http://ҚМКҚ «Дәншік» балабақшасы Тақырыбы: «Күзгі жапырақтар» ( Серуен I – жарты күн) Тәрбиеші: Корпешова Ш.Т Тақырыбы: «Күзгі жапырақтар» Серуеннің мақсаты: Балаларға күзгі табиғатты танып білуге,қызығушылығын оятып, өсімдіктер мен жануарларға қамқор жасауға, табиғаттың сұлулығын сезіне білуге үйрету. Бала денсаулығын нығайту, шаршаудың алдын –алу, денесін шынықтыру, балалар назарын жапырақтардың қызыл, сары, алтын түсті, жасыл-сары болып жерге түсіп, жапырақтардың бөліктерін атауға үйрету.Жапырақтар көп мөлшерде немесе аз мөлшерде түсетінін, бұл көрініс жел күшіне байланысты екенін дағдыландыру, күзгі табиғат әсемдігін қабылдауға үйрету. Серуеннің міндеті: - Қарапайым жағдайда организмді шынықтыру; - Мектеп жасына дейінгі баланың физикалық даму деңгейін арттыру; - Баланың қимыл белсенділігін арттыру; - Баланың танымдық, көркем - эстетикалық, әлеуметтік - тұлғалық дамуына ықпал ету. Серуеннің мазмұны: - Бақылау - Еңбекке баулу - Қимыл белсенділігін арттыру қимылдық спорттық, ойындар мен жаттығулар - Баламен жеке жұмыстар - Балалардың өз бетінше әрекеті Қажетті құрал- жабдықтар: Ойынға; кегла,доп, жапырақтар. Еңбекке қажетті құрал жабдықтар; – күректер, сыпырқылар,шелектер. жабдықтар; «Күзгі жапырақтарды бақылау» Барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі: Жұмбақ Бұлттар төніп, жерге төгіліп, Дымқыл тұман басады. Шөп сарғайып, өңі тайып, Дала нұры қашады. Ойнай алмай, Денең мұздап тоңады. (Күз ) - Қазір жылдың қай мезгілі екен? - Күз мезгілінде қанша ай бар? - Бүгін ауа райы қандай екен? Көркем сөздер Күзгі жапырақтар. Қ. Шаңғытбаев Алтын сары, қызыл, көк, Алуан-алуан жапырақ. Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады атырап. Күн шуақта маужырап, Жатыр еді атырап. Ағаштардан жамырап, Үшты кенет жапырақ. ІI. Ұйымдастыру бөлімі: Бүгін балалар біз серуенде күзгі жапырақтарды бақылаймыз. Тәрбиеші сұрақтары. • Барлық ағаштардың жапырақтарының түсі өзгерді ме? - Иә өзгерді • Жапырақтардың түстері жазда қандай еді? - Жасыл болған • Қазір қандай түске боялған екен ? - сары түске боялған. • Қайың жапырақтарының түсі қандай? (алтын-сары) шетеннің ше? (қызыл) • Бәрінен бұрын қай ағаштың жапырағы түсін өзгертеді? (қайың) • Жапырақтардың түсуі кезінде қай ағаштың жапырағы ұзақ уақыт сақталады? (қайыңда ) • (балалар ағаштардың жанына барып, оларды бақылайды, жапырақтарына, діңіне назар аударады) Дұрыс айтасыңдар қараңдаршы ағаштардың бәрі сап - сары алтын түске боялып, жерге сары кілем төселіпті. Күзгі табиғат қандай әсем, сұлу, тамаша еді. Осындай әсем табиғатты біз аялап күтіп, қамқорлық көрсетуіміз керек. - ал балалар сендер жапырақтарды қарап бақыладыңдар. Айтыңдаршы жапырақтар тек сары түске боялған ба? - Жоқ - Тағы қандай түсті жапырақтарды кездестіңдер? - Жасыл, сарғылт, алтын түстес жапырақтарды. - Балалар қалай ойлайсыңдар жапырақтар не себептен түседі екен? (қысқы суыққа бейімделеді, аязда ағаштардың ауыр салмақтан сынуынан сақтайды, жапырақтармен бірге ағаш бойындағы керексіз заттар сыртқа шығады) - Жапырқтарды салыстыру қарағаш, алма ағашын - Жапырақтарды алып жел сияқты үрлейміз - Жарайсыңдар балалар! Енді осы ағаштардың жерге түскен сары жапырақтарын тергілерің келеді ме? - Ия - Ендеше қазір бәріміз күзгі сары жапырақтарды терейік. Топ кірген соң ол жапырақтардан балапан жасаймыз. Жапырақтарды тергенде сап – сары түстісін, әдемісін тереміз. Жарай ма балалар? - Жарайды. Балалар күзгі сары жапырақтарды теруге кіріседі. III. Табиғаттағы еңбек Мақсаты: Балаларды жұмысқа белсенді қатысуға үйрету, жапырақтарды тырнауышпен тырнап, тасығышпен бір жерге жинастыру. Еңбек сүйгіштікке, өз бетінше жұмыс жасай алуға үйрету. - Балалар сендер жапырақтарыңды теріп болдыңдар ма? - өздеріңе қажетті жапырақтарды тердіңдер ме? - Ендеше балалар біз қазір мына күзгі ағаштардан түскен қалған жапырақтарды жинап тазалап тастайық. Біздің аула тазалаушы Нұрлан ағайға берген көмегіміз болсын. Ағаштарда бізге рахметін айтсын. Келісесіңдер ме? - Келісеміз. - Ендеше мен қазір құрал жапырақтарды таратып беремін. Ендеше балалар қазір қыз балалар мына сыпырғыштармен мына жапырақтарды тазалап, бір жерге жинасы, ал ұл балалар сол жиналған жапырақтарды арбамен тасып әкетсін. (балалар тәрбиешінің нұсқауы бойынша жерді жапырақтардан тазарта бастайды. әр бала өзіне берілген іспен шұғылданады) - жарайсыңдар балалар! Сендер бүгін үлкен іс атқардыңдар. Сендерге мына күзгі ағаштар, аула тазалаушы ағайға үлкен рахметін білдіреді. Халық болжамы Егер жапырақтар ағаштан түгел түспей бұтақтарында қалып қойса, қыс суық болады. Жапырақтар кеш түссе, қыс қатты және ұзақ болады Қимыл- қозғалыс ойыны «Асық, бірақ түсіріп алма» эстафеталық ойын Мақсаты: Балаларды қолындағы жапырақшаны түсірмей жүгіре алуға жаттықтыру. Физикалық сапасын дамыту: шапшаңдылыққа, ептінділікке үйрету. Жаттығу ойындары: «Қаданы (кегли) құлат». Мақсаты: • Допты нысанаға лақтыру; • Назар аударуларын, дәлдіктерін дамыту. ІІІ. Қорытынды бөлім: Жарайсыңдар балалар! - сонымен балалар бүгін серуенде нені бақыладық? - Ағаштар қандай түске боялыпты? - Серуенде тағы немен айналыстық? - Жарайсыңдар. Бүгін барлығың серуенде өздеріңді тәртіпті ұстап, жақсы еңбек еттіңдер.