kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік - Кебек» дастаны

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы туралы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік - Кебек» дастаны»






Сабақ тақырыбы:


Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік - Кебек» дастаны

Жалпы мақсат:

Дастанның мазмұнын меңгереді, көркемдік ерекшелігін ашады.Өзіндік ой-пікір айта білуге дағдыланады. Шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Сілтеме:

1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 43-51б

2.Қазақ әдебиеті оқулығы. 10-сынып. Қ. Алпысбаев, Б. Әбдіғазиұлы, Б. Сманов, Ж. Сәметова 89-102 бет

3.Үлестірмелі материалдар. Екінші апта.

4.Әдебиетті оқыту әдістемесі. Т.Қ. Жұмажанова.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

Дастанның мазмұнын, идеясын түсінеді. Басқалардың және өз пікірін сыни тұрғыда бағалайды. Шығармашалық қабілеттері байқалады. Топта бірлесе жұмыс жасайды.

Негізгі идеялар:

Дастанның идеясын түсініп, талдау арқылы сабаққа қызығушылығы артады.

Сабақта қолданылатын ресурстар

1.А-4 парағы

2.Флипчарт

3.Стикерлер

4.Оқулық

5. Бейне көрсетілім

6. Оқушылардың өзін-өзі бағалау парағы

Оқыту әдістері:

Жаңа әдістер

АКТ

СТО

Оқыту үшін бағалау

1. Диалог

2. Жеке жұмыс

3. Топтық жұмыс

4. Еркін жазу


Тапсырмалар:

«Ой шақыру» стратегиясы, «Ойлаудың 6 қалпағы», эссе, блум таксономиясы арқылы оқушыларға дастан мәтінімен таныса отырып, сатылай кешенді талдау жасау, әдеби-теориялық ұғымдардың мәнін ашу, шығармашылық жұмыстар


Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

(3 мин) 12.05-12.08

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылар ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін шенберге тұрып, «Менің есімім» тренингін өткіземін. Оқушылар арасында ынтымақтастық атмосфера орнайды. Өз есімдеріне сын есімді қатыстыра отырып жауап береді (Мыс: Назды Назерке, Шырайлы Шаттық т.б.)

Оқушының іс-әрекеті


Ұйымдастыру кезеңі.



1.Сыныпты қаламсаптары бойынша 2 топқа бөлу. І – топ – тарихшылар

ІІ – топ - әдебиетшілер

Топбасшысын сайлау. «Ортадағы қаламсап» стратегиясы арқылы «Кім жылдам?» ойынын ойнаймыз. Кім берілген сұраққа жауап береді, ол сыныптың лидері, яғни топты сол оқушы басқарады.



1. Қаламсап арқылы топқа бөлінеді.

2.Өздері топ басшысын сайлайды.


І.


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қызығушылықты ояту» Миға шабуыл.(6 мин) 12.09-12.14






  1. Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы слайд бір оқушы қорғайды.

2. Ақынның ағартушылық бағыттағы қандай өлеңдерін білесіңдер? Ол жастарға нені насихат етті?

3. «Дүние мен өмір» өлеңінде ақын қандай адамгершілік сана жайлы айтты?

Ақынның «Насихат» өлеңін жатқа айт

«Ой шақыру» стратегиясы

Дастан дегеніміз не?


Оқушы берілген сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар топта,жеке өз ойларын айтады,қызығушылығы артады.


ІІ.Мағынаны тану.

(19 мин)

12.15-12.35

Тапсырманы игеруге 7 мин

Постер қорғауға 10 минут







Бейне көрсетілім. «Еңлік-Кебек» (2 минут). Оқушылар тапсырманы орындап жатқанда Роза Рымбаеваның «Еңлік-Кебек» әнін тыңдатамын.

Топтық тапсырма:

1. Ақ қалпақты топқа: Дастанның мазмұнын айту тапсырылады. Сол кездегі тарихи оқиғамен байланыстырады.

2. Сары қалпақты топқа: Дастанның сәтті тұстарын айту тапсырылады.

3. Қара қалпақты топқа: Дастанның сәтсіз тұстарын айту тапсырылады.

4.Қызыл қалпақты топқа: Еңлік пен Кебектің кездескен тұсынан монолог оқу тапсырылады.

5. Жасыл қалпақтарға: Дастандағы билердің таласына сахналық көрініс көрсету.

6. Көк қалпақтарға: барлық 5 қалпақты бақылап, тапсырмаларды қаншалықты дұрыс не бұрыс орындағаны жөнінде жазып отыру тапсырылады.


Барлық топ өздеріне тапсырылған тапсырмаларды белгіленген уақыт ішінде флипчартқа жазып шығады және қорғайды.

Ресуспен жұмыс.

Сергіту сәті


 «Калейдоскоп» әдісі ( 6 парақ таратып, оның үстіне тұз салып, оны стаканға салып, тілек айтады








келесі топқа береді.)


Оқушылар сергиді
























ІІІ. Ой толғаныс

(1 мин)

12.36 -12.37












Топтық  тапсырма:

     1-топ –тарихшылар: Тарихшылар поэманың қысқаша жазылу тарихы мен мазмұнына талдау жасап, поэманың кіріспе бөліміндегі тарихи

кезеңді әңгімелейді.

2-топ –әдебиеттанушылар : Әдебиеттанушылар поэмаға жалпы талдау жасау үшін шығарманың композициялық құрылымына, кейіпкерлерге

сатылай кешенді талдау жасайды, өлеңге, өлеңнің тіліне жалпы талдау жасайды, өлеңді ажарлайды, өлеңдегі құбылтуды талдап, айшықтауды

табады.


























Оқушылар берілген тапсырма бойынша жеке тапсырма орындайды. Дәптерін қасындағы оқушымен ауыстырады.Бірін-бірі бағалайды.



Топтық тапсырма


12.38-12.40

 1-топ –тарихшылар  жауабы:

          «Еңлік-Кебек» – екі жастың махаббатын жыр ететін шығарма.

Еңлік пен Кебек туралы хикаялар оқиға болған 18 ғасырдан бастап ел арасына кең тараған. Алғашқы жазба дерек 1892 жылы «Дала уалаяты» газетінің отыз бірінші және отыз тоғызыншы сандарында жарияланған «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз» деген мақалада келтіріледі. Бүгінгі күнде жыр түрінде жеткен «Еңлік – Кебек» дастанының екі нұсқасы белгілі. Оның біріншісі – 1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» баспасынан жеке кітап болып жарық көрген, Абай ұсынған тақырып бойынша Шәкәрім жазған «Жолсыз жаза яки кез болған іс» деген шығарма да, екіншісі – Мағауия Абайұлы жазған «Еңлік – Кебек» дастаны. Шәкәрім нұсқасы 1988 жылы қайта жарық көрді. Бұл поэма 652 жолдан тұрады. Мұхтар Әуезовтің жеке кітапханасында сақталған Мағауия Абайұлы дастанын 1941 жылы Қайым Мұқаметханов баспаға әзірлеген. Бұл қолжазба тек 1960 жылы баспадан шығарылған «Дастандар» деген жинақта алғаш рет жарияланды. Жазушы Әуезов осы дастанның арқауымен осы аттас трагедия жазды. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дастан кейіпкерлері Еңлік пен Кебекке ескерткіш орнатылған. Құрылысқа жергілікті халық шеберлері өңдеген қызыл, күрең және ақшыл сұр түсті гранит, цемент,құм, алебастр, әк, 

жоса пайдаланылған. Ескерткіш қойылған тау басындағы ескі зираттың

үсті тегістеліп, алаң айналасы жалпақ тақтатастармен көмкеріліп, ал оның үстіне әр жерден орнатылған аласа сынтастар арасына жуан шынжыр арқанды бостау кермелеп қоршау жасалған. Төрткіл алаңның

ортасынан 4 қабырғалы күмбез-тұғыр соғылып, оның үстіне орнатқан биікт. 6 метрлік мұнара мен күмбез түйісетін дөдегені керегекөз өрнекпен әшекейлеген. Күмбездің 4 жағында шығыстық мәнермен ойып шығарылған 4 арка бар. Олардың маңдайшасында “Еңлік — Кебек” деген

егіз есім әсемдеп жазылған. Ескерткіштен батысқа қарай 8 —9 км жерде 1917 жылы 7 маусымда М.Әуезовтің “Еңлік –Кебек»  пьесасы осы арада алғаш рет киіз үй

сахнасында қойылды” деп жазылған тағы бір ескерткіш

бар.

Дастанды  сатылай  кешенді  талдау. «Еңлік-Кебек»  дастаны 1.Авторы.Ш.Құдайдердіұлы  ШҚО,  Абай  ауданы, Шыңғыстауының  етегінде  1858  жылы  11  шілдеде  дүниеге келген.  Оның  «Жастарға», «Насихат», «Қулар», «Ғылымсыз адам хайуан», «Шын  сырым»  атты  шығармалары  бар. Ақын 1931жылы  2  қазанда  73  жасында  қастандық  құрбаны  болды. 2.Тақырыбы─ екі  жас  арасындағы  махаббат,  әйел   теңсіздігі. 3.Жанр  түрі  поэзия (дастан).  Дастан ─ (парсы  сөзі  тарихи әңгіме,  ертегі, батырлар  жыры)  Таяу  және  орта  Шығыстың, Азияның  әдебиеті  мен  фольклорындағы  эпикалық  жанр,  өлең түріндегі  оқиғалы  шығарма. 4. Идеясы.  Бұл  дастанның  идеясы  ─ ескіліктің  бұлжымас заңын,  көрінісін  және  ру  арасындағы  кикілжіңін  суреттеп көрсете  білуі. 5.Шумақ.3  шумақты.  (  Жалпы  131  шумақты) 6.Тармақ ─ өлеңнің  әр  жолы.  4  тармақты, барлығы 7.Бунақ ─ белгілі  бір  дауыс  ырғағымен  бөлінуі.3  бунақты. 8.Буын  саны ─ сөздің  құрамындағы  дауысты  дыбыстардың санына  байланысты.  11-12  буынды. 9.Ұйқас  түрі.   (-а- а- ә- а)  қара  өлең  ұйқасы. 10.Әдеби  теориялық  ұғымдар.  Эпитет ─ қос  басшысы,  жас  басы,   жасы  бала,  жаны  отты, сабаз  жолдас. Теңеу─ атты  жаяу  бәріне  бірдей  мықты. Портрет ─Көзі  өткір,  қараторы  жігіт  екен, Орта  бойлы;  тапалдау,  кең  иықты.  Ауыспалы  мағына -  жаны  отты  (жігерлі,  қайратты). 11.Түсіндірме  сөздік. Жамағайын ─ аздаған  жақындық,  алыс  туыстық. Жасы ─  көңілі  босау,  мұңаю,  қамығу,  беті  қайту. Сабаз  ─  біреудің  іс-қылығына,  мінез-құлқына, кеңпейілділігіне риза  болғанда  айтылатын  көтерме  сөз. Тапалдау  ─  аласалау,  кішілеу,  тәпелтектеу. 12. Тәрбиелік  мәні.Адал  махаббатқа, сүйіспеншілікке  тәрбиелейді.

Оқушының іс-әрекеті

Ой толғаныс

12.41-12.43

2 мин

Екі жастың өліміне кім кінәлі деп ойлайсыңдар? І топ Дастан неліктен трагедиямен аяқталды? ІІ топ Эссе жазу



Сабақты қортындылау. «Ыстық орындық» әдісі арқылы

Сабаққа ең жақсы қатысқан топтардың ішінен екі оқушыны таңдап алып, соларға сұрақтар қою арқылы сабақты бекіту.

Әр топтан бір оқушы шығып, ыстық орындыққа отырып, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап береді.

Бағалау (1 мин) 12.43-12.44


Оқушыларды формативті және жиынтық бағалау. Тапсырма орындау барысында топтарға екі жұлдыз бір тілек айтылып, стикерге жазылады. Оқушылардың өзін-өзі бағалау парағы бойынша бағалайды.


Рефлексия

(1 мин ) 12.44-12.45

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату. Жыр саған несімен ұнады? Бүгін не білдің? Не қиын болды?

Кері байланыс парағы арқылы оқушы ойын тыңдай отырып, сабақты қорытындылау.

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазады.

Үйге тапсырма

Дастаннан географиялық атауларды теріп жазып, түсінік беру.

Шығармашылық тапсырма: «Еңлік-Кебек» дастаны бойыншша киносценарий жасау.

«Біздің бойымыздан Еңлік пен Кебектегі асыл қасиеттер табыла ма?» тақырыбына эссе жазыңдар.

Балалар үй тапсырмасын күнделікке жазып алады.





Оқушының бағалау парағы

Бағаланушы оқушы

«Ой шақыру» стратегиясы

«Ойлаудың 6 қалпағы»

Әдебиетшілер

Мұғалімнің қорытынды

ұпайы

































Оқушының бағалау парағы

Бағаланушы оқушы

«Ой шақыру» стратегиясы

«Ойлаудың 6 қалпағы»

Тарихшылар

Мұғалімнің қорытынды

ұпайы

































Белсенділігі: «5» - 5 ұпай, «4» - 4 ұпай,« 3» - 3 ұпай















ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІ

20 ОРТА МЕКТЕБІ КММ









АШЫҚ САБАҚ





Тақырыбы:

Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік -Кебек» дастаны







Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Құлманова Р.С.













Тараз қаласы 2016-2017 оқу жылы




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік - Кебек» дастаны

Автор: Кулманова Рауза Стамбековна

Дата: 08.02.2018

Номер свидетельства: 455624

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік – Кебек» дастаны"
    ["seo_title"] => string(45) "sh_k_rim_ku_daiberdiuly_enlik_kebek_dastany_1"
    ["file_id"] => string(6) "498704"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1549467823"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) "Та?ырыбы:  Ш.??дайберді?лы «Е?лік – Кебек » дастаны "
    ["seo_title"] => string(54) "tak-yryby-sh-k-u-daibierdiu-ly-ien-lik-kiebiek-dastany"
    ["file_id"] => string(6) "185699"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426231192"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "Ш.??дайберді?лы «Е?лік – Кебек » дастаны "
    ["seo_title"] => string(44) "sh-k-u-daibierdiu-ly-ien-lik-kiebiek-dastany"
    ["file_id"] => string(6) "202406"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429246416"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "Ш?к?рім ??дайберді?лыны? «Е?лік - Кебек» дастаны"
    ["seo_title"] => string(43) "shkrimkudaibierdiulynynienlikkiebiekdastany"
    ["file_id"] => string(6) "305432"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1457946090"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(134) "Сыныптан тыс ашық сабақ Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік - Кебек» дастаны"
    ["seo_title"] => string(71) "synyptan_tys_ashyk_sabak_sh_k_rim_ku_daiberdiulynyn_enlik_kebek_dastany"
    ["file_id"] => string(6) "489012"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1544001310"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства