БМ: К дыбысы мен әрпі туралы білімдерін бекіту. Ойын арқылы сөздік қорларын байыту. Буын туралы түсініктерін кеңейтіп, сөзге дыбыстық талдау жасай білу қабілетін арттыру.
ДМ: Сюжетті сурет бойынша әңгіме құрай білу арқылы тілін дамыту. Оқуға, білімге деген қызығушылығын ояту.
1. Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіріп, аналарына деген тілектерін ағашқа жапсырады.
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктемде қандай өзгерістер болады?
-Көктем мезгіліндегі қандай мерекелер бар?
Балалар жауабы.
Балаларды гүлдер арқылы топқа бөлу.
2. Өткен сабақты пысықтау.
- Балалар, әріптер біздің достарымыз. Әріптер бізге жазуды, оқуды үйретті. Олай болса алған білімімізді ортаға салайық.
Сабақ басталмас бұрын,сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Естілгенмен құлаққа,
Көрінбейді бірақ та. (Дыбыс)
Ал дыбыс дегеніміз не? Дыбысты немен таңбалаймыз?
Дыбыс нешеге бөлінеді?
Балалар жауабы.
Балалар, біз өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
К дыбысы қандай дыбыс? К дыбысы кездесетін сөздер айтыңдар.
Көбелек, көктем, көгершін, көк, кептер т.б.
ІІ Негізгі бөлім.
«Сиқырлы тақия» ойыны. Шарты: Тақия астында жасырынған буындарды оқу.
Өлең жаттау.
Көк көйлек, көк көбелек,
Көздері дөа дөңгелек
Гүл көрсе күлімдейді,
Қолыма ілінбейді.
Сюжетті суреттерге әңгіме құра.
Жұмбақ жасырайық.
Гүл үстінде әдемі, Төрт жапырақ биледі. Жұлып алайын деп едім, Ұстатпай ұшып кетті.
-Көбелек сөзі қандай дыбыстан басталады? Буынға бөліңдер.
Сергіту сәті
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап дем алам
Қанатымды бір қағып
Гүлдей болып жайқалам. (Көбелектерді гүлге қондыру. )
Тақтаға екі топқа Көбелек, көктем сөздерін жазып, дыбыстық талдау жасайды.
Түлкі тапсырмасы:Сөзжұмбақ шешу.
(Көкек, көркем, күн)
ІІІ Қорытынды: Түлкінің тапсырмасын дұрыс шештіңдер, жазуларың әдемі болыпты. Олай болса, әдемі көбелектің әдемі сыйын қабыл алыңдар, осы гүлдей өмірлерің жарқын болсын.