kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Тәрбие тал бесіктен" ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру салалары: ______Шығармашылық

Бөлімдері:                             Жапсыру

Тақырыбы: Заттық жапсыру  « Пирамида»

 Мақсаты:  Ересектер әзірлеген ірі және одан ұсақ бөлшектерді белгілі бір жүйеде көлемі бойынша кезектестіріп, орналастыруға және жапсыруға көмектесу.

Дамытушылығы: Шығармашылықпен ойлауды, көзбен  қабылдауды, ұсақ бөлшектермен жұмыс істей білуді дамыту.

Тәрбиешілігі:  Дербестік пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қостілдік құрамы:             клей-желім,қағаз-бумага.

Дәлелдеу - ояту

Тәрбиеші әрекеті

Балалар әрекеті

Балалар,бізде бүгін ерекше күн.Бізге қонатар келіпті.Келген қонақтармен амандасайық.

        Шаттық шеңбері

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылсын

Құтты қонақ келіпті

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенмен

Тәрбиенің басы ғой

Ал қанекей бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге.

Сәлеметсіздер ме, апайлар!

- Қимыл-қозғалыс жасап, ашық есік күніне келген ата-аналармен апайлармен, амандасады.

Ұйымдастыру- іздену

1-тапсырма: Балалар, мында қараңдаршы мынау не?

Дұрыс айтасыңдар балалар, дөңгелек

Түсі қандай?

Балалар мында да көптеген әр түрлі дөңгелектер бар.Олар да түрлі түсті.

    Балалар осы менің қолымдағы дөңгелектерді өзінің ыдысына көлеміне қарай жинау керек.

    Біз бұл тапсырманы орындай аламыз ба? Олай болса, қанекей дөңгелектерді бірге ыдысына салып жинайық.Ол үшін ортаға бір бала шығып маған көмектесуі керек.Қалғанымыз мұқият қарап отырып кезекпен-кезек шығамыз.

    Ислам айта қойшы? Арайлымның жинаған дөңгелектерінің жиынтығын не деп атаймыз?

Дұрыс айтасың,

Қасымбек Арайлымның жинаған пирамидаларының түстерін айта қойшы?

Өте жақсы балалар, сендер түстерді жақсы біледі екенсіңдер? Айтыңдаршы, дөңгелектер аз болды ма, көп болды ма?

Өте жақсы, балалар сендер бұл тапсырманы дұрыс орындадыңдар.Енді барлығымыз үстелге жақындап осы пирамидаларды өз қолымызбен жапсырып үйренейік.

    Тәрбиеші балалардың алдына ақ қағаз бен желімді және түрлі-түсті қағаздарды таратты.

    Балалар қане кім тапсырманы орындап болды? Олай болса барлығымыз жапсырған пирамидамызды орнымыздан тұрып ата-аналарымыза және келген қонақтарға көрсетейік

Дөңгелек

Сары

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды

Орындай аламыз.

Ортаға Арайлым шығып, дөңгелектерді ыдысына жинады.

Исламның жауабы:

Пирамида

Қызыл, жасыл, сары, көк, күлгін.

Иә көп болды

Балалар үстелге жайғасып, пирамиданы желімдеуге кірісті

Балалар өздерінің жапсырған пирамидаларын қонақтарға көрсетті

Рефлексивті- түзету

- Бізге қонаққа кім келді?

Балалар сендер өте тәртіпті, ақылдысыңдар бүгінгі оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстаңдар.Мен сендерге өте жақсы қатысқандарың үшін мынадай жұлдызшалар беремін, осы жұлдызша сияқты жарқырай беріңдер.Сендерге көп-көп рақмет!

Ата-аналар

Балалар тәрбиешінің жылы лебізіне қатты қуанды.

Қорытынды нәтиже:

Нені білу керек:

- Әр түрлі түстерді                                                                                                                        

Нені игеру керек:

- Пішіндерді                                                                                                                                   

Нені біледі:

-Түстерді көлеміне қарай бір-бірінен ажырата біледі                            

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Тәрбие тал бесіктен" ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті»

Білім беру саласы: Таным. Шығармашылық.

