1.Әңгіме өткізу. Балалар, қараңдаршы суреттен нелерді көріп тұрсыңдар? Тосын сәт : бөлмеге Дымбілмес кіреді. Дымбілмес : Сәлеметсіздер ме балалар! -Менің атым Дымбілмес. -Мен жаңа балабақша жанынан өтіп бара жатып, жолдан мына заттарды тауып алдым, бұның не екенін білмегесін сендерден көмек сұрайын деп келдім. Тәрбиеші : Олай болса бұл заттың не екенін қәзір түсіндіремін , сен біздің балалармен бірге оқу қызметіне аралас. 1-слайд. Машина,автобус,ұшақ,жүк машинасы,кеме,пойыз,велосипед, Экскаватор,жедел-жәрдем,өрт сөндіру машинасы, тік ұшақ, бетон тасушы. -Оларды бір сөзбен қалай атауға болады. Дұрыс айтасыңдар,балалар. Көлікпен біздер қажетті жерлерімізге, алыс сапарларға бара аламыз. Көліктерді бірнеше топқа бөлуге болады. Аспан көлігі,жеңіл көлігі, ауыр көлігі, су көлігі, темір жол көлігі. 2-слайд Аспан көліг:і ұшақ,тік ұшақ.т.б жатады. Жеңіл көлігі : велосипед,машина,арба т.б.жатады. Ауыр көлігі: жүк машинасы,экскаватор,өрт сөндіру машинасы. Су көлігі : қайық,үрмелі, кеме т.б. жатады. Темір жол көлігі: пойыз жатады. |