kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сауат ашу. Бір шаңырақ астында. Ш әріпі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тілдің дыбыстарын қабылдау,оларды сөздің ішінен бөлу және сөзсіз жеке айту

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сауат ашу. Бір шаңырақ астында. Ш әріпі.»

Бөлім: 3. Менің айналамда кімдер бар?

Пәні: сауат ашу

Тақырыбы: Бір шаңырақтың астында. Ш дыбысы.


Күні:

Педагогтің аты-жөні: Жавгаштенова Турсынай Ибраевна

Сынып-топ: МАД

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ-ның

оқытылу

мақсаттары

0.1.4.1. Көркем материалдар және құралдар түрлерімен, қолмен/саусақпен

және т.б. көмегімен қарапайым жұмыс техникасын қолдана отырып,

заттардың текстурасын бейнелеу.

0.2.1.4. Қылқаламды бір бағытта, солдан оңға, жоғарыдан төменге, қиғаш

жүргізу арқылы суретті бояу.

0.2.2.2. Өткір құралдармен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы

ережелерін сақтау, жеке бас гигиенасының ережелерін орындау.

Күтілетін нəтиже

Көпшілік тәрбиеленушілер:алақанмен дәстүрлі емес сурет салу техникасын қолданып, ағаш бейнесін салады; қылқаламды жоғары-төмен жүргізіп, ағаш діңгегін бояйды; суреттің көңіл күйін жеткізу үшін түс таңдайды.

Кейбір тәрбиеленушілер: сюжет қосады, сурет бөлшектерін салуда қалыпты емес тәсілді қолданады; шығармашылық және ойын қарым-қатынасы жағдаяттарын қалыптастырады.

Тілдік мақсат

Дағдыларды дамыту. Тәрбиеленушілер келесі іскерліктерін дамытады:

сюжет құру жөнінде идеялар ұсынады; затты бейнелеудің ойын түсіндіреді;

құрдастар арасындағы өзара қатынастарды талдайды; тақырып бойынша ой толғайды, әрекеттерді бөлісу туралы келіссөздер жүргізеді; өзінің және басқалардың жұмыстарын талдайды.

Көптілділік: бірге – вместе–together.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: достық ағашы, достармен бірге, алақанмен сурет салу.

Талқылауға арналған сұрақтар: Достық ағашын қалай бейнелеуге болады?

Достарыңмен бірге бірдеңе істеген кезде қандай көңіл күйде боласыңдар?

Алақанмен не салуға болады?

Өткен ҰОҚ

алған білім

Қарапайым заттарды дәстүрлі емес сурет салу тәсілдері туралы түсінік.


Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

І. Дұрыс əсерлі

көңіл күй орнату.

0–2мин.

II. Өмірлік

тəжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

3–5 мин.

(Ұ) Сабақта оң көңіл күй қалыптастыру

- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бәріңді сау және жақсы көңіл күйде көргеніме қуаныштымын!

Алақандарымызды қосып, бір-біріміздің атымызды жылы сөзбен атайық. Балалар кезекпен алақандарын біріктіреді және достарының аттарын жылы сөзбен атайды.

(Ұ) Шағын ертегі әңгімелейді және иллюстрацияларды көрсету арқылы сүйемелдеу:

«Атызға кішкентай дән түсті, өсіп, жарыққа созыла бастады. Сен кімсің? – дегенді естіді Өскінше. – Білмеймін, – деп жымиды ол. Атыздағы өсімдіктер дауласа бастады: бірі Өскіншенің арамшөп екендігін айтып, оны лақтырып тастауды ұсынды, келесілері

оны қорғаштады. Өскіншенің көңіл күйі жабырқады, ол өзін қолайсыз сезінді, оның үстіне күннің астында тым ыстық еді. Осы кезде Өскінше өзінің үстінде көлеңке пайда болғанын сезді. Бұл оған өз жапырағын созған үлкен Түйежапырақ болатын.– Назар аударма! – деді ол Өскіншеге, - өсіп, тіршілік ете бер. Уақыт өтті, өскінше өсіп, ғажайып алма ағашына айналды.

Ол өзін ренжіткендерді ұмытты. Бірақ ол әрқашан да қарт Түйежапырақ өсіп тұрған шарбаққа қарай бір бұтағымен иіліп тұрды. Оны желден қорғап, ешкімге ренжітуге жол бермейтін».

- Бұл ертегі бізді неге үйретеді?

Достарсыз өмір сүрген жақсы ма, әлде жаман ба? Неліктен?

сүйемелдеу

(бірқалыпты

ғажайып әуен).

Иллюстра-циялар:

жүйектегі

кішкентай

өскінше, әсем

алма ағашы,

түйежапы-рақ

ҰОҚ-ның ортасы

III. Тақырып

бойынша жұмыс

6 – 27мин.

(Ұ, Т) Әліппе-альбомдағы материалмен жұмыс.

- Айсұлу мен Қуаныш отырғызған Достық ағашын сипаттауды сұрайды. Оның басқа ағаштардан немен ерекшелетінін әңгімелейді. Сендер Достық ағашын қалай бейнеледіңдер? Достық ағашы қандай пайда әкелуі мүмкін?

Бүгін бізге жұмыс істеу үшін қандай құралдар қажет болады? Біздің алақандарымыз, гуашь, қылқалам және шығармашылық қиял! Жұмысқа кірісеміз!

(Ұ) Саусақ жаттығулары

Сол қолдың бас және сұқ саусақтары жүзік түрінде біріктіріледі. Ол арқылы оң қолдың саусақтарынан жасалған жүзікшелер өтеді: үлкен сұқ, үлкен ортаңғы, т.б. Бұл жаттығуды саусақтардың орнын ауыстырып өзгертуге болады. Бұл жаттығуға барлық саусақ қатысады.

(Ұ) Қауіпсіз жұмыс жасау техникасы

Жеке гигиена ережелерін, өткір құралдармен жұмыс істеу тәртібін еске салады. Бала алақанмен таңба жасағаннан кейін қолын жуып, жұмысын жалғастыра алатындығын ескертеді.

(Ұ) Жұмыстың орындалу технологиясы

(Жұмысты сатылай орындау ретін түсіндіру.)

Әліппе-альбоммен жұмыс.

- Қандай түстерді қолдануға болады, ойланыңдар. Сендердің Достық ағаштарыңның көңіл күйі қандай?

Қылқаламның көмегімен гуашьты алақанға қалай жағуды, артынан тік қойылған қағаздың жоғарғы жағына жақын таңбаны қалай жасауды көрсетеді. Осылайша жапырақтардың негізгі

бөлігі бейнеленеді. Соңынан балалар қолдарын жуады да жұмысқа қайта кіріседі, қылқаламды пайдаланып, ағаш діңгегін салады.

Балаларға ұжымдық жұмыс нұсқасын ұсыну (балалар алақандарының таңбасын үлкен бір ортақ ағашта қалдырады).

Бұл ағаштың сиқырлы екендігін және оны өз бөлшектерімен толықтыруға болатындығын еске салады.

Әліппе-альбом.



















Қылқалам

№6, гуашь,

төгілмейтін

стақан, мақта

майлық.

IV. ҰОҚ

қорытындысы.

Рефлексия.

28-30 мин

(Ұ, Ө) Достық бағы ұйымдастырылады.

Балаларға өз қалауына қарай суреттері туралы әңгімелеуді ұсынады.

– Саған өз суретіңде не ұнайды? Нені өзгертуді қалар едің?

– Ойлағаныңды сала алдың ба? Сала алмаған болсаң, не бөгет болды?

– Бүгінгі сабақтан кейін достарыңа не тілеуді қалар едің?

Балаларға алдын ала қағаздан дайындалған алманы үлестіріп беру. Егер сабақ ұнаса, қызықты болса – алмаағашқа қызыл алманы, ал қызықсыз болса – жасылын іліңдер.

Балалардың

жұмыстарын

орналастыруға

арналған стенд,

(коллаж).

Әліппе-альбом.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сауат ашу. Бір шаңырақ астында. Ш әріпі.

Автор: Жайлаугул Зулкарнаева

Дата: 11.02.2022

Номер свидетельства: 600019

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Ашық сабақ қонақ күту"
    ["seo_title"] => string(23) "ashyk_sabak_k_onak_kutu"
    ["file_id"] => string(6) "397790"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1488654070"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "?аза? ?дебиеті. Алаш арда?тылары. "
    ["seo_title"] => string(35) "k-azak-diebiieti-alash-ardak-tylary"
    ["file_id"] => string(6) "227139"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1440609440"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Т?рле, т?рле жа?а жыл!"
    ["seo_title"] => string(25) "torlie-torlie-zhan-a-zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "210249"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1431407921"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Тіл дамыту. баяндама"
    ["seo_title"] => string(18) "tildamytubaiandama"
    ["file_id"] => string(6) "284644"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454002982"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Аа ?рпі ж?не дыбысы "
    ["seo_title"] => string(20) "aa-rpi-zh-nie-dybysy"
    ["file_id"] => string(6) "196783"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428121482"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства