Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: Ағаштардың бүршіктерін бақылау.»
Бірінші кіші «Балапан» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні: 15.04.2019 ж.
Тәрбиеші: Абдибекова З.Ж.
Білім беру саласы: «Таным»
Пән:Жаратылыстану
Өтпелі тақырып: «Көктемгі ағаштар»
Тақырыбы: Ағаштардың бүршіктерін бақылау.
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Ағаштарға деген сүйсеншілігін арттыру.
Дамытушылық: Ағаштардағы өзгерістер туралы түсіндіру.
Оқыту: Ағаштар сұлу,әдемі болатындығы жайлы түсінік беру.
Педагогикалық технологиялар: Түсіндіру, Көрсету, сұрақ – жауап.
Ресурстармен қамтамасыз ету: Тақырыпқа байланысты суреттер.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Жұмбақ шешу.
«Көктем» А.Байтұрсынов.
Қар,мұз еріп,су көбейіп,
Сай-салада ағады.
Айтыңдаршы, балалар,
Бұл қай кезде болады? -Дұрыс балалар бұл көктем мезгілі екен.
2. Негізгі бөлімі:
Әңгіме жүргізу -Көктем мезгілі үш айдан тұрады. Олар:Наурыз,сәуір,мамыр. Ағаштар бүршік жарып,алғашқы гүл-бәйшешек шығады.
Ағаштардың діңімен,бұтағымен,жапырағымен таныстырып,көрсету. Көктемде табиғат жаңарады ,барлық тіршілік елері оянады.
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен болып өседі.
-Балалар, ағаш деген не?
-Оның құрамдық бөліктерін айтып берңдерші.
-Сендер қалай ойлайсыңдар ағаш тірі ме?
-Неге?
-Орманда ағаштардан басқа тағы нелер өмір сүреді?
-Олардан ағаш несімен ерекшеленеді?
Ағаштар бізге не үшін қажет? Иә, ағаштар –біздің қорғанымыз, біздің ауамызды тазартады, жерімізді көріктендіреді, бізге сая береді.Біз оларды қорғап, күтуіміз қажет.
3.Қорытынды:
-Бүгін біз не туралы айттық?
-Оның қандай бөліктері бар?
-Ағашта нелер өмір сүреді?
-Ағашқа қандай күтім қажет, біз оны қалай қорғауымыз керек?