Тақырыбы: Буынға бөлейік.
Мақсаты: 1. Буын туралы түсінік беру, сөздерді буынға бөлуге үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
2. Балалардың ой-өрісін дамыту.
3. Өзара қарым-қатынаста достыққа, құрмет сезіміне тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: жабайы аңдардың суреттері, ойыншықтар, тірек-сызба, асықтар.
Қостілдік әдіс: aтa-дедушкa, aлмa-яблокa, көбелек- бaбочкa, сaбын-мыло
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Мұғалімнің іс –әрекеті
Балалар-дың әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық
1.Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
- Балалар, бізге қонаққа Жұмбақбай атай келіпті.
- Кімнің атасы бар?
- Атаға қалай көмектесеміз?
- Атаны қалай құрметтейміз?
Балалар сұраққа жауап бергеннен кейін:
- Қарттар - біздің ақылшымыз. Біз оларды қадірлеп, сыйлаймыз. Қарт Жұмбақбай атайдың сендерге әкелген тапсырмасын, кәне, қалай шешеміз? - деп атайдың қоржынынан жұмбақтар жазылып қыстырылған бірнеше асық алғызу арқылы балаларға тапсырмаларды орындатады.
Дөңгелене тұрып жақсы тілектер ату, Жұмбақбай атайдың тапсырмасын орындау.
Ұйымдастыру-шылық-ізденістік
2.Суретті үлгі бойынша алмасөзіне дыбыстық талдау жасату.
- Сонымен, алма сөзінде неше дыбыс бар екен, ондағы дыбыстарды атаңдар.
- Алма сөзінде неше дауысты дыбыс бар?
- Мен неше бөлікке бөліп айтамын, мұқият тыңдаңдар.
- Ал-ма, бірінші ал бөлігіналбуыны, ал екінші ма бөлігің -ма буыны деп айтамыз.
-Алма сөзі неше буыннан тұрады? Әр буынын атап айт.
- Екі буыннан. Бірінші ал, екінші -ма буыны. Алма сөзін буындап айтқызу.
Раушан, ата, ай, көбелек сөздерін буынға бөліп айтқызу.
Рау-шан, а-та, ай, кө-бе-лек.
Балалардың өздеріне жеке сөздер ойлатып, буынға бөлдіріп, неше буын екенін айтқызу.
3.Өте жақсы, балалар. Жұмбақбай атай сендерге енді жұмбақ жасырмақшы.
Судан ол қорқады,
Бұдан кір қорқады.
Сабын сөзін буынға бөлгізу. (Са-бын)
4.Сергіту сәтін өткізу.
Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз, күлеміз.
Бірге балық аулаймыз,
Міне біздер қандаймыз!
Бөлінбейді іргеміз,
Әрқашанда біргеміз.
5.Енді, балалар, сендерге атайларың «Қай буынды жоғалттым?» ойынын ұсынғысы келіп отыр екен. Енді бәріміз осы ойынды ойнау арқылы аталарыңа көмектесіп, жоғалған буынын тауып жіберейік.
- Мен қазір сендерге бір буын айтам, сендер сөздің соңғы буынын табасыңдар.
Мысалы: са-ғат а-ғаш
мы-сық, кү-шік т.б.
Дәптермен жұмыс: (піл, доп, қаз, мы-сық, түл-кі, кү-шік, арыс-тан, кө-бе-лек, жа-пырақ, кі-тап-ха-на, дә-рі-ха-на) суреттегі сөздерді буынға бөлу. Неше буыннан тұратынын айту керек.
Үзік сызықпен берілген дөңгелектерді сызып шығу.
Сөзге дыбыстық талдау жасату, берілген сөздерді буынға бөліп айту.
Жұмбақтардың шешуін табу.
Сергіту сәтін бірге айту, қимылмен көрсету.
Ойынға белсене қатынасу.
Рефлексивтік-түзетушілік
“Еңбек” өлеңі арқылы сабақты қорыту.
Қостілдік әдіс: aтa-дедушкa, aлмa-яблокa, көбелек- бaбочкa, сaбын-мыло
Өлеңді мұқият тыңдау.
Қaйтaлaп aйту
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: буын жайлы түсінік алу.
Нені игереді: сөздерді буынға бөле алу.
Нені біледі: сөздер буынға құрамындағы дауысты дыбыстардың санына қарай бөлінеді.