Просмотр содержимого документа
«"Табиғи және адам"»
Мектепалды «Қуыршақ »тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 14.09.2018
Тәрбиеші: Абенова М.К.
Білім беру саласы: «Әлеумет»
Пән: Өзін-өзі тану
Өтпелі тақырып: «Мен және қоршаған орта»
Тақырыбы: Табиғи және адам
Мақсаттары:
- Тәрбиелік: Табиғат аясында өзін мәдениетті ұстауға, қоршаған ортаны ластамай сақтауға тәрбиелеу.
- Дамытушылық: Табиғаттың әрбір бөлшегі адамзат баласы үшін байлық қазына екнін денсаулықтың қорғаны екенін ұғындыру
- Оқыту: Балаларға адам мен табиғат арасындаы қатынас туралы түсінік беру.
Педагогикалық технологиялар: дамыту,ойын,денсаулық
Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер
Көптілдік: адам – человек- human, табиғат-природа- nature
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
І. Ұйымдастырушылық кезеңі
Шаттық шеңбері: Армысың шапағатты Күн - Ана! Армысың қайырымды Аспан - Ана! Армысың мейірімді Жер - Ана! Құт дарып бар әлемді жарылқа! (Балалар тәрбиешімен бірге айтады.)
Ойын: «Кім көп біледі?» ( Доп арқылы) 1.«Әдепті бала дегенді қалай түсінесің?». Үлкенге орын беру, кешірім сұрау. 2.«Жақсылық жасау» деген не? Құстарға жем беру, ағаштарға су құю. 3. Үйіңе қонақ келсе қалай күтіп аласың? Амандасу, төрге шығару, ойыншықтарыңды беру. 4.«Отбасы» деген кімдер? (Ата, әже, мама, папа, апа, сіңлі, қарындас.
ІІ. Негізгі бөлімі:
Құстардың дыбысы естіледі. Құстар, олардың дыбысы. Балалар не байқап тұрсыңдар? Топта бір ерекшелік бар сияқты. Мен осы құстардың тұмсығынан керемет гүлдерді, жүректерді байқап тұрмын. Осы гүлдер мен жүректерді алып көрейікші, нелер жасырылған екен.
Жұмбақтар: Таңмен көзін ашады, Әлемге нұрын шашады. (Күн)
Көзге ілінбейді, Жұтсаң білінбейді. (Ауа)
Қараңғыда жымыңдайды, жанады, Жарық түссе, бірден сөніп қалады. (Жұлдыз)
Тереземіздің әйнегін жуады, Бірақ сүртпейді. (Жаңбыр)
Еш тесiкке тұрмайды, Ол жоқта жер құрғайды. (Су)
Балалар осылардың барлығын біздер бір сөзбен не деп атаймыз? - Табиғат Қане, балалар, мен сендерге енді «Табиғат деген не?» деген әңгімеден қысқаша үзінді оқып берейін. Бір күні жануарлар жиналып алып, осы «Табиғат деген не өзі?»,- деп бір - бірімен сөз таластырыпты. Сонда бақа тұрып: - Табиғат дегеніміз телегей теңіз су,- депті. Сонда Аю айтыпты, менде талай жерде болдым, мен де білемін: - Табиғат деген орман,- депті. Осы кезде түйе тұрып: - Ол құм, тікенек шөп,- депті. Сонда құстар шулап: - Әрине ол, таза ауа, ашық аспан, дәнді дақылдар депті. - Жер, жер деп жар салыпты Киік осы кезде, Жер - Ана, Табиғат - Анамыз депті барлығы бір дауыспен. Ойын: «Кім тез жауап береді?» Балалар, жануарлар неге осылай депті? Балалар! Табиғатпен Адам бір - бірімен байланыста екен. Адамның табиғатсыз тіршілігі жоқ. Бізді қоршағанның бәрі – табиғат, ол жазира дала, биік таулар, көгілдір көлдер, мөлдір өзендер мен бұлақтар. Ауасыз, күнсіз, сусыз өмір сүре алмаймыз.
Тренинг ойын – «Табиғатпен сырласу». Сергу. Отырған сиқырлы орындығымыз арқылы табиғатқа саяхатқа барамыз. Көз алдарыңа туған жерімізді, оның әсем табиғатын елестетіңдер. Сулар мөп - мөлдір ағып жатыр, гүлдер жайнап өсіп тұр. Табиғатты тамашалап келе жатсақ алдымыздан таза мөп – мөлдір Бұлақ кездеседі. Сол бұлақтан су ішеміз. Ол үшін: 1. Алға иілу 2. Аламыз. 3. Ішеміз 4. Рахат - ай Алма ағашы кездеседі. Сол ағаштан алманы алып жейміз. 1. Оң аяқ алға, сол аяқ өкшесі көтеріледі. 2. Алу 3. Қырт етіп тістеу 4. Тәттісін - ай Раушан гүліне кездесеміз. 1. Алға иілу. 2. Аламыз 3. Иіскейміз. 4. Қажет емес ауаны сыртқа шығарасыз. Балалар: Бұлақ - денсаулық, Алма - рухани байлық Гүл – бақыт құсын сыйлайды. Балалар мен сіздерге осылардың барлығын сыйлаймын. Осылардың барлығын біз қайдан аламыз. Ендеше біздер табиғатты қорғауымыз, көмектесуіміз керек. «Аңшы мен бала» ертегісінен қысқаша көрініс. Аңшы мылтығын тазалап отырады. Қасына бір бала келіп мылтығына қарап, тамашалап тұрады. Сол кезде аңшы балаға: - Аң аулауға шығамысың?- дейді - Шығамын. - Атқаныңды жығамысың? - Жығамын. - Мә, ендеше мылтығым, бар атып қайт құстарды тоғайдың. (музыка ойнайды, бала мылтығын кезеніп, кезеніп құстарды атпай қайтып келеді) - Құсың қайда қарағым – ау? - Атпадым. - Таппадың ба, тоғайдан құс? - Таппадым. - Көп еді ғой, көлде құс? - Көп екен. - Енді неге атпадың? - Құстарды мен атуға қимадым, туған жердің табиғатын сыйладым. - Әй, бәрекелді ақылды бала екенсің. Балалар баланың істеген ісі дұрыс па, бұрыс па? Сурет бойынша балалар сөйлем құрап айтады. Балалар тақпақтар, мақалдар, тыйым сөздер айтады. Кешкілік пе, күндіз бе? Өсіп тұрған гүлді үзбе. Үзіп алсаң сен бір гүл, Үзіп алсам мен бір гүл. Не қалады сиқынан, Қызыл - жасыл жердің бұл. К. Аяулым
Табиғатты қорғау үшін бәріміз, Күресейік, бір - бір ағаш егейік. Текке отырмай, жасымыз бен кәріміз, Таза ауа үшін терімізді төгейік. Шынар
Сүйейік табиғатты аялайық, Біз одан жақсылықты аямайық. Анадай табиғаттың аясында, Жадырап жас балаша дем алайық! Кәусар «Табиғат – тіршілік аясы»,«Табиғат – тал бесік», Табиғат бізді қоршаған орта Таза болса табиғат – аман болар адамзат», «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғттың тілі жоқ» Гүлді үзбе. Көкті жұлма, Суды төкпе. Суға түкірме. Ұяны бұзба. Құмырсқаның илеуін бұзба.
Ойын: «Табиғатқа қалай көмектесе аламын?» Ойынның шарты: Балаларға сұрақтар қою. - Ауа таза болу үшін не істеу керек? Ағаш, гүл егу - Су мөлдір болу үшін не істеу керек? Ластамау - Ағаштарға қалай көмектесе аламыз? Су құю, қопсыту - Судағы жәндіктерге қалай көмектесеміз? - Құстарға қалай көмектесеміз?
ІІІ. Қорытынды:
Балалар біз бүгін табиғаттың не екенін білдік. Оны аялаудың, қадірлеудің қамқорлыққа алудың қажеттігін түсіндік. Табиғат пен адамның тығыз байланыстылығын білдік. Ал енді балалар, табиғатқа ризашылығызды білдірейік. Балалар шеңберге бір - бірінің қолдарынан ұстап тұрып: Күн, сәуле шашқаның үшін рахмет! Аспан Таза ауаң үшін рахмет! Бұлт, жаңбыр сепкенің үшін рахмет! Ағаш, көлеңкең үшін рахмет! Табиғат сұлулығың үшін рахмет!