Мақсаты: Балалардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру.
Өз ата –бабасын ұмытпай есте сақтауға,үлкенді сыйлай білуге
тәрбиелеу.
Көрнекілік: суреттер.
Жүргізуші:
Қымбатты ақ жаулықты әжелер мен ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар.»Балдәурен » балабақшасында қарттар күніне орай ұйымдастырылған »Қарты бардың- қазынасы бар» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: Қарты бардың –қазынасы бар.»
№24 орта мектебі жанындағы шағын орталық «Балдәурен»балабақшасы.
Тәрбиеші: Джойшиликова Набира Беркинбаевна.
«Балапан» тобы.
Тақырыбы: Қарты бардың –қазынасы бар.
Мақсаты: Балалардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру.
Өз ата –бабасын ұмытпай есте сақтауға,үлкенді сыйлай білуге
тәрбиелеу.
Көрнекілік: суреттер.
Жүргізуші:
Қымбатты ақ жаулықты әжелер мен ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар.»Балдәурен » балабақшасында қарттар күніне орай ұйымдастырылған »Қарты бардың- қазынасы бар» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Залға әуен ырғағымен,ерекше құрметпен балалар ортаға шығады.
Жылулық шеңбері.(Балалар бір-біріне жылу сыйлайды.)
Мерекеңіз құтты болсын ата-әже!
Көкіректен жыр төгілмей жата ма?
Зейнетіне жетіңіздер өмірдің,
Кенеліп бір ілтипатты батаға.
Олай болса бүгінгі біздің тәрбие сағатымызда біздің сүйікті әжелеріміз қонақта.Олар сіздерге бар мейірімін төгіп келіп отыр.Қош келдіңіздер! Қадірлі ата-әжелер бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.
Жүргізуші:
Ал балалар мен енді сендерге жұмбақ жасырайын:
Жұмбақ шешу:
Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің
Білер оны сұраған. Ол кім? (ата)
Аймалайды күнім деп
Мейірімді жүзі күлім деп
Тәтті-ақ дейді немере,
Бал шырындай үнің деп.
Ол кім? (әже)
Дұрыс айтасыңдар балалар,»Жан жүрегім,жарығым »деп ата-әжелеріміз немересін,шөбересін жүрегіне теңейді.Баланың өсуіне ата мен әженің ықпалы зор.Бұның бәрі осы тәрбиеден басталады.
Жүргізуші:
Бала деген бал екен
Туған балаң жәй ғана
Нағыз балаң ойласаң,
Немере екен тәтті екен, -
Балалардың ата-әжелеріне деген тақпақтарына кезек берейік.
Айгерім.
Аружан
Менің әжем гүл әжем
Алтын әжем нұр әжем
Анам үшін мен үшін
Нағыз әжем тіл әжем
Әсет
Үйреткен сөз мәнін
Тілімізсің әже
Жарқыраған әр дайым
Күнімізсің әже
Жүргізуші:
Ата әже мақтанышым менің де,
Қонақ болып отыр менің төрімде.
Өзіңе арнап былай тәтті үніммен,
Ән салатын кезім келді менің де.
Ән: «Қошақаным» әні.
Тақпақтар:
Жанел.
Ата үлкен кәріміз
Қуат берер дәріміз
Әулиедей аялап
Құрметтейміз бәріміз
Жүргізуші:
Әсем кештің ажары
Әсем бисіз кіреме
Кіп кішкентай бишілер
Мың бұралып билейді. (Қарсы алыңыздар қамажай биі)
Жүргізуші:
«Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер» деген мақал текке айтылмаса керек.
Көрініс тамашалаңыздар.
Әке- Ерасыл. Бала-Әсет.
Ертеде бір үлкейген қарт қатты сырқаттанып жатса, жалғыз ұлы келіп: әке мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып емдетемін,-депті.Сөйтіп әкесін арқасына салып,жолға шығыпты.Олар ұзақ жүріпті,қас қарайған кезде алдынан қарауытқан сұлбаны көрсетіп әкесі:
Балам анау не? Деп сұрапты.
Ол түйе деп жауап беріпті. Сәлден кейін әкесі әлгі қарайған нәрсенің не екенін тағы сұрапты.Әкесі осы сауалын үшінші рет қайталап тағы сұрайды.
Ол –түйе,түйе!деп баласы ренжиді.Неге,неге сұрай бересіз?
Сонда әкесі балам сен кішкентай кезіңде,әке мынау не,әке мынау не деген көп сұрағыңа шаршағаныма қарамастан жауап беретінмін.Балам мені жерге түсір,Сеннен сөз естігенше өлгенім артық деп әкесі артына қарамастан жол тартты.
Баласы артынан қолын созып,әке кешіріңізші,әке кешіріңізші деп жүгірді.
Сергіту сәті:
Тақпақтар:
Аймерей Нұржан
Ата үлкен кәріміз Әже біздің күніміз
Қуат берер дәріміз Әженің біз гүліміз
Әулиедей аялап бар баланы қуантып
Құрметтейміз бәріміз Ұзақ өмір сүріңіз
Аруна
Айналайын апашым
Ақылы асқан данасың
Бала үшін не керек
Бәрін іздеп табасың
«Балапан» биі
Жүргізуші:
Бала дегенің бар екен
Немереңнің бойында
Бар тәттілік бар екен
Немере екен тәтті екен – деп
Ата –әжелерімізге мынадай сұрақ қойып әңгімеге тартқымыз келіп отыр.
1.Сіз отбасында немерелеріңізге қандай тәрбие беріп келесіз?
2.Немереңіздің ұнамай қалатын немесе көңіліңізге келетін қылықтары барма?Ондай кезде қандай ойда боласыз?
бізге апайлар қонаққа келді.Ең бірінші апайлармен сәлемдесіп алайық.
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Баршаңызды құрметтеп
Бас иеміз біз.
Жылулық шеңбері.
Амансыңба, Алтын -Күн
Амансыңба, Жер -Ана
Амансыңба, достарым
Сендерді көрсем қуанам
Балалар біз қазір денемізді шынықтырып,бойымызды сергіту үшін бірнеше жаттығулар жасап алайық.
Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізде ойыншықтар туралы әңгімелесеміз. Балалар біз таңертең оянғанда еңбірінші күнді көреміз.Күн бізге не сыйлайды.
Ал балалар күнге қарайықшы. Күннің бетін бұлттар жауып тастапты.Балалар бізден күн көмек сұрап жатыр .Күнге көмектесеміз бе? Бұлттың шартын орындасақ күніміздің беті ашылады.
Бұлттың тапсырмасы:
Себеттегі ойыншықтың атын атап,сипаттап әңгімелеп беру.
Балалар бұлар ненің суреті
Ойыншықтар туралы әңгімелеу
Балалар сендер үйде ,балабақшада
немен ойнайсыңдар?
Балалар мына ойыншықтарға қарайықшы ойыншықтарды таза ұқыпты ұстауымыз керек.Топта таласпай бірге ойнау керек
Балалар ойыншықтар әр түрлі материалдан жасалады.
Пластмас,резинадан,матадан,
ағаштан,темірден жасалады.
Мынау қандай ойыншық?
Ол неден жасалған? пластмастан
Қане қуыршақ туралы кім тақпақ біледі?
Мынау не? Машина
Машина неден жасалған темірден пл
Машина туралы кім тақпақ біледі
Сергіту сәті
Жоғары қарап күнді көрдім
Төмен қарап жерді көрдім
Оңға,солға бұрылып
егеменді елді көрдім
Дидактикалық ойын:
Допты құрастыру
Доп туралы кім тақпақ біледі?
Жарайсыңдар.Балалар енді бейнелеу өнеріне барып қонжықты жапсырмалаймыз. жұмыстарын тақтаға іледі
Балалар бүгін біз оқу іс- әрекетімізде не туралы айттық?
Бүгін сендер ойыншықтар туралы көп нәрсе үйрендіңдер.Сұрақтарға жақсы жауап бердіңдер.Сендердің еңбектеріңді жұлдызшалармен бағалаймын.
Жылулық шеңбері
Қол ұстасып тұрайық
Шеңберді біз құрайық
Көріскенше күн жақсы
Сау саламат болайық
Сау болыңыздар
Балаларқуана шеңберге тұрады
Қонақтармен амандасады.
Балалар бір- біріне
Жылу сыйлайды.
Жарық,жылу
Ия
Ойыншықтар
ойыншықпен
қуыршақ
Аяжан
Ержан
Қимыл қозғалысын жасайды
Тәрбиеші көмегімен
Қонжықты жапсырмалайды
Ойыншықтар туралы
Күтілетін нәтиже:
Ойыншықтардың атын,түрін,түсін .көлемін ажырата біледі.
Ойыншық түрлері туралы білімдерін толықтырып,ойыншықтарды дұрыс қолдана білу дағдыларын игерді.
Ойыншықтар және олардың неден жасалуы туралы мәліметтерді меңгерді.
Күні: 06.02.2017.
Білім беру саласы : Коммуникация.
Оқу іс – әрекеті: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Отбасындағы сыйластық.
Мақсаты:
Балаларға отбасы мүшелері туралы түсінік беру.
Сөйлем құрап айтуға, дыбыстарды анық, таза жеткізе білуге дағдыландыру.
Отбасында үлкендерді сыйлап, кішілерге қамқор болу сияқты әдептілік қағидаларын сақтай білуге тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері: көрсету , түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелесу.
Көрнекіліктері: отбасы мүшелерінің суреттері, текшелер, үлестірме суреттер
Балалар шаттық шеңберде өлеңді қайталап, оның мазмұнына сәйес қимыл – қозғалыспен жасайды.
Ұйымдастырушылық
Қозғаушылық
Әңгіме жүргізу.
-Балалар біздің шаттық шеңберіміз неге ұқсайды?
- Иә, біздің шаттық шеңберіміз киіз үйге ұқсайды.
Жоғарыдағы күмбез шаңарақ деп аталады. Шаңарақ – отбасының белгісі. Әр адам, үлкен болсын, кіші болсын өз үйін жақсы көреді, себебі ол үйде оның отбасы тұрады. Отбасы – дегеніміз бір үйде тұратын адамдар тобы.
Отбасы мүшелері: әке, ана және олардың балалары. Отбасының
болуы – үлкен бақыт. Барлығымыз бірге қайталайық.
Отбасы – ол бақыт,
Отбасы – ол ата –ана,
Отбасы – туыстарымыз,
Отбасы – ол шаңырақ.
-Әр адамның өз үйі болады. Онда оның отбасы мүшелері тұрады.
Олар ата , апа, әке ,
ана, әкпе, аға , іні қарындас т.б.
Сергіту сәті:
Е.Өтетілеұлының
«Бес саусақ» өлеңімен орындалады.
Суретпен жұмыс.
Отбасы бейнеленген суреттен оның мүшелерін айтқызу.
-Мына отбасында ата, әже бар екен балалар , тағы кім бар?
-Төрде кім отыр?
-Дұрыс айтасыңдар. Атаның оң жағында әже шай ішіп отыр.
- Шайды кім құйып беріп отыр?
- Барлығымыздың үйімізде анамыз,әкеміз,атамыз бен әжеміз бар ғой?
4. Үлестірмелі материалмен жұмыс. «менің отбасым» Берілген суреттердің ішінен (анасын)отбасы мүшесін табу.
-Отбасы мүшелерін сыйлау керек.
Үлкеннен бұрын сөйлемейміз. Жол береміз
Үлкенге ізет,кішіге қамқорлық көрсетеміз.
Ата мен әженің заттарын ажырату:
5.Ойын: Кім тез табады? Шарты: текшеде отбасы мүшелерінің среттері көрсетілген.
Балалар жауап берге тырысады.
Балалар бірге қайталайды.
Саусақтарды көрсетіп айтады.
Анас, әкес, аға, апасы бар екен.
-Отбасы мүшелері жиналып шай ішіп отыр.
Ата отыр.
-Анасы шай құйып беріп отыр.
Балалар педагогтің көмегімен бірге орындайды.
Балалар өз ойларын айтады.
Балалар текшеде бейнеленген отбасы мүшелерін жылдам айтайды.
Ата әже
Балта,ара, орамал,ыдыс т.б.
Шеге.
Рефлексиялық түзетушілік
6. Сұрақ – жауап әдісі арқылы оқу іс –әрекетінде оқып, үйренгендерін пысықтайды.
Отбасы және оның мүшелері туралы әңгімелейді.
Күнделікті нәтиже:
Отбасы мүшелерінің туысқандық қарым – қатынасын түсініп, бір – біріне қамқор болу керектігін біледі;
Отбасы мүшелерінің арасындағы әдептілік нормаларын сақтай білуді меңгерді.