Мотивациялық қозғаушылық | Сәлеметсіңдерме балалар! Бүгінгі күнімізді сүйіспеншілікпен қарсы алайық. Шаттық шеңберге тұрып бір-бірімізге әдемі күлкімізді сыйлайық. Күннің көзі ашылып, Көкте шуақ шашылып. Құтты қонақ келіпті, Төрімізге еніпті. Қонаққа жақсы ниетпен Қуанышпен бақ тілеп, Жарып шыққан жүректен, Тілейміз біз ақ тілек. Балалар қазір жылдың қай мезгілі. Көктем мезгілінде қанша ай бар? -Қане,атап шығайықшы? -Балалар көктемде қандай табиғат құбылыстары болады? -балалар осыны енді біз көрейікші. Слайд: -балалар біз бүгін табиғаттың тіршілік иелерінің бірі, жабайы аңдармен танысамыз Балалар біз жабайы аңдар туралы жұмбақтар білемізбе? Жабайы аңдардың суреттерін көрсетіп аттарын атау. Бұларды біз жабайы аңдар деп атаймыз.Жабайы аңдар елсіз далада болады,өз азығын өздері тауып жиді. Дидактикалық ойын: Қай дыбыстан басталып тұр Мақсаты: Аңдардың басқы дыбыстарымен сәйкестендіру. Балалар А дыбысынан қанша аңның аты аталды? Қ дыбысынан қанша аңнын аты аталды? Т дыбысынан қанша аңның аты аталды? -балалар осы аңдар туралы мақал-мәтелдер айтып көрейікші. Дидактикалық ойын: «Буынды жалғастыр» Түл- Кө- Қо- Қас- Қон- Дыбыстық жаттығу: Жық,жық,жық Қорбаңдаған қонжық Қыр,қыр,қыр Жыртқыш қасқыр Жек,жек,жек Қорқақ көжек Кі,кі,кі Айлакер қу түлкі. Ю,ю,ю, Қыста ұйықтайды аю Балалар енді осы аңдар туралы бір ертегі көрейікші. Ертегіні талдау. Сергіту сәті: Аңдардың қимыл қозғалысын жасату Билингвалды компонент: Түлкі-лиса,қасқыр-волк,қоян-заяц,аю-медведь,тиін-белка Аңдардың айтысы: Кәрі еменнің түбіне Бір-біріне үңіле Айтысуға жиналды Жан-жануар бірге Тәрбиеші: Табиғаттың баласы Болмас ағы-қарасы Тыңдап тұрсақ бәрінің Достықтары жарасты Балалар біз аңдардың табиғатта бір-біріне байланысты дос екенін білдік. Табиғатты қолдай біл Аң құсын да қорғай біл Білуіміз керек оны біз Біз табиғаттың ұлымыз Табиғат бөлек демеңіз Сол үшін жауап береміз. | Балалар шеңберге тұрып хормен өлең жолдарын орындайды. Көктем 3 ай Наурыз,Сәуір,Мамыр Күн жылиды,қар ериді,шоп шығады,ағаштар бүршік атады. Иә Бұтақтарға секіріп Әр жерден қылт етеді Кейде жаңғақ кеміріп, Жоғары өрлеп кетеді. Тиін Сайқы мазақ қулығы бар. Барған жерде ұрлығы бар, Бұл қандай аң ұғап ал? Түлкі Сылдырдан қорқады Шошынып жортады. Қоян Сұрғылт тартқан түсі бар Ақсиған көп тісі бар Тыным таппай жортады Ауыл малы қорқады. Қасқыр Қорбаң-қорбаң етеді Орман оның мекені Тәтті балға тойып ап Қыста ұйқыға кетеді. Аю Балалар аттарын атайды Аю,түлкі,қасқыр,қоян. Балалар байланыстырады. А-аю, Қ-қоян Қ-қасқыр Т-түлкі Т-тиін 1 2 2 Асықпаған арбамен қоянға жетер. Ерді намыс өлтіреді Қоянды қамыс өлтіреді. Аюға намаз үйреткен таяқ. Бір түлкі жеті бөріні алды Бөлінгенді бөрі жейді Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан. кі жек ян қыр жық Ертегіні балалар талдады Балалар қызыға жасайды. Түлкі: Түлкі айтты.Түлкімін Тұнып тұрған күлкімін Бұлаң-бұлаң, құйрығым Текке өтпейді бір күнім. Бәрін маған жетпейсің Алдымнан кесе өтпейсің. Менен басқа қуың жоқ Күніңді көріп ептейсің. Тиін: Ай түлкіжан мақтанба Сиқырлаып ақталма Күшіңді сенің көрейін Қасекең келе жатқанда Мен тиінмін тиінмін Қыста жылы киіндім Қоймам толы жаңғаққа Іші жылы үйімнің Қасқыр: Қасқыр орманда жортады Аяздан ол қорқады Аспанға қарап ұлиды Малды ауылды ториды Қасқырбай сөйтіп, аттанды Өз деміне апталды Қорқып тұрған қоянды Тап беруге шақ қалды, Қорқынышты атағым Қалың қопа жатағым Қой қораға түсетін Бар ғой аздап шатағым. Аю: Балпаң-балпаң,басамын Алтын қырдан асамын Аю деген ағаңмын Аңшы көрсем қашамын Жолбарыс: Ақ қоян ау ақ қоян Ұзын қоян сақ қоян Қаша берсең орманға Қорқағым деп ат қоям Қоян: Қайшы құлақ қоянмын Ақшыл түске боялдым Сытыр еткен бұтақтан Елең етіп ояндым. Жолбарыс: Жолбарыспын жыртқышпын Бәрінен де мықтымын Ормандағы аңдарды Жайратып салар күштімін |