kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Сумен таныстыру"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балабақша балаларына арналған.Тәрбиешілерге көмекші құрал болып саналады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Сумен таныстыру"»


Білім беру салалары: «Таным», «Коммуникация», «Шығармашылық», «Денсаулық», «Әлеумет», Мария Монтессори элементтері, денсаулық сақтау технологиясы бойынша дем алу жаттығулары.

Ұйымдастырылған оқу қызметтері: Жаратылыстану, Тіл дамыту, Сурет салу, Дене шынықтыру, Экология негіздері.

Тақырыбы: «Сумен таныстыру» (тәжірибелі іс-әрекет)

Мақсаты:

1. Балаларға су туралы түсінік беру және судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру.

2. Судың табиғатта баға жетпес сый екенін айту, түсініктерін қалыптастырып дамыту. Суды үнемдеп пайдалануға және судың барлық ерекшеліктері туралы сипаттау.

3. Қазіргі кезде адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат-ананы қорғап, аялауға үйрету. Суды ластамауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, мадақтау.

Көрнекі құралдар: Ғаламшар, су, қант, тұз, сүт, гуашь бояулары жағылған таяқшалар, стақандар, әртүрлі суреттер, демалу жаттығуларына тамшылар.

Сөздік жұмыс: Судың қасиеті, түссіз, дәмсіз, иіссіз, қатты, сұйық, бу.

Жаңа технология: Мария Монтессори элементтері, денсаулық сақтау технологиясы.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу.

Самал жел бізді желдетші,

Күн нұры бізді жарқырат.

Таза ауа дем берші,

Мөлдір су бізді салқындат.

Балалар шаттық шеңбері-не тұрып өлең жолдарын айтып, сәйкес қимыл-қозғалыс жасайды.

Іздестіру-ұйымдастыру

Балалардың назарын су құйылған ыдысқа аудару.

- Мынау не?

Ақын Тұрсынзада Есімжановтың су туралы мынадай өлең жолдарын айтып берейін.

Су жүргізер тіршіліктің тамырын,

Су жоқ болса, тіршілік тамам бауырым.

Судың біз біле тұра маңызын,

Көп болған соң ұмытамыз қадірін.

- Балалар, осы өлең жолдарында айтқан-дай су болмаса тіршілік болмайды.

- Су қандай?

- Су бізге не үшін керек?


- Балалар, менің қолымда ғаламшар.

Ғаламшар – жердің мекені. Ол шарға ұқсайды. Ғаламшарды айналдырсақ бірақ түсті ғана болып көрінеді. Себебі, жер бетінде су өте көп. Сондықтан, картада, ғаламшарда суды көк түспен белгілейді. Көк түс судың түсі.


Ал кім су туралы тақпақтар біледі екен?











- Су туралы қандай тыйым сөздерді білеміз?






Судың қасиеттерін толықтай білу үшін барлығымыз сиқыршыға айналамыз.

Орындықтарымызды тасымалдап, үстел басына келейік. /Мария Монтессори элементтері бойынша/

Үстел үстінде ыдыстарға құйылған су бар. - Судың дәмі бар ма?

- Дұрыс айтасыңдар, су – дәмсіз, иіссіз. Осыны да біз тексерейік, алдарыңда ыдысқа су құйылған. Сол суды ішіп көріңдер.

Мария Монтессори элементтері: «Сумен ойын»

Енді осы суға кейбіреулерің қант қосып көріңдер, ал басқаларың тұз қосып көріңдер. Суды ішіп көріңдер дәмі қандай болды екен?

Дұрыс суға біз не қоссақ, сол заттың дәмін сеземіз, ал судың дәмі жоқ екен.

- Балалар, сиқырымызды әрі қарай жал-ғастырайық.

- Судың түсі бар ма?

- Егер де суға бояу қосып жіберсек, не өзгереді екен? Оны да тәжірибе арқылы көрейік. Стакандағы суға гуашь бояулары жағылған таяқшаларды салып көрейік. қосайық.

- Сенің суыңның түсі қандай болды?


- Ал сенің ше?


- Сонымен қатар су мен сүтті салыстырып көрейік, су бар стақанға қасық салайық, қасық көрінеді ме?

- Ал сүт құйылған стақанға қасық салсақ ол көрінеді ме?

Сондықтан судың түсі жоқ, ол – мөлдір екен.

- Стақандағы суды тоңазытқышқа қойсақ, ол мұз болып қатып қалады. Ал мұзды жылы жерге қойсақ, ол еріп суға айнала-ды. Суды шәйнекке құйып қайнатсақ, қақпағынан бу шығады, яғни бу болып ұшады.

- Мен сендердің қолдарына мұз беремін, ұстап көріңдерші не болады екен? (балаларға мұз беру, ол ери бастайды.)

- Мұзбен не болады?

- Иә дұрыс айтасыңдар мұз ери бастады, себебі біздің қолымыз жылы.

- Менің кішкентай сиқыршыларым, қызықты ойын ойнап жіберейік.

Қимыл-қозғалыс ойыны: «Жел көбік»

Ойын шарты: Балалар бір-бірінің қолы-нан ұстап, бір-біріне жақын-жақын дөңге-лене тұрады. Өлең жолдарын айтады.

Көпіре гөр көбік шар,

Көпіре гөр кеңіп шар.

Осы күйі қал тұрып,

Кете көрме жарылып.

Өлеңді айтып бара жатып балалар дөңгелек шеңберді кеңейте түсу керек. Тәрбиеші: «Жел көбік жарылды» деген кезде барлық балалар қолдарын төмен түсіріп, бір дауыспен «Тарс етті»,- деп тізерлеп отыру керек. Жаңа көбік үрлеуді ұсыну керек. Балалар орындарынан тұрып, қайтадан дөңгеленіп тұрып ойынды бастайды.

- Балалар, сиқырымызды жалғастырайық.

Тамшы бейнелеген қағаздарды дайындап қою.

«Тамшыны» сиқырлап балыққа айналды-рамыз. Балықтың суретін салу жолдарын көрсету.

Жаңа технология бойынша денсаулық сақтау технологиясы

Демалу жаттығулары: «Тамшыны үрлеу»

Шарты: Шеңберге ілінген тамшыларды үрлеп ұшыру. (2-3рет жасатуға болады)



- Су.




Өлеңді тыңдайды.






- Су – таза, мөлдір.

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Ғаламшарды қарайды.

Көк түстің басым екенін

байқайды.






1- бала:

Сылдыр-сылдыр, сылдыр су,

Сылдыр суға бетіңді жу.

Жуынсаң сен әрдайым,

Аппақ бетің маңдайың.

2-бала:

Су – тіршілік білсеңдер,

Судан ырыс күткен жер,

Суды лайлап түкірме!

Деп үйретер үлкендер.


1. Су ішкен құдыққа түкірме.

2. Түнде суға барма.

3. Түнде судың бетін ашық қалдырма.

4. Өзен, көлдерді ластама.







- Судың дәмі болмайды.




Балалар суды ішіп көреді.



Балалардың жартысы суға қант қосады, ал басқалары тұз қосады, өздерінің сезімдері туралы айтады.





- Судың түсі жоқ.

Балалар бояу жағылған таяқшалар арқылы судың түсі өзгергенін айтады.



- Менің суымның түсі қызыл болды.

- Менікі жасыл түсті болды.



- Иә көрінеді.


- Жоқ көрінбейді.









Балалар мұзды бір-біріне жалғастырады. Мұздың ерігенін байқайды.

- Мұз еріп кетті.






Балалар бір-бірінің қолда-рынан ұстап шеңбер жа-сайды. Өлең жолдарын айтады.




Дөңгелек шеңберді кеңей-теді.



«Тарс етті»,- деп тізерлеп отыра кетеді. Балалар орындарынан тұрып ойынды тағы жалғастыра-ды.




Үлгіге қарап «Тамшыны» балыққа айналдырады.





Тамшыларды үрлейді.


Рефлексті түзетушілік

Өте жақсы балалар, ал енді барлығымыз орнымызға отырайық, міне бүгін біз сендермен су туралы көп мәлімет алдық. Ал енді осы сұрақтарға жауап беріңдерші:

  • Судың иісі, дәмі, түсі бар ма?

  • Судың қандай қасиеттері бар?

  • Қандай тәжірибе жасадық?

  • Сусыз өмір сүруге бола ма?

  • Суды күнделікті өмірде қалай пайдаланамыз?

  • Қандай ойын ойнадық?

  • Суды үнемдеу керек пе?

Білсін мұны балалар,

Сусыз құрғақ далалар.

Сусыз қараң қалалар,

Ескертеміз бар ұлға,

Ескертеміз бар қызға

Суды босқа ағызба.

- Жарайсыңдар балалар, бүгінгі оқу қызметіне белсене қатысқандарыңыз үшін сендерге алғысымды білдіремін.

Балаларды жұлдызшамен мадақтау.





Балалардың жауаптары тыңдалады.







Суды үнемдеп пайдалану-ды естеріне сақтайды.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Судың сұйық зат екенін, тәжірибе арқылы судың қасиеттерінің өзгеріп отыратынын;

Болуы керек: Суды үнемдеп пайдалану, табиғат-ананы қорғап, аялау туралы түсінігі;

Баланың қолынан келуі керек: Тәжірибені ұқыпты жасап, бастаған істерін аяғына жеткізе алу.






























Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «35 «Балдырған» бөбекжайы»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



«Бекітемін»

№35 «Балдырған» бөбекжай директоры

_________________М.М.Кабдрахманова

« » қараша 2016 жыл







«Сумен таныстыру»

Қорытынды есеп беру ұйымдастырылған оқу қызметі


/ №1 ІІ кіші тобы/




Дайындаған: №1 ІІ кіші тобының тәрбиешісі Р.С.Сражанова

Өткізген: №1 ІІ кіші тобының тәрбиешісі Р.С.Сражанова






















Ақтау қаласы

2016-2017 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Сумен таныстыру"

Автор: Айтбаева Карлыгаш Кирикбаевна

Дата: 02.11.2017

Номер свидетельства: 436169

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Балаларды сумен таныстыру"
    ["seo_title"] => string(25) "balalardy_sumen_tanystyru"
    ["file_id"] => string(6) "551879"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1590742615"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "Сумен таныстыру"
    ["seo_title"] => string(18) "sumien_tanystyru_1"
    ["file_id"] => string(6) "459754"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1519658861"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(119) "?орша?ан ортамен таныстыру "Мені? ?йімдегі б?лме г?лдері" ашы? саба? "
    ["seo_title"] => string(77) "k-orshag-an-ortamien-tanystyru-mienin-uiimdieghi-bolmie-ghuldieri-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "202821"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429338719"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(125) "Баяндама тақырыбы: «Балаларды ойындар арқылы табиғатпен таныстыру»"
    ["seo_title"] => string(68) "baiandama_tak_yryby_balalardy_oiyndar_ark_yly_tabig_atpien_tanystyru"
    ["file_id"] => string(6) "398157"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1488804241"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) ""Сумен тәжірибе""
    ["seo_title"] => string(17) "sumien_t_zhiribie"
    ["file_id"] => string(6) "468543"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1525591948"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства