Тәрбиеші: Ақжолова Жұлдыз
Алматы Облысы
Алакөл ауданы
Көктұма ауылы «Көктұма қазақ орта мектеп жасына дейінгі шағын орталғы бар» КММ
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы: Сиқырлы таяқшалар.
Мақсаты: Балаларды қағаз түрлерімен және түрлі түсті қарындаштармен таныстыруды жалғастыру.Сурет салуға қызығушылықтарын арттыру, қарындашты оң қолмен ұстауға үйретіп жаттықтыру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, дөңгелек, таяқшаларды салуға үйрету. Ұқыптылық пен тазалыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар, қуыршақ Айсана, шар, доптар.
Құрал – жабдықтар: қағаздың түрлері, түсті қарандаштар.
Алдын ала атқарылатын жұмыстар: шармен, доппен ойындар, бояуға арналған кітапшаларды көру.
Сөздік жұмыс: дөңгелектер, таяқшалар, қарындаштар.
Оқу іс – әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс – әрекеті | Балалардың іс - әрекеті |
Мотиватциялық қозғаушылық | -Балалар, бізге қуыршақ Айсана қонаққа келген екен. Айсана балалармен амандасады. - Жолда келе жатып, сиқырлы қорап тауып алдым, ол қорап мені сурет салуға үйретті.Балалардың сурет салуға ынталарын біліп, қызықтыру. Қорапты алып сылдырлату, түстерін сұрау, қалай аталатынын, неге сиқырлы болғандығына тоқталу. Ұштағышпен ұштап, оның ұшын шығару. Бар сиқыр осы қарындаштың ұшында екендігіне тоқталады. Қарындаштың ұшымен, қатты баспай, әдемілеп сызықтар сызуды көрсету.Қызыл қарындаштан қызыл, көк қарындаштан көк түс, тағы басқа қарындаштан басқа түс шығатындығын айту. | Балалар қуыршақ Айсанамен сәлемдесіп, қорапты қарайды. Олар сурет салуды жақсы көретіндіктерін айтады.Қорапты құлақтарының тұсына апарып қозғап көреді, ішін ашып, таяқшалардың түстерін атап, қатты екендігін ұстап көреді. |
Ұйымдастырушылық – ізденістік | Айсана қарындашпен сурет салу үшін қатты қағаздың түрлері керектігін түсіндіреді. Қарындашты оң қолдың үш саусағы – бас бармақ, сұқ саусақ, ортаңғы саусақпен ұстап, ұшын қатты баспай әртүрлі сызықтар, нүктелер, дөңгелектер сызып, жұмыс жасау жолдарын көрсету. Сонымен бірге үлестірмелі материалдағы суретке назарларын аудару. -Айсананың жақсы көретін досы Күлдіргіштің қолындағы шардың жіптері үзіліп қалыпты. Шарлар жеңіл болғандықтан, ұшып кетуі мүмкін, сондықтан жіп тағып қоюымыз керек. Өздерің қалаған түспен шарды бояпшығыңдар. Айсана саусақ жаттығуларын жасауды ұсынады. Сергіту сәті Оң саусағым шаршады, Сол саусағым шаршады. Саусақтарым бірігіп, Билеп, билеп алады. | Қағзды қолмен ұстап, танысады. Қарындашты оң қолдарына дұрыс ұстап, ауада сурет салужолдарын қайталайды. Ұшына қарап, қатты баспау ережесін сақтап, қағаз бетіне сызықтар, дөңгелек допты, шарды, кішкене гүлдерді дөңгелек ретінде салып көреді. Сол қолымен қағазды басып ұстап отыруға жаттығады. Кеңістікте шарды ұстайтын жіптерді сызып салады. Күлдіргіштің шарын бояйды. Таза, кірлетпей, әдемі салу жолдарын сақтайды. Балалар саусақтарымен өлең сөздеріне сәйкес қимылды жасайды. |
Рефлексиялық - түзетушілік | Балалармен жеке жұмыс жүргізу. Сөздік жұмыс жүргізу. Айсана: -Осы сиқырлы таяқшамен әдемі суреттер салдық. Мен сендерге сыйлыққа осы қарындаштарды беремін. Қоштасып, өзінің ойыншықтар әлеміне кетеді. | Бүгінгі танысқан «таяқшалар», «қарындаш», «дөңгелектер» сөздерін қайталап, сөздік жұмысын жасайды.Өз салған суреттеріне қарап, әдемі сурет салғандарына көздерін жеткізеді. Айсанаға рақмет айтып, шығарып салады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: сурет салу үшін қағаз, қарындаштың қажеттілігін.
Игереді: әртүрлі суреттер салуға болатындығын.
Меңгереді: сызықтар, дөңгелектер салуды.