Ұйымдастыру. Мотивациялық қозғаушы Ұйымдастыру. Тәжірибе жасау. Сергіту сәті. Рефлексия | Қонақтарға назар аудару, сәлемдесу. «Шаттық шеңбері» Шаттық шеңберге тұрғызу. Қане, балалар, барлығымыз жан-жаққа қарап, табиғатқа сүйсінейікші (терезе алдына жақындайды) табиғат қандай керемет! Кәнеки, қуанышымызбен бөлісіп, ризашылық сөздерімен айналамызды қошеметтейік. Күн, сәуле шашқаның үшін рахмет! Ауа, таза аспаның үшін рахмет! Бұлт, жаңбыр сепкенің үшін рахмет! Ағаш, көлеңкең үшін рахмет! Топқа адасқан «Тамшы» келеді. Балалар қараңдаршы адасқан «Тамшы» келіпті. Неге жылап тұр? Қане өзінен сұрап көрейікші. Тамшы: мен ойнап жүріп, өз достарымнан, бұлт ана-анамнан адасып қалдым. Енді достарым мен ата-анамды қайда барып іздейтінімді білмеймін. Балалар біз адасқан «Тамшыға» көмек береміз бе? Сылдыр, сылдыр, сылдыр су, Сылдыр суға бетіңді жу. Жуынсаң сен әрдайым, Аппақ бетің, маңдайың. Дидактикалық ойын: «Адамдарға су не үшін қажет» - Су адамдарға беті-қолды жуу үшін қажет. - Шай қайнатып ішу ішін қажет. - Жеміс-жидектер жуу үшін қажет. - Тамақ пісіру үшін қажет. - Кір жуу үшін қажет. - Гүлдерді, бақшаларды суару үшін қажет. - Балықтар да сусыз өмір сүре алмайды. - Айдана, көрдің бе, қандай біздің балалар көп білгіш. Жақсы, балалар. Балалар, үстел басына барып «Тамшымен» бірге тәжірибе арқылы судың қасиеттерімен танысады (барлық балалардың алдында стаканда су) I.Тәжірибе. «Судың түсін ажырату» - Судын түсі қандай болады? 1 - стаканда су – қасық салу. Көріне ме? 2 - стаканда сүт – қасық салу. Көріне ме? Шешімі: судың түсі жоқ, ол мөлдір. II. Тәжірибе. «Судың түсін өзгерту» Әр балаға бояу жағылған қылқалам беру. Суды арластырады. Тәрбиеші: Судың түсін өзгертуге бола ма? Ал сендер суда жүзгенді ұнатасыңдар ма? Келіңдер балықтарша бір жүзіп алайық: Тұп-тұнық таза суда Балық жүзіп ойнауда, Біресе керіледі, біресе жиырылады. Ал бірде, құмға тығылады. IІІ. Тәжірибе. «Судың пішіні бола ма?» Енді ыдысқа құм саламыз. Ол да стаканның пішініндей. Сондай құм сұйық зат болғаны ма? Осыны тексеріп көз жеткізейік. Суды жалпақ табаққа төгем, су жайлып кетті. Яғни су – сұйық зат. Ал құмды төгейін, ол үйіліп қалды. Олай болса, құм сұйық зат емес, сусымалы зат екен. Шешімі: Демек, су мен құм әр түрлі заттар екен. Құмнан түрлі пішіндер жасауға болады. зат. Су сұйық зат, одан пішін жасауға келмейді. ІV. Тәжірибе Судың иісі бар ма? Иіскеп көрейікші. Жұмбақ жасырады: Жылт- жылт еткен,жылғадан өткен (су) Дәмі жоқ, тусі жоқ Пайдаланбас кісі жоқ (су) «Шулешко» әдісі бойынша. Аквариумге көк және қызыл балықтарды жапсыру арқылы, балалардың не үйренгені, нені білгені жайлы қорытындылау. Ал, енді балалар біздің тамшымыз өзінің достарының қай жерде болатынын білді. Біз оған өз ата-анасына қосылуға көмектесейік. Тамшымызды буға айналдырып қолымызды созып, тамшыға үрлеп аспанға ұшып кетуіне көмектесейік. Алақанымызға тамшыны салайық қатты уқалайық, алақандарың құрғады ма? Ендеше тамшы буға айналды оған көмектесіп, үрлеп аспанға ұшырайық «Сау бол, тамшы» Мақтау,мадақтау. | Балалар қонақтармен сәлемдеседі Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Өлең жолын қайталайды. Балалар тамшыға көмек береді. Тақпақ жолдарын қайталайды.
Балалар, суретке қарап тамшыға су туралы әңгімелейді Балалардың жауабы тыңдалады. Сергіту қимылдарын қайталайды. Балалар өз ойларын айтып, тәжірибе жасағандарын бір-біріне қызығушылықпен бөліседі.
Балалар сұрақтарға жауап береді |