Тәрбиеші жұмбақ жасырады: Көгілдір аспан көгінде Көкжиек бар шегінде Барлық адам мекені Шар тәрізді тегінде. Балалар мен не туралы айтып тұрмын? -Дұрыс айтасыңдар.Бұл «Жер» ғаламшары. Ал сендер тағы қандай ғаламшарларды білесіңдер? Адамдардың ғарышқа ұшатын көлігі қалай аталады? Алдымызда ғарышкерлер күні келе жатыр.Біз Тоқтар ағамызға әдемі зымыран жасап, пошта арқылы салып жіберейік.Ол оған өте қуанып қалады.(Балалардың жартысын өнер орталығына отырғызып, зымыран жапсыруға отырғызады) Біз қазір Тоқтар ағамыздың ғарышқа ұшқан зымыраның көреміз.Сендер оның қандай геометриялық пішіндерден құралғанын айтыңдаршы. «Қандай пішіннен құралған?» дидактикалық ойыны (Зымыран суретін көрсету) -Зымыранның бас бөлігі қандай пішіннен құралған? -Зымыраннан тағы қандай пішіндер көріп тұрсыңдар? «Жауабын тауып айт» Сурет бойынша тапсырма орындау. -Біздің әдемі зымыранға отырғысы келетіндер өте көп. Мына суретте ғарышқа саяхат жасағысы келетін жануарлар тұр.Қайсысы нешінші болып тұрғанын табайықшы. (суретте қоян, аю, түлкі, кірпі,тышқан) Тәрбиеші олардың орналасу реттіліктерін анықтайтын сұрақтар қояды. -Кірпі нешінші болып тұр? -Қоян нешінші болып тұр?т.б. Балалар барлығымыз бір сәтке ғарыш кемесіне отырып көрейікші.(ұшар алдындағы зымыран дауысы) Белдігіңді тақ -Тартыламыз. -Бір(жоғары мойнын созады) Шайқаламыз Екі(екі жаққа теңселеді) Селкілдейміз Үш(тігінен селкілдейді) Көтерілеміз Төрт(екі қолды жайып жібереді, салмақсыздықты көрсетеді) Жерден хабар аламыз Бес!(екі қолымен құллақтарын жауып бастарын қозғайды) «Қандай пішін жасырылған?» дидактикалық ойыны. Балалар,ғарышкерлер өздерімен бірге ғарышқа көп заттар алып кетеді.Мынау бір ғарышкердің сөмкесінен шыққан заттар. Қарап олардың қандай геометриялық пішіндерге ұқсайтынын табыңдаршы.Оларды пішіндермен сәйкестендірейік.(Суреттер: дөңгелек сағат, төртбұрыш орамал, сопақша сабын,үшбұрыш тетрапакетте айран , ту)
Жұмыс дәптерінен тапсырма. Бізге ғарышкер ағалар ғарыштан бірнеше жұдыздардың суретін ала келіпті. Қане олар қандай екен? Балаларға тапсырманы орындау барысында көмектеседі. -Ғарышта қандай шоқжұдыздар бар екен? -Ал сендерді оларды ағылшынша қалай атау керектігін ұмытып қалған жоқсыңдар ма? | Жұмбақтың жауабын табады. Өздері білетін ғаламшарларды атайды. Зымыран туралы өз ойларын айтады. Алдарына дайындалып қойылған геометриялық пішіндерді қолданып, үлгі бойынша зымыранды жапсырады. Зымыран бөліктерін геометриялық пішіндермен атап шығады. Суреттегі жануарларға қарап олардың реттілігін табады, орналасуы бойынша реттік сан есімдерді қолданады. Тәрбиешімен бірге қимылдайды. Заттардың қай геометриялық пішінге ұқсайтынын тауып, пішінмен сәйкестендіреді. Дербес отырып жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды. Үзік сызықтарды қосады. Шыққан пішіндерді атайды. Пішіндердің ағылшынша атауын естеріне түсіреді. |