kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сиқырлы таяқшалар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бөлімі: «Вариативтік компонент».

Тақырыбы: Сиқырлы таяқшалар

Мақсаты: Балаларды қағаз түрлерімен және түрлі түсті қарындаштармен таныстыруды жалғастыру. Сурет салуға қызығушылықтарын арттыру, қарындашты оң қолмен ұстауға үйретіп жаттықтыру. Ұқыптылық пен тазалыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: қуыршақ Айсана, шар, доптар.

Сөздік жұмыс: дөңгелектер, таяқшалар, қарындаштар.

Іс - әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

-Балалар, бізге қуыршақ Айсана қонаққа келген екен. Айсана балалармен амандасады.

Балалардың сурет салуға ынталарын біліп, қызықтыратын сұрақтар қояды.

Балалар қуыршақ Айсанамен сәлемдесіп, қорапты қарайды.

Олар сурет салуды жақсы көретіндерін айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік

Қарындашты оң қолдың үш саусағы-бас бармақ,сұқ саусақ, ортаңғы саусақпен ұстап, ұшын қатты баспай әр түрлі сызықтар, нүктелер, дөңгелектер сызып, жұмыс жасау.

Сонымен қатар үлестірмелі материалдардағы суретке назарларын аударады.

-Айсананың жақсы көретін досы Күлдіргіштің қолындағы шардың жіптері үзіліп қалыпты. Шарлар жеңіл болғандықтан, ұшып кетуі мүмкін, сондықтан жіп тағып қоюымыз керек. Өздерің қалаған түспен шарды бояп шығындар. Айсана саусақ жаттығуларын жасауды ұсынады.

Оң саусағым шаршады,

Сол саусағым шаршады.

Саусақтарым бірігіп,

Билеп,билеп алады.

Қағазды қолмен ұстап, танысады. Қарындашты оң қолдарына дұрыс ұстап, ауада сурет салу жолдарын қайталайды.

Күлдіргіштің шарын бояйды. Таза,кірлетпей,әдемі салу жолдарын сақтайды.

Балалар саусақтарымен өлең сөздеріне сәйкес қимылдар жасайды. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сиқырлы таяқшалар»

ІІ кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: «Вариативтік компонент».

Тақырыбы: Сиқырлы таяқшалар

Мақсаты: Балаларды қағаз түрлерімен және түрлі түсті қарындаштармен таныстыруды жалғастыру. Сурет салуға қызығушылықтарын арттыру, қарындашты оң қолмен ұстауға үйретіп жаттықтыру. Ұқыптылық пен тазалыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: қуыршақ Айсана, шар, доптар.

Сөздік жұмыс: дөңгелектер, таяқшалар, қарындаштар.


Іс - әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

-Балалар, бізге қуыршақ Айсана қонаққа келген екен. Айсана балалармен амандасады.

Балалардың сурет салуға ынталарын біліп, қызықтыратын сұрақтар қояды.

Балалар қуыршақ Айсанамен сәлемдесіп, қорапты қарайды.

Олар сурет салуды жақсы көретіндерін айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік


















Қарындашты оң қолдың үш саусағы-бас бармақ,сұқ саусақ, ортаңғы саусақпен ұстап, ұшын қатты баспай әр түрлі сызықтар, нүктелер, дөңгелектер сызып, жұмыс жасау.

Сонымен қатар үлестірмелі материалдардағы суретке назарларын аударады.

-Айсананың жақсы көретін досы Күлдіргіштің қолындағы шардың жіптері үзіліп қалыпты. Шарлар жеңіл болғандықтан, ұшып кетуі мүмкін, сондықтан жіп тағып қоюымыз керек. Өздерің қалаған түспен шарды бояп шығындар. Айсана саусақ жаттығуларын жасауды ұсынады.

Оң саусағым шаршады,

Сол саусағым шаршады.

Саусақтарым бірігіп,

Билеп,билеп алады.

Қағазды қолмен ұстап, танысады. Қарындашты оң қолдарына дұрыс ұстап, ауада сурет салу жолдарын қайталайды.





Күлдіргіштің шарын бояйды. Таза,кірлетпей,әдемі салу жолдарын сақтайды.






Балалар саусақтарымен өлең сөздеріне сәйкес қимылдар жасайды.

Рефлексивті-түзеуші

-Осы сиқырлы таяқшалармен әдемі суреттер салдық. Мен сендерге сыйлыққа осы қарындаштарды беремін. Қоштасып өзінің ойыншықтар әлеміне кетеді.

Өз салған суреттеріне қарап, әдемі сурет салғандарына көздерін жеткізеді.













ІІ кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: «Вариативтік компонент».

Тақырыбы: Ұзын жолдар

Мақсаты: Балалардың бояумен сурет салуға қызығушылықтарын арттыру. Қылқаламды оң қолдарына ұстап сурет салуға жаттықтыру. Ұқыптылыққы, әдемілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, мысық.

Сөздік жұмыс: бояу, іздер.


Іс - әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

-Бүгін бізге қонаққа мысық өте әдемі болып келіпті. Көңіл бөліп қараңдаршы.

Мысық:

-Мен сендерге арнап үнтаспаға қоятын әуен ала келдім.Бүгін бояумен сурет салуды үйренейік.

Балалар мысықпен қуана сәлемдеседі.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік










Балаларға кім болса да жүрген кезде із қалдыратынын көрсетіп, түсіндіреді.

Сөздік жұмысын жүргізеді.

Балаларға түзу жолға із салу жолын түсіндіреді. Ізді қоңыр түсті гуашьты пайдаланып, қылқаламның ұшын баса отырып, дөңгелектеп салады.

Сергіту сәті

Сурет салғанда сүрткішті, қылқаламды дұрыс пайдалану ережесіне тоқталады.



«Бояу,із» деген сөздерді қайталап, жаңғырық әдісімен айтады.





Іздерін бір-біріне ұқсатуға көңіл бөледі.

Рефлексивті-түзеуші

Мысық барлық балалардың суретін көріп, әдемі салғандарын, біркелкі ізге ұқсатқандарын айтып, мадақтайды. Қоштасып өз достарына баратындығын айтады.