.
Білім беру бөлімі:  Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы: «Ертегі еліндегі ғажайып математика»
МақсатыБалалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыра отырып, қарапайым сан мен санау және математикалық ұғымдарын бекіту, пішіндерді ажыратып айта білуге, оларды қоршаған ортамен салыстырып, түр – түсін, заттардың көлемін анықтай білуге дағдыландыру. Балалардың ой - өрісін, қол моторикасын, логикалық ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту, зейіндерін, белсенділіктерін арттыру. Балаларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Аралас сабақ: Айналамен таныстыру, тіл дамыту, жапсыру.

Сөздік жұмыс: Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, пішіндер.
Көрнекілігі:Слайд,геометриялық пішіндер,1,2,3,4,5 сандары

Дамытушылық; сандарды тура,кері санауға үйрету,логикалық ойын арқылы баланың қиялын,ой-өрісін,есте сақтау қабілетін дамыту

Жылулық шеңбері: (Балалар қимылмен көрсетеді)
- Алақанды ашайық,

Күн нұрын салайық.

Жүрек жылуын салайық.

Жиналған жылу шуақтарды,

Қонақтарға шашайық

Тәрбиеші:Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар:Қыс айы

Тәрбиеші:Қыста неше ай бар және атап беріңдерші.

Балалар: Үш ай ,желтоқсан,қаңтар,ақпан.

Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар.Балалар сендерге жұмбақ жасырайын.

Туысқан бес кісі,

Бірінен –бірі кіші,

Бәрінің аты бір,

Ең кішісі шеткісі, (бес саусақ)

Сабақ барысы:

Тәрбиеші:Балалар сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме?Қандай ертегі білесіңдер?

Балалар: Бауырсақ,Үйшік,Үш аю,Жеті лақ

Сен қандай пішінсің?

-Төртбұрышпын, төртбұрышпын.
Төрт қабырғасы бар бұрышпын,
Қай жағынан қарасаңда,
Төрт қабырғам тең бұрышпын.

Тәрбиеші:

- Неге төртбұрыш дейді екенбіз, қанекей төртбұрыштың қабырғаларын, бұрышын санайық. (санайды) Төртбұрыштың түсі қандай?

Үшбұрыш:
-Үшбұрышпын, үшбұрышпын,
Үш қабырғам бар бұрышпын,
Төртбұрыштан аз болсам да,
Орны бөлек үшбұрышпын.

- Ал, үшбұрышты неге үшбұрыш дейді екенбіз, бұрыштар мен қабырғаларын санайық. Үшбұрыштың түсі қандай екен?
 
Дөңгелек:

- Домалақпын, домалақпын,
Дөңгелек боп домаладым.
Ай сияқты, күн сияқты
Шар сияқты домалақпын.

-  Дөңгелектің бұрышы бар ма?

- Пішіннің түсі қандай?
І. Тәрбиеші:

- Балалар, осы пішіндерді қоршаған ортамен салыстырайық. (ведиопроектордан пішіндерге ұқсайтын заттарды атап, таяқшамен көрсетеді)

Д/о. «Айналадағы заттардың пішіні"

Шарты: Заттардың қандай пішіндерге ұқсайтынын тауып айту.

ІІ. Тәрбиеші:

– Балалар, Ханшайымның «Кеңістікті бағдарлау»деген тапсырмасы бар.

Шарты:Тақтадағы үлгі бойынша тапсырманы орындау. Ақ жапсырғыштың бетіне жоғарғы жағына төртбұрыш, төменгі жағына дөңгелек, оң жағына үлкен үшбұрыш, сол жағына кішкентай үшбұрышты жапсыру.

Тәрбиеші тексереді.

Тәрбиеші:

- Ал, балалар, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Көңілденіп біз енді,

Бой сергітіп алайық.

 «Ойыншықтар» әнін музыка әуенімен балалар ойыншықтарын алып, қимыл көрсетіп айтады.

Біздерде бар қуыршақ,

Бұзау, қозы, құлыншақ.

Ойыншықтар тыңдайды,

Әмір беріп бұйырсақ.

Ойыншықтар ұйықтайды,

Айтқаныңнан шықпайды.

Ал, қозы мен құлыншақ,

Ұйықта десең ұқпайды.

ІІІ. Тәрбиеші:

–Балалар, Ханшайымның мынадай тапсырмасы бар, «Ойыншықтардың үйін табу» деген.

Шарты: - Мына жерде биік және аласа үй бар. Ойыншықтарды көлеміне қарай, биік үйшікке үлкен ойыншықтарды, аласа үйшікке кішкентай ойыншықтарды апарып қою керек.
ІV. Тәрбиеші: - Балалар, Ханшайымның тапсырмасына қарайықшы.

- Мынау не?

- Балық.

- Балық қайда жүзеді?

- Суда.

- Балықтардың көлеміне қарасақ бірдей ме?

- Жоқ.

Мынау қандай балық?

- Үлкен, кіші, мынау одан да кіші.

Тәрбиеші: - Балалар, Ханшайымға көмектесейік. (Түсіндіру)

- Балалар, мынау біздің аквариум болсын. Ал мынау балықтардың орны, мынау көзі. Алдымызда тұрған балықтарды алып, көлеміне қарай балықтардың орнын табамыз.

Д/о «Балықтардың орнын тап»

Шарты: Үлкен, орташа, кіші  балықтарды тауып, олардың көлеміне қарап, ілгектеу.

V. Тәрбиеші: Балалар,  біз мына  пішіндердің көмегімен көптеген заттарды құрастыра алады екенбіз.
Ал сендер құрастыра аласыңдар ма?

Тәрбиеші: - Балалар, құрастырып көрейікші. Ол үшін төртке топқа бөлінейік. (Балалар төрт топқа бөлінеді. Матадан тігілген пішіндерді алып, )
1-топ: Пішіндерден үй құрастырады.

- Үй қандай пішіндерден тұрады?.
- Төртбұрыштан, үшбұрыштан тұрады.

2-топ: Құрт

- Құрт қандай пішіндерден тұрады?

- Төрт дөңгелектен тұрады.

- Үлкен, орташа, кіші, одан да кіші, кішкентай дөңгелектен тұрады.

3-топ: Машина

- Машина қандай пішіндерден тұрады?
- Тік төртбұрыштан, шаршы, екі дөңгелектен тұрады.

Тағы не құрастыруға болады?

Музыкамен дыбыс шығарады. Балалар бұрылып, Ханшайымның алдына барады.

Ханшайым:
- Балалар, барлықтарың сабаққа жақсы қатыстыңдар. Рахмет.
Тәрбиеші:

- Жарайды, балалар, Ханшайыммен қоштасып, поезға отырып тобымызға барайық.

Балалар:
- Пыш - пыш, пыш - пыш біз кеттік,
Жүрісті біз үдеттік.
Гу - гу, гу - гу гуілде,
Қалып қойма біріңде.

Сабақ аяқталды.

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Тәрбие тал бесіктен" ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Автор: Нуркасова Мейрамгуль Онгарқызы

Дата: 15.04.2018

Номер свидетельства: 466229

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Апталы? «Ана тілім – арда?тым»"
    ["seo_title"] => string(23) "aptalykanatilimardaktym"
    ["file_id"] => string(6) "293476"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455473195"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Т?рбиені? алтын бесігі – балаба?ша"
    ["seo_title"] => string(32) "trbiieninaltynbiesighibalabaksha"
    ["file_id"] => string(6) "280547"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1453388704"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(137) "«Мектепке дейінгі тәрбиешінің музыка оқу іс-әрекетіндегі рөлі!» (Баяндама)"
    ["seo_title"] => string(80) "miektiepkie_dieiinghi_t_rbiieshinin_muzyka_ok_u_is_riekietindieghi_roli_baiandam"
    ["file_id"] => string(6) "396133"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1488191697"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) ""Сен оз кукыгынды білесін бе?""
    ["seo_title"] => string(31) "sien-oz-kukyghyndy-biliesin-bie"
    ["file_id"] => string(6) "294531"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1455651627"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Жыл басына таласқан жануарлар!"
    ["seo_title"] => string(34) "zhyl_basyna_talask_an_zhanuarlar_2"
    ["file_id"] => string(6) "408375"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1491906082"
  }
}

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства