Білім беру саласы: Коммуникация Пән: Көркем әдебиет
Өтпелі тақырып: «Теңіздер мен мұхиттар әлемінде» Тақырыбы: Алтын балық
Оқыту:Балықтардың түрлерімен таныстыру, білімдерін жетілдіру. Балаларға балықтардың суретін салып үйрету.
Дамытушылық: Шығармашылығын дамыту.
Тәрбиелік: Балықтарға деген сүйіспеншіліктерін ояту,ұқыпты сурет салуға дайындау.
Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы,дамыту,денсаулық
Ресурстармен қамтамасыз ету: Балықтар суреті
Көптілділік: Балық – рыба - fish[fɪʃ]
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
І. Ұйымдастырушылық кезеңі
Мен сіздерге жұмбақ жасырамын, кім тез табады екен?
Аузы бар, тілі жоқ,
Терісі бар, жүні жоқ.
Қанаты бар ұшпайды,
Су астында қыстайды. Балық
ІІ. Негізгі бөлім.
Өте дұрыс. Ендеше біз бүгінгі сурет сабағында осы балық суретін саламыз. -Балалар, кім айтады, балықтар қайда өмір сүреді? Суда, көлде, өзенде, теңізде. Өте дұрыс. Қандай балық түрлерін білесіңдер? (сазан, шортан, ит балық тсс) Жарайсыңдар, өте дұрыс. Ендеше бәріміз тақтаға қарайық Балалар, тақтаға қарасақ балықтардың көптеген түрлері бар екенін байқаймыз. Өздерің айтқандай балық түрлері: сазан, бекіре, алабұға, май шабақ, жалпақ балық, тұқы, көксерке, жайын, шортан, табан балық және т.б. Балықтар осыдан көп жыл бұрын мұхиттарда пайда болған. Ол кезде балықта қанат, жақ сүйек, қабыршақтары болмапты. Олар бірте- бірте пайда болыпты. Осы балықтардың ішіндегі ең үлкен балық- кит деп аталады. Оның салмағы өте ауыр екен, ал аузын ашқанда аузының үлкендігі осы біз отырған бөлменің үлкендігіндей болады екен. Ал, ең кішкентай балық- итбалық деп аталады. Балықтарға қарап тұрсақ балықтардың пішіндері де әр түрлі. Осы пішіндеріне қарап та балықтың қандай екенін, атын атауға болады екен. Мысалы: жалпақ балық, табан балық, жылан балық.
Балықтардың пайдасы: Балықтың пайдасы өте көп. Одан көптеген тамақ түрлерін жасауға болады. Қуырып жеуге, балық сорпасын пісіруге, салаттар жасауға болады. Кейбір балықтарды консерві түрінде де шығарады.Бұл консервіленген балықтар көп уақыт сақталады.
Сергіту сәті:
Біз жүземіз оң жаққа
Біз жүземіз сол жаққа
Шоршимыз көл астында
Ыршимыз көл үстінде
Тұңғиыққа батамыз
Тәтті ұйқыға батамыз
Жұмыс барысы:
Балалар, енді қолымызға қарындашымызды алып, әдемі балықтың суретін салайық
Жұмысты бастамас бұрын үш түрлі сия дайындап аламыз.
Бірінші түспен жай ғана сопақша саламыз, екінші түспен құлағын, кеудесін саламыз.
Жіңішке қылқаламмен бір қабат жиегін түгел жүргізіп шығамыз.
Балалар өз ойлары бойынша балықтың суретін салып, түрлі- түсті бояумен бояп аяқтаймыз.
ІІІ. Қорытынды Міне, балалар, сіздер бүгінгі сабағымыздағы балықтың суретін де әдемі салдыңдар. Осыған дейінгі сурет сабағында тағы нелердің суретін салып едік. Бәрекелді, балалар! Енді, осы өткен сабақтарымызда салған суреттерімізді қолдарымыз арқылы көрсетейікші. Дұрыс, өте жақсы жасадыңдар.