Балалар өз суреттеріне қарап, мысықтың айтқанына келісетін-келіспейтіндерін туралы ойларын айтады.





















ІІ кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: «Вариативтік компонент».

Тақырыбы: Орамалды безендіреміз

Мақсаты: Балаларды шаршы пішінді орамалға өрнектер салуға жаттықтыру. Өздері салған өрнектерді қылқаламмен бояу арқылы эстетикалық талғамының дамуына мүмкіндік туғызу. Бояудың түсін таңдай білуге, көркемдік талғампаздыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, орамал.

Сөздік жұмыс: шашақтар, орамал.


Іс - әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

-Балалар,бұл не? Түсі қандай? Пішіні қандай? Қандай геометриялық пішінге ұқсайды? Орамал әдемі ме? Неге орамал дейміз?

-Түсі қызыл және сары. Шаршы пішінді. Оның орап, жамылып жүретіндіктен орамал деп аталатынын түсінеді.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік










-Сендер саған осындай әдемі орамалдың суретін салып беріңдерші. Өйткені орамалды біздің аналарымыз, әжелеріміз жақсы көреді. Олар оны сәнді және жылы болу үшін бастарына салады. Өз аналарыңа не әжелеріңе арнап орамалдың суретін салуларыңа болады.

Маған арнап осы орамалды салып берсеңдер де болады.

Орамалдың салыну жолдарын түсіндіреді.

«Добым» сергіту сәті

Доп-доп,добым,домалақ,

Қайда кеттің домалап.

Бір,екі деп екі ұрдым

Шатырға сен секірдің.

Қарындашпен қысқа сызықтарды сызып,барлық шетіне шашақ салып шығады.

Балалар орамалды салып беруге келіседі. Қалай салу жолдарын таңдап көреді.




Дәптерді сол қолмен ұстап отырып,солдан оңға қарай қажетті ұзындықта түзу сызық сызады.




Қарындаштарды орнына қойып, өлең жолдарын қимылмен көрсетеді.



Рефлексивті-түзеуші

-Керемет әдемі орамалдар салдыңдар. Түстері қандай? шетіне шығармай боядыңдар. Маған қатты ұнады.

Ал шетіне шыққан болса, келесі жолы әдемілеп бояу керектігі жайында айтады. Балаларға бояған кезде көздері шаршағанын айтып, көзге арналған «Менің көздерім» деген жатттығуды жасауды ұсынады.

Менің оң көзім әдемі

Менің сол көзім әдемі.

Түстері сары, қызыл екендігін қайталайды.

«Әдемі», «орамал», «шашақтар» деген сөздерді қайталайды.



Барлығы тұрып, көзге жаттығу жасайды. Жаттығуды 1-3 рет қайталайды.







ІІ кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: «Вариативтік компонент».

Тақырыбы: Тостаған

Мақсаты: Әр баланың жеке жұмыс істеу дағдысын жетілдіру. Балалардың тостаған туралы түсініктерін жетілдіру. Іскерлік дағдыларды қалыптастыру.

Көрнекіліктер: демонстрациялық суреттер, тостаған.

Сөздік жұмыс: тостаған.


Іс - әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Гүліндей боп даланың,

Жайнап өсіп барамыз,

Салтыменен бабамның

Иіліп сәлем береміз.

Өлең жолдарын балалармен бірге қайталап айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік










Балаларға тостағанды әшекейлеп беру үшін сұқ саусақтарын пайдаланып, дөңгелектеп салуға болатындығын түсіндіреді. Сүрткішті дұрыс пайдалану, бір-біріне бөгет жасамай дұрыс отыру қажеттілігін түсіндіреді.

Сергіту сәті

Көбелекке ұқсап,

Ұшайықшы бәріміз.

Оңға қарай бір ұшып,

Айналайық жер шарын.

Сұқ саусақпен ортадағы дөңгелекті салады. Жұмыс жасаған орындарын жинайды.





Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.

Рефлексивті-түзеуші

«сезіп көр де, суретін сал» ойынын ойнатып, сабақты қорытындылайды.

Ойын ойнап, жұмыс жасаған орындарын жинайды.

































ІІ кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: «Вариативтік компонент».

Тақырыбы: Алтын күз

Мақсаты: Балалардың күзгі табиғат құбылыстары ерекшеліктерін әсерлі қабылдай білуін қалыптастыру. Күздің бейнесін сурет салу барысында жапырақтарды әр жеріне қылқаламның ұшын басып жағу тәсілімен салуды үйрету. Табиғат әсемдігін сезіну арқылы эстетикалық тәрбие беру.

Көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, жапырақтар.

Сөздік жұмыс: қоңыр күз, алтындай сары, үйілген.


Іс - әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Ормандағы ағаштар қандай, жерде не жатыр, жапырақтардың түсі қандай?

Осы көріністі «Алтын күз» деп атауға болатындығын түсіндіреді. Балалармен «алтын күз, сары ала жапырақтар, үйілген жапырақтар» сөздеріне сөздік жұмысын жүргізу.

Көріп болған соң күзгі табиғат суретін салуға келіседі.

Балалармен «алтын күз, сары ала жапырақтар, үйілген жапырақтар» сөздерін сыбырлау әдісімен қайталайды.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік










-Енді ормандағы ағаштардың күзгі көрінісін әдемі сурет етіп саламыз.

Бұл суретті алдымен салу жоларын түсіндіремін.

Үлестірмелі материалдар таратылып беріледі.

Осы жартылай дайын бетке қылқаламның ұшын ақырын ғана басып жағу тәсілімен жапырақтар салу тәсәлән көрсетеді.

Төбешіктерді сары түспен бояйды.

Әр бейнелейтін дүниенің түсі қанық, әдемі болу үшін балаларды әр түсті бояп болған соң қылқаламды сумен жуып, сүртіп отыруға үйретеді.

Сергіту сәті-«Жапырақтар ұшады».

Қылқаламды оң қолдарымен ұстап, дайын суреттерді сары, қызғылт сары, қанық сары, қоңыр гуашьтарды пайдаланып бояйды.



Бояу жұмысын орындау кезінде қылқаламды сумен жуып, сүртіп отырады. Тазалық ережелерін сақтайды.



Сергіту сәтін жасайды.

Рефлексивті-түзеуші

Салған суреттеріне қарап, әдемі салғандарын айтады.

Кім қандай жапырақты салғанын айтып, көрсетеді.

















ІІ кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: «Вариативтік компонент».

Тақырыбы: Қызыл,сары жапырақтар

Мақсаты: Қылқаламмен таныстыру, сүйкей жағу арқылы қағаз бетіне дақ түсіруді үйрету. Негізгі түстер туралы білімдерін бекіту. Балаларды алақанмен суре салуда ұқыптылыққа, тазалық сақтай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: демонстрациялық материалдар.

Сөздік жұмыс: қызыл,сары,қызғылт сары.


Іс - әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Балаларға бүгін бірнеше ата-аналардың қонаққа келгендігі жайлы хабарлайды.

Олардың балаларға арнап қызықты ойын ала келгендігі және алақан арқылы сурет салуға көмектесетіндерін айтады.

Балалардың қызығушылығы оянады.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік










Аналарының алып келген жапырақтарын көрсетеді.

-Мына жапырақтарға қараңдаршы, түстері қандай керемет.

Балалардан олардың түстерін сұрайды.

-Мынау-сары,мынау-қызыл, ал мынау - қызғылт сары жапырақ.

Кәнеки, бәріміз бірге қайталайықшы.

Балалармен бірге бірнеше рет қайталайды.

Балалар мен ата-аналарына өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасатады.

Сергіту сәті

Жел соқты,жел соқты,

Ағаштар желмен шайқалады.

Жел соқты,жел соқты,

Жапырақ түскен байқалды.

-Міне,мынау-сары,қызыл бояулар. Бір алақандарыңды сары бояуға батырып, таза қағаз бетіне бірнеше жапырақтардың бейнесін салыңдар.

Енді екінші алақандарыңды қызыл бояуға батырып, тағы да сол қағаздың бірнеше жеріне басып, жапырақтардың бейнесін жасаймыз.

Біздің қағазымызда екі түсті жапырақтардың суреттері пайда болды. Демек, жапырақ формасы біздің алақанымызға ұқсайды екен.

Аналары балаларының жұмысына ризашылығын білдіріп қоштасады.

Қызыл,сары,жасыл,көк,

Алуан-алуан жапырақ.

О,алақай,тамаша!

Шашу шашты жапырақ.






-Сары,қызыл,қызғылт сары.





Балалар қимыл қозғалыстарымен көрсетеді.


Балалар түрлі түсті жапырақтарды лақтырып ойнайды.








Балалар алақандарын сары,қызыл бояуға батырып, түрлі түсті жапырақтың бейнесін салады.





Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.

Рефлексивті-түзеуші

Балалардың аналарының көмегімен алақан арқылы салған түрлі жапырақтар суреті жайлы әңгімелеп, мадақтап, көрме ұйымдастырады.

Балалар өздері салған жұмыстарын қызықтайды.

ІІ кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: «Вариативтік компонент».

Тақырыбы: Әдемі көйлек

Мақсаты: Көйлек үлгісін әшекейлеуге үйрету. Саусақпен немесе мөртаңбалармен, қылқаламмен сурет салу дағдыларын қалыптастыру. Эстетикалық талғамын арттыру, әдемілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: демонстрациялық материалдар, қуыршақ Айсана.

Сөздік жұмыс: әдемі көйлек.


Іс - әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Балаларға қуыршақ Айсананың жылап отырғанын айтады, қуыршақтан кім ренжіткенін сұрайды. Айсана:

-Маған ешкім де тиіскен жоқ, ешкім де ренжіткен жоқ. Бірақ күшік досым қонаққа шақырған, қонаққа киетін әдемі көйлегім жоқ деп жылап отырмын.

Балалар қуыршақ Айсанадан неге жылап отырғанын сұрайды. Балалар Айсанадан қамықпауын сұрап, оған арнап әдемі көйлектің суретін салып беретіндіктерін айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік










Балаларға әдемі көйлекті дөңгелектермен әшекейлеу үшін мөртаңбаны, қылқаламды, сұқ саусақтарын пайдалануға болатындығын түсіндіреді.

Қылқаламның ұшымен бояуды тамызып, мақта оралған таяқшалар арқылы дөңгелек түсіруге болатынын, онын салу жолдарын көрсету, балаларға бағыт беру. Сүрткішті дұрыс пайдалануды, бір-біріне бөгет жасамай, дұрыс отыруды естеріне түсіреді.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық.

Белімізді жазайық.

Жоғары-төмен қарайық.

Оңға-солға, түзу тұр.

Бойымызға күш жинап,

Біз демалып қалайық.

Тыныс алу жаттығуларын жалғастырады.

Дайын көйлек үлгісіне балалар гуашпен, ң қолдарына қылқаламды алып, таңдаған түстерімен солдан оңға қарай дөңгелектер салады немесе мөртаңбаны пайдаланып басу тәсілімен көйлекті сәңдейді.


Кейбір балалар сұқ саусақпен салады.




Балалар орындарынан тұрып, бой сергіту сәтін қимылмен көрсетіп жасайды.


Аузы мен мұрнын қолмен жауып, ашады. Тыныс алу жаттығуларын екі-үш рет қайталайды.

Рефлексивті-түзеуші

Айсана балалардың әдемі көйлектің суретін салғандарына қуанып, өздерінен қандай өрнекті пайдаланғандарын сұрайды.

Қуыршақ Айсанаға рақмет айтып, өздері жұмыс жасаған орындарын жинайды.










ІІ кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: «Вариативтік компонент».

Тақырыбы: Кілемшені әшекейлеу

Мақсаты: Балалардың қазақтың ою-өрнектері туралы түсініктерін қалыптастыру. Кілеммен таныстыруды жалғастыру, кілемді түзу және ирек сызықтармен әшекейлей білуге үйрету, сурет салуға дағдыландыру. Әсемдікті сезінуге, көркемдік талғампаздыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: демонстрациялық материалдар.

Сөздік жұмыс: жолақша кілем.


Іс - әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

-Әжей бізге өзінің кілемін ала келіпті. Оны неге әкелді екен? Әжей келіп, балалардың кілем туралы не білетіндігін сұрайды.

Балалар әжеймен сәлемеседі.



Ұйымдастырушылық-ізденушілік










-Балалар, кімнің үйінде кілем бар?

Қандай кілем? Ол кілем не үшін қажет? Ол үйде қай жерде жатыр? Кілемді қайдан алды?

Әжей кілемнің ерекшеліктерін, төртбұрышты, жолақшалармен өрнектелген екендігін түсіндіреді.

Онда бірнеше жолақ сызықтар болғанына байланысты жолақша кілем деп аталатынын айтады.

Сөздік жұмысын жүргізеді.

Балалардың жолақтардың арақашықтарын бірдей және әдемі етіп салуын қадағалайды, қолдарын жаттықтыруға үйретеді.

Сергіту сәті

Қасқыр ағаш жарады,

Түлкі кілем қағады.

Елік тамақ пісіріп,

Қоян нанды жабады.

Кірпі көйлек тоқиды

Тиін сабақ оқиды.

Барлық үйде кілемдер бар екенін, жерде төсеніш болып жатқандығын, төртбұрышты, сопақша пішімді, түстері сары, қызыл, қоңыр кілемдер болатынын, әр түсті жолақшалары болуы мүмкін екендігін айтады.




Төменгі жағын солдан оңға қарай қсады.






Өлең жолдарын қимылмен көрсетеді.

Рефлексивті-түзеуші

Әжей балаларға жолақша кілемді салғандары үшін рақмет айтып, суретті әдемі салған балаларға тоқталады.

Әжеймен қоштасып, кілемдерін сыйға беретіндіктерін айтады.













ІІ кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: «Вариативтік компонент».

Тақырыбы: Жапалақтап қар жауды

Мақсаты: Балалардың қоршаған ортаға үйлерге,заттарға,ағаштарға, жерге қарай қардың қалай әдемі болып жауатындығын бақылату. Көк түс пен ақ түстің бір-бірімен үйлесімділігіне көңіл бөлуді үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: демонстрациялық материалдар.

Сөздік жұмыс: алғашқы қар, ұлпа қар, жеңіл, үлпілдеген.


Іс - әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Суреттерде нені көргендерін, айнала қоршаған ортада жыл мезгіліне байланысты болып жатқан өзгерістер жайында әңгімелеседі.

Өз ойларын айтды.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік










-Қар қандай болады? Қай мезгілде жауады?

Қысқы орман көріністерін көрсетеді.

Сөздік жұмысын жүргізеді.

Содан соң осы ұлпа қарды көз алдыларына елестеп, тыныс алу жаттығуларын жасауды ұсынады.

Балаларға үлгі сурет салынған дәптерлер таратады.

Сол дәптерлеріне алғашқы жауып тұрған қарды сүйкеп жағу тәсілімен салғызады.

Сергіту сәті

Қар жауыпты далаға,

Қар жауыпты қалаға.

Сырғанаймыз енді біз,

Отырып ап шанаға.

-Қыс мезгілінде қар жауады, күн суытады.


Сөздік жұмысында олар «жеңіл,үлпілдеген,ұлпа қар» деген сөздерді қайталап айтады.



Сүрткіштерге қолдарын сүртіп, таяқшаларды орнына қояды.



Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.

Рефлексивті-түзеуші

Балалардың аяқтаған суреттерін тақтаға іліп қойып, осы әдемі көріністі талқылайды.

-Аппақ қарға ұқсайтын тістерімізді көрсетіп, бір-бірімізге күлкі сыйлауды ұмытпайық.

Суреттеріне қарап өз ойларын айтуға талпынады.


Бір-біріне күлкі сыйлап, сабақты көңілді аяқтайды.

















ІІ кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: «Вариативтік компонент».

Тақырыбы: Ұзын құлақ сұр қоян

Мақсаты: Бірнеше бөліктерден тұратын пішіндерді үйлестіре білуге жаттықтыру. Дөңгелек және үлкен-кіші сопақша дөңгелектерді қосу арқылы қоянның бейнесін салуға жаттықтыру. Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: демонстрациялық материалдар.

Сөздік жұмыс: ұзын құлақ сұр қоян.


Іс - әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Қолдарын созып, бір-бірімен жақсы көңіл күймен амандасады.

Жұмбақ жасырады.

-Қайырлы таң,балалар!

-Қайырлы таң,жаңа күн!

Жұмбақтын шешуін табады.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік










Балаларға ұзын құлақ сұр қоянның суретін салуды ұсынады. Қоянның дене мүшелерін: басын дөңгелек, аяқтарын кіші сопақша дөңгелектермен сызып салуға болатынын көрсете отырып түсіндіреді. Көрсетілген үлгі бойынша қоянның суретін салғызады.

Сергіту сәті

Қояным,қояным,

Орныңнан тұра ғой.

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы.

Бетіңді жушы,

Қолыңды жушы,

Орныңда секірші!

Секір-секір-секір!

Дайын суретті түрлі түсті қарындаштарды пайдаланып бяйды.






Сергіту сәтінде өлең сөздеріне сәйкес қимылдар жасайды.

Рефлексивті-түзеуші

Балалардың қоянды әдемі салғандарын айтып мадақтайды. Қоян жайлы әңгімелесіп, қоян туралы қандай өлеңдер,тақпақтар,жұмбақтар білетіндерін сұрайды. Қол ұстасып, дөңгеленіп,қоян жайлы өлең айтады.

Балалар қоянды қалай салғандары жайлы, қоян туралы не білетіндерін айтады.


















ІІ кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: «Вариативтік компонент».

Тақырыбы: Мерекелік отшашу

Мақсаты: Мерекені қуанышпен қарсы алу арқылы эмоциялық көңіл күйлерін көтеру. Балаларды қарындашты дұрыс пайдаланып сурет салуға жаттықтыру. Ұқыпты жұмыс жасауға, өз өлкесіне сүйіспеншілік сезімдеріне тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: демонстрациялық материалдар, шарлар.

Сөздік жұмыс: отшашу.


Іс - әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

-Бұл қандай мереке? Неге барлық адамдар көңілді? Сендер мереке ұнайды ма?

Мерекелерде отшашу жаққанда айнала жап-жарық болып, әдемі түстерге боялады.

Балалар жарты шеңбер болып отырып бейнетаспаны көреді.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік










Отшашу мерекенің нағыз сыйы екендігін түсіндіреді. Елдің шаттанып, барлық адамдар жылы, көтеріңкі көңіл күйге бөленетіндігін айтады.

Балаларға «отшашу» сөзін қайталап айтқызады.

Егер мерекедегі осы сәт ұнаса, отшашудың суретін салуды ұсынады.

Сурет салуды бастамас бұрын сергіту сәтін жасаймыз.

Сергіту сәті:

Кәне,кәне,тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Тұрсақ енді шеңберге,

Алақанды ұрайық.

Отшашу түрлі түсті жарыққа бөленуі үшін қызыл,сары,жасыл,көк түстерді пайдалану қажеттігін айтады.

Балаларға саусақтарымен жаттығулар жасатады.

Отшашудың жақыраған түрлері жайында өз ойларын айтады.



«Отшашу» сөзін сыбырлау әдісімен қайталайды.






Сергіту сәтін орындап, өлең сөздерін қимылмен көрсетеді.



«Қуырмаш» өлеңін бірге айтып орындайды.

Рефлексивті-түзеуші

-Бүгін мерекелік отшашуды барлығың тамаша, әдемі салғандықтан, сендерге қуыршақ Айсана өзінің сүйікті әдемі қызыл шарын беріп жіберіпті. Осы қызыл шарды аспанға ұшыру үшін бәріміз терең дем алып, демімізді шығарып қалықтатайық.

Балалар салған суреттерінен кешке ата-аналарына көрсету үшін көрме жасайды.









ІІ кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: «Вариативтік компонент».

Тақырыбы: Шырша шамдарын жағамыз

Мақсаты: Шыршаны әшекейлеу үшін түрлі әдістермен,әдемілікті, әсем безендірулерді сезіне білуге тәрбиелеу. Мақталы таяқшамен сурет салу әдістерін үйрету арқылы эстетикалық талғамын дамыту. Әдемілікті, әсем безендірулерді сезіне білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: демонстрациялық материалдар, шырша, ертегі кейіпкерлері.

Сөздік жұмыс: шырша, әшекей, моншақ.


Іс - әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Балаларға Жаңа жыл мерекесі жайлы, мерекеге Аязата мен Ақшақар келетіндігі жайлы айтады.

Бұл мерекеде балалар әр түрлі ертегі кейіпкерлерінің костюмдерін киіп, өз өнерлерін көрсетететіндігін, оларға Аязата сыйлықтар беретіндігі жайлы түсіндіреді.

Балалар Жаңа жыл мерекесі жайлы, Аяз атаның сыйлық әкелетіндігін, үйлерінде құрған шыршалары, шыршаны қалай безендіргендері жайлы әңгімелейді.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік










-Ата-аналарың мерекеге арнап үйде шырша қойды ма? Сендер оны қалай безендірдіңдер? Сендерге кім көмектесті?

Шырша шамдарының түсі әр түрлі болатынын айтады. Дөңгелек ойыншықтарды мақта оралған таяқшамен немесе қылқаламмен салу тәсілін көрсетеді.

Сурет салғанда жұмыс орындарын ластамай, таза ұстап, жұмыстары аяқталғаннан кейін жинау керектігін түсіндіреді.

Сергіту сәті

Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жыл да келеді,

Бізге қарай жылыстап.

Балалар сұрақтарға жауап береді.




Балалар өздері қалаған түсті таңдап, дайын шырша үлгісіне мақта оралған таяқшамен немесе қылқаламмен дөңгелек ойыншықтарды салады.

Ойыншықтармен безендірілген шыршаны тамашалайды.


Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.

Рефлексивті-түзеуші

Балаларға мерекеге арнап жаттаған тақпақтары мен өлеңдерін айтқызады.

Мерекеге арнаған өз өнерлерін көрсетеді.
















ІІ кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: «Вариативтік компонент».

Тақырыбы: Аққала

Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі және қысқы ойындар туралы түсініктерін кеңейту. Аққаланың бейнесін үзік сызықтарды бір-бірімен қосу арқылы салуды үйрету. Сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекіліктер: демонстрациялық материалдар.

Сөздік жұмыс: Аққала.


Іс - әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Балалармен «Қыс қызығы» суреті бойынша әңгіме жүргізеді. Әр баланың қыс кезінде ерекше жақсы көріп ойнайтын ойын, ермектерін сұрап, қыста балаларға ненің қатты ұнайтынын айтады.

Балалар серуенде, аулада жүргенде байқаған қыс мезгілінің қызықтары жайлы, қыс мезгілі несімен ұнайтындығын әңгімелейді.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік










Балаларға Аққаланың суретін салу жолдарын түсіндіріп көрсетеді. Дайын суреттің үлгісі берілген дәптерлерді таратады.

Алдын ала дайындалып, езілген көгілдір бояуға қылқаламның ұшын ақырын жартылай батырып, дөңгелектің ішін сызықтан шығармай бояуды тапсырады.

Аққаланың мұрнын қызғылт сары түспен, көздерін қара түспен бояу тәсілін көрсетеді.

Сергіту сәті

Ауыл алды аққала,

Ақша қарда балалар.

Соғып жатыр аққала

Жалқауы жоқ жұмысқа.

Балаларға сурет дәптерлерін алдарына қойып, құрал-жабдықтарын ыңғайлап алады.





Қылқаламды бояуға батырып, шеңбердің шетіне шығармай Аққаланың бөліктерін бояйды. Әр түсті ауыстырған сайын қылқаламды тазалап жуып, сүртіп отырады.

Рефлексивті-түзеуші

Балалар жұмысты аяқтаған соң әркайсысының суретіне назар аударып, қыс қызығы жайлы айтып, әдемі салынған суреттерді ерекше атап өтеді.

Балалар өздерінің салған суреттеріне баға береді.
















ІІ кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: «Вариативтік компонент».

Тақырыбы: Шырша ойыншықтары

Мақсаты: Балаларға жаңа жыл шыршасының бейнесін сала білуді үйрету. Саусақтарының икемділіктерін арттыру. Әсемдікті сезіне білуге, сурет салуға деген қызығушылық сезіміне тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: демонстрациялық материалдар.

Сөздік жұмыс: шырша.


Іс - әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Сәлем беріп сіздерге

Бас иеміз біз.

Өлең жолдарын бірге қайталап айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік










-Сендер Жаңа жылдық қандай ойыншықтарды жақсы көресіңдер?

Аққала да өзінің шыршасын әдемі ойыншықтармен безендіргісі келеді.

Алдарыңдағы қағазда әдемі Жаңа жыл шыршасы бейнеленген. Әр түрлі бояуларды пайдаланып, шыршаға арналған ойыншықтарды бейнелейміз. Әркім өзіне ұнаған түстерін пайдалануына болады.

Оқу іс-әркеті барысында қиналған балаларға бағыт-бағдар беріп отыру, балалардан қандай ойыншық салып отырғанын сұрау қажет.

Жұмыс соңында суреттерін жинап алып, Аққалаға беріп жібереді.

Тамаша,тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

Балалар өздері жақсы көретін ойыншықтары жайлы айтады.







Салған ойыншықтары жайлы әңгімелейді.







Балалар өлең жолдарын естеріңе түсіріп, бірге айтады.

Рефлексивті-түзеуші

Аққаланың балалар салған суреттерге қатты қуанып, өзін Жаңа жыл кешінде жүргендей сезінетінін айтады.

Балалар жұмыстарының сәтті шыққанына қуанады.

















ІІ кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: «Вариативтік компонент».

Тақырыбы: Бақбақ

Мақсаты: Балалардың көктемгі табиғат ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға көктемде өсетін бақбақтың бейнесін салуды үйрету. Табиғатты сүйе білуге, жаңашырлықпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: демонстрациялық материалдар.

Сөздік жұмыс: бақбақ.


Іс - әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Балаларды шаттық шеңберін жасау үшін ортаға шақырады. Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Шеңбер болып тұрып бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік










Жұмбақ жасырады:

Өзіне шап-шақ,

Киген қалпағы аппақ,

Балалар тұр қаптап.

Таза ауаға шыққанда бақбақ гүлін тергендерін балалардың естеріне түсіреді.

Суретке толық талдау жасалады.

Балалардың бақбақ гүлі туралы түсініктері кеңейтіледі. Суретте көктем мезгіліндегі бақбақтың сабағы, жапырақтары салынып қойғанын көрсетіп, бақбақтың тек гүлдерін қылқаламның ұшын дайындалған сары түсті гуашьқа батырып, бірінің үстіне бірін бастыру арқылы салу керектігін түсіндіреді.

Жұмыс барысында кейбір балаларға жеке нұсқаулар беріп, жалпылама бақылау жасап жүріп басшылық етеді.

Сергіту сәті жасалады.

Жұмбақтың шешуін табады. (бақбақ).





Бақбақ гүлінің түсі сары, пішіні дөңгелек тәрізді, жапырағы жасыл болатындығын айтады.



Көктем мезгілі туралы суреттерге қарап, көктемде болатын өзгерістер жайлы өз ойларын айтады.




Өлең шумақтарын жаттап алады.

Рефлексивті-түзеуші

Суретті өте жақсы салған балаларды мадақтайды. «Әдемі гүлдер» ойынын ойнатып, оқу іс-әрекетін қорытындылайды.

Балалар жасаған жұмыстарына талдау жасайды. Ойын ойнайды.















ІІ кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: «Вариативтік компонент».

Тақырыбы: Түрлі түсті моншақтар

Мақсаты: Балаларға дөңгелек болып сызылған жіпке гуашь бояуымен бірдей көлемде дөңгелек моншақтардың суретін салуды үйрету. Моншақтың сәндік бұйым екендігін түсіндіру арқылы эстетикалық талғамын дамыту. Көркемдік талғампаздыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: сурет дәптері, бояулар, қылқалам, сүрткіштер.

Сөздік жұмыс: моншақ.


Іс - әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

-Қуыршақ Айсұлудың көйлегі қандай әдемі. Шашы ұзын, аяқкиім қандай әдемі. Анасына моншақтар таңдауда

Сендерден көмек сұрай келіпті.

Балалар қуыршақ Айсұлумен амандасады.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік










Балаларға үлестірмелі материалдағы салынған дөңгелек сызықты «моншақтың жібі» деп түсіндіріп, оған әдемі моншақтарды тізуді ұсынады. Оң қолдарына қылқаламды ұстатып, ауада шеңбер салу тәсілін орындатып жаттықтырады. Содан соң дәптерлеріне қарындашпен біркелкі дөңгелектерді салып алады. Содан соң қылқаламды қызыл бояуға батырып алып, сыртына шығармай бояйды.

Сергіту сәті

Сыңғыр-сыңғыр моншақтар,

Құлағында сырғалар,

Оң қолында білезік,

Саусақтарда сақина,

Санап көрші, кәнеки.

1,2,3---1,2,3.


Қарындашпен біркелкі көлемде дөңгелектер салып алады. Содан соң қолдарына қылқаламды алып, моншақтарды бояйды, ішін дөңгелете отырып, сыртына шығармай бояйды.






Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.

Рефлексивті-түзеуші

Балаларға салған суреттерін көріп шығуды ұсынады. Қуыршақ Айсұлуға балалардың салған суреттері ұнағандығын, анасына қалаған моншақтарды алатындығын айтып, қуанып, рақмет айтып қайтады.

Балалар салған суреттерін қарап, қандай моншақтар салғанын, қандай түспен бояғандарын айтуға тырысады.














ІІ кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: «Вариативтік компонент».

Тақырыбы: Өз үйім

Мақсаты: Балалардың бояумен сурет салуға қызығушылықтарын арттыру. Бояумен ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Үзік сызықтарды кеңістікте дұрыс орналастыра сызуды үйрету.

Көрнекіліктер: демонстрациялық матреиалдар.

Сөздік жұмыс: жарық.


Іс - әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Балалардан бір-біріне деген жылы сезімдерін айтуды сұрайды.

Балалар бір-біріне жылы тілектерін айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік










-Біз бүгін өз үйіміздің суретін саламыз.

-Сендердің алдарында үйдің суреті бар, қылқаламды бояуғ батырып, қатты бастырмай сүйкей жағу арқылы үзік сызықтар арқылы саласыңдар.

Сергіту сәті

Қылқаламды қояйық,

Орнымыздан тұрайық.

Қолымызды созайық,

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп,

Біз тынығып алайық.

Балаларға бағыт-бағдар беріп отырады.

Сурет салған кезде қылқаламды қатты баспай, ұшымен сүйкей жағу арқылы саламыз.



Балалар үлгі суретке қарап, суретті сала бастайды.





Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.





Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Рефлексивті-түзеуші

Балаларға ризашылығын білдіреді, бәрінің де жақсы жұмыс істегендерін айтып мадақтайды.

Өздерінің жұмыстарына баға береді.





















ІІ кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: «Вариативтік компонент».

Тақырыбы: Құстар сайрайды

Мақсаты: Құстардың бейнесін сала білуге үйрету, сурет салуға деген қызығуышылықтарын арттыру. Құстар туралы түсініктерін кеңейту. Құстарға қамқорлық жасап, қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: демонсрациялық материалдар.

Сөздік жұмыс: құстар, қамқорлық.


Іс - әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Балаларды терезе алдына шақырып, даладан естіліп тұрған көктемгі құстардың сайрағанын тыңдатады.

Сөздік жұмысын жүргізеді.

Терезе алдынан көктемдегі құстардың сайраған дыбыстарын естігендерін айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік










Балаларға құстардың бейнесін салуды ұсынады. Дайын сурет үлгісі бойынша құстардың денесі сопақша, дөңгелекке,тұмсығы,қанаттары,құйрығының үшбұрышқа ұқсайтындығын түсіндіреді.

Торғайдың бейнесін ауада салып көрсетеді.

Балаларға дайын торғайдың суреті салынған дәптерді таратады. Дәптердегі торғайдың суретін бояуды тапсырады. Бояу қарындашпен тегіс, біркелкі бояу тәсілін көрсетеді.

Сергіту сәті

Торғай болып ұшайық,

Ұшып-ұшып алайық.

Бүркіт болып аң аулап,

Қыран құс боп самғайық.

Балалар суретке қарап құстардың дене бітімін сипаттап айтады.




Ауада торғайдың бейнесін салып көреді.




Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.

Рефлексивті-түзеуші

Балалардан қазір жылдың қай мезгілі екендігін, қандай құстарды білетіндерін сұрайды. Құстарға әрдайым қамқор болу керектігін айтады.

Қазір жылдың қай мезгілі екендігін, өздері білетін құстарды атап айтады.





















ІІ кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: «Вариативтік компонент».

Тақырыбы: Шөптегі қоңыздар

Мақсаты: Балалардың сурет салу іскерлік дағдыларын жетілдіру. Сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: демонстрациялық материалдар.

Сөздік жұмыс: қоңыз, қаңқыз.


Іс - әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

-Балалар, бүгінгі далада ауа райы керемет болып тұр екен, қаласаңдар саяхатқа шықсақ болады. Әнімізді айтып, серуендеп қайтайық. Қарсы емессіңдер ме?

Балалар қызығушылықпен келіседі.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік










-Міне,балалар неше түрлі әдемі гүлдер, шөптер өсіп тұр.

Тыңдандаршы, шөптің арасынан бір дыбыс естілетін сияқты. Кәне, құлағымызды тосып тыңдайықшы. Балалар, бұл қоңыз ғой. Бәріміз қоңызбен амандасайық.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Мен-қаңқыз деген қоңызбын. Сендерді көргеніме қуаныштымын.

Балалар, менің сендерге айтар бір өтінішім бар. Мен үйіме өзімнің табиғат аясында серуендеп жүрген суретімді іліп қойғым келеді. сендер маған көмектесіп, табиғаттың суретін салып бересіңдер ме?

-Қаңқыздың табиғат аясында, шөптердің арасында серуендеп жүргенін бейнелеу үшін үлгіге қарай отырып, осы суретті аяқтап салуымыз керек. Біз шөптердің суретін жасыл бояуды пайдаланып сүйкей жағу арқылы саламыз.

Сергіту сәті

Күн болып жанайық,

Мөлдір су боп ағайық.

Гүл болып жайнайық,

Терең-терең демалып,

Жүгіріп-жүгіріп алайық.

-Ал енді жұмысқа кірісейік. Балалар жұмысты үлгі бойынша орындап шығады. Сурет салу кезінде қиналған балаларға көмектеседі, бағыт-бағдар береді.








-Сәлеметсің бе!

-Біз де қуанып тұрмыз, қаңқыз.



Балалар келіскендерін айтады.

Бәрі бірге серуеннен қайтады.











Өлең сөздеріне сәйкес қимылдар жасайды.




Балалар өз бетінше жұмыс жасайды.

Рефлексивті-түзеуші

Балалардың жұмыстарына көңілі толып, бүгін барлығының өте керемет жұмыс жасағаны жайлы айтып, суреттерін қаңқызға беріп жіберетінін хабарлайды.

Балалар қуана-қуана салған суреттерін жинап береді.

ІІ кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: «Вариативтік компонент».

Тақырыбы: Машина

Мақсаты: Тік төртбұрыш, дөңгелек пішіндерден тұратын заттық сурет салу дағдыларын қалыптастыру. Машина жайлы түсініктерін кеңейту. Ұқыптылыққа, әдемілікке үйрету.

Көрнекіліктер: демонстрациялық материалдар, машина түрлері.

Сөздік жұмыс: машина.


Іс - әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Балабақшаға қандай көлік түрімен келіп-қайтатындарын сұрайды. Балаларға жеңіл көлік түрлерінің суретін көрсетіп, пішініне талдау жасатады. Көліктердің адамдарға пайдасы туралы түсіндіреді. Сөздік жұмысын жүргізеді.


«Машина» сөзін бір-біріне сыбырлау әдісі арқылы айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік










Балаларға машианың суретін салу жолдарын көрсетіп, өзі салып көрсетеді. Машинаның әр бөліктерін-үлкен және кіші тік төртбұрыш, екі дөңгелек, одан да кіші тік төртбұрыш-терезені үзік сызықтарды қосу арқылы салу керектігін түсіндіреді. Бояу тәсілдерін айтады.

