Мақсаты: Балалардың үй құстары туралы түсініктерін кеңейту. Тіршілік ету ортасын, қоректенуі туралы мағлұмат беру. Құстардың мекені туралы тоқталу, ұясының шатыры үшбұрышты, төмені тік төртбұрышты болатындығын, оны ағаш бұтасына ілетіндігі туралы мағлұмат беру. Құстардың орналасуын бақылау арқылы, кеңістікті бағдарлай білуін жетілдіру. Құстарды жем шашып қамқорлауға, оларды ұя жасап қарсы алуға, ағаштарды сындырмауға, құстарды атпауға тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: Үй құстары»
Үй құстары
Білім беру саласы: «Таным» Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті қоршаған ортамен таныстыру
Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: «Үй құстары»
Мақсаты: Балалардың үй құстары туралы түсініктерін кеңейту. Тіршілік ету ортасын, қоректенуі туралы мағлұмат беру. Құстардың мекені туралы тоқталу, ұясының шатыры үшбұрышты, төмені тік төртбұрышты болатындығын, оны ағаш бұтасына ілетіндігі туралы мағлұмат беру. Құстардың орналасуын бақылау арқылы, кеңістікті бағдарлай білуін жетілдіру. Құстарды жем шашып қамқорлауға, оларды ұя жасап қарсы алуға, ағаштарды сындырмауға, құстарды атпауға тәрбиелеу.
Түзете – дамыту мақсаты: Балалардың ұмақ қол моторикасын, жалпы қимыл – қозғалыс белсенділігін жетілдіру. Сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеу белсенділігін арттыру. «Бұл қай құс?» ойыны арқылы баланың есту қабілеті, ойлау қабілеттілігін, зейін тұрақтылығын дамыту.
Сөздік жұмыс: үй құстары, тауық, әтеш, үйрек, қаз, балапан т. б Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, тілдік жаттығу, мультимедиалық проектор арқылы бейне слайдтар, жұмбақ шешу, «Қандай құстың даусы?» фонематикалық дыбыстық ойын.
Дефектологтың іс - әрекеті Тілдік қимылдық жаттығу. Ауыл маңы саз – саз - саз, Жайылады қаз - қаз - қаз Жем шашсаң мәз - мәз - мәз Тоймай қалса қаз – қаз – қаз Шашқан дәннің аз – аз – аз. Шеңбер бойымен жүріп біртіндеп орындыққа отырады.
Қазір жылдың қай мезгілі? Көктемде айнала қандай өзгерістерге ене бастайды? Көктемде құстар не істейді? Құстарға біз не жасаймыз? Дала құстарының қандай түрлерін білесіздер? Дала құстары қайда мекендейді екен? Олар немен қоректенеді? Ал, біз бүгін үй құстары туралы әңгімелейміз. Кім айтады үйде қандай құстар тіршілік етеді? Мынау тауық ол көлемі жағынан кішілеу, үсті толы қауырсын, бас бөлігінде екі көзі, тұмсығы, айдары бар, кеуде бөлігінде екі қанаты бар, бірақ көп биікке ұша алмайды, мынау екі аяғы, ол қыт - қыт деп дауыстайды. Мынау әтеш, оның құрлысы да тауықпен бірдей болып келеді, ол ку - ка - ре - ку деп дауыстайды. Мынау үйрек ол кря - кря деп дауыстайды. Мынау қаз ол өте маңғаз, жай жүреді кря - кря деп дауыстайды. Мынау балапан ол өте мамық әрі жұмсақ болады, түсі сап - сары болады. Үй құстарының адамдарға тигізер пайдасы өте көп, олар жұмыртқа береді, жұмыртқадан түрлі дәмді тағамдар пісіруге болады.
Үй құстарының сыртқы құрылысына қарап ажыратып айтуға болады. Дид. ойын «Қандай құстың даусы?» / магнитофон арқылы түрлі құстардың сайраған дауыстарын кезектестіре жібереді/. Үй құстарын адамдар қамқорлық жасап баптап күтеді, оларға жем, су береді, ауласын тазалайды. Құстардың мамық жүндерін – қауырсын дейміз, қауырсыннан жастық/көпшік/ жасайды, шынайы жастықты көрсету. «Бұл қай құс?» дид. ойын Үй құстарының суреттерін жеке балаларға тарату жоғары төмен, оң - солға орналастыру. Үй құстарының саңғырығын егістіктерде тыңайтқыш ретінде пайдаланады.
Қандай үй құстарын білесіңдер? Әтеш қалай дауыстайды? Үй құстарының сыртқы құрлысын ата? Үй құстары немен қоректенеді? Үй құстарының адамдарға қандай пайдасы бар? Құстың қауырсынынан не жасайды? Жұмыртқадан не пісіруге болады? Қандай ойын ойнадық? Бүгінгі оқу іс – әрекетіне барлығыңда жақсы қатыстыңдар, рахмет.