сурет салмас бұрын саусақтарымызды жаттықтырып алайық.
Саусақ жаттығуы:
1 – саусағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
2-саусақ бірікті,
Қолға қалам ілікті.
3-саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен 10 саусақ,
Қала салсақ,жол салсақ.
Балалар орындарына отырып суретті салады.
Музыка ойналады: «Теңіз дыбысы».
Балалардың жұмысына бақылау жасау.
Балалар суреттерін салып болған соң көрме ұйымдастыру.
Балалар суретті салып болсаңдар балыққа сыйға тартайық . Алтын балық пен оның достарын теңізге жіберейік Балалар өздерінің салған суреттеріне қортынды жасайды.
-Балалар кімнің суреті жақсы шықты?
-Қай суреттің түсі анық?
-Салған суреттерің өздеріңе ұнадыма?
Қорытынды:
- Балалар біз бүгін немен таныстық?
-Біз ненің суретін салдық?
- Біз алтын балыққа не сыйладық?
- Жарайсыңдар, балалар! Бүгін сендер барлықтарың да жақсы қатыстыңдар.