Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы Күн шуағы»
Бірінші кіші «Балапан» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізі күні:27.04.18ж
Тәрбиеші:Оразова Г.Т
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Пән:Сурет салу
Өтпелі тақырып: «Бір шаңырақ астында»
Тақырыбы: «Күн шуағы»
Мақсаттары:
-Тәрбиелік: боямен ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.
-Дамытушылық: саусақ бұлшық еттерін және қимыл-қозғалыстарын
жетілдіру.
-Оқыту: алақан мен саусақ арқылы күнді бейнелеуді
Педагогикалық технологиялар: Түсіндіру, көрсету,сұрақ-жауап
Ресурстармен қамтамасыз ету:
Ұйымдастырған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезең: Тәрбиеші балаларға бүгінгі күннің қандай тамаша екені,күн нұрын аямай төгіп тұрғаны,күн барлығына қуаныш әкелетіні – жапырақтар жайқалып,құстар сайрап,жан-жануар атаулы тіршілік қамына кірісіп,балалар көтеріңкі көңіл күйде болатыны жайлы әңгімелейді.
-Ал біздің ойыншықтарымыздың күн сайын далаға шығып,күннің көзін көру мүмкіндіктері жоқ.Олардың көңілдерін көтеріп,көктемгі күн сәулесімен жылынуына көмектесеміз бе?
2.Негізгі бөлімі: -Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын. Шешуін табыңдаршы:
Жұмбақ:
Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды.
Ол не,балалар? (Күн)
Күн бүкіл жер шарына , әлемге жарық, жылу беретін табиғат сыйы. Күнсіз адам тіршілік етуі мүмкін емес. Күннің жарығы көрінетін және көрінбейтін сәулелерден тұрады. Көрінбейтін сәулеге ультра күлгін сәуле жатады. Міне, солардың әсерінен біздің терімізде адам ағзасы үшін маңызды. «Д» дәрумені болады.
-Ендеше бәріміз жарқыраған күн сәулесін бенелеп,ойыншықтарымызға сыйлайық.Жұмыс бастамас бұрын бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті:
Ал,балалар,тұрамыз,
Айналаны шоламыз.
Күн нұрындай жарқырап,
Жер бетіне қонамыз.
- Балалар,бүгін біз алдарыңда тұрған бояулардың сырын ашамыз.Қарындашпен сурет салған сияқты,бояуменен де суреттер салуға болады,алдарыңдағы сары бояуды пайдалан отырып,алақанымыз бен саусақтарымыз арқылы күннің суретін салайық.Бояумен жұмыс жасау ұқыптылықты талап ететінін ұмытпайық.
-Алмаған алақандарыңды жазып,ашып көрсетіңдерші.
-Енді мына ыдыстағы жалпақ ыдысқа алдын ала сары бояу құйып дайынап қою қажет сары түсті бояуға алақанымызды батырып, күннің домалақ бейнесін,ал саусағымыз арқылы күннің сәулелерін бейнелейік.
3.Қорытынды: Тәрбиеші жұмыс соңынан балалардың еңбегін мадақтап,топтың жарық болып кеткенін,мұнай жарық жерде ойыншықтар көңілді болатынын айтады.