Жазғы сауықтыру жоспарының технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: Қазақстан байлықтары мен жетістіктері.
Мақсаты:Қазақстан жерінің байлықтарымен, жетістіктерімен таныстыруды жалғастыру. Отан туралы білімдерін кеңейту, еліміздің табиғи байлығы туралы мәлімет беру, еліміздің қалаларымен таныстыруды жалғастыру. Туған өлкелеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, отансүйгіштікке баулу. Қолданылатын көрнекі құралдар-жабдықтар: демонстрациялық материалдар, жұмыс дәптері, қарындаш.
Билингвалды компонент: байлық-богатство, жетістік-достижение, қуатты-мощный, мыс-медь, мұнай-нефть, жанармай-горючее.
Іс-әрекеті кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Педагог балаларды ортаға шақырады.Үнтаспадан туған өлке немесе еліміздің қалалары туралы ән тыңдатылады.
Балалар музыканың ырғағымен билейді.
Ұйымдастырушы-лық-ізденістік
Педагог өлең оқиды:
Үлкен өзен, көлдері Үлкен орман шөлдері Елдідесем, табыңдар!
«О» әрпі, терезе суреті, алма суреті, нан суретеді. -Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы. Біздің жеріміз-кең-байтақ Қазақстан. Мұнда көптеген облыс орталықтары бар. Барлық қалаларды, ауылдарды, облыс орталықтары біріктіріп тұрған біздің бас қала-Астана. Бүгін біз еліміздің байлықтары мен жетістіктері туралы әңгімелесеміз. Пайдалы қазбалардың суретін көрсетеді. Билингвалды компонент. байлық-богатство, жетістік-достижение, қуатты-мощный, мыс-медь, мұнай-нефть, жанармай-горючее. Пайдалы қазба-жер астынан қазылып алынатын кен. -Біздің жеріміз кең-байтақ, ұланғайыр, еліміз,қуатты өлке, оның байлығын бүкіл тұрғылықты халқымыз пайдаланып, бақытты өмір сүруде. Қазба байлықтарды тек төз еліміз пайдаланып қоймай, шетелге де шығарады. Саяси-әкімшілік картамен жұмыс.-Балалар біз өткенде еліміздің басты қалаларымен таныстық. Олар қандай қалалар? Дұрыс айтасыңдар. Мына картадағы әр түс әр облысты бейнелейді. Әр облыстардың орталық қалалары бар. Мынау-Қарағанды қаласы. -Қарағанды облысында не ондіріледі? -Көмір бізге не үшін керек? -Отты неге жағу керек? -Үйді жылу үшін бізге керек көмірді жер астынан қазып алады екенбіз. Қарағанды облысында тағы бір қала бар. Ол-Балқаш қаласы. Балқаш қаласы Балқаш көлінің жағасында орналасқан. Балқаш қаласында үлкен мыс зауыты бар
Балалар хормен –Қазақстан!- деп жауап береді.
Балалардың біреуі шығып, ребусты шешеді. Сөзжұмбақтың шешуі «Отан» сөзі.
Балалар суреттегі заттарды айтады.Мысалы: көмір, әк т.б.
Балалароблыс орталықтарын айтайды (педагогтің көмегімен орындайды). -Астана, Алматы, Қарағанды.
-Көмір. -Отқа жағу үшін. -Үйді жылыту үшін.
-Талдықорған қаласы.
-Мұнай.
Балалар тастарды ұстап көреді. Түстерін, пішіндерін атайды.
Балалар дәптердегі тапсырманы орындайды.
Рефлексиялық-түзетушілік
Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдері пысықтайды.
Сұрақтарға жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: картада белгіленген қазба байлықтардың шартты белгілерімен танысады; Түсінеді: қазба байлықтарды жерден қазып алатынын, оны өңдеу туралы түсініктерді;
Қолданады: еліміздің аумағынан өндірілетін пайдалы қазба түрлері және олардың пайдасы мен маңызы туралы біл