Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы Шығармашылық.
Бөлім: Сурет салу.
Тақырыбы. «Ақ ұлпа қар жауып тұр»
Мақсаты. бастыру тәсілдерін қолданып, балаларға қылқаламмен сурет салуға үйретуді жалғастыру Ақ түсті бекіту.
Міндеттері: 1. «Тырнау»техникасын меңгеруді, қардың суретін сала білуге үйрету.
2.Бейнелерді қағаз бетіне композиция құрап орналастыруға жаттықтыру.
3.Пейзажда көңіл күйді бере білу.
Қажетті құралдар мен материалдар:Арнайы боялып дайындалған қағаздар,алғашқы жауған қардың суреттері, ұшы ұшкір таяқшалар.
Әдіс-тәсілі. Түсіндіру,көрсету,әңгімелеу.
Сөздік жұмыс: Қар кесегі.
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың әрекеті | + | - |
1.Мотивациялық қозғаушылық 2.Ұйымдастыру кезеңдері 3. Рефлексивті түзетушілік | Қар туралы жұмбақтар жасырып, жұмбақтың дұрыс жауаптары табылған соң, алғашқы жауып тұрған қардың суреттерін көрсетіп, әңгімелесу. Алғашқы қардың жауып тұрған суретін салу жолдарын көрсетеді. Балаларға жұмыс дәптерлеріндегі сурет салудың рет- тілігі бойынша қардың суретін салуды тапсырылады. балалалар жұмыс жасау реттілігін пайдалана отырып өздері қардың суретін салады. Өз ойларымен суреттен композиция құрастырып, пейзажға көңіл күй береді. Ал балалар тұрайық Мойынымызды бұрайық. Қолымызды созайық. Жел сияқты қалақтап, Оңға солға иіліп, Денемізді бұрайық. Д/о: «Қандай зат?» М/ты: Ойлау қабілеттерін дамыту -Не бейнеледіңдер? -Өздеріңнін құрған композицияларың ұнадыма? -Қімнің суреті ең әдемі салынған? | Қызығушылықтарын арттыру. Сурет салу жолдарын естеріне түсіреді. Қиналған балаларға көмек көрсетіледі. Өлең жолдарын қайталап,жаттығу жасайды. Ойын арқылы алған Білімдерін бекітеді. Бал-ың жауаптары тыңдалады. | | |
Күтілетін нәтиже. 1.Нені білу керек. Дұрыс салу жолын білу керек.
2.Білуі тиіс. Түстерді нақты таңдай білуі тиіс.
3.Нені істей алды. Берілген тапсырманы орындай алды.