Білім беру саласы: Таным.
Оқу іс-әрекеті: Құрастырыу
Тақырыбы:Шырша ойыншықтары
Мақсаты:БМ:Балаларға қағазбен жұмыс жасауда,умаждау әдісін жетілдіру.Қағазды умаждау арқылы домалақ пішін жасауға үйрету.
ДМ:Монтессори технологиясын қолдана отырып,баланың еркін жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
ТБ:Жасаған жұмыстарын шыршаға дұрыс орналастыруға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:Суреттер,шырша
Сөздік жұмыс:Шырша
Билингвалдық компонент:Шырша-ёлка
Іс-әрекет
кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық –
қозғаушылық
Жылулық шеңбері
Сәлем саған,Күн Ана!
Сәлем саған,Жер Ана!
Біз бақытты баламыз,
Бақшамызға барамыз.
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Сәлеметсіздер ме, достарым!
Балалар қимыл қозғалыс жасап орындайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
«Табиғат бұрышымен» жұмыс.
-Жылдың қай мезгілі?
-Қыста күн қандай?
-Дұрыс айтасыңдар, балалар.Қазір жылы киініп жүруіміз керек.
Балалар,біреу келіп тұрған сияқты.
-Бізге қонақ келіпті.Қонақ пошташы апай екен.
-Сәлеметсізбе, пошташы апай?
Балалардың жауабы.
Қыс мезгілі.
Тәрбиешіні тыңдайды.
Қонақпен амандасады.
-Балалар,мен сендерге Аяз
атадан сыйлық алып келдім.
-Балалар,апай бізге шырша және шырша ойыншықтарын алып келіпті ғой.Міне балалар,біз де аз
күнде Жаңа жыл мерекесі келе жатыр.Бізде безендірілген шыршаға барамыз.Бізге қонаққа Аязата мен Ақшақар келеді. Келіңдер,шырша ойыншықтарын жасайық.Әр балаға шырша ойыншықтарын жасау үшін,түрлі-түсті қиылған қағаздарды таратып береміз.Бірінші балаларға қағазды қалай умаждау керек екенін көрсетіу. Ал енді балалар
дөңгелектеп,умаждап көрейік.
Балалардың саусақтарына қимыл
-қозғалысына мән беру керек.
Домалақ пішінде жасай алуына қараймыз.Балалардың жасаған ойыншықтарын әдемілеп шыршаға ілеміз.Шыршаның жоғарғы жағына жұлдыша іліп қояйық,жарық беріп тұрады.
Сергіту сәті:
Ал балалар тұрайық
Мойнымызды бұрайық
Қолымызды бұрайық
Жел сияқты қалықтап
Денемізді бұрайық
Қағазды саусақтармен
басып алақандарына
салып умаждап домалақтайды.Қағазды қайта жазып бірнеше рет
домалақтап умаждап көреді.
Сергіту сәтін жасайды.
Рефлексиялық-түзету
«Шырша шырақтары»ойыны.
Ойынның шарты:балалар, «Шырша шырақтары жанды»дегенде қолдарыңды жоғары көтересіңдер. «Шырақтар өшті»дегенде қолдарыңды түсіресңдер.
Ойын ойнайды.
Күтілетін нәтиже:Білу керек:Шырша,ойыншықтарын білу керек.
Игереді:Тапсырманы тиянақты көрсете білу керек.