Қажетті құрал-жабдықтар:электронды оқулық,интерактивті тақта,темір үгіндісі,тұз қышқылы,дидактикалық материалдар.
Сабақтың кезеңі:
Ұйымдастыру:
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.Сыныпты 4 топқа бөліп отырғызу.
1топ: Алюминий,алтын,азот,аргон,астат
2топ: Берилий,бор,бром,барий,борий
3топ:Магний,марганец,мырыш,мыс,мышьяк
4топ:Кальций,калий,көміртек,кремний,күкірт
І.Қызығушылықты ояту
Бейнежазба көрсетіледі (15.02.2013 жылы Челябинскіде болған табиғат құбылысы.Не себептен бұл бейнежазба көрсетілді?Оқушылар химия пәнімен, өтілген тақырыппен байланыстырып айту керек)
Раундробин стратегиясы Темір туралы не білесіздер?
Парақ беріледі;
Әрқайсысы өз ойын жазады,жазғанын бүгеді;
Топтағы түгел оқушы жазып болғасын,бір оқушы тұрып оқиды;
Ортақ ой шығарып, үш сөйлем жазады.
Бейнежазба көрсетіледі
а) темірдің оттекте жануы(темір жанғанда қандай өнім түзіледі,реакция теңдеуін жазу)
ә) темірдің сұйытылған күкірт қышқылымен реакциясы (реакция теңдеуін жазу)
Тәжірибе: темірдің тұз қышқылымен реакциясы (реакция теңдеуін жазу)
Сұрақ: Нәтижесінде түзілген заттарды қандай элементтің қосылыстарына жатқызамыз? (темірдің)
Оқушылар дәптерлеріне күнді,тақырыпты жазады.
ІІ.Мағынаны тану«Венн диаграммасы» стратегиясы
І,ІІІ топ
Айырмашылығы
Ұқсастығы
Айырмашылығы
FeO
Fe2O3
1.ІІ валентті
1.темір оксидтері
1.ІІІ валентті
2.+2 тотығу дәрежесі
2.суда ерімейді
2.+3 тотығу дәрежесі
3.қара түсті
3.ұнтақ
3.қызыл күрең
4.негіздік қасиет көрсетеді
ІІ,ІV топ
Айырмашылығы
Ұқсастығы
Айырмашылығы
Fe(OН)2
Fe(OН)3
1.ІІ валентті
1.темір гидроксидтері
1.ІІІ валентті
2.+2 тотығу дәрежесі
2.тұздарына сілтімен әсер ету арқылы алады
2.+3 тотығу дәрежесі
3.жасыл
3.қыздырғанда айырылады
3.қызыл күрең
4.суда ерімейтін гидроксидтер
ІІІ.Ой толғаныс
1)«Араласып кеткен формулалар» стратегиясы (формулаларды темірдің ІІ және ІІІ валентті қосылыстарға жіктеу)
FeCl3, FeS, FeO , Fe2O3 , FeCl2, FeSO4, Fe2 (SO4) 3, Fe (OH)2↓, Fe (OH)3↓, Fe(NO3)2, Fe(NCS)3.
2) Оқулықпен жұмыс №6,138 бет
3)Теміртау зауытына 464 тонна магнит теміртасы (Fe3O4) бар руда әкелінді. Руданың осы мөлшерінде қанша темір бар?
4) Функционалды сауаттылықты дамыту (бейнежазба көрсетіледі)
А) Алюминий кастрюлі
ә) Шәйнектегі қақ
б) Асқазан қыжылдағанда не себептен ас содасын пайдаланады?
5) Оқушылардың шығармашылық жұмыстары (қосымша мәлімет)
Темір адам ағзасында;
Темірдің табиғаттағы таралуы;
Химиялық диктант
1.Темірдің реттік нөмірі?
2. Темірдің салыстырмалы атомдық массасы қанша?
3.Темірдің валенттілігі және тотығу дәрежелері?
4.Пириттің формуласы?
5.Қазақстандағы темір кені өндірілетін қала? (Теміртау)