Жұмыс барысында жеке нұсқаулар беріп, жұмысқа жалпы басшылық жасайды, ойыншық машиналарды көрсетіп, түрлерін айтқызады.

Сергіту сәті

Ал, балалар, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Оңға-солға түзу тұр,

Солға-солға, түзу тұр.

Балалар машинаны қалай салу жолдарын тыңдайды.





Содан соң қылқаламмен бояу жұмысын атқарады.






Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.

Рефлексивті-түзеуші

Балалар салған машина әдемі екендігіне тоқталып, қалай салғандарын сұрайды. Балаларды қызықтыру үшін «Жүргізуші» сжеттік-рөлдік ойынын ойнатып, оқу іс-әрекетін қорытындылайды.

Балалар салған суреттеріне қарап, өз ойларын айтуға талпынады.


Сюжеттік-рөлдік ойынды ойнайды.














ІІ кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: «Вариативтік компонент».

Тақырыбы: Балапандар көк шалғында

Мақсаты: Көк шалғындағы балапандар жайлы түсініктерін жетілдіру, сөздік қорларын жетілдіру, эстетикалық талғамын дамыту. Үзік сызықтарды қосу арқылы сурет салуға қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекіліктер: демонстрациялық материалдар, балапандар.

Сөздік жұмыс: балапандар, көк шалғында.


Іс - әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Тәрбиеші балалармен бірге «Балапандар» әнін айтады.

Сөздік жұмысын жүргізеді.

Бәрі бірге ән айтады.

«Балапандар, көк шалғында» сөздерін бірнеше рет қайталап айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік










Балаларға дайын сурет салынған дәптерді таратады. Көк шалғындағы балапандар суретін үзік сызықтарды қылқаламның ұшымен қосу арқылы салуды ұсынады. Қылқаламды бояуға батырып, ұшымен дөңгелек сызу арқылы балапанның бейнесін салады. Тұмсықтарын үшбұрыштап сызады, аяқтарын түзу сызықтар сызу арқылы салады. Сары түсті бояумен сызықтың сыртына шығармай бояйды.

Сергіту сәті

Табиғатты тамаша

Көз тоймайды қараса,

Табиғатты аялап,

Жүрейікші жараса.





Алдарындағы сурет дәптерінде берілген дайын суреттегі үзік сызықтарды қылқаламды бояуға батырып, ұшымен жүргізіп қосады.





Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.

Рефлексивті-түзеуші

Балалардың қалай сурет салғандарын, тапсырманы қалай орындағандарын ерекше атап өтеді, мадақтайды.

Балалар өздерінің еңбектеріне қарап өз ойларын айтуға талпынады.



















ІІ кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: «Вариативтік компонент».

Тақырыбы: Түрлі түсті сақиналар

Мақсаты: Қол, саусақ қимыл-қозғалыс икемділігін бейімдей отырып дөңгелек пішін салуға үйрету. Ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Түстердің үйлесімділігіне сезіне білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: демонстрациялық материалдар.

Сөздік жұмыс: сақиналар, ұлттық киімдер.


Іс - әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Қонаққа ұлттық киім киген қуыршақ Айсұлу келіп кіреді.

-Балалар, Айсұлудың қолында не бар екен? Айсұлу бізге сыйлыққа, міне, қараңдаршы, қандай әдемі, түрлі түсті сақиналар ала келген. Балаларға көрсетіп түстерін сұрайды.

-Сақиналардың пішіні қандай?



Айсұлудың киіміне көңіл аударады.


Балалар сақинаның түстерін, пішінін айтып береді.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік










-Ал, балалар,осы сақиналарды қағазға бояумен салып көрейік.

-Алдымен ауада салып көрейік. Балаларға қылқаламды дұрыс ұстап, ауада бір нүктеден бастап айналдыра дөңгелек жүргізіп, сол бастапқы нүктеге келіп тоқтауды ұсынады. Балалар ауада бірнеше қайталап салып көрген соң қылқаламды бояуға ұқыпты батырып, ыдыстың шетіне аздап сүйкеп артығын түсіріп, қағаз бетіне сақина суретін салады.

Балалардың барлығы жұмыстарын аяқтаған соң, «Сақина қай қолымда?» ойыны ұйымдастырылады.





Балалар ауада қылқаламды бір нүктеден бастап айналдыра дөңгелек жүргізіп шығады да, қағаз бетіне сақиналар салады.




Балалар «Сақина қай қолымда?» ойынын қызыға ойнайды.

Рефлексивті-түзеуші

Балалардың суреттерін мұқият қарап, талдау жасайды.

Ойында ерекше белсенділік көрсеткендері, суретті жақсы салғандары мадақталады.


Балалар салған суреттерін тамашалайды.













Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Сиқырлы таяқшалар

Автор: Адылханова Гүлназира Мырзабекқызы

Дата: 23.01.2018

Номер свидетельства: 451855

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Ашық сабақ Сиқырлы таяқшалар"
    ["seo_title"] => string(33) "ashyk_sabak_sik_yrly_taiak_shalar"
    ["file_id"] => string(6) "460441"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1519986581"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Си?ырлы тая?шалар"
    ["seo_title"] => string(21) "sik-yrly-taiak-shalar"
    ["file_id"] => string(6) "289949"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454902248"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Сиқырлы геометриялық пішіндер еліне саяхат"
    ["seo_title"] => string(53) "sik_yrly_ghieomietriialyk_pishindier_ielinie_saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "411533"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1493119325"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(163) "Баяндама "Затты? дамыту ортасы ар?ылы 3 жаста?ы балаларды? сенсорлы? ?абілеттерін арттыру." "
    ["seo_title"] => string(96) "baiandama-zattyk-damytu-ortasy-ark-yly-3-zhastag-y-balalardyn-siensorlyk-k-abiliettierin-arttyru"
    ["file_id"] => string(6) "142207"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1418234270"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "Си?ырлы ?ыл?алам "
    ["seo_title"] => string(19) "sik-yrly-k-ylk-alam"
    ["file_id"] => string(6) "180075"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425121703"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства