kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сенсорика

Нажмите, чтобы узнать подробности

 “Айналайын” То?мансай балаба?шасы

?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекетіне арнал?ан

техникалы? карта

Мерзім:   _______                                                Тобы:       Балапандар

Білім беру саласы:_Таным,?атынас                   Білім беру саласыны? б?лімі Сенсорика

Та?ырыбы:  «??лынша??а арнал?ан жол»

Ма?саты: балалар?а 4 м?мкіндікті? ішінен 2 берілген т?с бойынша (?ызыл, к?к) затты та?дау?а ?йрету; заттарды т?сі бойынша топтастыру іскерлігін бекіту; спектрде т?стер бояуларын араластыруды? ретімен таныстыру. Ойыншы?тармен ??ыпты ойнау?а т?рбиелеу.

?ОІ? кезе?дері

Т?рбиешіні? іс-?рекеті  

Балаларды? іс-?рекеті

Мотивациялы? ?оз?аушылы?

Балалар?а ?она? ??лынша? келді. Ол балалар?а ?зімен бірге т?рлі т?сті жола?шаларды сыйлы??а ала келіпті.

Балалар ??лынша?пен амандасып, ?келген сыйлы?тары ?шін ал?ыстарын айтады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сенсорика»

“Айналайын” Тоқмансай балабақшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған

техникалық карта

Мерзім: _______ Тобы: Балапандар

Білім беру саласы:_Таным,қатынас Білім беру саласының бөлімі Сенсорика

Тақырыбы: «Құлыншаққа арналған жол»

Мақсаты: балаларға 4 мүмкіндіктің ішінен 2 берілген түс бойынша (қызыл, көк) затты таңдауға үйрету; заттарды түсі бойынша топтастыру іскерлігін бекіту; спектрде түстер бояуларын араластырудың ретімен таныстыру. Ойыншықтармен ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.

ҰОІӘ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық


Балаларға қонақ құлыншақ келді. Ол балаларға өзімен бірге түрлі түсті жолақшаларды сыйлыққа ала келіпті.

Балалар құлыншақпен амандасып, әкелген сыйлықтары үшін алғыстарын айтады.






Ізденуші-ұйымдастыру-

шылық





Үлестірмелі материалмен жұмыс.

-Балалар, қараңдаршы, құлыншақ бізге қандай әдемі, ашық, түрлі түсті жолақшалар әкелген.

Сөздік жұмыс: түрлі түсті жолақтар.


Педагог қызыл және көк телпектері бар 2 қуыршақты әкеледі (көйлектері, шаш буғыштары және т.б.бар).

-Кәне, балалар, қызыл телпегі бар қуыршаққа арналған жолақшаны таңдап көрейікші.

Ал екінгі қуыршағымызға да дәл басындағы телпегінің түсі сияқты-көк түсті таңдайық.

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.


Балалар қарайды.




Қайталайды: түрлі түсті жолақтар.

Балалар алдымен қызыл түсті таңдап алып, оны қызыл телпекті қуыршақтың қасына қояды.

Екінші қуыршаққа көк түсті таңдайды.


Рефлексивті түзетушілік


«Жол сал» дид.ойыны.

Педагог балаларға құлыншаққа арнап түрлі түсті жолақшалардан (қызыл, көк) жол салуларын ұсынады.

Педагог балалардың жұмысын мадақтап, құлыншақпен қоштасады.



Балалар алдарына жолақшаларды қызыл-көк, қызыл-көк ретпен орналастырады.

Құлыншақпен қоштасады.



Күтілетін нәтиже:

Жасайды: 4 мүмкіндіктің ішінен 2 берілген түс бойынша затты таңдауды.

Түсінеді : 2 түсті: қызыл және көк.

Қолданады: түстері бойынша заттарды топтастыру дағдысын.


Тәрбиеші: ____________________________________







“Айналайын” Тоқмансай балабақшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған

техникалық карта

Мерзім: ___________ Тобы: Балапандар

Білім беру саласы:_Таным, қатынас Білім беру саласының бөлімі Сенсорика

Тақырыбы: «Шуақты күн»

Мақсаты: шеңберден шықпауға, олардан қарапайым композиция жасауға, таныс пішіндерді бейнелеуге үйрету. Ауызекі сөйлесу тілдерін дамыту, ұсақ қол моторикасын дамыту. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

ҰОІӘ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық



Ойындық жағдаят.

Балаларға қонаққа ит келеді, ол өзімен әртүрлі түсті шеңберлер ала келеді және онымен ойнауды ұсынады.

Балалар итпен амандасып, оны сипалайды.





Ізденуші-ұйымдастыру-

шылық





Педагог фланелеграфқа бұлт пен күннің суретін жапсырады да тақпақ оқиды:

Бұлт тығылып орманға,

Шықты күнім аспанға.

Сондай таза, сәулелі,

Жетсе егер қолымыз,

Даярмыз аялап ұстауға.

Педагог тақпақты тағы бір рет қайталап оқып шығады.

Сөздік жұмыс: шуақты күн.

-Кәне, балалар, күнімізге күліп және оны ауа арқылы сүйіп, қол бұлғайық.

-Балалар, күннің түсі қандай?

-Міне,мынадай сары түсті.

Қызыл түсті көрсетіп:

-Ал мынадай түстен гүлдер болады.

-Ал көк түсті ше?

-Жасыл түсті ше?

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.


Балалар тақпақты тыңдайды.








Қайталайды: шуақты күн.

Педагогтің айтқанын жасайды.



Гүлдер болады.

Аспан.

Жапырақтар.



Рефлексивті түзетушілік

«Түрлі түсті доптар» ойыны.

Педагог әртүрлі түсті доптармен ойнауды ұсынады.

Педагог мына сөздерді айта отырып, допты балаға қарай лақтырады:

Қағып ал менің қызыл добымды,

Маған лақтыр, жасырма оны!

Бала педагогтің алдындағы бос орынға отырып, допты кері қарай педагогке домалатады.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: композициядағы түсті ажыратуды, белгілеуді.

Түсінеді : қимыл-қозғалыстағы ептілік пен үйлесімділік дағдысын.

Қолданады: түрлі түсті шеңберлерден композиция жасауды.


Тәрбиеші: ____________________________________





“Айналайын” Тоқмансай балабақшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған

техникалық карта

Мерзім: ___________ Тобы: Балапандар

Білім беру саласы:_Таным,қатынас Білім беру саласының бөлімі Сенсорика

Тақырыбы: «Терезелі үй» (пішін, көлем)

Мақсаты: балаларды 2 әртүрлі фигура (дөңгелек, шаршы) мен 2 әртүрлі көлемдегі (үлкен, кішкентай) заттарды таңдауды жүзеге асыра отырып пішініне және көлеміне қарай топтастыруға үйрету. Ұсақ қол моторикасын дамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

ҰОІӘ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық

Карлсон балаларға қонаққа ұшып келді. Ол өзімен бірге терезелерінің әйнегі жоқ ерекше үйлер ала келді.

Балалар Карлсонмен амандасады.

Әйнегі жоқ үйді қарастыра бастайды.





Ізденуші-ұйымдастыру-

шылық





Үлестірмелі материалмен жұмыс.

-Балалар, Карлсон үйдің терезелеріне әйнек қойып беруді сұрайды. Бізге мынадай дөңгелек таңдау керек (дөңгелектерді көрсету).

-Ал мыналарының пішіні басқа (шаршыларды көрсету).

Сөздік жұмыс: тегіс, сүйір.


-Мына дөңгелек терезелерді қолдарыңа алып,шеттерін саусақтарыңмен жүргізіп көріңдерші, олар тегіс, бұрыштары жоқ.

-Ал енді басқа терезесін көрейік, шаршы пішінді терезенің шеттерін саусақтарыңмен жүргізіп көріңдерші, оның бұрыштары бар және үшкір.

-Ал енді терезелерге фигураларды-үлкен дөңгелектер мен үлкен шаршыларды; кішкентай дөңгелектермен кішкентай шаршыларды қосайық. Осылайша үйдің терезесін жабайық.

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.



Балалар терезелерді қарап шығады: дөңгелек және шаршы.




Қайталайды: тегіс, сүйір.


Балалар қайсысы дөңгелек, ал қайсысы шаршы екенін көрсетеді.



Балалар фигураларды көлемінің үлкендігіне және кішкентайлығына қарай қояды.


Рефлексивті түзетушілік

Оқу іс-әрекетін қорытындылау:

-Біз қандай әдемі, ерекше терезелері бар үйлер жасадық.

Балалар үлкен және кішкентай дөңгелек пішінді терезелерді көрсетеді.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: заттарды көлеміне қарай топтастыруды.

Түсінеді : 2 пішінді (шаршы, дөңгелек) және 2 өлшемді (үлкен, кішкентай).

Қолданады: «әртүрлі», «бірдей», «үлкен», «кішкентай» сияқты сөздер туралы түсініктерді.


Тәрбиеші: ____________________________________




“Айналайын” Тоқмансай балабақшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған

техникалық карта

Мерзім: _______________ Тобы: Балапандар

Білім беру саласы:_Таным,қатынас Білім беру саласының бөлімі Сенсорика

Тақырыбы: «Қорапшаларға орналастыр»

Мақсаты: 2 әртүрлі пішінді (тіктөртбұрыш, үшбұрыш) және 2 әртүрлі көлемді (үлкен,кішкентай) заттарды таңдауды жүзеге асыра отырып пішініне және көлеміне қарай топтастыруға үйретуді жалғастыру; ұсақ қол моторикасын жетілдіру. Қайырымдылыққа тәрбиелеу.

ҰОІӘ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық



Матрёшка балаларға қонаққа ұшып келеді, оларға геометриялық пішіндері бар қорапшалар сыйлайды.

Балалар Матрёшкамен амандасып, сыйлығы үшін алғыстарын айтады.





Ізденуші-ұйымдастыру-

шылық






-Балалар, Матрёшка пішіндердің барлығын қорапшаларға салып, ретке келтіруімізді сұрайды.

Сөздік жұмыс: үшбұрыш, тіктөртбұрыш.


-Қорапшалардың сыртында пішіндер суреті жапсырылған, сол бойынша біз пішіндер тауып, қажетті қорапшаға салуымыз керек.

-Біз мына қорапшаға тіктөртбұрышты пішіндерді саламыз. Олар -үлкен және кішкентай.

-Оларды тауып, осындай суреті бар қорапшаға салыңдар.

-Ал мына қорапшаға басқа пішіндерді саласыңдар, мынандай үшбұрыштарды. Олар да –үлкен және кішкентай.

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.



Балалар қорапшаларды және пішіндерді қарап шығады.

Қайталайды: үшбұрыш, тіктөртбұрыш.

Балалар тіктөртбұрышты пішіндерді алып тіктөртбұрыштың суреті бейнеленген қорапшаға салады.

Үшбұрыштарды да осылай салады.





Рефлексивті түзетушілік


Дидактикалық ойын: «Матрёшкадан тығылайық!».

Педагог: «Тығылайық!»-деп бұйрық береді, содан кейін: «Қыдырайық!»-деп бұйрық береді.


Балалар тізе бүге отыра қалып, беттерін қолдарымен жабады. Келесі бұйрықта топ ішінде қыдырып жүреді.



Күтілетін нәтиже:

Жасайды: заттардың көлемі мен пішініне қарай топтастыруды.

Түсінеді : бірлесе жұмысты орындау дағдысын.

Қолданады: 2 жаңа фигураны (тіктөртбұрыш, үшбұрыш) және 2 көлемді фигураны (үлкен, кішкентай).


Тәрбиеші: ____________________________________


“Айналайын” Тоқмансай балабақшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған

техникалық карта

Мерзім: ________________ Тобы: Балапандар

Білім беру саласы:_Таным,қатынас Білім беру саласының бөлімі Сенсорика

Тақырыбы: «Әтешті құрастырамыз»

Мақсаты: көлемі бойынша сақиналарды таңдай отырып,пирамиданы жинауға үйрету.Балаларды үй құстарына қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.


ҰОІӘ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық




Таңғажайып сәт.

Педагог матамен жабылған ойыншықты алып келеді.

Матаның астынан:«Ку-ка-ре-ку!»деген дауыс естіледі.

Балалар ғызығушылықпен педагогті қоршап алады.





Ізденуші-ұйымдастыру-

шылық





-Бүгін біз сендермен әтешті құрастырамыз.Педагог үстелге жоғарғы бөлігі жоқ пирамиданы қояды.

Пирамида шеңбер бойынша бір баладан екінші балаға жылжиды.Қалып қойған сақина қайтадан шеңбер бойынша баладан-балаға жылжиды.

-Әтеш қалай шақырады?

Педагог балаларға Ермек Өтетілеуұлының қораз туралы өленің оқып береді:

Мен қоразбын,қоразбын,

Жалқаулармен аразбын.

Таңды бұрын қарсы алып,

Елді оятамын жар салып!

Ку-ка-ре-ку.








-«Ку-ка-ре-ку»деп шақырады



Балалар бар ынталарымен өлеңді тыңдайды.


Рефлексивті түзетушілік

«Әтештер»дидактикалық ойыны.

Педагог балаларға әтешті бейнелеп көрсетулерін сұрайды.

Балалар жүреді,қанаттарын қағады,тұмсықтарымен шұқып дән іздейді.



Күтілетін нәтиже:

Жасайды: үлкен және кішкентай сақинаның айырмашылығын;

Түсінеді : ұжымда жұмыс жасау дағдысын;

Қолданады: көлемі бойынша сақинаны таңдай отырып пирамиданы жинауды.


Тәрбиеші: ____________________________________



“Айналайын” Тоқмансай балабақшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған

техникалық карта

Мерзім: _______________ Тобы: Балапандар

Білім беру саласы:_Таным,қатынас Білім беру саласының бөлімі Сенсорика

Тақырыбы: «Иттер-менің достарым»

Мақсаты: балалардың назарын әртүрлі көлемдегі заттарға аудару,үлкен және кішкентай заттарды көрсете білуге,сөздерді дұрыс айтуға жаттықтыру.

ҰОІӘ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық




Ойындық жағдаят.

-Балалар,қатты үріп жатқан не?Әуп-әуп.Ия,дұрыс,бұл-ит қой үріп жатқан,ол бізге қонаққа келіпті.


Қарайды,тыңдайды:

«Бұл-ит»,-деп жауап береді.





Ізденуші-ұйымдастыру-

шылық





-Маған үлкен итті көрсетіңдерші.Енді маған кішкентай итті көрсетіңдер.

-Балалар,қараңдаршы,мына жерде үйшіктер тұр.Мұнда иттер тұрады.

Сергіту сәті:

-Ал енді,балалар,орындықтардың қаасына тұра қалыңдар.Иттер сияқты секіріп көрейікші.

-Иттерге сендердің секіргендерін ұнап қалды.

Сөздік жұмыс:сүйек.

Бұлар –үлкен және кішкентай сүйектер.

-Мынау қандай сүйек?

-Үлкен сүйекті біз қай итке береміз?

Көрсетіндерші?

-Ал мынау қандай сүйек?

Кішкентай сүйекті қай итке береміз? Көрсетіндерші?

-Жарайсыңдар.


Балалар үлкенінде,кішкентайында көрсетеді.








Қайталайды:сүйек.


-Үлкен сүйек.

-Үлкен итке береміз.

Көрсетеді.

- Кішкентай сүйек.

Кішкентай итті көрсетеді.


Рефлексивті түзетушілік

-Міне,біз үлкен итті де,кішкентай итті де тамақтандырдық.Олар үлкен және кішкентай үйшіктерде тұрады, үлкен және кішкентай сүйекпен тамақтанады.


Қызығушылығын

көрсетеді.



Күтілетін нәтиже:

Жасайды: заттар атауын:бантик,тәрелке,сүйек,доп,ит,үйшік;

Түсінеді : заттар көлеміне қарай үлкен және кіші болатынын;

Қолданады: үлкен заттарды кішкентай заттардан ажыра білуді.


Тәрбиеші: ____________________________________





“Айналайын” Тоқмансай балабақшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған

техникалық карта

Мерзім: ________________ Тобы: Балапандар

Білім беру саласы:_Таным,қатынас Білім беру саласының бөлімі Сенсорика

Тақырыбы: «Үйшік»

Мақсаты: заттарды өлшемі бойынша салыстыру тәсілін балаларға үйрету;ұсақ қол моторикасын жетілдіру.

ҰОІӘ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық




Ойындық жағдаят.

Бөлмеге хат байланған шар ұшып келеді.Педагог хатты алып оқиды:

«Қымбатты,балалар,сендерге хат жазып отырған-аңдар.Бізге үйшік салуға көмектесіндерші.Біз оны тұрғызған болатынбыз,бірақ ол қайта-қайта құлап,бұзыла береді».

-Балалар,аңдарға көмектесеміз бе?

-Ондай болса,орманға барайық.









-Иә,көмектесеміз.





Ізденуші-ұйымдастыру-

шылық





-Кәнеки,балалар,аңдарды бойына қарай тұрғызайық.

-Аңдардың ішінде ең үлкені не?

-Иә,ол ең үлкені екен.

-Енді аңдарды үйшікке орналастырамыз.

Ең үлкеніне аюды,одан кішкентайына қасқырды,оданда кішкентайына түлкіні,ең кішкентайына қоянды,қалған ең кішкентайына тышқанды кіргіземіз.

Билингвальды компонент:үйшік-теремок.

-Балалар,біздің аңдарымыздың достары көп екен,олар да өздеріне біздің дәл осындай үйшік салып бергенімізді қалайды

Сендерсіз олар үйшік тұрғыза алмайды,

оларға көмектесеміз бе?




-Аю.


Балалар педагогтің айтқандырын орындайды.




-Әрине,көмектесеміз.


Рефлексивті түзетушілік

-Жарайсыңдар!Біз қандай керемет үйшіктерді тұрғыздық.Астына үлкен шаршы,сосын одан кішкентай,одан да кішкентайы,сосын ең кішкентайы.

Балалар еркін түрде аңдармен және құрастырған үйлерімен ойнайды.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: аңдар атауын:аюды,қасқырды,түлкіні,қоянды,тышқанды;

Түсінеді : өлшемі бойынша заттарды салыстыру дағдысын (үстіне қою,қасына қою);

Қолданады: пішіні бойынша геометриялық фигураларды топтастыруды.


Тәрбиеші: ____________________________________



“Айналайын” Тоқмансай балабақшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған

техникалық карта

Мерзім: ________________ Тобы: Балапандар

Білім беру саласы:_Таным,қатынас Білім беру саласының бөлімі Сенсорика

Тақырыбы: «Кірпілер»

Мақсаты: «көп»,«аз»,«біреу» ұғымдарын қалыптастыру;заттарды түстері бойынша топтауды,заттың көлемін ажыратуды үйрету; кеңістік түсініктерін дамыту. Жалпы және ұсақ мотриканы, тактильді түйсікті, эстетикалық мәдениетті дамыту. Жануарларға деген қамқорлық қатынас пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

ҰОІӘ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық




«Кірпінің балаларын тап»дидактикалық ойыны:-Балалар,қараңдаршы,кірпі-ана бізге қонаққа келді.Бірақ ол көңілсіз сияқты.

Қалай ойлайсыңдар,неліктен?Кірпі-ана маған кішкентай балаларының одан тығылып қалғанын айтты.Ол балаларын табуға сендерден көмек сұрайды.

-Кірпінің балалары қайда жасырынып қалғанын білесіңдер ме?

Балалар жауаптары.

Балалар кірпінің балаларын іздейді (үстелдің , себеттің астынан, төсектің астынан).





Ізденуші-ұйымдастыру-

шылық





«Кірпілер қандай?» дид.ойыны.

-Кірпі ана қандай?

-Ал кірпінің балалары қандай?

-Кішкентай кірпілер қанша?

-Ал үлкені ше?

-Қараңдаршы, жасыл көгалда қанша кірпі отыр?

-Ал сары көгалда нешеу?

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Сергіту сәті.

Тікенекті кірпі келеді,

Шыршаға ұқсап жайқала.

Жинап жеміс-жидекті,

Асығар үй-жайына.

«Тікенек жаса» дид.ойыны.

-Ал қазір балалар, үстелдеріңе жақындаңдар. Қараңдаршы, сендердің үстелдеріңде кірпілер жатыр. бірақ олар біртүрлі екен. Оларда не жоқ?

-Кірпілердің арқаларына тікенектерін қайтаруға көмектесейік пе?


-Үлкен.

-Кішкентай.

-Көп.

-біреу.

-Көп.


-Аз.


Қимыл-қозғалыстар жасайды.




Үстелге жақындайды.



-Тікенек жоқ.

Балалар күнбағыс дәндерінен тікендер жасайды.


Рефлексивті түзетушілік

-Жарайсыңдар, балалар. Кірпілеріміз тамаша болды. Кірпілерімізді арқаларынан сипайықшы.

Олар қандай болып шықты?

-Тікенекті болды.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: арқасы тікенекті кірпіні.

Түсінеді : кірпі тікенекті болатынын, «аз», «біреу» және «көп» ұғымдарын.

Қолданады: кірпі туралы және оның өмір сүру ортасы туралы білімді.


Тәрбиеші: _____________________

“Айналайын” Тоқмансай балабақшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған

техникалық карта

Мерзім: ___________ Тобы: Балапандар

Білім беру саласы:_Таным,қатынас Білім беру саласының бөлімі Сенсорика

Тақырыбы: «Ұзын-қысқа»

Мақсаты: «Ұзын», «қысқа» ұғымдарымен таныстыру, беттестіру әдісі арқылы ұзындықты салыстыруды үйрету. Қашықтан заттарды қзындықтары бойынша салыстыруды, көз мөлшерді дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.

ҰОІӘ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық




Саусақ жаттығуы

Бас бармаққа қонаққа

Үй есігі алдында,

Балаң үйрек, ортан терек,

Шылдыр шүмек асыға,

Ең ақыры кішкентай бөбек,

Есік қақты жайлана,

Бірге жүрсе саусақтар- мәңгі достар,

Бір-бірінсіз күні жоғын ұғынды олар!

Бір уақытта екі қолдың да саусақ ұштарын мәтіндегі сөзге сәйкес кезекпен қосады.





Ізденуші-ұйымдастыру-

шылық





«Жол салу» дидактикалық ойыны.

Балаларға жолақша-жолдар, үйлер және машиналардың суреті бар карточкалар үлестіріліп беріледі.

Балаларға сұрақтар қойылады.

-Жолдар бірдей ме?

-Айырмашылығы неде?

-Олардың қайсысы ұзынырақ?

-Жолақшалардың ұзындығын бір-бірінің үстіне қою арқылы білеміз.

-Ұзын жолды жасыл үйге қоямыз, ал қысқасын көк үйге қоямыз.

-Машина қай жолмен үйге тез барады?

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Карточкаларды таратып алады.


Балалар жолдарды салыстыра қарайды, тапсырманы орындап, педагогтің сұрақтарына жауап береді.




Жауап береді.



Рефлексивті түзетушілік

«Ұзын және қысқа таспаны тап»

дид. ойыны.

Әртүрлі ұзындықтағы таспалар салынған қорапты ортаға қояды.

Балалар педагогтің айтуы бойынша барлық қысқа таспаны немесе ұзын таспаны табуға тиіс.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: ұзын, қысқа таспаларды салыстырады.

Түсінеді : заттардың ұзын, қысқа болатынын.

Қолданады: заттардың ұзын, қысқалылығын білу үшін беттестіреді.


Тәрбиеші: ____________________________________




“Айналайын” Тоқмансай балабақшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған

техникалық карта

Мерзім: __________ Тобы: Балапандар

Білім беру саласы:_Таным,қатынас Білім беру саласының бөлімі Сенсорика

Тақырыбы: «Жоғары-төмен»

Мақсаты: кеңістіктік қатынастармен танысу, «жоғары»-«төмен» сөздерінің мағынасын түсінуге үйрету және педагог соңынан қайталап айту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Тілді түсінуді жетілдіру, естіп, қабылдауды дамыту.

Ұқыптылыққа тәрбиелеу.


ҰОІӘ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық




Топ балаларына әртүрлі жұмсақ ойыншықтар салынған сәлемдеме келеді. педагог балаларға ойыншықтарды таратады.




Балалар ойыншықтарды таратып алады.





Ізденуші-ұйымдастыру-

шылық






«Жоғары-төмен» дидактикалық жаттығуы.

Педагог текшелерден баспалдақ тұрғызады. Онымен ойыншықтар жүреді: жоғары- жоғары- жоғары; төмен- төмен- төмен.

Сөздік жұмыс: жоғары, төмен.

Жеке жұмыс жүргізеді.




Балалар педагогтің әрекетін бақылап, онымен бірге қайталайды.



Қайталайды: жоғары, төмен.


Рефлексивті түзетушілік


Дидактикалық жаттығу.

Педагог ойыншықты өзінің басына қояды. Қараңдаршы «көжек менің басымда» деп түсіндіреді.

-Өздерінің ойыншықтарыңды бастарыңа қойыңдаршы.

Ал енді оны еденге құлатайық, ол төменге құлады.






Балалар педагогтің көрсеткенін орындайды.



Күтілетін нәтиже:

Жасайды: «жоғары-төмен» сөздерінің мағынасын.

Түсінеді : әрекетті орындай отырып, оны атай білу дағдысын.

Қолданады: педагогтің үлгісі бойынша тапсырманы орындауды және қайталауды.


Тәрбиеші: ____________________________________




“Айналайын” Тоқмансай балабақшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған

техникалық карта

Мерзім: __________ Тобы: Балапандар

Білім беру саласы:_Таным,қатынас Білім беру саласының бөлімі Сенсорика

Тақырыбы: «Көкөністер»

Мақсаты: дөңгелекті сопақшадан ажырата білуге, сәйкес пазылдарға пішінді орналастыра отырып, дөңгелекті сопақшадан ажырата іріктеуге үйрету; жазықтықта үлкен көлемді геометриялық фигураларды салыстыра білуге: қияр-сопақша, қызанақ-дөңгелек.

Сөздік жұмыс: сопақ, дөңгелек.

ҰОІӘ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық




Педагог балаларды көжек пен қонжыққа қонаққа баруға шақырады.

-Оларға біз не сыйлаймыз?-Мен көжек қиярды ұнататынын, ал қонжық қызанақты жақсы көретінін білемін.


Балалар аңдарға қонаққа бармақшы болып шешеді.





Ізденуші-ұйымдастыру-

шылық





-Қараңдаршы, міне қиярлар мен қызанақтар. Көжегіміз бен қонжықты тамақтандырайық.

-Балалар, қолдарыңа ойыншық көкөністерді алыңдар: қызанақтар қызыл, әрі домалақ. Ал қиярлар жасыл, сопақша.

Педагог үстелге көжек пен қонжықты отырғызады, әрқайсысының алдына тәрелке қойып, былай деп ескертеді:

-Көжекке-қияр, қонжыққа-қызанақ.

Көжек пен қонжық дәмді сыйлықтар үшін алғыс айтып, бірге ойнауды ұсынады.

Балалармен жұмыс жүргізеді.

«Көкөністерді жасырып қой!» дидактикалық ойыны.

Педагог қосымша қатты қағаздарды көрсетеді.

-Бұл-қызанақтар (дөңгелектер), ал мынау-қиярлар (сопақша).

Сәйкес келетін ойықтарға саламыз:

«Көкөністер тығылды!»

Балалар тексере қарайды: бір қолынан екінші қолына ауыстырады, саусақпен шеттерін жүргізеді, алақандарына қысады.

Балалар кезекпен ойыншық көкөністерді тәрелкеге салады. Көжекке қияр, қонжыққа қызанақ береді.

Ойындық әрекет үрдісінде балалар көкөністер атауын қайталайды.


Рефлексивті түзетушілік


-Балалар, қараңдар, көжек пен қонжық не істеп жатыр екен?



Балалар көжек пен қонжықпен қоштасады.



Күтілетін нәтиже:

Жасайды: дөңгелекті сопақшадан ажырата алады.

Түсінеді : толықтырушы заттармен жұмыс жасау дағдысын.

Қолданады: көкөністердің атауын және олардың түстерін.


Тәрбиеші: ____________________________________



“Айналайын” Тоқмансай балабақшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған

техникалық карта

Мерзім: ___________ Тобы: Балапандар

Білім беру саласы:_Таным,қатынас Білім беру саласының бөлімі Сенсорика

Тақырыбы: «Шырша бізге қонаққа келді»

Мақсаты: балаларда әртүрлі түстегі ойыншықтарды шыршаға дұрыс орналастыру дағдыларын бекіту. Балалардың көңілді шеңбермен жүру дағдысын жетілдіруді жалғастыру; саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Оқу іс-әрекеттерінде шығармашылық, психологиялық жағымды атмосфераны тудыру.

Сөздік жұмыс: инелер.

ҰОІӘ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық




Педагог топ бөлмесіне тиін мен шыршаны алып келеді.

Тиін: Сәлеметсіңдер ме, балалар, мен сендерге сыйлыққа орманнан шырша ала келдім.

Педагог: -Балалар, кәне, тиінге әкелген шыршасы үшін алғысымызды айтайық.

-Тиін, неліктен сен бізге мұндай сыйлық жасайын деп шештің?

Тиін: -Балалар, жақында қандай мереке болады, ол қалай деп аталады?

Педагог: -Жаңа жыл мерекесінде шыршаны әсемдейді. Орманда мынадай үлкен шыршалар өседі (суретін көрсетеді).


Балалар тиінмен амандасып, өз ойларымен бөліседі.


Алғыс айтады.




-Жаңа жыл!


Шыршаның суретін тамашалайды.





Ізденуші-ұйымдастыру-

шылық





-Балалар, шыршаның инелерін ұстап көрсеңдер болады, тек байқаңдар, саусақтарыңа кіргізіп алмаңдар.

Сөздік жұмыс: инелер.

Педагог: -Тиін, біздің балалар шыршаны ойыншықтармен безендіре алады.

«Шыршаны безендір» дид. ойыны.

Педагог шыршаны безендіруді ұсынады.

Тиін:-Балалар, мен сендерге сыйға тарту еткен ағаш қалай аталады?

-Оның инелерінің түсі қандай?

-Оның ойыншықтарының түстері қандай?

-Біз шыршаны қандай мерекеге безендіреміз?

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.



Инелер сөзін қайталайды.

Балалар тапсырманы орындайды және ойыншықтардың түстерін атайды.


-Шырша.

-Инесінің түсі жасыл.

-Қызыл, сары, жасыл, көк.

-Жаңа жыл мерекесіне.


Рефлексивті түзетушілік

Тиін: -Балалар, сендерде қонақта болу маған ұнады, бірақ маған қайтадан қысқы орманыма оралуым керек.

Сау болыңдар, балалар.

Балалар тиінмен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: шыршаны қызыл, сары, жасыл, көк түсті ойыншықтармен безендіруді.

Түсінеді : жаңа жылдық ойындарды.

Қолданады: шыршаны безендіру үшін түрлі түсті ойыншықты іледі.


Тәрбиеші: ____________________________________


“Айналайын” Тоқмансай балабақшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған

техникалық карта

Мерзім: _________ Тобы: Балапандар

Білім беру саласы:_Таным,қатынас Білім беру саласының бөлімі Сенсорика

Тақырыбы: «Қуыршақ Әйгерімге арналған моншақ»

Мақсаты: балаларды өлшемі мен түсі бойынша әртүрлі геометриялық фигураларды кезектестіруге үйрету, қызыл, көк түстер туралы түсінікті бекіту. «Түсі бойынша әртүрлі», «өлшемі бойынша әртүрлі» деген ұғымдар мен « үлкен-кішкентай» деген түсініктерді дұрыс қолдану. Ұсақ бөлшектерді бауға тағуды орындай отырып, саусақ ұштарының моторикасын дамытуды жалғастыру. Ойыншықтармен ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.

ҰОІӘ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық




-Сендерге қонаққа қуыршақ келді, оның есімі Әйгерім. Балалар, Әйгеріммен амандасайық. Қуыршағымыз өзімен бірге түрлі түсті моншақтар мен баулар ала келіпті. Оған мерекеге арналған сәндік моншақ керек екен. Ол сендердің оған көмектесулеріңді сұрайды.

-Балалар, оған моншақты жасауға көмектесеміз бе?

Балалар қуыршақпен амандасады.





Балалар келіседі.







Ізденуші-ұйымдастыру-

шылық





-Моншақтардың түсі қандай?

Өлшемдері қандай?

-Моншақтар неге тізіледі?

-Қараңдар, мен бір қолыма бауды аламын, екінші қолыма үлкен қызыл моншақты аламын, енді бауға ақырын өткіземін.Сосын кішкентай көк моншақты алып бауға өткіземін.

Мен қазір әрқайсыларыңа жеке келіп, моншақты бауға қалай дұрыс тізу керектігін үйретемін. Сонымен аяғына дейін барлық моншақты тізіп біткенше жалғастырамын. Моншақты тізіп біттік, енді ұшын байлап қоямын. Қуыршағымызға моншақты кигізейік. Әйгерімге біздің жасаған моншағымыз ұнады.

Сергіту сәті.

Көзге арналған жаттығу.

Жұмыс барысында балаларға көмек көрсетеді.

-Қызыл, көк.

-Үлкен және кішкентай

-Жіпке тізіледі.





Балалар кезекпен педагогтің көмегімен 2 моншақтан өткізеді.




Балалар өздігінен немесе педагогтің көмегімен жұмысты орындайды.





Рефлексивті түзетушілік


«Қуыршақтардың мойнына моншақ тағамыз» дид. ойынын ойнату.

Топтағы барлық қуыршақтардың мойнына моншақтар тағылады.


Күтілетін нәтиже:

Жасайды: қуыршақтың мойнына моншақ тізеді.

Түсінеді : « үлкен-кішкентай» түсініктерін, «түсі бойынша әртүрлі», «өлшемі бойынша әртүрлі» сөздерінің мәнін, қызыл, көк түстер туралы ұғымды.

Қолданады: моншақтарды өлшемі және түсі бойынша кезектестіре тізуді.


Тәрбиеші: ____________________________________


“Айналайын” Тоқмансай балабақшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған

техникалық карта

Мерзім: ____________ Тобы: Балапандар

Білім беру саласы:_Таным,қатынас Білім беру саласының бөлімі Сенсорика

Тақырыбы: «Қақпақтар»

Мақсаты: екі түрлі түсті біркелкі заттарды топтастыру және салыстыруға үйрету; берілген түске сәйкес сары және жасыл түстер; зейінділікті, қол моторикасы мен қимыл үйлесімділігін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

ҰОІӘ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық




-Балалар, айтыңдаршы, әртүрлі жүк тасымалдайтын машина қалай аталады?

Дұрыс айтасыңдар, жүк машинасы.

Сергіту сәті.

Бип-бип-бип дейді,

Жол шетіне шық дейді.

Бип-бип-бип дейді,

Жол шетінде күт дейді.

-Қараңдаршы, біздің топқа қандай машина келді. Ол бізге не әкелді екен?




-Жүк машинасы.


Қимыл-қозғалыстар жасайды.


Балалар машинаны және оның не әкелгенін қарай бастайды.





Ізденуші-ұйымдастыру-

шылық



Машина қорабында қақпақтар бар екен.

-Бұл түрлі түсті қақпақтар. Жолда барлығы араласып кетіпті.

Сөздік жұмыс: қақпақтар.

-Бізге бұл қақпақтарды өз қораптарына салу керек.

-Мұнда қандай түсті қақпақтар жатыр?

-Қорапшалардың түсі қандай?

-Сары түсті қақпақты қай қорапқа саламыз?

-Жасыл түсті қақпақты қай қорапқа саламыз?

Жеке жұмыс жүргізіледі.





Қайталайды: қақпақтар.



Сары және жасыл.

Сары және жасыл.

Сары қорапқа.

Жасыл қорапқа.


Рефлексивті түзетушілік


«Қақпақтар» дид.ойыны.

Шарты: араласып кеткен қақпақтарды түстері бойынша өз қорабына салу.


Балалар ойынды белсене ойнайды.



Күтілетін нәтиже:

Жасайды: түстері бойынша заттарды іріктеуді және топтастыруды.

Түсінеді : негізгі түстерді: сары және жасыл.

Қолданады: үлкеннің бұйрығы бойынша жұмыс жасау дағдысын.



Тәрбиеші: ____________________________________







“Айналайын” Тоқмансай балабақшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған

техникалық карта

Мерзім: ______________ Тобы: Балапандар

Білім беру саласы:_Таным,қатынас Білім беру саласының бөлімі Сенсорика

Тақырыбы: «Қиылған суреттер»

Мақсаты: балаларды сенсорлық қабілеттерін: бөлшектерден бүтінді шығару дағдысын дамыту; қол қимылының икемділігі мен көз арқылы бейнені жүргізу дағдысын дамыту; суретте бейнеленген бейнені затты тануға және оны атауға үйрету; сәйкес суреттерді табу. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

ҰОІӘ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық




Балаларға қонаққа қонжық келеді, ол өзімен бірге суреттер ала келіпті, бірақ олардың атауын білмейді екен.

Қонжық балалардан оған көмектесуін сұрайды.

Қонжық балалармен амандасады.





Ізденуші-ұйымдастыру-

шылық






-Қараңдаршы, мынау ненің суреті?

-Міне,жасыл қиярым, өзі нәзік, ширағым!

-Міне, сары шалқаным, өзі қатты, әрең тапқаным!

-Сәбізім, сәбізім,

Сарғыш мұрынды,

Жасыл құйрықты.

Сақинадан құралған,

Пирамида тәрізді.

Педагог дәл осындай, бірақ екіге бөлінген суреттерді көрсетеді.

-Балалар, бүтін қияр, бүтін алма шығу үшін суретті дұрыстап жинау керек.

Педагог бүтін суреттегі бейнені құрастырудың жолын көрсетеді.

Жеке жұмыс жүргізеді.



Қиярдың.

Балалар суретте не салынғанын айтады.


Суреттерді қарап, көрсету үрдісі барысында балалар (педагогтің көмегімен) суреттегі бейнеленген заттың шеттерін саусақтарымен жүргізіп шығады.

Пішіні мен түсі бойынша бірдей бейнелерді біріктіріп жинайды.


Рефлексивті түзетушілік


«Ормандағы тоқылдақ» дид. ойыны


Балалар ойынды ойнайды.



Күтілетін нәтиже:

Жасайды: қиылған суреттермен жұмыс жасауды.

Түсінеді : суретте бейнеленген заттар атауын, сәйкес суреттерді табуды.

Қолданады: біртіндеп бөліктерден бүтінді орнына келтіруді.



Тәрбиеші: ____________________________________




“Айналайын” Тоқмансай балабақшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған

техникалық карта

Мерзімі: ___________ Тобы: Балапандар

Білім беру саласы: «Таным» Білім беру саласының бөлімі: Сенсорика

Тақырыбы: «Дөңгелек күн»

Мақсаты: балаларға таныс геометриялық фигуралар (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы) туралы білімді бекіту, балалардың түс пішін жайлы білімдерін бекіту.

Сөздік жұмыс: дөңгелек.


ҰОІӘ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық




Ойындық жағдаят. Педагог балалардың дөңгелек сызық бойына тұруын сұрайды.

Сөздік жұмыс : дөңгелек.

-Балалар, қараңдаршы, біздің дөңгелек қандай үлкен. Ол күнге ұқсай ма?

Балалар дөңгелек сызық бойына тұрады.

«Дөңгелек» сөзін қайталайды.

-Иә, күнге ұқсайды.








Ізденуші-ұйымдастыру-

шылық








Үстелде геометриялық пішіндерге ұқсас заттардың суреттері қойылған.

-Заттар қандай пішіндерге ұқсайды?

Әр балаға кез келген затты таңдап және сәйкес белгісіне қарай үстелге қоюды ұсынады. Балалардың заттарды дұрыс орналастырғанын тексереді. Жеке жұмыс жүргізеді.

Сергіту сәті.

Келе жатты үйлеріне үш аю,

Ең үлкені іштерінде әке- аю.

Сәл аласа бойыменен ана-аю.

Ал ұлдары болды ғой тым кішкентай,

Жүрген еді , сылдырмақты тастамай.

Балалардың жауаптары :

-дөңгелекке.


Саусақтарымен заттарды айналдыра жүргізіп шығады.






Қимыл- қозғалыстар жасайды.


Рефлексивті түзетушілік



«Қапшықтан алып шық» ойыны. Үстел үстіне бір фигураны қояды. Балалардың біреуі шығып, қапшықтың ішінен дәл сондай фигураны табуын сұрайды.

-Бүгін біз геометриялық пішіндерді ажыратуды үйрендік.Олардың неге ұқсайтынын білдік.

Сипап ұстау арқылы қапшықтың ішінен алып шыққан фигураның атауын бала атап , сосын түсі мен өлшемін анықтайды.


Күтілетін нәтиже:


Біледі: геометриялық пішіндерге ұқсас заттардың атауын, пішіндер атауын;

Түсінеді: пішіндердің түсі мен пішіні бойынша салыстыру дағдысын;

Қолданады: заттарды жинақтауды.


Тәрбиеші: _________________________


“Айналайын” Тоқмансай балабақшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған

техникалық карта

Мерзім: ___________ Тобы: Балапандар

Білім беру саласы:_Таным,қатынас Білім беру саласының бөлімі Сенсорика

Тақырыбы: «Шыршалар мен саңырауқұлақтар»

Мақсаты: Балалар назарын түстің әртүрлі заттарды бейнелеу үшін қолданылуы мүмкін екеніне аудару; түстері бойынша нысандарды алмастыруды үйрету. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

ҰОІӘ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық




Жұмбақ жасыру.

Өзіне шап-шақ,

Киген қалпағы аппақ.

Балалар тұр қарап.

(Саңырауқұлақ)

Жұмбақтың шешуін табады: саңырауқұлақ.





Ізденуші-ұйымдастыру-

шылық






Үлестірмелі материалмен жұмыс.

Педагог балаларға мозаиканы көрсетеді.

Сөздік жұмыс: шырша.

-Шыршалардың түстері жасыл.

Педагог өзінің панеліне жасыл түсті бөлшекті қояды.

-Саңырауқұлақтың түсі қандай болады? (қызыл).

Педагог өзінің панелінде шыршаны, саңырауқұлақты араластырады.

Жеке жұмыс жүргізеді.

Педагог былай дейді:

Салтанатты шыршалар,

Тұра қалды бір қатар.

Әрбір шырша артына,

Қызыл саңырауқұлақ тұра қал.




«Шырша» сөзін қайталайды.


Балалар педагогтің жұмысын бақылайды.




Әрбір бала педагогтің панеліне шыршаны, саңырауқұлақты кезектестіріп қояды.


Рефлексивті түзетушілік

-Балалар, жаңбырдан кейін орманда саңырауқұлақтар жақсы өседі. Кәнеки, «Жаңбыр мен саңырауқұлақ» ойынын ойнап көрейікші.

Балалар ойынды қызыға ойнайды.



Күтілетін нәтиже:

Жасайды: логикалық қатармен түстері бойынша заттарды кезектестіріп қоюды.

Түсінеді : саңырауқұлақтар мен шыршалар түсі туралы ұғымды.

Қолданады: түстің әртүрлі заттарды бейнелеу үшін қолданылатынын.


Тәрбиеші: ____________________________________



“Айналайын” Тоқмансай балабақшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған

техникалық карта

Мерзім: ____________ Тобы: Балапандар

Білім беру саласы:_Таным,қатынас Білім беру саласының бөлімі Сенсорика

Тақырыбы: «Бақбақ гүлдері»

Мақсаты: фланелеграфта түрлі түсті геометриялық пішіндерді- шеңбер мен үшбұрышты орналастыруды үйрету; балалар назарын белгілі бір түстегі фигураны әртүрлі заттарды бейнелеу (бақбақ гүлді) үшін қолданылуы мүмкін екеніне аудару; саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

ҰОІӘ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық




Бақбақ туралы тақпақ оқу:

Үлбіреп бақбақ,

Шалғынды сазда

Өседі қаптап.

Бақбақтың суретін қарау.

Сөздік жұмыс: бақбақ.

-Бақбақ гүлінің түсі қандай?

-Гүлді не ұстап тұр?

Балалар тақпақты тыңдап, бақбақтың суретін қарастырады.



Қайталайды: бақбақ.

-Сары.

-Гүлдің сабағы.





Ізденуші-ұйымдастыру-

шылық



-Балалар, бүгін біз сендермен өз бақбақ гүлімізді жасаймыз.

Қараңдаршы, мынау қандай пішін және оның түсі қандай?

Бұл сабағы болады.

-Ал мынау қандай пішін және оның түсі қандай?

-Бұл-бақбақ гүлі болады.

Үлестірмелі материалмен жұмыс.

-Балалар, алаңқайға қараңдаршы, онда өсімдік сабағы бар, бірақ бақбақ гүлінің күлтешелері жоқ.

-Кәне, балалар,бәріміз бірге алаңқайымызды толтырайық. Тәрелкедегі пішіндер қандай?

Әрбір сабаққа бір-бірден бақбақ гүлін орналастырыңдар.

Жеке жұмыс жүргізеді.

-Қараңдаршы, біз қандай әдемі бақбақ гүлі өсіп тұрған алаңқай жасадық.



-Жасыл түсті жолақша.



-Сары, дөңгелек.








-Сары дөңгелектер.



Балалар жұмысты орындайды.


Рефлексивті түзетушілік


«Гүлдер шешек атты» дидактикалық ойын.


Балалар ойынды қызыға ойнайды.



Күтілетін нәтиже:

Жасайды: пішіндерден бақбақ гүлін жасайды.

Түсінеді : өсімдікті сабағы ұстап тұратынын.

Қолданады: бейне шығатындай етіп түрлі түсті геометриялық пішіндерді орналастыруды.


Тәрбиеші: ____________________________________



“Айналайын” Тоқмансай балабақшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған

техникалық карта

Мерзім: ______________ Тобы: Балапандар

Білім беру саласы:_Таным,қатынас Білім беру саласының бөлімі Сенсорика

Тақырыбы: «Суретті құрастыр»

Мақсаты: перцептивтік модельдеу әрекетін үйрету (бірнеше бөліктен тұратын зат пішінін көрнекі талдау және жинақтау); геометриялық пішіндерді атауды, оларды салыстырып, түстерді атай білу дағдысын дамытуды; саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

ҰОІӘ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық




-Балалар, бізге қонаққа жолбарыс келді. Ол жылап тұр екен. Бірдеңе болған сияқты. Кәне, балалар, жолбарыстан оның неге ренжіп тұрғанын сұрайықшы.

-Неге сен көңілсізсің?

Жолбарыс:

-Балалар, мен сурет салғанды сондай ұнатамын, бірақ менде не қылқалам, не бояу жоқ. Мен не істесем екен?

-Жылама, жолбарыс! Біздің балалардың қолынан келмейтіні жоқ. Олар саған пішіндерден сурет салуды үйретеді.



Балалар жолбарысқа аяушылықпен қарайды.





Ізденуші-ұйымдастыру-

шылық





-Тақтаға қараңдаршы, онда пішіндерден құралған суреттер бар. Маған суретте не салынғанын, қандай пішіндерден құрастырылғанын айтып беріңдерші.

-Машина қандай пішіндерден тұрады?(екі дөңгелек, бір тіктөртбұрыш, үш шаршы)

-Үй қандай пішіндерден құрастырылған?

-Ал үшбұрыштардың барлығы бірдей ме?

-Ал қандай пішін үстелді бейнелейді?

-Қазір сендер әрқайсыларың өз орындарыңда жұмыс жасайсыңдар, тәрелкеде жатқан пішіндерден машинаны құрастырасыңдар. Ал жолбарыс сендерге қарап бояусыз, қылқаламсыз сурет салуды үйренеді.

Жеке жұмыс жүргізіледі.

Балалар машинаның суретін қарайды.





Үшбұрыштардан.

Әртүрлі.

Тіктөртбұрыш.




Балалар тәрелкедегі пішіндерден машина құрастырады.


Рефлексивті түзетушілік

-Ал, жолбарыс, саған біздің балалардың жұмыстары ұнады ма? Міне, саған қалташадағы пішіндер, сен оларды ала кет. Өзің де сурет салуға тырысып көр.

-Рақмет, балалар! Сау болыңдар,-деп жолбарыс кетіп қалады.


Балалар жұмыстарын көрсетеді. Жолбарыспен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: геометриялық пішіндерден машина құрастыруды.

Түсінеді : бірнеше бөліктен тұратын зат пішінін көрнекі талдау және жинақтауды.

Қолданады: геометриялық пішіндерді атауды, оларды салыстыруды, түстерді атауды.


Тәрбиеші: ____________________________________



“Айналайын” Тоқмансай балабақшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған

техникалық карта

Мерзім: ______________ Тобы: Балапандар

Білім беру саласы:_Таным,қатынас Білім беру саласының бөлімі Сенсорика

Тақырыбы: «Сақинаны ал»

Мақсаты: Балаларда заттық-жабдықтық әрекетті қалыптастыру, таяқтың көмегімен түрлі түсті заттарды өзіне қарай жылжыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.


ҰОІӘ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық


Таңғажайып сәт.

Ит балалардан пирамиданы жинасуға көмектесулерін сұрайды.

Балалар амандасып, итке көмектесуге келіседі.





Ізденуші-ұйымдастыру-

шылық



Педагог итті еденге отырғызып, балаларға кезекпен сақиналарды таяқшамен итке қарай жылжытуды ұсынады.

Педагог өзі жасап көрсетеді.

Педагог бір сақинаны алып көрсетеді.

Барлық сақиналар жылжытылып болғанда, педагог оларды көлемі бойынша «бәр тізбекке» қоюды ұсынады, сәбилерге сақиналарды өткізу үшін ортасындағы таяқшасын береді.


Жеке жұмыс жүргізеді.



Балалар өз беттерімен сақиналарды таяқпен жылжытуды үлкенінен бастап кішкентайымен аяқтайды.

Ең үлкен сақинаны назарларына ала отырып, балалар пирамиданы көлемі бойынша толықтай жинайды.


Рефлексивті түзетушілік


«Иттің қайда тығылғанын тап?» дидактикалық ойыны.

Педагог итті үстелдің астына, орындықтың артына, шкафтың ішіне және т.с.с.тығып қояды.


Балалар педагогпен бірге итті тауып алып, оны қайдан тапқандарын талқылайды. Ойынды тамаша ойнағанын айтады.


Күтілетін нәтиже:

Жасайды: пирамиданы жинаудың жүйелілігін.

Түсінеді : ұжыммен жұмыс жасау дағдысын.

Қолданады: заттық-жабдықтармен ойнауды.



Тәрбиеші: ____________________________________






“Айналайын” Тоқмансай балабақшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған

техникалық карта

Мерзім: ______________ Тобы: Балапандар

Білім беру саласы:_Таным,қатынас Білім беру саласының бөлімі Сенсорика

Тақырыбы: «Көжекті жасыр»

Мақсаты: Төрт мүмкіндіктің ішінен екі берілген нысанды таңдауға үйрету; түстері бойынша нысандарды топтастыру дағдысын бекіту. Сары, көк, жасыл, қызыл түстермен балаларды таныстыруды жалғастыру; ұсақ қол моторикасын жетілдіру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

ҰОІӘ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық


Ойындық жағдаят.

Есік қағылады, есіктің алдында бір қорап тұр.

-Балалар, қораптың ішінде бір нәрсе тықырлататын сияқты, кәне қарайықшы.

-Ой, бұл не?

-Қараңдар, оның үсті су, көжекті иесі жаңбыр астында ұмытып кетіпті.

-Кәне, көжегімізді еркелетіп, оған ол туралы тақпақ айтып берейік.


Қызығушылықтары туады.



-Бұл көжек.

Балалар көжекке аяушылық білдіреді.

Тақпақты мұқият тыңдайды.





Ізденуші-ұйымдастыру-

шылық


-Көжекке сәбилер тобында қонақта болғаны соншылық, ол тіпті қзінің достарын шақырады.

-Балалар, сендердің көжектеріңнің түстері қандай?

-Көжектің айтуы бойынша осы маңда қу түлкі жүрген сияқты. Ол көжектерді ұстап алғысы келеді.

-Кәнекей, біз оларды алаңқайға тығып қояйық (түрлі түсті қатты қағаз беттерін көрсетеді).

-Қараңдаршы, қандай алаңқайда түлкі қызыл көжегімізді байқамай қалады?

-Қызыл алаңқайда ма, жасыл алаңқайда ма?

-Демек, бізге көжекті дәл оның түсіндей алаңқайға жасырып қою керек.Тезірек өз көжектеріңді тығып қойыңдар.

-Міне, қалай жақсы етіп көжектеріңді тығып қойғансыңдар, тіпті түлкі оларды таба қалмай қалды. Ал қалған көжектер орманға қашып үлгереді.

Жеке жұмыс жүргізеді.





-Сары, қызыл, жасыл, көк.









-Қызылда.

Балалар төрт түстің ішінен тек керек екеуін таңдай отырып, көжекті тығып қояды.





Рефлексивті түзетушілік

«Түлкі және көжектер» дидактикалық ойынын ойнату. Педагог «түлкі», ал балалар «көжектер» болады.

Балалардың барлығы «көжек» болып түлкіден тығылады.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: төрт мүмкіндіктің ішінен екі берілген түсті топтастыруды және салыстыруды.

Түсінеді : орман аңдары туралы түсінікті: түлкі, қоян.

Қолданады: негізгі түстерді және педагогтің көрсетуі бойынша әрекет етуді.


Тәрбиеші: ____________________________________

“Айналайын” Тоқмансай балабақшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған

техникалық карта

Мерзім: ______________ Тобы: Балапандар

Білім беру саласы:_Таным,қатынас Білім беру саласының бөлімі Сенсорика

Тақырыбы: «Көңілді балықшылар»

Мақсаты: Балаларды әртүрлі тәсілдермен судан затты алу дағдысына жаттықтыру, сумен ойын ойнату арқылы жағымды сезімді жеткізу. Балаларды судың қасиетімен таныстыру (тұнық, жылы, сұйық және т.б. ), сумен ойналатын ойындар үшін керек жабдықтарды даярлауға, оны жинауға балаларды үйрету, ұсақ қол моторикасын жетілдіру. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

ҰОІӘ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық


Таңғажайып сәт.

Педагог аквариумның суретін және әртүрлі балықтарды көрсете отырып, былай дейді:

Біз жүземіз оң жаққа

Біз жүземіз сол жаққа

Шоршимыз көл астында

Ыршимыз көл үстінде.

Тұңғиыққа батамыз,

Тәтті ұйқыға батамыз.



Балалар суретті қарастырады.

Балалар балық болып жүзеді.





Ізденуші-ұйымдастыру-

шылық



«Кішкентай балықшы» демонстрациялық ойыны.

Ұсақ заттар тегешке тасталады. бұлар «балықтар» болады.Балықты аулау үшін сабы ұзын «қармақ» беріледі. Сондай-ақ балықты қасықпен де ұстауға болады. Ұстаған балықтарын шелектерге салады.


Жеке жұмыс жүргізіледі.


Сергіту сәті.

Саусақтарға арналған жаттығу.

«Балықтар таза жылы суда көңілді болып билейді, ары жылжып, бері жылжып су түбіндегі құмға да кіреді».







Балалар балықтарды аулап, шелекке салады.





Балалар балықты бейнелеп, саусақтарын біресе жұмып, біресе ашып жаттығулар жасайды.



Рефлексивті түзетушілік


Педагог оқу іс-әрекетін қорытындылайды.

-Қанша балық ауладыңдар?

-Қандай балықтар?



-Көп.

-Үлкен және кішкентай.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: әртүрлі тәсілдермен судан затты алу; сумен ойнату арқылы жағымды әсерді жеткізу.

Түсінеді : судың қасиетін: жылы, тұнық, сұйық және т.б.

Қолданады: іс-әрекет барысында алған білімдерін қолданады.


Тәрбиеші: ___________________________________



“Айналайын” Тоқмансай балабақшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған

техникалық карта

Мерзім: ______ Тобы: Балапандар

Білім беру саласы:_шығармашылық Білім беру саласының бөлімі Мүсіндеу

Тақырыбы: «Шыршаны безендіреміз»

Мақсаты: Балаларды мүсіндеудің жаңа амалдарымен таныстыру; жаңажылдық шыршаны әдемі және сәнді етіп безендіруге үйрету; тілдерін дамыту; саусақтың ұсақ бұлшықеттерінің қимылын жетілдіру. Өздігінен жұмысты жасай білуге, ұқыпты жасауға тәрбиелеу. Мерекелік көңіл күйлерінің көтеріңкі болуына ықпал жасау.

ҰОІӘ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық




Педагог балаларға шыршаларды көрсетеді және өлең оқиды.

Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

Педагог балаларға мерекелік әсем безендірілген шыршаның суретін көрсетеді.

-Сендерге шырша ұнай ма?

-Ал енді үлестірмелі материалдағы шыршаға не жетіспейді. Қараңдаршы.

Балалар өлеңдітыңдайды және педагог ұсынған үлгілерді қарайды.






-Ұнайды.

-Шырша ойыншықтары жоқ екен.





Ізденуші-ұйымдастыру-

шылық






Дидактикалық ойын: «Сыңарыңды тап».

Педагог бірнеше жаңажылдық ойыншықтарды балаларға көрсетіп, бірдей ойыншықтарды табуды ұсынады.

Тапқан ойыншықтардың түсін, пішінін сұрайды.

-Енді суреттегі шыршаны мерекелік шыршаға айналдыруымыз керек.

-Кәне, онда шыршаны безендірейік.

Педагог мүсіндеудің үлгісін көрсетеді.

-Ол үшін біз ермексаздың әр түсінен түйіртпектер дайындап, шыршаның сұлбасын безендіреміз. Алдымен саусақпен аздап үзіп аламыз да, оны домалақтаймыз. Міне, осылай оны саусақпен қағаз бетіндегі шыршаға жапсырамыз. Енді өздерің жасап көріңдерші.

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.


Балалар ойынды ойнап, ойыншықтардың пішінін және түсін айтады.




Балалар шыршаға арнап ойыншықтар жасайтындарына қуанады.

Балалар жұмыс жасау ретімен танысады.

Педагогті мұқият тыңдайды.


Рефлексивті түзетушілік

-Жарайсыңдар, балалар. Жаңа жылдық шыршалар өте әдемі болып шықты. Енді шыршаны айналып туралы ән салайық.


Балалар қуанып, шыршаны айналып ән салады.

Күтілетін нәтиже:

Шыршаның пішінін, оны қажетті түстермен сәндеп безендіруді біледі.

Жаңа жыл мейрамын және шыршаны қалай безендіру керектігін түсінеді.

ермексазды алақанымен айналдыра жаюды, саусақпен дәл баса отырып, үлестірмелі материалға бекітуді қолданады.


Тәрбиеші: ____________________________________


“Айналайын” Тоқмансай балабақшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған

техникалық карта

Мерзім: __________ Тобы: Балапандар

Білім беру саласы:_шығармашылық Білім беру саласының бөлімі Мүсіндеу

Тақырыбы: «Ағаштағы алмалар»

Мақсаты: Ермексазды алақан арасына салып айналдыра домалақтау арқылы мүсіндей білуге үйрету; тілдерін дамыту; саусақтың ұсақ бұлшықеттерінің қозғалысын жетілдіру; табиғатты аялауға тәрбиелеу.

ҰОІӘ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық




Педагог балаларға алма ағашының суретіне мұқият қарап шығуды ұсынады. Алма туралы тақпақты оқып береді.

Мен алмамын, алмамын

Таңдай қағар бар дәмім.


Балалар суреттегі алма ағашына мұқият қарайды.

Алма туралы тақпақты тыңдайды.





Ізденуші-ұйымдастыру-

шылық





-Тақпақта не туралы айтылған?

-Алма қайда өседі?


-Алманың түсі қандай болады?

-Алманың пішіні қандай?

-Балалар, үлестірмелі материалдағы алма ағашында алманың суреті салынбаған.

Ал сендер өздерің жасаған алмаларыңды орналастыруларыңа болады.

Педагог балаларға мүсіндеуді көрсетеді.

Сергіту сәті. Саусақ жаттығуы.

Бір қолымда бес саусақ

Бір қолымда бес саусақ

Бәрін қоссақ-он саусақ.

Педагог жұмысқа кірісуді ұсынады.

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.


-Алма туралы.

-Бақта, алма ағашында өседі.

-Қызыл, сары, жасыл.

-Дөңгелек.

Балалар педагогтің айтқанын мұқият тыңдайды.


Саусақ жаттығуларын жасайды.


Балалар алманы мүсіндейді.Жасаған алмаларын суреттегі алма ағашына орналастырады.


Рефлексивті түзетушілік

-Жарайсыңдар, балалар.Жасаған алмаларың дөңгелек әрі бірдей болып шықты.

Балаларды мадақтайды.


Балалар қуанғандарын білдіреді.

Күтілетін нәтиже:

-Қызыл,сары, жасыл түсті ермексаздан алмалар жасайды.

-Алма жемістің түріне жататынын түсінеді.

-Ермексазды алақан арасына салып айналдыра домалақтау әдісін қолданады.



Тәрбиеші: ____________________________________







“Айналайын” Тоқмансай балабақшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған

техникалық карта

Мерзім: _________ Тобы: Балапандар

Білім беру саласы:_шығармашылық Білім беру саласының бөлімі Мүсіндеу

Тақырыбы: «Қуыршаққа арналған кәмпиттер»

Мақсаты: Балаларды ермексазды шымшып үзіп алуға және домалақ, жұмыр мүсіндер сомдауға жаттықтыру; оларға домалақтау, илеу жолдарымен мүсіндеу тәсілдерін үйрету; қызығушылықтарын арттыру, қабілеттерін, тілдерін дамыту; саусақтың бұлшықеттерінің қимылын жетілдіру, қайырымдылыққа тәрбиелеу.


ҰОІӘ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық


Шаттық шеңбері.

Педагог балаларды шеңбер құрып тұруға шақырады.

-Біздің шеңберіміз көлемі қандай болды?

-Ол неге ұқсайды?

-Ендеше біздің шеңберімізді шар сияқты үрлеп, үлкен шеңбер жасайық. Кәне, бәріміз бірдей үрлейік.

Балалар шаттық шеңберін құрады.


-Үлкен.

-Шеңберге.


Балалар үрлейді.





Ізденуші-ұйымдастыру-

шылық

Ғажайып сәт.

-Балалар, бізге қонаққа қуыршақ Әсел келіп тұр. Бүгін оның туған күні екен. Бізде туған күнге сыйлық сыйлау дәстүрге айналған.

-Ал біз қуыршаққа сыйлық ретінде өз қолымызбен кәмпит жасай аламыз ба?

Педагог тақпақ оқиды.

Педагог үлестірмелі суретке балалардың назарларын аударады.

Оларға қуыршаққа арналған кәмпитті жасаудың ретін көрсетеді.Ермексазды алақан арасына салып домалақтау керектігін айтады. Осылайша кәмпиттің үш түрін жасап көрсетеді.

Сергіту сәті.

Педагог жұмысты жалғастыруды ұсынады.

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Балалардың қызығушылығы оянады.

Олар қуыршақпен амандасады.

Кәмпит жасауға ынта-ықыластарын көрсетеді.

Тақпақты бәрі мұқият тыңдайды.


Ермексазды алақан арасына салып домалақтайды.



Жасаған кәмпиттерін Әселдің алдына қояды.


Рефлексивті түзетушілік

-Балалар, қуыршақ Әселге беретін сыйлығымыз дайын болды. Жасаған тәтті кәмпиттерімізді сүйікті қуыршағымызға берейік.

Әсел оларға рақмет айтты.

Балалар қуыршаққа кәмпитті көп жеуге болмайтынын ескертеді.

Қуыршақпен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Мүсіндеудің қызық әдістерін, бастаған жұмысын соңына дейін жеткізу дағдысын жасайды.

Кәмпиттің тәттілігімен бірге зияны да бар екендігін түсінеді.

Ермексазды алақан арасына салып домалақтау әдісін қолданады.



Тәрбиеші: ____________________________________



“Айналайын” Тоқмансай балабақшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған

техникалық карта

Мерзім: __________ Тобы: Балапандар

Білім беру саласы:_шығармашылық Білім беру саласының бөлімі Мүсіндеу

Тақырыбы: «Тоқаш»

Мақсаты: Балаларды екі қолымен домалақ шар жасауды үйрету; саусақтардың ұшымен басып тереңдету әдістерін меңгерту; сондай-ақ мүсіндеудің домалақтау, илеу тәрізді тәсілдерін үйрету; балаларға халқымыздың қонақжайлылығы туралы қысқаша мәлімет беру және ойын арқылы бала қиялын дамыту; оларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.


ҰОІӘ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық



Ғажайып сәт.

Қолында 3-4 тоқашы бар педагог топқа кіреді.

Бүгінгі сабақта ермексаздан тоқашты мүсіндейтіндерін хабарлайды.

Педагогтің айтқанын мұқият тыңдайды.

Қуаныштарын көрсетеді.





Ізденуші-ұйымдастыру-

шылық






-Балалар,осындай томпақ тоқашты неден мүсіндеуге болады?

-Балалар, осындай бүгінгі сабағымызда томпақ тоқаштар мүсіндейтін боламыз.

Ермексазды шымшып үзіп алу әдісімен орташа бөлшектерге бөліп,жұдырықпен илеп, алақан арасына салып домалақтаймыз. Тақтай бетіне жалпақтап, бетіне саусақпен басып өрнек саламыз.

Сергіту сәті.

Балақан-ау, балақан

Кәне, қайсы алақан?

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.




-Ермексаздан.


Балалар тоқаш мүсіндеуге кіріседі.

Ермексазды шымшып үзіп алу әдісімен орташа бөлшектерге бөліп, жұдырықпен илеп, алақан арасына салып домалақтайды.

Оны жалпақтап, бетіне саусақпен басып өрнек салады.




Рефлексивті түзетушілік


Педагог балалардың жасаған жұмыстарын мадақтап, оларды ата-аналарға арналған көрмеге апарып қояды.



Балалар бір-біріне жасаған жұмыстарын көрсетеді.

Күтілетін нәтиже:

Ермексаздан тоқаш мүсіндеуді және тақырып бойынша пішінін өзгертіп жасайды.

«Ас атасы-нанды» қадірлей біледі. «Еңбек етсең емерсің» мақалының мағынасын түсінеді.

Ермексазды алақанға салып домалатуды,жұдырықпен илеуді, жалпақтауды, саусақтармен өрнек салуды қолданады.



Тәрбиеші: ____________________________________



“Айналайын” Тоқмансай балабақшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған

техникалық карта

Мерзім: ________ Тобы: Балапандар

Білім беру саласы:_шығармашылық Білім беру саласының бөлімі Мүсіндеу

Тақырыбы: «Құймақ»

Мақсаты: Ермексаздан әртүрлі пішіндер жасату арқылы баланың қызығушылығын ояту, шығармашылық қабілеттін арттыру; тілін дамыту; саусақтың бұлшықеттерінің қимылын жетілдіру, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

ҰОІӘ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық



Ғажайып сәт.

Педагог Арина апай бллып құймақ пісіріп тұрады (ермексаздан).

Амансыңдар ма, балалар!

Мен сендерге тәтті құймақ пісіріп жатырмын.


Балалар апамен амандасады.

Балалар қуанады.





Ізденуші-ұйымдастыру-

шылық





-Балалар, бұл не?

-Табада не пісіп жатыр?

-Дұрыс айтасыңдар,табада құймақ пісіп жатыр. Бұл үшін, алдымен, сұйық қамыр дайындаймыз. Дайындаған сұйық қамырды табаға құймас бұрын табаны қыздырып аламыз. Қызған табаны құймақты шөмішпен құямыз.Міне, құймақ дайын.Өте дәмді, әдемі болды.

Арина апай балаларға құймақ туралы тақпақ айтып береді.

Арина апай балаларға келесі сұрақтарды қояды:

-Апайларың не пісірді?

-Қандай ыдысқа пісірді?

-Құймаққа не қосты?

-Құймақты кімдерге берді?

Үлестірмелі материалға назар аударады, балаларға ермексаздан құймақ жасап көрсетеді.

-Құймақ пішініне келтіру үшін оны алақанның арасына салып жаймалау керек.

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Сергіту сәті.

-Балалар, жасаған құймақтарыңды тәрелкеге алып қоюға болады.

-Таба.

-Құймақ.


Арина апайдың айтқанын мұқият тыңдап, қалай жасағанын қарап тұрады.


Апайдың тақпағын тыңдайды.


-Құймақ пісірді.

-Табаға.

-Май қосты.

-Балаларға.

Апайдың көрсеткнін балалар қайталайды, құймақ жасайды.




Балалар жасаған құймақтарын тәрелкеге салады.

Рефлексивті түзетушілік

Балаларды марапаттайды.

Қуаныштарын білдіреді.


Күтілетін нәтиже:

Құймақ жасау үшін ермексазды алақан арасына салып жалпайтып жасайды.

Құймақты қыздырған табада пісіру керектігін түсінеді.

Алдымен ермексазды домалақтау әдісін қолданады.



Тәрбиеші: ____________________________________



“Айналайын” Тоқмансай балабақшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған

техникалық карта

Мерзім: ______ Тобы: Балапандар

Білім беру саласы:_шығармашылық Білім беру саласының бөлімі Мүсіндеу

Тақырыбы: «Әтешке арналған қоршау»

Мақсаты: Домалақталған ермексазды екі алақанымен есу арқылы сопақшалап, қоршауға баған жасауға болатыны туралы балаға мағлұмат беру; тілін дамыту; саусақтың бұлшықеттерінің қимылын жетілдіру; үй құстарына қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.

ҰОІӘ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық

Педагог балаларға үлестірмелі материалдағы суретке назар салып қарауды ұсынады.

Балаларға әтеш туралы тақпақ оқып береді.

-Балалар, суретте әтеш ненің үстінде отыр?

-Дұрыс айтасыңдар, ол қоршаудың үстінде «ку-ка-ре-ку» деп шақырып отыр.

Педагог дайын көрнекілікті балаларға көрсетеді.

-Мына қоршауға не жетіспейді?

-Мен сендерге осы қоршауға қажетті бағандар жасауды үйретейін.

Балалар педагогті тыңдайды, үлестірмелі материалға суретке қарайды.

-Ол қоршаудың үстінде отыр.

Балалар «ку-ка-ре-ку» деп қайталайды.

-Қоршаудың бағандары жетіспейді.

Балалар келіседі.





Ізденуші-ұйымдастыру-

шылық





Педагог балаларға қоршаудың жетіспей тұрған бөліктерінің ермексаздан жасалу жолын түсіндіре отырып көрсетеді.

-Бірінші ермексаздың кішкене бөлігін шымшып үзіп алып, алақанымызға салып, әрі-бері есеміз.

Жасаған бағанымызды дайын қоршаудың бағаны жоқ жеріне жалғастырып жабыстырамыз.

-Балалар, міне, осылай әтештің қонақтайтын қоршауының бағандарын жөндеп, қалпына келтірдік.

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Сергіту сәті.

-Жарайсыңдар, балалар, енді жұмысымызды жалғастырайық.

-Қолдарыңменермексазды қалай бағанға айналдыратынымызды көрсетіңдер.

-Дұрыс, бағандарымыз дайын болды.Бағандарымызды орнына дұрыстап орналастырайық.




Балалар педагогті мұқият тыңдайды.


Балалар ермексазбен есу әдісін меңгергендерін көрсетіп, бағандарын дайындайды.

Дайын бағандарды балалар үлестірмелі материалдағы қоршаудың жалғасы ретінде қояды.


Рефлексивті түзетушілік

-Балалар, еңбектенсеңдер, қолдарыңнан бәрі келеді. Жарайсыңдар, сСендер жасаған қоршау әтешке қатты ұнады.

Педагог балалардың жұмыстарын ата-аналарға арналған көрмеге қояды.

Қуаныштарын білдіреді.

Күтілетін нәтиже:

Балалар бағандардың биіктігі мен жуандығын бірлей етіп жасайды.

Оқу іс-әрекетінде еңбекке деген құлшыныстың маңыздылығын түсінеді.

Ермексазды алақанға салып есуді қолданады.


Тәрбиеші: ___________________________________


“Айналайын” Тоқмансай балабақшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған

техникалық карта

Мерзім: ____________ Тобы: Балапандар

Білім беру саласы:_шығармашылық Білім беру саласының бөлімі Мүсіндеу

Тақырыбы: «Аққала»

Мақсаты: Ақ түсті ермексаздың кесегін екі алақанмен домалақтау дағдысын пысықтау, дамыту; екі бөліктен тұратын аққаланы сомдауды, аққаланың бейнесі айқындалу үшін қосымша заттарды пайдалануды үйрету; ойын арқылы мүсіндеу дағдыларын ұштау; баланың тілін дамыту; саусақтың бұлшықеттерінің қимылын жетілдіру; ұқыптылық пен тазалыққа тәрбиелеу.

ҰОІӘ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық




Педагог М. Мақатаевтың «Аққалам» өлеңінен үзінді оқиды.

Ақ балам, ақ балам,

Аққала жаса, ақ балам.

Педагог балаларға шар тәрізді екі бөліктен тұратын ойыншық аққаланы ұсынады.

Балалар педагогті мұқият тыңдай отырып, үлестірмелі материалдағы суретке көз жүгіртеді.






Ізденуші-ұйымдастыру-

шылық





-Аққаламыз қандай түсті?

-Ол неге ақ?

-Аққаланың басы қандай?

-Ал мынау не?

-Сұлбасы қандай?

-Үлкендігі қандай?

-Ермексаздан аққаланың домалақ денесін қалай жасайтынымызды кім көрсетеді?

Сергіту сәті.

Педагог балаларға ақ ермексаздан аққала жасау жолдарын көрсетеді.

Екі домалақты дайындайды, басы мен денесін бір-біріне жабыстырады.

Түймелерден көз, сәбізден мұрнын жасаймыз.

Жеке жұмыс жүргізіледі.

-Ол аппақ түсті.

-Өйткені ақ қардан жасалған.

-Домалақ.

-Ол кеудесі, іші.

-Ол жері де домалақ, үлкендеу.

Балалар алақандарымен домалақ шар жасайды.


Балалар қолдарына ақ ермексаздың бір кішкене кесегін алып, аққаланың басын, қолдарын, денесін домалақ шар тәрізді мүсіндейді.


Рефлексивті түзетушілік

Сабақтың соңында педагог балаларды мадақтайды.

Балалар мүсіндеген «аққалаларын» педагог көрмеге қояды.


Қуаныштарын білдіреді.

Күтілетін нәтиже:

Екі бөліктен тұратын аққаланы жасайды.

Домалақ пішінді сомдауды, ақ түс-қардың түсі, яғни қардай аппақ дегенді білдіретінін түсінеді.

Екі қолмен домалақтау, оларды көлеміне қарай қажетті дене мүшелеріне жапсыру тәрізді сомдау амалдарын қолданады.



Тәрбиеші: ____________________________________





“Айналайын” Тоқмансай балабақшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған

техникалық карта

Мерзім: ___________ Тобы: Балапандар

Білім беру саласы:_шығармашылық Білім беру саласының бөлімі Мүсіндеу

Тақырыбы: «Қоянға арналған сәбіз»

Мақсаты: Балаларға ермексаз бөлшектерін алақандарына салып есуді, әртүрлі форманы қалыптыруды білуді үйрету; мүсіндей және саусақтың ұсақ бұлшықеттерінің қимылын жетілдіру; қоршаған ортаға, табиғатқа, жануарларға жанашырлық танытуға тәрбиелеу.


ҰОІӘ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық




-Балалар, бүгін бізге қонақ келеді.

Ұзын құлақты, бадырақ көзді, ойлы-қырлы жерлермен ытқып-ытқып жүретін, сәбізді жақсы көретін, ол не?

-Дұрыс айтасыңдар, қоян.Кәне, ортаға шақырайық.

Қызығушылығын туғызу.

-Ол қоян.


-Қоян, кел.





Ізденуші-ұйымдастыру-

шылық





Ғажайып сәт.

Қоян кіреді.

-Сәлеметсіңдер ме?

-Ол несімен ерекше?

-Оның құлағы қандай?

-Құйрығы қандай?

-Дұрыс айтасыңдар. Қоянның құлағы ұзын, құйрығы қысқа болады.

-Тағы қоян не істей алады.

-ендеше біз де сеіріп алайық.

Сергіту сәті.

Педагог себет алып келеді. Себеттің ішінен көкөіністерді шығарып, түсіндіреді.

-Қоян бізбен ойын ойнағысы келеді.Ол өзіне қатты ұнайтын көкөністі жасырады, ал сендер оны табуларың керек.

Педагог жұмысты орындаудың ретін түсіндіреді: ермексазды алақанға салып, сәбіз көлеміне келтіріп есеміз, бас жағын жувндау етіп, төмнегі жағын жіңішкертеміз.

-Сәбізге ұқсады ма?

-Енді сендер ермексазды алып, өздерің сәбіз сомдап көріңдер.

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.



-Сәлеметсің, қоян!

-Ұзын құлақты.

-Ұзын.

-Қысқа.



-Секіре алады.


Қимыл-қозғалыстарды педагогпен бірге жасайды.


Ойынды ойнайды.



Балалар қарайды.




Балалар ермексазбен жұмыс жасай бастайды.



Рефлексивті түзетушілік

-Қоян сендерге рақмет айтып, сау болыңдар деп қоштасуда.

Педагог балаларды мадақтап, жасаған жұмыстарын көрмеге қояды.

Балалар қоянмен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Ермексаз бөлшектерін алақандарына есуді, әртүрлі пішіндерді жасайды.

Қоянның дене мүшелерін таниды, қоянның сәбіз бен қырыққабатты жақсы көретінін түсінеді.

Алақанмен домалақтап, жоғары жағын жуан, төмен жағын жіңішкелеу амалдарын қолданады.


Тәрбиеші: ____________________________________


“Айналайын” Тоқмансай балабақшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған

техникалық карта

Мерзім: ___________ Тобы: Балапандар

Білім беру саласы:_шығармашылық Білім беру саласының бөлімі Мүсіндеу

Тақырыбы: «Пирамида»

Мақсаты: Балаларға ермексазды шымшып үзіп алу және домалақ, жұмыр мүсіндер туралы мағлұмат беру; ермексазды алақан арасына салып домалақтау тәсілдерін меңгерту; тілдерін дамыту; саусақтың бұлшықеттерінің қимылын жетілдіру; ойыншықтармен ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.

ҰОІӘ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық

Ғажайып сәт.

Педагог балалардан пирамидаға мұқият қарап алуды ұсынады.

Пирамиданың сақиналарын бір-бірден шешіп, қайтадан кигізеді.

-Балалар, қараңдаршы. Пирамиданың ұшар басына дейін әдемі, сақиналары көз тартады.

Балалар педагогті мұқият тыңдайды, пирамидаға қарайды.

Пирамида құрастырады.





Ізденуші-ұйымдастыру-

шылық





-Дәл осындай пирамиданы біз өз қолымызбен, ермексаздан мүсіндей аламыз. Мен сендерге мүсіндеу жолдарын үйретемін.

-Ең бірінші біз бейненің негізін жасап алуымыз керек. Ол үшін ең астына қызыл түсті ермексазды таңдаймыз. Алдымен екі алақан арасына салып, ермексазды домалақтаймыз. ар пішініне келтірген соң, алақан арасына салып, қатты қысып жалпақтаймыз.

-Енді көк түсті ермексазды алып ,тағы да домалақтап шар жасағаннан кейін, оны сопақтап есіп, сақина тәрізді екі ұшын біріктіріп, қызыл түстің үстіне орналастырамыз.

-Келесі сақинамыз сәл кішілеу, сары түсті болады.Оны да домалақтап, алақан арасына салып есіп, сақина жасап, көк түсті сақинаның үстіне кигіземіз.

-Ең бастысы-төбесін жасау, ол домалақ, қызыл түсті.

-Міне, өз қолымызбен жасаған пирамидамыз дайын.

Сергіту сәті.

-Енді балалар ермексазды алып, пирамида сомдауға кірісіңдер.

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.



Ынталарын көрсетеді.




Қарайды, мұқият тыңдайды.











Балалар пирамида сомдауға кіріседі.

Өздері сомдаған пирамидаларын ойыншықтар арасына орналастырады.



Рефлексивті түзетушілік

Балаларды мадақтау.

-Жарайсыңдар, балалар! Сендер қандай әдемі пирамида мүсіндеп шыққтыңдар.

Қуанышты жүздері

бал-бұл жайнайды.

Күтілетін нәтиже:

Ермексазды үзіп алып, алақанмен домалақтап есу арқылы пирамида жасайды.

Әртүрлі түстер мен көлемді сақинаны ажырата білу дағдысын түсінеді.

Ермексаздан дөңгелек пішін жасау амалдарын қолданады.


Тәрбиеші: ____________________________________


“Айналайын” Тоқмансай балабақшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған

техникалық карта

Мерзім: _______ Тобы: Балапандар

Білім беру саласы:_шығармашылық Білім беру саласының бөлімі Мүсіндеу

Тақырыбы: «Анама арналған прәндік пісіремін»

Мақсаты: Балаларды қамырмен жұмыс жасауға үйрету; балалардың ой-өрісін арттыру мақсатында ермексаздың кішкене бөлігін алақанмен тікесінен қимылдату арқылы домалақ пішін жасауды және саусақпен жай ғана басуды үйрету; балалардың ойлау қабілеттерін арттыру; тіл байлығын дамыту; ана-әжелеріне деген сүйіспеншілікке, бауырмалдыққа баулу.

ҰОІӘ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық




-Балалар, бүгін біз аналарға сыйлық ретінде дәмді прәндік пісіреміз. Ол үшін қолымызды жуып, алжапқыш тағамыз.

-Балалар, есімізге түсірейікші. Ең басты кейіпкер бауырсақ болатын қандай ертегі?

-Дұрыс, бауырсақты неден пісіреді?

-Менің үстелімнің үстінде заттар бар.

Кәне, осы заттарды көрейік.

Заттар: ұн, қант, Сарымай. Жұмыртқа.

Қызығушылығын білдіреді.

Ойланады,жауап береді.

-Бауырсақ.


-Ұннан пісіреді.






Ізденуші-ұйымдастыру-

шылық





-Ал балалар, мен прәндік жасай берейін. Менің шұңғыл кесем бар. Кесеге алдымен жұмыртқа мен қантты жақсылап араластырамыз. Оған сарымайды қосып, тағы араластырамыз. Содан кейін ұн қосып, илейміз.

-Қараңдаршы, қамырымыз қандай болып шықты? Ал енді қамырды тақтайшаның үстіне қоямыз.

Қамырмен жұмыс жасаймыз.

Әр балаға қамырдан кішкентайдан үзіп береді.

-Біз екі алақанымызбен қамырдан пішін сопақ пішін жасаймыз, шет жақтарын әсемдейміз.Екінші қамырды да солай етеміз.

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

-Ал енді прәндікті аспазға апарып береміз, аспаз оны пешке пісіреді.

Сергіту сәті. Анамызға.

Бала, бала, бала,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған!




Балалар педагогтің іс-әрекетін қарап ұрып, тыңдайды.

2-3 бала педагогке көмектеседі.


Балалар прәндік жасайды.







Балалар қол ұстасып шеңбер жасайды.

Тоқтап, қолдарын кеудесіне қояды, қолдарын алға созады.


Рефлексивті түзетушілік

Балалар сабақтың соңында педагогпен бірге жасалған прәндіктен ауыз тиеді.

Қуанышты жүздері

бал-бұл жайнайды.

Күтілетін нәтиже:

Балалар қамырмен мүсіндеу әдісі дағдыларын жасайды.

Аналар мерекесіне арнайы сыйлық сыйлауды түсінеді.

Қамырмен мүсін сомдау әдісін қолданады.


Тәрбиеші: _____________________________



“Айналайын” Тоқмансай балабақшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған

техникалық карта

Мерзім: _______ Тобы: Балапандар

Білім беру саласы:_шығармашылық Білім беру саласының бөлімі Мүсіндеу

Тақырыбы: «Ұшақ»

Мақсаты: Балаларға қуаныш сыйлау; ой-өрістерін кеңейту; сабақта мүсіндер жасауды үйрету; тілдерін дамыту; саусақтың ұсақ бұлшықеттері қимылын жетілдіру; кішкентай нәрселер жасауға ынтасын арттыру.

ҰОІӘ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық




«Не жетіспейді? Шешіп көр» дидактикалық ойын ойнауды ұсынады.


Балалар көздерін жұмады, ал педагог үш көріністің ішінен біреуін алып қояды.

Балалар жоғалған көріністерді атайды.





Ізденуші-ұйымдастыру-

шылық






Ғажайып сәт.

Топта ойыншық ұшақтар ұшады.

Педагог балалармен бірге оның түсі мен бөліктерін қарайды.

-Қараңдаршы, балалар, бізге ұшақ ұшып келіпті.

-Оның түсі қандай екен?

-Дұрыс айтасыңдар, ақ түсті.

Ал ұшақтың қанаттары өте үлкен және жұқа. Қанаттар ұшу үшін керек. Оның түсі қандай болады?

Педагог балаларға ермексаздан ұшақ жасауды үйретеді.

-Ұшақ жасау үшін ең алдымен екі бөлік ермексаз кесегі керек. Алақанмен тағы да дөігелектер жасаймыз, одан кейін ермексаздың екінші бөлігін төртбұрыштап, үшбұрыштап бөлеміз. Екінші бөлігі ұшақтың қанаты болады.

Сергіту сәті. Ұшақтар.

Ұшақтар зымырайды

Ұшақтар ұшады.

Біз тыныш отырып,

Ұшақтарды бақылаймыз.

Педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді.


Балалар ұшақтың түсін мен бөліктерін қарайды.



-Ақ түсті.



-Көк.


Педагогтің іс-әрекетіне қарайды, мұқият тыңдайды.




Сергіту сәтін жасайды.


Барлығы жұмысқа кіріседі, ұшақты мүсіндейді.


Рефлексивті түзетушілік

-Жарайсыңдар, балалар, жасаған ұшақтар өте әдемі болып шықты.

Педагог балалар жасаған ұшақтарды ата-аналарға арналған көрмеге қояды.

Қуаныштан жүздері бал-бұл жайнайды.

Күтілетін нәтиже:

Ермексазды алақанға салып есуді, есілген бөлшектерді көлдеңеннен жабыстыруды жасайды.

Көліктердің түрлері: әуе көлігі, су көлігі, темір жол көлігі, жол көлігі болатынын түсінеді.

Ермексазбен жұмыс істеу әдістерін қолданады.



Тәрбиеші: ____________________________________


“Айналайын” Тоқмансай балабақшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған

техникалық карта

Мерзім: _______ Тобы: Балапандар

Білім беру саласы:_шығармашылық Білім беру саласының бөлімі Мүсіндеу

Тақырыбы: «Итке арналған тостақ» итаяқ.

Мақсаты: Балаларды ермексаздан домалақ пішін жасауға үйрету; балалардың шығармашылық, танымдық ой-қабілеттерін, тілдерін дамыту; саусақтың бұлшықеттерінің қимылын жетілдіру; үй жануарларына қамқор болуға тәрбиелеу.


ҰОІӘ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық


Педагог балаларға ойыншық итті көрсетеді.

-Бұл-Жолдыаяқ, ол бізге қонаққа келіпті.

-Аф-аф-аф.

Ойыншықты қарастырады, педагогті тыңдайды.





Ізденуші-ұйымдастыру-

шылық


Педагог балаларға сұрақ қояды:

-Ит неге үреді?

-Мүмкін, оның тамақ жегісі келетін шығар.

-Кәнекей, Жолдыаяқты тамақтандырайық. Иті біз тостақпен тамақтандырамыз.

Сөздікпен жұмыс: тостақ, итаяқ.

-Бізге тездетіп итаяқ жасау керек.

Педагог үлестірмелі материалға назар аударады, мүсіндеудің жолдарын көрсетеді:

-Ең алдымен біз дөңгелек жасап аламыз, ал содан кейін саусақтарымызбен шұңқыр жасаймыз, саусағымызбен жиегін көмкереміз.

Сергіту сәті.

Педагог жұмыс қиындау тиген балаларға шұңқырды айналдырып жасауға көмектеседі.

Жеке жұмыс жүргізеді.







«Тостақ, итаяқ» сөздерін қайталайды.



Қарайды, мұқият тыңдайды.


Қозғалыстар жасайды.


Балалар жұмыс жасайды.


Рефлексивті түзетушілік

-Жарайсыңдар, балалар, итімізге итаяқ қатты ұнап қалыпты, рақметін айтуда.

Педагог балалар жасаған жұмыстарын ата-аналарға арналған көрмеге қояды.

Балалар қуанышты.

Күтілетін нәтиже:

Ермексаздан мүсін сомдау тәсілі мен дағдыларын қолдануды, бас бармақпен басып шымшу әдісімен итаяқтың жиегін мкемдеп келістіруді жасайды.

Жеті қазынаның бірі, үй жануары-ит туралы, иттің тамақтандыру туралы түсінеді.

Ермексазбен жұмыс істеу әдістерін қолданады.



Тәрбиеші: ____________________________________







“Айналайын” Тоқмансай балабақшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған

техникалық карта

Мерзім: _______ Тобы: Балапандар

Білім беру саласы:_шығармашылық Білім беру саласының бөлімі Мүсіндеу

Тақырыбы: «Бауырсақ»

Мақсаты: Ермексазды шымшып үзіп алу және домалақ,жұмыр мүсін жасау туралы мағлұмат беру; «Бауырсақ» ертегісі арқылы мүсіндеуге баулу; бауырсақты тірі кейіпке айналдыру (көздері түймеден), бет-бейнесін жасау; бала қиялын дамыту; мүсіндеудің домалақтау, илеу тәрізді тәсілдерін үйрету; ұқыптылық пен тазалыққа тәрбиелеу.


ҰОІӘ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық

Педагог балаларға «Бауырсақ» ертегісінің ойыншық кейіпкерлерін көрсетеді.

Балалар қызығушылық білдіреді.





Ізденуші-ұйымдастыру-

шылық





-Балалар, бұл қай ертегінің кейіпкерлері?


-Ал бұл кейіпкерлердің ішінен қай кейіпкер жетіспейді?

Педагог «Бауырсақтың» терезенің алдында тұрған суретін көрсетеді, ертегіден үзінді оқиды.

Сергіту сәті. Бауырсақ.

Бидай ұннан иленген,

Өзін майға пісірген.

Бүйрек беті қызарған,

Шуақты күнге ұқсаған.

Педагог ашық жасыл түспен боялған «ұзын жол» жолақшаны төсейді, осы жолмен «Бауырсақ» аңдармен кездесе отырып, домалайтынын айтады.

-Бауырсақ неге ұқсайды?

Педагог ермексазды алақан арасына салып, домалақтау әдісімен айналдырып, одан кейін екі алақанын қысып, жалпақтап, «Бауырсақтың» келбетін келтіреді.

Педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

-«Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлері.

-«Бауырсақтың» өзі жетіспейді.



Балалар әр сөзді қайталап, оны қимыл-қозғалыспен көрсетеді.


Педагогті балалар мұқият тыңдайды, тапсырмаларды орындайды.


Балалар ермексазды алақан арасына салып, домалақтау әдісімен айналдырып, екі алақанымен жалпақтайды.


Рефлексивті түзетушілік

Педагог «Бауырсақ» ертегісін балалар өздері бауырсақтармен, дайын ойыншық кейіпкерлермен қойылым түрінде көрсетеді.

Балалар өздері мүсіндеген «Бауырсақтарды» жолмен жүгіртіп, қойылым қояды.

Күтілетін нәтиже:

Ермексазды алақан арасына салып домалақтау және жасаған мүсіндерін қойылымға қосуды жасайды.

«Бауырсақ» ертегіндегі кейіпкерлерді таниды және аттарын атағанда түсінеді.

Жасаған мүсіндері талапқа сай болу үшін басқа қосымша құрал-жабдықтарды қолданады.


Тәрбиеші: ____________________________________




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Сенсорика

Автор: Данаева Галия Сердалиевна

Дата: 13.11.2015

Номер свидетельства: 252595

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(186) "Конспект открытого занятия в старшей группе по сенсорному развитию «Путешествие в страну Сенсорика»"
    ["seo_title"] => string(80) "konspekt_otkrytogo_zaniatiia_v_starshei_gruppe_po_sensornomu_razvitiiu_puteshest"
    ["file_id"] => string(6) "628391"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1679827885"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) "КОНСУЛЬТАЦИЯ ДЛЯ РОДИТЕЛЕЙ "ЧТО ТАКОЕ СЕНСОРИКА?""
    ["seo_title"] => string(48) "konsultatsiiadliaroditielieichtotakoiesiensorika"
    ["file_id"] => string(6) "262935"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1449427910"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Занятие по сенсорике в 1-й младшей группе "
    ["seo_title"] => string(49) "zaniatiie-po-siensorikie-v-1-i-mladshiei-ghruppie"
    ["file_id"] => string(6) "242440"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1445454100"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Презентация "Волшебный мир сенсорики" "
    ["seo_title"] => string(42) "priezientatsiia-volshiebnyi-mir-siensoriki"
    ["file_id"] => string(6) "243901"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1445853154"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "ОУД  Сенсорика   Тема: «Разноцветные колечки»"
    ["seo_title"] => string(42) "oudsiensorikatiemaraznotsvietnyiekoliechki"
    ["file_id"] => string(6) "270026"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450973131"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства